Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 12:52, курсовая работа
Солтүстік Америка поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты дерлік алып жатыр. Материктің солтүстіктегі ең шеткі нүктесі — Бутия түбегінің Мёрчисон мүйісі (солтүстік ендіктің 71о 50'). Солтүстік Америка оңтүстікке қарай солтүстік ендіктің 7°12/-на дейін (Марьято мүйісі) созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Материктің оңтүстіктегі жіңішкерген және бөлшектенген бөлігі Орталық Америка деген атпен мәлім болып отыр.
Кіріспе................................................................................................................3
І - тарау. Солтүстік Американың физикалық – географиялық
елдеріне жалпы шолу.
1.1 Солтүстік Американың географиялық орны.............. ................................5
1.2 Жер бедері және пайдалы қазбалары.................................................................8
1.3 Климаты және ішкі сулары................................................................................12
ІІ – тарау. Солтүстік Американың территориясының
физикалық – географиялық аудандастырылуы.
2. 1 Гренландия және Канадалық Арктика архипелагы.......................................17
2. 2 Орталық және Ұлы жазықтар..........................................................................20
2. 3 Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы....................................................23
2. 4 Кордильер..........................................................................................................25
а) Алякадағы Кордильер ................................................................................25
б) Канададағы Кордильер...............................................................................26
в) Америка Құрама Штатындағы Кордильер...............................................27
г) Оңтүстіктегі Кордильер..............................................................................28
ІІІ Қорытынды..............................................................................................30
әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін − еркін өте алады.
Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары материктің орталық бөлігіндегі жазықтарда өте құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар − торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км − ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырына қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар − долы ( ураган ) жиі болып тұрады. « Ураган » майя тілінде « дауыл құдайы » деген мағынаны білдіреді.
Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орынды алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.
Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.
Атлант мұхиты алабының басты өзені − Миссисипи материктегі ең суы мол өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласына қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алады. «Миссисипи» атауы үндіс тілінде « су атасы » дегенді білдіреді. Миссисипи жауын − шашын әртүрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда өзен мен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекендер мен егістік жерлерді су алып кетеді. «Миссури » атауы үндіс тілінде « тұнбалы өзен » дегенді білдіреді, шындығында да ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Жазықтарда ағысы баяулаған Миссисипи кең атырау жасап, Мексика шығанағына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м − ге шығанаққа қарай кеңейіп отырады.
Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электро стансаларында энергия алу үшін пайдаланылады. Мысалы, Тенесси өзені бойында 20 − дан астам су электро стансалары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.
Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі − Маккензи материктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үндістер «Үлкен өзен» деп атайтын бұл өзен негізінен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбінее дейін қатады. Маккензи жоғары ағысында көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады.
Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері − Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жаталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді. Жолында биік тау жоталарын кесіп өтіп, терең шатқалдар жасайтын бұл өзендерде судың құлау күшінің мол қоры бар. Әсіресе Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен Каньон дүние жүзіне әйгілі. Каньонның әркелкі жастағы, түрлі түсті жыныстардан тұратын асқақ беткейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие болады.
Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты құрғақ болатын Үлкен алап пен Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігіндегі өзендер ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлігінде Жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен Тұзды
көл орналасқан. Әсіресе құрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын жауып жатқан тұз қабыршақтары қалыңдайды.
Солтүстік Американың көлдері негізінен материктің солтүстігінде шоғырланған. Мұндағы көл қазаншұңқырларының барлығы дерлік жердің ірі жарықтарында орналасқан. Кейіннен көл қазаншұңқырлары мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде тереңдеп, жағалаулары тілімденген. Сондықтан бұл көлдерді қалыптасу жолдарына қарай мұздық − тектоникалық көлдер деп атайды, олардың суы терең, тұщы болып келеді. Көлднр бір − бірімен қысқа өзендер арқылы жалғасып жатады.
Материктің солтүстік шығысындағы Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі деп аталады. Жоғарғы көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендейді.
Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемерден құлап ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды.
ІІ -тарау. Солтүстік Американың территориясын физикалық – географиялық аудандастырылуы
2. 1 Гренландия және Канадалық арктика архипелагы
Гренландия — Жер шарындағы мейлінше үлкен арал, 2 миллион шаршы километрден астам жерді алып жатқан орасан зор физикалық-географиялық аймақ.
Гренландия европалықтардың
Гренландияның оңтүстік бөлігін 1888 жылы бірінші рет Нансен кесіп өтті, одан кейін XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Гренландияны түрлі елдердің ғалымдары бірлесіп ұйымдастырған экспедиция кесіп өтті. XX ғасырдың 30-жылдарында неміс ғалымы А.Вегенер Гренландияның ішкі бөлігінде (Айсмитте станциясы) қыстап қалды, сөйтіп Гренландияның метеорологиясы мен гляциологиясы жөнінде бағалы деректер жинады.
Гренландияны зерттеу
Гренландия жерінің төрттен
үш бөлігінен астамын материктік
қалың мұз қабаты басып жатыр.
Мұздықтар аралдың орталық
Материктік мұздық шет жағы биіктігі 100 метрге дейін жететін жар-құз жасап, күрт үзіледі немесе жағалауға дейін бірте-бірте жайпақтана төмен түседі де алқапта жатқан алып мұздарға ұласады. Гренландиядағы ед үлкен мұздық—Петерман мұздығы —қиыр солтүстікте жатыр. Гренландиядағы мұндай мәңгі мұздардан оңтүстікке қарай жүзетін мұз таулары (айсбергтер) пайда болады (Атлант мұхитында мұз таулары солтүстік ендіктің 40о –ына дейін кездеседі. Жалпы құрылымы жағынан алғанда Гренландияның басым көпшілігі платформа болып табылады. Гренландияның мұз құрсауынан бос жатқан учаскелеріндегі өсімдіктердің басым түрі – тундралық өсімдіктер. Солтүстік бөліктерде ол өсімдіктердің түр – түрі тіпті аз. Онда қына мен мүктің алуан түрі кездеседі. Ол жақта биіктігі 2-3 метр болатын қайың, қандыағаш, арша, қара жидек өседі. Көк жасыл шалғындарды жиі кездестіруге болады.
Архипелагтың құрамына кіретін өте ірі аралдар – Баффин жері (512 мың км2), Элсмир аралы (200,5 мың км2) және Виктория аралы (212 мың км2). Бутия мен мелвилл түбектерін қоса есептегенде бұл аймақтың территориясы 1500 мың км2 жетеді. Баффин жерінің оңтүстік және Шығыс бөлігі, Девон аралының шығысы және Элсмир аралының оңтүстік – шығысы ертедегі кристалл тау жотасы ) Канада қалқанының жалғасы) болып табылады. Оның биік жерлері 1500-2000 м-ге дейін жетеді.
Элсмир аралының солтүстігі мен Аксель – Хейберг аралы да түгелдей таулы келеді. Бірақ ол таулар төменгі палеозой дәуіріндегі қатпарлы тау құрылымына жатады және Шығыс Гренландия тауларының (Иннуит жүйесі) жалғасы болып табылады. Баффин Жері мен Девон аралынан бастап архипелагтың бүкіл батыс бөлігі Солтүстік Америка үстіртіне жатады және оның жер бедері жазық келеді, салыстырмалы түрде алғанда шағын – шағын биіктіктер де кездеседі. Жаздыгүні орташа температура + 10о С – ден аспайды, бірақ күндізгі температура + 21о С, + 24о С – ге дейін жетеді. Ең суық деген айдың орташа температурасы - 35о С, ал төменгі температурсы - 50оС – ден төмен болады. Жауын – шашын мөлшері 200-250 мм –ден аспайды.
2. 2 Орталық және Ұлы жазықтар
Лаврентий қыратының оңтүстігіне қарай және Аппалач тауларының батысына қарай Миссисипи өзенінің орта ағысының екі жағын; ал жоғарғы ағысының батыс жағын алып жатқан алқап — Америка Құрама Штаттарының Орталық жазық деп аталатын аймағы. Бұл аймақтың оңтүстіктегі шекарасын солтүстік ендіктің 32—33°-ы бойымен жүргізуге болады.
Бөлшек-бөлшек болып жатқан адырлы жер бедері бар, қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігі мен субтропикалық белдеудің солтүстік белігіндегі ішкі континенттік жағдайы қолайлы, топырағы құнарлы, пайдалы қазба байлығының қоры мол бұл аймақ халықтың жиі қоныстануына және шаруашылықты күшті дамытуға өте-мөте ыңғайлы болды. Сондықтан да ол Құрама Штаттардың халық мейлінше жиі қоныстанған және толық игерілген бөлігі болып табылады. Елдің егін шаруашылығымен айналысатын негізгі аудандары осы өңірде шоғырланған. Онда орманды далалар мен жалпақ жапырақты ормандардың табиғи есімдіктер дүниесі 80—90 процент мөлшерінде мәдени өсімдіктермен ауыстырылған. Сондай-ақ адамның табиғатқа тигізетін әсері пайдалы өзгерістермен қатар жиі, мейлінше зиянды өзгерістерге душар ететіндігін осы еңір мысалынан көруге болады.
Биіктігі 200—500 метр келетін Орталық жазық төменгі және жоғарғы палеозой дәуірінде солтүстікте көлбеу, ал оңтүстікте горизонтальды жататын шөгінді жыныстардан тұрады. Оның солтүстік-шығыс бөлігі үшін куэсталық даму тән. Қөлдердің аралығындағы жердің және олардың оңтүстігіндегі жазықтардың жоғарғы қабаттары жүйелі түрде ауысып отыратын силур, девон және пермь-карбонды тұнбалардан құралады, ал олар сәл еңістеу жатады әрі құрамы мен беріктігі жағынан әр түрлі қабаттардан тұрады. Құрылымының осындай болуы жазықтың тік жағы солтүстік-шығысқа қарап тұратын, ал оңтүстікке қарай бірте-бірте еңістей түсетін бірнеше жарлардың пайда болуына ықпал етті. Тығыз силур әк қабаттарынан құралған куэсталар айқын байқалады. Осындай куэсталардың Ниагара өзенімен түйісетін жердегі жар қабағында Ниагара сарқырамасы пайда болған. Ниагараның құлап ағатын жеріндегі биік те тік жар өзенді бойлап, бірте-бірте жоғары қарай шегініп барады, сөйтіп терең Ниагара жырасын жасай түсуде. Сарқырама өзі пайда болғалы осылай 11 км жерге шегініп кеткен. Жер бедерінің куэсталық сипаты осы аймақтың оңтүстігі мен батысына қарай едәуір өзгереді. Өйткені бұл жақтарда өзен арналары тілімденіп жататын аласа үстірт адырлар көп, олардың морфологиялық бедері онша айқын сезіле бермейді.
Орталық жазықтың бүкіл территориясына,
әсіресе оңтүстіктегі бөліктеріне
Миссисипи бассейніндегі
Ұлы көлдердің январь айындағы изотермасы солтүстік аймағында – 16о С, оңтүстік аймағында -4о С болады.
Оңтүстік Канада мен Америка Құрама Штаттарының шектесер жеріндегі жартасты таулардың етегінен бастап меридиан бағытымен оңтүстікке қарай созылып, деңгейі биік жазық алқап жатыр. Оның климаты континентті келеді.
Бұл Ұлы жазық солтүстіктен оңтүстікке қарай 3500 км –ден астам қашықтыққа, шамамен солтүстік ендіктің 62о-ынан 29о-дейін созылады. Бірақ оның Маккензи бассейніндегі климаты қатал, меңіреу тайга ормандары басып жатқан ең қиыр солтүстік бөлігі басқа аймаққа жатады.
Біз сөз етіп отырған физикалық-географиялық аймақтың солтүстіктегі шекарасы тайга ормандарының орман аралас далалармен шектесетін жерлері арқылы, шамамен алғанда Норт-Саскачеван өзенінің аңғары бойымен өтеді; ал оңтүстіктегі шекарасы Америка үстірті мен Мексика тау жотасының екі арасындағы шекараға сәйкес келеді. Оңтүстік-шығыста жер бедерінде айқын аңғарылып тұрған кертік кемер Ұлы жазықты жағалау ойпатынан, Мексика шығанағынан және Орталық жазықтан оқшаулап тұрады.
Геологиялық жағынан алып қарағанда Ұлы жазық Америка дөңесінің (перикратондық ойысудың) шеткі бөлігі болып табылады және оған кембрийге дейінгі дәуірде суға терең батып кеткен құрлық негіз болған. Ол негіздің үстіңгі жағында мезозой және кайнозой дәуіріндегі жыныстардың горизонтальды түрде қалыптасқан қалың қабаттары жатыр. Бұл қабаттарды аллювиальдық, эолдық, ал солтүстік бөлігін мұз көшкіні кезінде Жартасты таулардан ысырылып келген материалдар жауып жатыр. Геоморфологиялық жағынан алғанда Ұлы жазық Кордильер тауының етегінде жатқан үстірт болып табылады. Оның биіктігі 500 м-ден 1700 м-ге дейін жетеді. Жазықтың басым көпшілік бөлігі тақтайдай теп-тегіс алқап болып келеді.
Информация о работе Олтүстік Американың физикалық – географиялық елдеріне жалпы шолу