Олтүстік Американың физикалық – географиялық елдеріне жалпы шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 12:52, курсовая работа

Описание работы

Солтүстік Америка поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты дерлік алып жатыр. Материктің солтүстіктегі ең шеткі нүктесі — Бутия түбегінің Мёрчисон мүйісі (солтүстік ендіктің 71о 50'). Солтүстік Америка оңтүстікке қарай солтүстік ендіктің 7°12/-на дейін (Марьято мүйісі) созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Материктің оңтүстіктегі жіңішкерген және бөлшектенген бөлігі Орталық Америка деген атпен мәлім болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3
І - тарау. Солтүстік Американың физикалық – географиялық
елдеріне жалпы шолу.
1.1 Солтүстік Американың географиялық орны.............. ................................5
1.2 Жер бедері және пайдалы қазбалары.................................................................8
1.3 Климаты және ішкі сулары................................................................................12
ІІ – тарау. Солтүстік Американың территориясының
физикалық – географиялық аудандастырылуы.
2. 1 Гренландия және Канадалық Арктика архипелагы.......................................17
2. 2 Орталық және Ұлы жазықтар..........................................................................20
2. 3 Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы....................................................23
2. 4 Кордильер..........................................................................................................25
а) Алякадағы Кордильер ................................................................................25
б) Канададағы Кордильер...............................................................................26
в) Америка Құрама Штатындағы Кордильер...............................................27
г) Оңтүстіктегі Кордильер..............................................................................28
ІІІ Қорытынды..............................................................................................30

Файлы: 1 файл

Құрлықтар.doc

— 96.50 Кб (Скачать файл)

Ең биік нүкте Блэк-Хилс тауында ол 2000 м-ден асады. Жартасты таулардан басталатын өзендер үстіртке жете бере кең де терең аңғарлар желісін құрайды, олардың беткейлерін көптеген жыралар тілімдеп жатады.

 

2. 3  Аппалач  тауы және Ньюфаундленд аралы

Ньюфаундленд аралы  өзінің көлемі (111 мың км2 шамасында). Ол материктен солтүстікте жіңішке Белл-Айл бұғазы арқылы, ал оңтүстік-батыста бұдан едәуір енді болатын Кабота бұғазы арқылы бөлініп жатыр.

Ньюфаундленд—материктен бөлінген арал, ол орасан зор көлемдегі  материктік тайыз жағалауда жатыр. Осы тайыз жерлердін бедерінен  өзен аңғарлары айқын байқалады. Мұның өзі бұл жерлерді бұдан  біршама уақыт бұрын мұхит суы басқанын көрсетеді. Ньюфаундлендтің төңірегінде теңіз түбінің едәуір жоғары көтерілген учаскелері — банкалары бар. Олардың ішіндегі неғұрлым белгілісі — аралдың оңтүстік-шығысына таман жатқан Үлкен Ньюфаундленд банкасы. Ол өзге банкалармен қоса есептегенде шамамен Ньюфаундлендтің өзі көлеміндей жерді алып жатыр деуге болады.

Арал түгелдей дерлік биіктігі 400—600 м келетін дөңес үстірт болып табылады. Ол Аппалач тау жүйесінің бір белігі ретінде байырғы кристалл тау жыныстарынан тұрады. Аралдың ең биік бөлігі — Лонг-Рейндж тауы, оның биіктігі 800 метрге жетеді.

Жaзы қысқа, салқын әрі жаңбырлы келеді. Июль айының орташа температурасы солтүстіктегі +10° С-ден оңтүстіктегі +17°С-ге дейін ауытқып отырады. Қысы аязды болады. Январь айының I орташа температурасы солтүстіктегі —12°С-ден оңтүстіктегі —3°С-ге дейінгі мөлшерде болады. Қыс айларында қар мол түседі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 750 миллиметрден 1300 мм-ге дейін жетеді.

Эпиплатформалы Аппалач тау  жүйесі Канада мен Америка Құрама Штаттары жерінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2000 километрге созылады. Ол өзінің негізгі бөлігі арқылы қоңыржай белдеудің оңтүстік жартысын кесіп өтіп, оңтүстікке жете бере субтропик аймағына енеді. Солтүстік Аппалач тау жүйесі Әулие Лаврентий шығанағына барып тіреледі де тау жоталары Гаспе және Жаңа Шотландия түбектеріне барып енеді.

Солтүстік Аппалач пен Адирондак  таулары кристалл және метаморфий тау  жыныстарынан тұрады. Оңтүстік Аппалачта  тау түзілу процесі төменгі палеозойда ғана емес, сонымен қатар жоғарғы  палеозойда да жүрді.

Батыста Аппалач таулары биіктігі едәуір (1000 м және одан да биік) Аппалач үстіртімен шектеледі.

 

 

 

 

 

 

2 . 4   Кордильер

Солтүстік Американың Алякадан Мексикаға дейінгі батыс жақ  шет аймағын орасан зор Кордильер  тау жүйесі алып жатыр. Кордильер  тауы құрылымы мен орфографиясының  жалпы ерекшеліктерін өзінің бүкіл өн бойында сақтап қалған. Кордильер тауын бірнеше физикалық-географиялық аймаққа бөлуге болады. Ол аймақтардың шекаралары климаттық белдеулердің шекараларымен белгіленеді.

Арктикалық және субартикалық Кордильердің ең қиыр солтүстіктегі аймағына Аляска және Канаданың солтүстік-батыс бөлігі жатады. Ал келесі аймағына Кордильер тауының Канаданың оңтүстік-батысы мен Америка Құрама Штаттарының солтүстік-батысындағы қоңыржай климатты еңдікті алып жатқан территориясындағы бөлігі енеді. Бұдан гөрі оңтүстікке жақынырақ аймағы Америка Құрама Штаттарының шеңберіндегі субтропик ендіктерде жатыр. Қиыр оңтүстіктегі тропик ендікте Солтүстік Мексика Кордильері бар.

 

а)  Аляскадағы Кордильер

Бұл аймақ Солтүстік  Американың арктикалық және субарктикалық  белдеулерде жатқан солтүстік-батысындағы бүкіл таулы өңірін, яғни Алеут аралдарын, тұтас Алясканы түгелдей дерлік қамтиды. Бірақ Алясканың қоңыржай белдеуде жатқан қиыр оңтүстіктегі жағалау учаскелері мен аралдары, сондай-ақ Канаданың батыста Әулие Илья тауының оңтүстік етегінен бастап шығыста Маккензи және Жартасты таулардың екі аралығындағы шекараға дейінгі солтүстік-батыс бөлігі бұл аймаққа енбейді. Аймақтың батыс пен солтүстік-батыстағы кең шалағай шекарасы Чукот және Бериинг теңіздеріне, сондай-ақ Тынық мұхитқа, ал солтүстіктегі шекарасы Бофорт теңізіне барып тіреледі. Ал, су бассейндерінің ықпалы негізінен алғанда батыс бөлігінде ғана байқалады. Теңіз жағалауынан қашықтаған сайын климаттың континенттігі неғұрлым тез күшейе береді.

Жер бедерінен бүкіл Кордильер  тау жүйесіне тән белгілер айқын байқалады: ішкі үстірттер мен жайпақ тау қыраттарының кең алқабын екі жақтан неғұрлым биік тау жоталары жиектеп отырады. Ал, ең биік тау жоталары Тынық мұхит жағалауында.

 

б)  Канададағы Кордильер

Бұл аймақ Кордильердің Әулие Илья мен Маккензи тауларынан (солтүстік ендіктің 59—60°-сы) оңтүстікке қарайғы бөлігін қамтиды. Батысында ол Тынық мұхит жағалауын бойлай отырып, солтүстік ендіктің 40°-ына дейін дерлік созылады, ал шығысында оның оңтүстік шекарасы Үлкен Бассейннің солтүстік шет аймағы бойынша өтеді. Кордильердің бұл бөлігіндегі ландшафтық ерекшеліктері аймақтың қоңыржай белдеуде жатқанына, Тынық мұхит тау жоталарының күшті тілімденіп кеткеніне және бұған дейін сөз болған аймақпен салыстырғанда таудың едәуір аласа екендігіне байланысты болады.

Әулие Илья тауынан басталып, Канада мен Америка Құрама Штаттарының  шекарасына дейін оңтүстікке қарай  созылып жатқан тау жоталарының  жүйесі кезінде қатты қирап, өзгеріске  ұшыраған болатын. Сондықтан оның қазіргі  жер бедері материктің жиегіне жақын жатқан аралдар тізбегі (Александр архипелагы, Королева Шарлотта аралдары, Ванкувер аралы және басқалары) түрінде көрінеді. Бұл аралдардың аласа таулары Аралдағы тау тізбегі деген жалпы атауға ие болған. Бұл тізбектің ең биік жері — Ванкувер аралындағы Виктория шыңы (2200 м). Кордильердің бұл бөлігіндегі жағалау жотасы Невадия аймағына жатады және ол тұтастай дерлік гранит тастардан тұрады. Оның жекелеген шыңдары 3000 м-ден асады, ал Уоддингтон шыңының биіктігі 4042 м-ге жетеді.

 

 

 

в)   Америка  Құрама Штатындағы  Кордильер

Бұл аймақ Кордильер  тауының Үлкен Бассейннің  солтүстік  шетінен басталып, Калифорния шығанағы мен Мексика таулы жазығына дейін  созылып жаткан үлкен бөлігін  камтиды. Ол түгелден дерлік Америка  Құрама Штаттарының шеңберінде,  солтүстік ендіктің 45 және 35°-сы аралығында жатыр.

Кордильердің бұл бөлігінін  табиғи жағдайлары оның субтропиктік ендіктерде жатуына, құрылымы мен орографиялық ерекшеліктеріне және Тынық мұхит  антициклонының шеті тигізетін әсеріне  байланысты қалыптасады. Тұтас алғанда аймақтың климаты құрғақ келеді, ксеротермиялык ландшафтар басым болады. Кордильердің басқа да бөліктеріндегі сияқты мұндағы жоталар да, оларды бөліп жататын үстірттер мен ойпаңдар да Тынық мұхит жағалауына параллель бағытта созыла түседі. Батысында биіктігі орташа Жағалау жотасының алқабы бой көтереді де, Тынық мұхитка жете бере-ақ шамалы тілімденген, ұзыннан-ұзақ созылған тектоникалық жағалаулар жасап аяқталады. Тек кей жерлерде жағалауды бойлай өтетін ені шағын ойпаң алқаптар ұшырасады. Тіп-тік әрі кемелердің тоқтауына қолайсыз жағалау бір жерге келгенде күрт үзіледі де, құрлықтың ішкі қойнауына терең еніп жатқан, Солтүстік Америкадағы өте-мөте қолайлы табиғат болып келеді.

 

г)  Солтүстік  Мексика

Бұл аймақ Калифорния түбегін, Солтүстік-Батыс Мексика үстіртін және Мексика тау жүйесін қамтиды. Мексика тау жүйесінің оңтүстік шет аймағы бойында биік жанар таулар тізбегі созылып жатыр.  Солтүстік Мексика  оңтүстікте  Бальсас өзенінің тектоникалық аңғарымен шектеледі, бұл өзен сонымен бірге Солтүстік Америка мен Орталық Американың географиялық шекарасы болып табылады. Бұл аймақтың бүкіл территориясына таулы және аридті ландшафтар жер бедерінің жанар тау құбылыстарынан пайда болған түрлерінің кең таралуы тән болады.

Калифорния түбегі таулы келеді, олар Америка Құрама Штаттарындағы Жағалау жоталарының жалғасы болып табылады. Бұл таулар 1000—3000 м-ге дейін биіктеп, Калифорния шығанағы   мен Тынық мұхитқа жете бере күрт үзіледі. Жағалау бойындағы кейбір жерлерде ғана дөңес жазықтар қездеседі. Ұзын да жіңішке Калифорния шығанағы ойысқан алқаптың жалғасы болып табылады, бұл алқап Жағалау жоталарын шығыс жағынан шектеп тұрады. Ал Калифорния шығанағының шығыс   жағалауының   бойы   жазық алап, ол бірте-бірте қатпарлы шегінді заттардан, сондай-ақ жанар тау құбылыстары әсерінен пайда болған жыныстардан тұратын Сонора төбелі үстіртіне айналады. Шығыста солтүстік Мексиканың негізгі бөлігін алып жатқан Мексика таулы қыраты бой көтереді, оны шығысында, батысында, оңтүстігінде биік жоталар коршап тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Материктің жалпы көлемі аралдарды қоса есептегенде 24 250 мың  км2, аралдардың көлемі — 3890 мың км2. Солтүстік Америка, әсіресе солтүстік ендіктің 70° және 30° аралығында, неғұрлым енді және көлемді болады. Құрлықтың қиыр солтүстігі мен оңтүстігі су бассейндерімен көп бөлшектенген.  Солтүстік   Американы  Еуразиядан  бөліп  жатқан  Беринг  бұғазы  екі  материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық  мұхитымен  жалғастырады.Солтүсті   жарты  шар  материктерінде  мұз   басу  кезеңінде  Еуразия мен Солтүстік   Америка Беринг   бұғазы  орнында болған  құрлық  арқылы   жалғасып  жатқан.  Солтүстіктегі таулар  мұздықтардың   әсерінен  өте күшті тілімденген, ал  Аппалач тауларын  көптеген  өзен  аңғары   ұзына   бойы  да, көлденеңінен   де   кесіп  өтеді. Аппалач   тауы  жер  бедерінің   сипаты, биіктігі  жөнінен  Еуразиядағы  Орал   тауына  өте  ұқсас: тау  беткейлері   көлбеу, шыңдары  күмбез  тәрізді  жұмыр   болып   келеді.  Солтүстік   Америка   материгі  мол  сулы  өзендерге, тұщы  сулы  терең  көлдерге  бай. Су  қоры  жөнінен  Оңтүстік  Америка  мен  Еуразиядан  кейін   үшінші  орынды   алады. Сонымен  қатар  биік  таулы   мұздықтар   мен  материктің   солтүстігін  алып  жатқан  қалың   мұз  жамылғылары   және  жер   асты   суларының  мол  қоры  бар. Кордильер тауын бірнеше физикалық-географиялық аймаққа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Олтүстік Американың физикалық – географиялық елдеріне жалпы шолу