Тәрбие бірінші отбасынан басталады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 12:29, реферат

Описание работы

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу

Файлы: 1 файл

сынып са5аттары.docx

— 99.95 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқық - әділет пен парасат жолы 
Мақсаты: 
Білімділік – оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; 
Дамытушылық – оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту; 
Тәрбиелік – адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. 
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқығы»конвенциясы, заңдар жинағы слайд. 
Сабақтың кезеңдері: 
I. Кіріспе 
II. Құқық туралы жалпы түсінік 
III. Өткенге көз жіберсек... 
(Тәуке ханның “Жеті жарғысы”) 
IV. Балалар құқығы туралы халықаралық конвенция 
V. Көкейде жүрген сауал 
VІ.«Ойлан, тап»; 
VІІ. Мұны әрбір оқушы білуге тиіс 
VІІІ. Қорытынды 
 
Қанатты сөздер: 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». 
Н. Назарбаев. 
«Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу - ақ» 
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ». 
Ж. Баласағұн. 
I, Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. 
II. Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған. 
Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған. 
Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті». 
Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 
 
III. Кішкене тарихи шегініс жасайық. 15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды. 
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзу - шыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. 
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған. 
Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты: 
1 бап - Мемлекеттік мәселелеріне байланысты 
2 бап - Әскери іс мәселелеріне байланысты 
3 бап - Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты 
4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты 
5 бап - Діни мәселелеріне байланысты. 
6 бап - Жұртшылық мәселелеріне байланысты 
7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне байланысты 
 
Сондай - ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. 
Міне, балалар өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен. 
ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады. 
 
IV. Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген. 
«Балалар құқығының» заңдары. 
Ой – талқы 
- Бала деп кімді айтамыз? 
- Баланың қандай құқығы бар? 
- Еңбек етуге; 
- Өз пікірін білдіруге; 
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға; 
- Мүлікке ие болу; 
- Қорғалуға; 
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге; 
- Ұлтын таңдауға; 
- Дем алуға; 
- Денсаулығын сақтауға құқылы. 
«Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну. 
1 – бап 
Бала сипаттамасы. 
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін. 
2 - бап 
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау. 
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті. 
3 – бап 
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету. 
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс. 
4 - бап 
Құқықты іске асыру. 
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек. 
5 – бап 
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы. 
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс. 
6 - бап 
Өсу мен даму. 
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті. 
7 – бап 
Есім мен азаматтық. 
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы. 
8 - бап 
Жеке тұлғалықты сақтау. 
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады. 
9 – бап 
Ата – анадан ажырау. 
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы. 
10 - бап 
Отбасының қосылуы. 
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы. 
11 – бап 
Заңсыз орын алмастыру және оралмау. 
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті. 
12 - бап 
Баланың көзқарасы. 
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық. 
13 – бап 
Пікір айту еркіндігі. 
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы. 
14 – бап 
Ой, ар – намыс және дін бостандығы. 
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті. 
15 – бап 
Ассоциация бостандығы. 
Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы. 
16 - бап 
Жеке өмір сүру құқығын сақтау. 
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады. 
 
Ой талқы. Берілген сұраққа әр топ өз 
ой - тұжырымдарын білдіруі керек. 
Уақыт – 3 минут. 
Тақырып: «Жастар және қылмыс» 
 
І топ: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін 
не істеу керек? 
 
ІІ топ: Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма 
бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар? 
 
79 - бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері. 
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері: 
• Айыппұл; 
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; 
• Қоғамдық жұмыстарға тарту; 
 
. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері: 
1. Заңдарға бағыну; 
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу; 
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу; 
4. Қаржы, салықты төлеу; 
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау; 
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау; 
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау; 
8. Орта мектеп білімін алу; 
9. Қазақстан Республикасын қорғау; 
 
Осымен біздің сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер өте керекті деп ойлаймын. Келген қонақтарымызға рахмет айтамыз. 
Өмірің болсын десең сенің сәнді 
Ойланып, айналаңа қара мәнді. 
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан 
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды. 
Салауатты мақсатың - өмір сүру, 
Өмірдің мағынасын керек білу. 
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың 
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру. 
Мен жігіт 15 - 30 арасында, 
Бұл шақта көп бересі, аларымда. 
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау, 
Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата - анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ең ақылды оқушы» зияткерлік ойыны

  • 0

Мақсаты: 
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Пәнге деген ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 
2. Дамытушылық: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту. 
3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру. 
Жұмыстың түрі: зияткерлік ойын. 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер. 
Ойыншылар: 3 «Б» сынып оқушылары 
Жұмыстың жоспары: І кезең «Тестпен жұмыс» 
ІІ кезең «Кім жылдам?» 
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр» 
«Қорытындылау» 
 
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар! Бүгінгі 3«Б» сыныбында өткізгелі отырған «Ең ақылды оқушы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! 
Көңілді тапқыштар мен білгіштер, 
Бар өнерін алдарыңа салады. 
Кім біледі? Көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады. 
Білімімен сайысады ойыншылар, 
Алға озар ең мықтысы осы жолы 
Көпшілік өнерлерін қызықтайық, 
Сұрайық шығуларын жұрт алдына! 
 
Сонымен қарсы алыңыздар ең ақылды оқушылар! 
1. Ойыншымыз Әділет 
- Әділет өткен оқу жылында қандай жетістіктерге жеттің? 
- Мен өткен оқу жылын үздік бағамен бітірдім. 
- Өте жақсы! 
2. Ойыншымыз Әмина 
- Әмина есейгенде кім боласың? 
- Дәрігер. 
- Дәрігер болудан қорықпайсың ба? 
- Жоқ. Мен укол салуды жақсы көремін. 
- Керемет! 
3. Ойыншымыз Айбын 
- Айбын, көңіл - күйің қалай? 
- Менің көңіл - күйім өте жақсы. 
- Тамаша! 
4. Ойыншымыз Меруерт. 
- Меруерт бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың? 
- Мен бос уақытымда ән салып, би билегенді ұнатамын! 
- Керемет! 
5. Ойыншымыз Ерназар 
- Ойынға қатысуға дайынсың ба? 
- Ия, дайынмын! 
- Өте жақсы! 
6. Ойыншымыз Ескендір. 
- Қарақат бүгінгі көңіл - күйің қалай? 
- Көңіл - күйім өте жақсы! 
- Тамаша! 
7. Ойыншымыз Әбілмансұр. 
- Әбілмансұр өскенде әскери қызметкер болатындығыңды айтқан едің. 
- Неге? 
- Мен елімнің, жерімнің тыныштығын қорғағым келеді. 
- Міне, нағыз батыр! 
8. Ойыншымыз Айару. 
- Айару, есейгенде кім боласың? 
- Менің келешектегі арманым мұғалім болу. Өйткені мұғалім болу - ұлы іс. Мұғалім - мектептің жүрегі. 
- Жарайсың Айару! 
9. Ойыншымыз Қасымхан. 
- Қасымхан, біздің ойынымызға қош келдің! 
- Бос уақытыңда немен айналысасың? 
- Мен бос уақытымда шахмат ойнағанды жақсы көремін 
- Жарайсың, Қасымхан! 
10. Соңғы ойыншымыз Айтуған 
- Айтуған, бүгінгі ойынымызға қош келдің! 
- Рахмет! 
- Өте жақсы екен балалар. 
- Олай болса өздерің қандай дайындықпен келдіңдер? 
 
Оқушылар хормен: 
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде 
Достық сөзі әрқашан жанымызда 
Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз 
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге 
 
Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар 
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар 
Біреуінің күмбірлеген күйі бар 
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар. 
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп 
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп 
Дайынбысың жарысуға достарым 
Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын – деп, 
біз ойынымызды бастаймыз. 
Балалар, орындарыңа жайғаса қойыңдар. 
- Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін: 
Ойынға барлығы 10 ойыншы қатысады. 
Ойын ережесі: 
Ойын 3 кезеңнен тұрады. 
Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіңдер. 
Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5 секунд уақыт беріледі. 
Барлығы тест түрінде сендерге ортақ 20 сұрақ қойылады. 
Әрбір сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. 
Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді. 
Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! 
Біз ойынымызды бастаймыз. 
 
І кезең 
«Тестпен жұмыс» 
 
Ойын барысы: І кезеңде 10 ойыншыға экран арқылы 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұрақтың 3 жауабы бар. Әр ойыншы дұрыс жауап нұсқасын көрсету керек. ЕҢ көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді. 
1. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтіндегі “ Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ” ненің мекені? ( Тышқанның) 
2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99) 
3. Қалың киімді ұнатады, 
шешіндірсең жылатады. (пияз) 
4. Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (бүркіт) 
5. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут) 
6. «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп бастаған шешендік сөзді кім 
айтқан? ( Төле би) 
7. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (сусын) 
8. Телефонда 103 - ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем) 
9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар) 
10. «Маң - маң басқан, маң басқан, 
Шудаларын шаң басқан» не? (түйе) 
11. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді) 
12 Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні көрсет. 
(Байлық пен ақыл) 
13. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек) 
14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ) 
15. Төмендегі жануарлардың қайсысы қысқы ұйқыға кетеді? (аю) 
16. Тұңғыш Президент Күні - қай күн? (1 желтоқсан) 
17. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай) 
18. Ең үлкен бір таңбалы санды. (9) 
19. Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер?(Алдаркөсе) 
20. Күні бойы тынбайды, 
Дәмді тағам жинайды.(ара) 
 
Ойынға қатысып, бірақ 2 кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз! 
 
ІІ кезең 
«Кім жылдам?» 
Ойынды ең ұпайы көп ойыншы бастайды. Экраннан 6 тақырып көрсетіледі. 
1. « Ана тілі» 
2. « Қазақ тілі» 
3. «Математика» 
4. « Дүниетану» 
5. «Кім тапқыр?» 
6. «Мақал сөздің – мәйегі» 
 
Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы бойынша берілген 1 минут ішінде экранда көрсетілген сұрақтарға жауап қайтару керек. 
Бұл кезеңде да ұпайды көп жинаған 3 ойыншы келесі кезеңге өтеді. 
 
Ана тілі 
1.“Алтын ұяң - Отан қымбат” деп басталатын шешендік сөзді кім 
айтқан? (Қазыбек би) 
2. “Ұр, тоқпақ” ертегісі ертегілердің қай тобына жатады?(Қиял - ғажайып) 
3. “Ұшқан ұя” шығармасы кімнің атынан әңгімеленген? (Б. Момышұлы) 
4. “Еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім”- деп, қай түлікті айтамыз? 
(түйе) 
5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? 
(аңыз) 
6. Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған жануар. (түйе) 
7. “Мүйізі айдай иілген 
Мұрнын көкке шүйірген” не? (сиыр) 
8. Қазақтың ұлы ағартушысы (Ы. Алтынсарин) 
9. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы) 
10. Қазақтың ұлы ақыны. (Абай) 
11. Мақалды аяқта: Батыр бір рет өледі, 
Қорқақ.... (мың рет өледі) 
12. Әліппенің атасы кім?(А. Байтұрсынов) 
 
Қазақ тілі 
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42) 
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3) 
3. Ұйқасын тап. 
Сатып алдық кеше, 
Шай ішетін... (кесе) 
4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Кім? Не?) 
5. Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай сөздер?(Мәндес) 
6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?(3) 
7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?(түбір) 
 
8. Өзім сөзден тұрамын, 
Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем) 
9. Отырды, жазды, ойнады, күлді - деген сөздер заттың несін білдіреді? (заттың қимылын) 
10. Міне, нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (лепті сөйлем) 
11. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (жұрнақ) 
12. «Уақыт»- сөзінде у қандай дыбыс? (дауыссыз) 
 
Математика 
 
1. Математикада неше амал бар? (4) 
2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы) 
3. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін (дөңгелек) 
4. Сантиметр қай бірлікке жатады? (ұзындық) 
5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8) 
6. Қосындының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) 
7. 1 кг мақта, әлде 1 кг темір ауыр ма? (екеуі тең) 
8. Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5) 
9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24) 
10. Басталатын нүктесі бар сызық. (сәуле) 
11. Түзу сызық сызу үшін қолданатын оқу құралы.(сызғыш) 
12. 1 ғасырда неше жыл бар?(100жыл) 
 
Дүниетану 
1. Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? (тамыр) 
2. Орман емшісі атанған құс. (тоқылдақ) 
3. Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл) 
4. Көкжиек тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) 
5. Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарларды қалай 
атаймыз? (жабайы аңдар) 
6. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? 
(көкжиек) 
7. Түнде көзі жақсы көретін құс. (жапалақ) 
8. Үрленген шардың ішінде не болады? (ауа) 
9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады? (қосмекенді) 
10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты. ( топырақ) 
11. Бу қайдан пайда болады?(судан) 
12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? ( 2жылдық) 
 
Кім тапқыр? 
 
1. Тұла бойы – ине, 
тұмсығында – түйме. (кірпі) 
2. Ақ көрпесін тұйықтап, 
қыстай жатыр ұйықтап. (қар) 
3. Өртесең де күймес, 
теңізге батуды білмес. (мұз) 
4. Тілдерімен жүреді, 
Уақытты біледі. (сағат) 
5. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз) 
6. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (бұлт) 
7. Сыртта қапырық болып тұр, 
үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (тоңазытқыш) 
8. Құйттай ғана бойы бар, 
Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші) 
9. Күндіз тіпті ұшпайды, 
Түнде тышқан аулайды, 
Көзі шамға ұқсайды. (Үкі) 
10. Жарқ етсе сабау қамшы, 
Нөсерлетіп жауар тамшы.(найзағай) 
11. Тал басында түндіксіз отау. (ұя) 
12. Тарбаң, тарбаң тарбиған, 
Түрі жаман барбиған.(бақа) 
 
Мақал – сөз атасы. 
Осы сөздерге байланысты мақал - мәтел айт. 
1. Отан 7. Денсаулық 
2. Туған жер 8. Нан 
3. Батыр 9. Әке, ана 
4. Еңбек 10. Әдеп 
5. Білім 11. Дос 
6. Өнер 12. Тіл 
 
Финал 
ІІІ кезең 
«Тапқыр болсаң тауып көр» 
Финалда 3 ойыншы қызыл, сары, көк түстің бірін таңдап, 20 секунд ішінде өз сұрақтарының орналасу тәртібін есте сақтап қалуы қажет. 
Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Егер ойыншы қарсыласының ұяшығын ашып, дұрыс жауап берсе - онда 2 ұпай алады, егер жалпы сұрақтарды ашса - онда 1 ұпай алады. 
 
Қызыл түс сұрақтары: 
2. Суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесің? 
5. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? 
8. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? 
12. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, 
ара. Аспанда неше құс ұшып жүр? 
16. «Кірпік қақпады» - деген сөз тіркесінің мәнін түсіндір. 
21. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? 
 
Көк түс сұрақтары: 
1. Суреттегі кім және оның қандай шығармаларымен таныстық? 
6. Солтүстікте тіршілік ететін, ұша алмайтын құс. 
11. «Ақ алтын» деп нені айтамыз? 
15. Есеп - жұмбақ 
Айдын көлге екі аққу 
Ұшып келіп қонысты. 
Үш қаз және бір үйрек 
Жүзіп жүрген жолықты. 
Қарсы алуға оларды 
Төрт балапан шығысты. 
Жауабын тез айта салшы, 
Барлық құс нешеу болысты? 
20.«Көзге ілмеді»- сөз тіркесісің мәнін аш. 
24. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады? 
 
Сары түс сұрақтары: 
4. Бұл қай бидің суреті және оның қандай шешендік сөзін білесің? 
9. Иілген ұзын мойынды, ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс. 
10. Самаурындағы су қайнағанда азайып ортаяды. Неге? 
 
14. Жұмбақ - есеп. 
Шегірткелер он жеті 
Бірлесіп хорға ән салған, 
Жетеуі оның кенеттен 
Айырылады дауыстан. 
Екеуі қайта қосылды 
Бірлесіп ән салуға. 
Есептеңдер енді тез 
Естиміз неше дауысты? 
17. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: 
Қол ұшын берді 
19. Серік Сапиев қай спорттың шебері? 
Жалпы сұрақтар: 
 
3. Алдауыш таяғымды әкелемін деп, байдың атын мініп кеткен кім? 
7. Өзі ет жемей, шапанына ет жегізетін аңыз кейіпкері. 
13. Жазғы Лондон олимпиадасында біздің толағайлар неше алтын медаль алды? 
18. Тарансаң да, 
Қарансаң да, 
Алдына оның келесің, 
Өзіңді өзің көресің. 
22. Кемпірқосақта неше түс бар? 
23. Ақ күрішті аймақты ата. 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Біздің Елбасы» атты танымдық ойыны 
 
Мақсаты: 
Оқушылардың Елбасына деген құрмет, сезімдерін арттыра отырып, сөз құдіретін түсінуге, салт - дәстүрімізді білуге, ойлау қабілеттерін жетілдіруге, өзара достық қарым - қатынастарын нығайтуға баулу. 
Шарттары: 
1. Сұрақ - жауап 
2. «Аңдап айтып, анық сөйлеу» (қатысушылар берілген сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек) Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру 
3. Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді 
4. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» 
5. «Әріптер қозғалысы» /Оқушыға екі әріп тағылады. Сол әріптерді пайдаланып, сұрақтың жауабын тереді/ 
6. «Салт - дәстүрді білеміз бе?» 
7. Көнерген сөздердің мағынасын ашу 
І айналым. 
1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті болып қай жылы, қай айда сайланды? 
(1991 жылы 1 - желтоқсан) 
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (6шілде 1940 жылы Шамалған ауылы, Алматы облысы) 
3. Ол өзіне таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр. Оның мұшар бигінде жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын жайып жіберген қыран. Бұл қандай ғимарат?(Ақорда) 
4. Биіктігі 97 метр. 3 буынан тұрады. 
1. Жер асты 
2. Діңгегі 
3. Алып шар (Бәйтерек) 
5. 2006 жылы қыркүйек айында бой көтерген. Биіктігі - 62 метр. Ашық сұр гранитпен көмкерілген көлбеу қабырғалар – көгілдір шыны қаптырмалармен астасып, тәуліктің әр сәтінде алуан түске боялады. (Бейбітшілік пен келісім сарайы) 
6. Шаһар бүгінде небір өткір ойлар мен таңқаларлық нәтижелердің шаңырағына айналған. Шаһар – 2003 жылы пайдалануға берілді. Мұнда тұщы су мен көлдер, коралл әлемі түрінде жасалған жабық айдындар бар. Негізгісі – акрильді туннель болып табылады. («Думан» ойын - сауық орталығы) 
Ән - жұмбақ (Атамекен) 
 
ІІ айналым. 
«Аңдап айтып, анық сөйлеу» (қатысушылар берілген сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек) 
А) Тәуелсіздік, бейбітшілік, Қазақстан, конституция; 
Б) егемендік, президент, парламент, республика; 
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру 
*мұзға отырғызып кетті *аузына қақпақ болу 
*қас қаққанша * құрақ ұшу 
*күн құрғатпай *аты шулы 
Ән - жұмбақ (Сарыжайлау) 
ІІІ айналым 
Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді 
*Ахмет Байтұрсынов *АбайҚұнанбаев 
*Нұрсұлтан Назарбаев *Тоқтар Әубәкіров 
*Меруерт Өтекешова *Мұхтар Әуезов 
*Бердібек Соқпақбаев *Абылай хан 
*Әбілқайыр хан *Ыбырай Алтынсарин 
*Қайрат Рысқұлбеков *Құман Тастамбеков 
Ән - жұмбақ (Елім менің) 
4 - айналым «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» 
а) Алғашқы еңбек жолын 1960 ж Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастағанына сенесіз бе? 
ә) Дүниежүзі қазақтары ассоциясының төрағасы екеніне сенесіз бе? 
б) ) Европалық Қауымдастық ынтымақтастық Ұйымына мүше екеніне сенесіз бе? (жоқ бас төраға) 
в) Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі, ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен марапатталғанына сенесіз бе? 
г) 1995 ж 29 сәуірінде жалпы халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Президентінің өкілеттілігі 2005 жылға дейін созылғанына сенесіз бе? (жоқ 2000 жылға) 
д) «Тарих толқынында», « Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл» кітаптарының авторы екеніне сенесіз бе? 
Ән - жұмбақ (Қазақ жігіттері) 
5 - айналым.«Әріптер қозғалысы» /Оқушыға екі әріп тағылады. Сол әріптерді пайдаланып, сұрақтың жауабын тереді/ 
*Арам сөзінің антонимі /адал/ 
*Абай - дана, Абай -/дара/ 
*Майдың түсі /сары/ 
*Ананың ойы балада, баланың ойы.../дала/ 
*Көпшіліктің көмегімен бір жұмысты бітіру /асар/ 
*Өзенге құятын екінші өзен /сала/ 
*Жылқының түсі /құла/ 
*Қалың сөзінің антонимі /жұқа/ 
*Молда, имам... тағы да /қожа/ 
*Жұмысты дұрыс орындай алмайтын адам /олақ/ 
*Темір, тас дәуірі. Тағы қандай дәуір? /қола/ 
*Проект сөзі қазақша /жоба/ 
Ән - жұмбақ (Қазақстаным) 
6 - айналым. «Салт - дәстүрді білеміз бе?» 
• Бұл дәстүр бүкіл қазаққа ортақ салт. Жарыса көшкен ауылдардың бірі озып, бірі қалып отырады. Сонда бұрын қонып отырған ауыл соңынан көшіп келіп, маңына қонған ауыл адамдарын қонаққа шақырып, қонағасы береді. Бұл қандай дәстүр? /Ерулік/ 
• Біреуді сөзбен жығып, ұтып, оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастап ұялтқанда ұтылған адам бұл туралы басқа адамға таратып жібермеуі үшін бірдеңе береді. «Бірдеңені» алған адам ол сөзді ешкімге айтпауы керек./ауызбастырық/ 
Ән - жұмбақ (Қазақ елі) 
7 - айналым. Көнерген сөздердің мағынасын білеміз бе? 
Екі топ бір - біріне үйден дайындап келген көнерген сөздерін бір - біріне жасырады. 
• Қазылар алқасы ойынды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Мақал - мәтел бәйгесі 
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту. 
Міндеті: Мақал - мәтел мағынасын терең ұғындыру. 
Жоспары: 
1 - тур. Мақал - мәтел 
тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз өнері. 
2 - тур. Мақал - мәтел табу. 
Тақырыбы: Еркін 
3 - тур. Тұрақты сөз тіркесін табу. 
4 - тур. Супер ойын. Екі жақ топ басшысына сұрақ. 
 
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар, бүгін сіздер мақал - мәтел бәйгесіне қатысқалы отырсыздар. Сайыс 2 топтан құралған. «Білгірлер» және «Тапқырлар». Әр топта 7 оқушы. 
Мен сіздерге осы сайыста, бар ойларыңызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін. 
Шарт: 1-ші топтың айтқанын 2-ші топ қайталамайды. 
Ал ойынды бастаймыз! 
 
1 - тур. 
Білгірлер: Отан - елдің айнасы 
Ел - ердің анасы. 
Тапқырлар: Отан үшін күрес. 
Ерге тиген үлес. 
Білгірлер: Туған жердей жер болмас 
Туған елдей ел болмас. 
Тапқырлар: Отансыз адам, 
Ормансыз бұлбұл 
Білгірлер: Туған жердің қадірін, 
Шетте жүргенде білесің. 
Тапқырлар: Туған жердің ауасы да шипа. 
Білгірлер: Жат жердің қаршығасынан, 
Өз еліңнің қарғасы артық. 
Тапқырлар: Орағың өткір болса, 
Қолың талмайды. 
Отаның берік болса, 
Жауың алмайды. 
Білгірлер: Ел елдің бәрі жақсы. 
Өз елің бәрінен де жақсы. 
Тапқырлар: Ел іші алтын бесік. 
Тәрбиеші: Қандай керемет. 
«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн. 
Сонымен 2 - турымызды бастайық. Ойымызды бұдан да күштірек жинақтайық. 
 
2 - тур. Бұл турда сендер мен айтқан мақалдың жартысын табуларың қажет. 
Білгірлер: Бал тамған тілден, (у да тамады) 
Тапқырлар: Білімсіз өмір, (сөнген көмір) 
Білгірлер: Құлақтан кірген суық сөз, (жүрекке барып мұз болар) 
Тапқырлар: Өзбектің кигенін ал. (қазақтың мінгенін ал) 
Білгірлер: Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл) 
Тапқырлар: Еңбек адамның (екінші анасы) 
Білгірлер: Туған жердің қадірін, (Шетте жүргенде білесің) 
Тапқырлар: Жас жемісті жұлма. (Жас баланы ұрма!) 
Білгірлер: Армансыз адам. (Алысқа бармас). 
Тапқырлар: Жүз күн жәннаттан, (Бір күндік тіршілік артық.) 
Білгірлер: Көктен тіле, (Жерден өндір.) 
Тапқырлар: Талап қылмай, (мұратқа жетпес) 
Білгірлер: Есектің жүгі жеңіл болса, (Жатаған болады) 
Тапқырлар: Білекті бірді жығар. (Білімді мыңды жығар.) 
 
Тәрбиеші: Ой керемет! 
Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры қысқа демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата бабалармыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп отырған. 
Сонымен осыншама талаппен ынтамен 3-турымызды бастайық. 
Бұл жерде сіздердің қазақ тілінен өтіп жүрген, тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мен оқыған осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашуларың қажет. Ал, бастаймыз. 
 
3 - тур. 
1. Иығынан су кетті. (жолы болмау) 
2. Тонның ішкі бауындай. (тату - тәтті дос) 
3. Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ) 
4. Ат шаптырым жер. (алыс жер) 
5. Таяқ тастам жер. (жақын жер) 
6. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу) 
7. Көз салды. (қарады) 
8. Құлақ түрді. (тыңдады) 
9. Тайға таңба басқандай.(анық) 
 
Тәрбиеші: Енді балалар келесі сұрақ топ басшыларына беріледі. Мен ортақ сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият тыңдаңдар! 
Бір күні Төле би ұзақ сапар шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне тоқтайды. Төле биді жақсы қарсы алып, дастархан жайып, алдына бас әкеледі. Сонда, Төле би қолына пышақ алып, етті кесе бастайды, бір бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын Данагүлге береді. 
Тапсырма: Ал, енді сендер Төле бидің Данагүлге не мақсатпен құлақ пен таңдайды берді. Оқушы өз ойларын айтады. 
Тәрбиеші: Төле би: Данагүлге таңдай берген себебім дарынды да ақылды шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім көптеген шешендік сөздерді естіп менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім - деген екен 
Жеңімпазымызды әділқазылар анықтағанша ән шырқалады. 
Тәрбиеші: сонымен балалар «Мақал - мәтел бәйгесі» аяқталды. 
Көп - көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Елім менің. 
(интелектуалдық ойын, Қазақстан ұлттық телеарнасындағы «Елім менің» жобасымен алынған) 
Мақсаты: 
Білімділік: Еліміздің тарихы туралы, халқымыздың әдет - ғұрып, салт – дәстүрлерін сақтап әрі қарай жалғастыруға, еліміздің Тәуелсіздік тарихына, және еліміздің тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл толуы туралы түсінік беру. 
Тәрбиелік: Оқушыларымызды ата – бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде халқына қызмет етуге тәрбиелеу; 
Дамытушылық: ұлттық сана, ұлттық болмысымызды және ар - намыс, ұлттық рухани қасиеттерін қалыптастыру. 
Көрнекілігі: қанатты сөздер, қазақ фильмдерінен үзінді, тәуелсіздікке байланысты әндер, өлеңдер, Қазақстан картасы, рәміздер суреттері. 
(сахна «Елім менің»теле жобасындағыдай слайдтармен интербелсенді тақтамен безендірілген. Ашылуы «Егемен Қазақстан» әнімен ашылады) 
 
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді оқушылар! Бүгінгі кеш өзге кештерден өзгеше, өйткені Қазақстан ұлттық телеарнасындағы «Елім менің» тележобасының негізінде жүргізіледі. Яғни бұл кеште біз Қазақстан Республикасының егемендік алғанына 21 жыл толуына орай 5 - 7 сыныптар аралығында өткізіліп отыр. Бұл кеште біз қазақ халқының тарихын, егемендігін, салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, қазақ фильмдерін, қазақ жазушыларының шығармалары туралы болмақ. 
Жобаның барысы түсінікті болса ойынымызды бастаймыз. Бастамас бұрын топтармен таныс бола кетейік. І топтың аты Жігер. ІІ топтық аты Намыс. Топтар таныс болса бастаймыз. 
Бірінші айналым. Интербелсенді тақта арқылы 3 бейне сұрақ беріледі. Жауабын екі топтағы қарама - қарсы тұрған ойыншылар жеке - жеке жауап бере алады. Сұрақ оқылып белгі бергеннен кейін ғана тетікті бірінші басқан ойыншы жауап бере алады. Сұрақтар ел тарихында ерекше орын алған фильмдер, оқиғалар т. б. сол сияқты болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен өлшенеді. 
1. фильм аты: Жерұйық 
2. Фильм аты: Жиде 
3. Фильм аты: Аңшы бала 
 
Екінші айналым. Фразиологиялық талдау: Үш бөлімнен бойынша болады. Бірінші бөлім әріптерді дұрыс айта білу керк. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен өлшенеді. 
І топ. 
Елтаңба е - л - т - а - ң - б - а 
Рәміздер р - ә - м - і - з - д - е - р 
ІІ топ. 
Европа е - в - р - о - п - а 
Зайырлы з - а - й - ы - р - л - ы 
Екінші бөлім: Фразеологиялық сөздің баламасын табу керек. 
І топ. 
1. Көрер таңды көзімен атқызды - ұйықтамады, көз ілмеді. 
2. Мұрттай ұшты - тез, жылдам. 
3. Ит арқасы қиянда - қашықта, алыста. 
ІІ топ 
1. Табанынан таусылды - жылады, өкінді. 
2. Аяғының басына қарады - төмен қарады. 
3. Қаһарынан қан тамған - ашуланды, 
 
Үшінші бөлімі: интербелсенді тақтада жазылған сөз қандай ертегіден, шығармадан және кімнің еңбегі екенін табу керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен өлшенеді. Сұрақ оқылып белгі бергеннен кейін ғана тетікті бірінші басқан ойыншы жауап бере алады. 
1. Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай, жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз - ақ атын біледі. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді. Сол мінезін байқаған үлкендер: 
- Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде ел болмайды, - дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш көнбеді. Кімнің еңбегі, аты? (Мұхтар Әуезов «Көксерек») 
2. Сорқұдықтың басына 
Сорға бола қонды әкем. 
Жанынан қорқып жалмауызға 
Егеуімді берді әкем. 
Жүретұғын жолымда 
Құлан өтпес шөл болды. 
Асқар - асқар тау менен 
Шексіз дария көл болды. Қандай ертегіден үзінді? ( Ертегі«Ер төстік») 
3. Колхоз басқармасының бастығы Күлзайра дейтін әйел, қара бөкебайды басына тұмшалап орап, тымырайып отыратын адам. Сирек сөйлейді. Сөйлегенде даусы зілді, ашық шығады. 
- Сізден бір нәрсе сұрайын деп едім, - дейді Күлзайра. 
Не сұрар екен деп құлағыңды түре қойсаң: 
- Осы бізді неге әуре қыласыңдар, от басында отырып, күл шығарудан басқа біз неменеге жараймыз?! – дейді. 
(Бейімбет Майлин «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры») 
 
Үшінші айналым. Екі бөлімнен тұрады. 
Бірінші бөлім: тарихи оқиғалардың жылдарын, қазақ бәйтеректерін табу керек. Топ басшылыр сұрақты қою арқылы қасындағы қатысушылар жауап береді. Түсіндіруге 1, 5 мин уақыт беріледі. Уақыт шектеулі әр дұрыс жауап 1 ұпаймен өлшенеді. 
І топ 
1. Алтын адам табылған жер (Есік қорған) 
2. Желтоқсан көтерілісі өткен қала (Алматы) 
3. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайланды? (1991ж. 1. 12) 
4. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев) 
5. Қазақстан Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков) 
6. Қай жылы, қай айда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсіп, оған атақты тұлғалар суреті басылып шыққан жыл? (1993ж. 15 - қараша) 
7. Қай жылы, қай айда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. (30 - тамыз 1995ж) 
8. Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауы қай жылы жарияланды? (1997жылы) 
9. Қай жылы Қазақстан Республикасының Астанасы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана еліміздің басты қаласына айналды? (1998ж) 
10. Қай жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп атады? (2000ж) 
11. Денсаулық жылы деп жарияланған жыл (2002ж) 
12. «Бейбітшілік және келісім сарайы» қай жылы бой көтерді? (2003ж) 
13. «Қазақстан – Ресей» жылы болған жыл? (2004ж) 
14. Қай жылы, қай айда «Менің Қазақстаным» Әнұраны Қазақстан Республикасының гимні болып қабылданды. (2006ж. 7 - қаңтарда) 
15. ««Украинаның Қазақстандағы жылы» қай жылы болды? (2008ж) 
16. ҮІІ қысқы Азия ойындары Астана және Алматыда өткізілген жыл? (2011ж) 
17. Үш бәйтерек дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет) 
18. «Қазақ елі» монументінің құс мүсінінің салмағы неше тонна? (2, 5 тонна) 
 
ІІ топ 
1. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор) 
2. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім?(Қажымұқан Мұңайтпасов) 
3. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданып, БҰҰ - ға мүше болған жыл (1992 ж) 
4. Елтаңбаның авторлары кімдер? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков) 
5. Қай жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. (1994ж) 
6. Қай жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп атады? (1997ж) 
7. Астана Қазақстанның нешінші астанасы (4) 
8. Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы неше метр? (97 метр) 
9. Шежірелі Түркістанға 1500жыл қай жылы тойланды? (2000ж) 
10. «Ауыл жылы» деп жарияланған жылдар? (2003 - 2005ж. ж) 
11. «Нұр - Ас¬та¬на» мешіті қай жылы бой көтерді? (2005 жылы 22 наурыз) 
12. Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толған жыл? (2006ж) 
13. Қазақ тілін қолдау»жылы қай жылы болды? (2007ж) 
Халық санағы жүргізілген жыл (2009ж) 
14. Астана қаласында Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ - ның саммиті өткен жыл? (2010ж) 
15. Үш дана кімдер? (Абай, Ыбырай, Шоқан.) 
16. 30 - шы Жазғы олимпиадада қазақтар нешінші орынды иеленді? (12 орынды) 
17. «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? (91 метр) 
18. Қазіргі үкімет басшысы кім? (Кәрім Мәсімов) 
 
Екінші бөлім: топтар бір – біріне сұрақ қойып жасырады. Сұрақтар алаш арыстары туралы болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен өлшенеді. 
І топ 
1. Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген, 1873 - 1937ж. ж өмір сүрген алаш арысы кім. А) Халел Ғаббасұлы В) Ахмет Байтұрсынұлы. С) Халел Досмұхамедұлы 
2. 1917 жылы Омбы оқытушылар семинариясын бітірген, 1893 - 1938 ж. ж өмір сүрген алаш арысы кім. А) Мағжан Жұмабаев В) Ахмет Байтұрсынұлы. С) Мұхамеджан Тынышбайұлы 
ІІ топ 
1.. Қарқаралы оязы, Әлтеке – Сырым болысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген, 1866 - 1937ж. ж өмір сүрген, Алаш орда үкіметінің төрағасы болған алаш арасы кім? А) Міржақып Дулат. 
В) Мұстафа Шоқай. С) Әлихан Бөкейхан 
2. Талдықорған обл, Қабанбай ауданы, Жыланды ауылының желкесіндегі тұманың дөңінде дүниеге келген, 1879 - 1937ж. ж өмір сүрген алаш арысы кім? А) Халел Ғаббасұлы В) Міржақып Дулат. С) Мұхамеджан Тынышбайұлы 
 
Төртінші айналым. Салт – дәстүрлер туралы болмақ. Интер белсенді тақта арқылы ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап бере аласыңдар. Сұрақтар топқа жеке - жеке таңдалады: шарты түсінікті болса бастаймыз. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен өлшенеді. 
1. Қазақ халқының ертеден келе жатқан мейрамдарын ата. (Наурыз, Ораза айт, құрбан айт т. б.) 
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің? (Бауырсақ, қымыз, шұбат, қазы – қарта, жал - жая, сүзбе т. б.) 
3. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлерін атап шық. (Қонақасы, сыбаға, бастаңғы, тоқымқағар, байғазы, енші, шашу, тұсаукесер, сүндет той,...) 
4. Қазақтың ұлттық билерін ата. (Қамажай, қаражорға, айгөлек, ) 
5. Қазақтың ұлттық киімдері. (Сәукеле, тақия, камзол, шапан, мәсі, кимешек,...) 
6. Қазақ жігітінің үш жұртын атаңыз.(өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты) 
 
Бесінші айналым. Географиялық сұрақ. Интербелсенді тақтада қазақстанның жері белгіленеді қай қала екенін көрсету керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен өлшенеді. 
І топ: Астана қаласы, Шалқар қаласы, Семей қаласы. 
ІІ топ: Ақтөбе қаласы, Алматы қаласы, Ақтау қаласы. 
 
Алтыншы айналым. Бұл нағыз шешуші кезең. Алтыншы айналым әр ойыншыға тиесілі әріптер арқылы жауап берулері тиіс. Уақыт шектеулі, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен өлшенеді. 1 мин. Уақыт беріледі. 
І топ: 
1. Б. з. б 2 - 1 мың жылдық қандай дәуір? (қола) 
2. Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды т. б. не болып табылады? (қала) 
3. Төрт түліктің ішіндегі қойдың төлі. (қозы) 
4. Жылқы етінен жасалатын тағам. (қазы) 
5. Қыз баланың күміс, алтын бұйымдарының мойынға тағатын не деп аталады? (алқа) 
6. Баланың ісі... (шала) 
7. Жеміс атауы. (алша) 
8. Ахмед, Әлихан, Дулат сынды қандай орданың арыстары? (Алаш) 
ІІ топ: 
1. Киіз үйдің сықырлауық бөлігі. (есік) 
2. Шай ішетін құрал. (кесе) 
3. Алдар көсенің мінген жануары. (есек) 
4. Сақалы жоқ адам (көсе) 
5. Астана қаласындағы өзен. (есіл) 
6. Соғым етіне беретін садақа. (шеке) 
7. Домбыраның құрылысы. (ішек) 
8. «Улица» - сөзінің қазақша атауы. (көше)

Информация о работе Тәрбие бірінші отбасынан басталады