Картография туралы ақпарат керек пе?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 05:33, реферат

Описание работы

Картаның қолданылмайтын саласы жоқ. Әскери, қорғаныс саласынан бастап, оқу жүйесі, байланыс, ал қазір жарнама үшін де пайдаланылады.

Файлы: 1 файл

Картография туралы ақпарат керек.docx

— 48.85 Кб (Скачать файл)

Картография – пән ретінде

Қазақстан картографиясының маңызды бағыты – картографияны  пән ретінде дамыту. Бұл ретте  мәселен, жеке өзім осы пәннің әдістемелік  құралын дайындау ісін қолға алдым. Берлянт пен Салищев еңбектеріне  сүйене отырып, пәннің қысқаша курстық  дәріс тізбесі жасалды. [5] 
Пән мазмұны 
№1 тақырып. Карта және картография. Карталардың жіктелуі. 
1. Карта ұғымы. 
2. Карталардың жіктелуі. Картография – карта құрастыру мен қолдану туралы ілім. 
3. Картография құрылымы. Картографияның география және басқа да Жер мен қоғам ғылымдарымен байланысы.

№2 тақырып. Картографиялық проекциялар. 
1. Картаның математикалық негізі. Картадағы бұрмалану түрлері. 
2. Картографиялық проекциялау туралы түсінік. Картографиялық проекциялардың жіктелуі.

№3 тақырып. Картада бейнелеу, атауларды ұсыну тәсілдері. Картографиялық жалпылау (генерализация). 
1. Шартты белгілер және олардың қызметі. 
2. Ұсақ масштабты карталарда құбылыстарды бейнелеу тәсілдері. 
3. Картадағы жазулар. Жалпылаудың мәні мен факторлары. Жалпылаудың географиялық ұстанымы.

№4 тақырып. Карта мен  атлас түрлері. 
1. Талдамалық, (аналитикалық), біріккен (синтетикалық) және кешенді карталар. Оларды құрастырудың тәсілдері мен мазмұндық ерекшеліктері. 
2. Атлас түрлері, олардың тақырыптық, аумақтық, атаулық жіктелуі. Атластар – геожүйенің моделі ретінде.

№5 тақырып. Картаны жобалау  мен құрастыру. Картографиядағы  автоматтандыру. 
1. Карта құрастыру кезеңдері. Жалпы географиялық және тақырыптық карталарды жобалау, құрастыру мен түзетудің (өңдеудің) ерекшеліктері. 
2. Жер ресурстары карталарын жобалау мен құрастырудың ерекшеліктері. 
3. Карта құрастырудың әуеғарыштық әдісі. 
4. Карта құрастырудың компьютерлік технологиясы.

№6 тақырып. Карта пайдалану  әдістері. 
1. Зерттеудің картографиялық әдісі және оның дамуының негізгі кезеңдері. Карта пайдалану тәсілдерінің жүйесі. 
2. Картамен жұмыс әдістері. Жер ресурстары картасын пайдалану.

№7 тақырып. Картография  мен географиядағы ГАЖ және телекоммуникация. Геобейнелеу мен геоиконика. 
1. ГАЖ туралы түсінік. Геоақпараттық картографиялау. Телекоммуникациялық желілер. 
2. Ғаламторда картографиялау. Геобейнелер түрлері мен оларды жіктеу. Геоиконика – геобейнелеудің бірегей теориясы. Электрондық-сандық картографияның даму үрдісі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мамандар жасаған ғылыми болжам әлемде жер көлемі жөнінен 9-орын алатын, 2,7 миллион шаршы шақырым  аумақты қамтып жатқан мемлекеттің  картографиясын дамытуға жыл сайын 1 миллиард теңгедей қаржы бөліну керектігін дәлелдеп берді. 
Дамыған АҚШ, Канада секілді елдер өздерінің картографиялық қызметіне ерекше мән беріп, әр бес жыл сайын жаңа ақпараттармен толықтырып, барлық деңгейдегі карталарын жаңартып отырады. 
ҚР «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі (2004, 2005 жылдары өзгерістер енгізілген) заңы бар. Бізге қажеті – осы заңға негізделген «Ұлттық картографияны дамыту» тұжырымдамасы. Елімізде картографтарды бірнеше жоғары оқу орнында дайындайды, олардың ішінде – ҚарМУ, ҚазҰТУ, Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ сәулет институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар. Мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешудің бірден-бір жолы – картография факультетінің ашылуы. Бұл өз кезегінде сапалы, Ұлттық картаны құрастыра алатындай, картографтар даярлауға негіз болады. Қазіргі таңда Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді әзірлеумен айналысатын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Осы ретте тұжырымдамада Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор жанынан Ғарыштық қор құру мәселесі қарастырылуы тиіс. Бұл тарапта әлемде санаулы ғарыш айлақтарының бірін иемденіп, өз «ҚазСат» ғарыштық жер серігін аспан көгіне ұшырған Қазақстанның Ғарыштық қорын құру мәселесі туындайды. Бұл қордың негізгі қызметі – ғарыштан түсірілген суреттер мен ақпараттар арқылы Жер бетінде болып жатқан геологиялық, тектоникалық, географиялық өзгерістерге баға беріп, талдап-сараптап отыру және жаңа деңгейде жасалатын карталардың бетіне тың мәліметтерді енгізу. Осы арқылы отандық карта өнімдерінің сапасы мен саны артып, бәсекеге қабілеті де өсе түспек. 
Курстық жұмыста Қазақстан картографиясының перспективасы мен даму бағыттары толық қамтылмады, оның бірнеше себептері бар. Алайда, бұл осы бағыттағы жұмыстардың алғашқысы болғандықтан, алда да жалғасын табады деген ойдамын. Ең басты атап өтетін бағыттар ретінде ғарыштық мүмкіндіктерді пайдалану, Ұлттық Атлас бағытындағы жұмыс, сандық картографияның дамуы


Информация о работе Картография туралы ақпарат керек пе?