Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 12:10, реферат
Зерттеудің өзектілігі: Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етір отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін меңгертуде аталған пәннің маңызы зор. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні мамандыққа байланысты негізгі пән болып табылады. Бағдарлама талаптарына сай әртүрлі жас топтарында оқытудың мазмұны мен формалары, балалардың математикалық даму үрдісін көрсету, осыған орай өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етір отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін меңгертуде аталған пәннің маңызы зор. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні мамандыққа байланысты негізгі пән болып табылады. Бағдарлама талаптарына сай әртүрлі жас топтарында оқытудың мазмұны мен формалары, балалардың математикалық даму үрдісін көрсету, осыған орай өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды мектептегі іргелі пәндердің бірі- математиканы түсінуіне, ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді. Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп, элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз бетінше ғылыми оқыту саласы болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдісетемесі баланың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру процесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді, сонымен қатар, әдістеменің алға қойған мақсат-міндеттері айқын.Математика қазіргі кезде ғылымда, техникада, бейнелеу өнері, музыка мен экономикада және т.б. адам қызметінің барлық салаларында да жан – жақты қолдау тапқан. Математика өзінің даму тарихын ықылым заманнан бастап, өркениеттің табыстарын паш етіп қана қоймай, оның өркендеуіне де мол үлес қосып келе жатқан ғылым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Осы елбасымыздың биылғы 25 – қаңтарда жолдаған жолдауында айтылған мәселелердің бәрі еліміздің көркеюіне, дамуына жасалып отырғанын білеміз. Республикамыздың «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы ұлттық азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, білімін бекітуге бағытталған. Сонымен қатар, жеке адамды қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау керек екендігі жайлы айтылған. Балалардың математикалық білімін қалыптастыру – балаларда сатылап жүретін күрделі процесс. Яғни, бұл тақырыпта мектеп алды даярлық тобындағы балаларға арифметикалық есептерді құрастыра білуі. Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесін толық түрде зерттеп, зерделкей келе сол зерттелегн біліммім мен біліктілігімді іс жүзінде жүзеге асыра отырып, балалардың математикаға деген қызығушылықтарын ояту. Сонымен қатар, балалардың математика жөнінде білімін кеңейте отырып, оларды математика саласында біраз хабардар ету. Және де қарапайым математикалық түсініктерінің жоғары дәрежеде қалыптастыра білуін басшылыққа алдым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Математиканы балаларға үйретпестен бұрын оларға математикалық маңыздылықты түсіндіруіміз қажет. Және математика тарихын білуіміз қажет. Сол себепті математиканы зерттеген адамдардан бастау алған жөн. Сандар мен санау жүйесін ерте бастан – ақ зерттеген болатын. Соларды айтатын болсам; Аристотель, Магницкий, Грубе, Евтушевский, Тихеева т.б. ғалымдардың қосқан үлестері зор. Дәл осындай зерттеулерге байланысты математика ғылымдарын толығымен қарастыра отырып, зерттеу жұмысымның барысында осы жайттарды толығымен қарастырамын.
Зерттеудің мақсаты: Бұл қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер атты тақырып бойынша балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесін анықтау және айқындай отырып, математикаға деген қызығушылығын қалыптастыру. Мектепке дейінгі балаларға әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда әр түрлі әдістерді пайдалану оларды ұйымдастыру түрлері осы жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Зерттеу объектісі: Балабақшадағы мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар
Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңнен тұрады.
Міндеттері:
1.Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жолдарын айқындау
2. Қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру
3.Математикалық түсініктерді қалыптастырудағы әдістерді анықтап, ұйымдастыру түрлерін қарастыру
I Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістерге теориялық шолу жасау
Жас баланы сан ұғымымен алғаш таныстырып отырған тәрбиеші үшін бұл ұғымның дамуының ұзақ жолын білу тек қызықты ғана емес, ол қажетте. Бұл болса, осы ұғымды игеруде балалардың қандай қиыншылықтарды жеңуге тура келгенін тәрбиешінің түсініп алуына көмектеседі. Біздің өте ертедегі ата – бабаларымыз сандарды білмеген. Қай халықта алғашқы математикалық түсініктердің қашан пайда болғаны белгісіз. Бірақ санау, әр түрлі жиындарды салыстыру адам қоғамы дамуының алғашқы кездерінен бастап- ақ қажет болды. Егер де белгілі бір машинаны, ғылымдағы қандай да бір теорияны ойлап тапқан адам туралы айта алатын болсақ, ал санауды, өлшеуді кім ойлап тапқанын айта аламыз.Әр халық қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында өз әдістерін жасаған. Мыңдаған жылдарға созылған тәжірибе негізінде адамдар белгілі бір тұжырымдар жасап, оларда ұғымдар қалыптасқан. Сол ұғымдарды барлық адамзат меңгере бастаған. Ең алғаш адамдар сан есім сөздерді білмейтін, ол дерексіз сан ұғымын әлі де меңгере қоймағанды. Алайда өздерінің тіршілігі үшін керекті жиындарды іс жүзінде айыра алатын. Осы тақырып бойынша яғни балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың бірден – бір әдісі сан ұғымын қалыптастыру арқылы оны санау мен игеру болып табылады. Соның бірі қолмен санау әдісін атауға болады. Қоғамның ілгері қарай дамуына байланысты адамның жиынтықтарды қабылдап қана қоймай, оларды оларды жасап отыруына тура келген. Осы қажеттіліктің әсерінен қолмен санау деп аталатын әдіс пайда болды. Кез келген жиынтықтың элементтерін адам қолы мен аяғының саусақтарымен, тіпті кейбір дене мүшелерімен сәйкестейтін болды. Мәселен, этнографтардың жазуы бойынша, полинезиялықтар қол – аяғының саусақтарымен қоса, денесінің басқа мүшелерін белгілі бір тәртіппен пайдаланған екен. Санауды сол қолының шынашағынан бастап, білегіне, шынтағына, иығына қарай жылжытып, жалғастыра береді екен. Ежелгі заманда қандай оқыту методтары пайдаланылғаны дәл анық емес, алайда ол кездегі методтар догмадтық, дәлелсіз болды деген жорамалдың негізі бар. Мысалы, египеттіктердің қолжазбаларында «Мұны былай істе» немесе «Қалай қабылданған болса, солай істе» деген нұсқаулар бар. Ертедегі Индия қолжазбаларында осыған ұқсас ұсыныстар беріледі.
Біздің қазіргі кездегі түсінігімізде оқулықтар ерте кезде болмаған, ал кездесіп қалатын арифметикалық жинақтарда қандай да бір арифметикалық есептеулер қалай жүргізілетіндігі көрсетеді.
Россияда 18-19 ғасырларда балаларға математиканы қалай оқытты ? Математиканы оқыту методтары туралы кейбір түсініктерді біз Леонтий Филиппович Магницкийдің 1703 жылы жазылып, тұңғыш басылған орыс «Арифметикасын» аламыз. Бұл кітап оьандық математиканың даму дәуірін жасады. Л.Ф.Магницкий өзінің білімі жағынан да, математикалық білімі жағынан да Россияда Петрдің кезіндегі көрнекті адамдардың бірі болды. Магницкий математикаға мынадай анықтама берді. «Арифметика немесе санау » дегеніміз таза, тәуелсіз және бәрінеде түсінуге қолайлы, көп жағынан пайдалы , әр кезде өмір сүрген математиктер ойлап тауып, баян текен көркемдік өнер. Магницкийдің «Арифметикасы» бойынша 50 жылдан аса оқытылды. Мектепте де негізгі метод жаттау болды.
Бастауыш орыс мектептерінде арифметиканы оқытуды жақсарту 19 ғасырдың екінші жартысында басталды. 1872 жылы Евтушевскийдің мұғалімдер институттарына , мұғалімдер семинарларына, орта білім оқу орындары кластарының мұғалімдеріне және ата-аналарға арналған «Арифметика методикасы» деп аталатын кітап жарық көрді.
Евтушевскии өз методының
негізін неміс методисі Грубе
мен швейцар педагогы
1.2 Мектеп жасына дейінгі
балаларға математикалық
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ісі білім беріп ескерліктермен дағдыларды қалыптастырып ғана қоймай ақыл – ой қабілтеттерін танып білуге, қызығушылығын дамыту жөні де яғни баланың жеке басын дамытуды да ескеріп отыр. Математикалық білімдерді оқыту методикасының негізінде жалпы дидактикалық принциптер жатыр. Дамыта оқыту принципі ғылымның және өмірмен байланыс принципі оқытудың ашық болу принципі білімнің жүйлелі бірізді және берік игеру принципі жеке ықпал принципі балалардың білімді саналы түрде және белсенді түрде игеру принципі. Элементтер математикалық білімдерге оқытуда бұл принциптер қалайша нақтыланады. Дамыта оқыту принципі оқыту процесінде бала белгілі бір білімге ие болады. Алайда оқыту деген ересек адамның басынан білімді алып баланың басына аудара салу емес, керегі сол игеру процесінде баланың ақыл- ой дамуы тиіс, білімге қызығатын, белгілі бір қарым –қатынас қалыптасуы тиіс. Тәрбиелі оқыту тұтасынан баланың жеке басын дамыту жағына бағытталған. Кішкене балаларды элеменртар математикалық білмдерге тәрбиелей оқыту принципі ең алдымен балаларды сандық; кеңістік және уақыт қатынастарын тануға әкеледі. Әлем балаға жаңа байланыстар мен қарым – қатынастар тұрғысынан ашылады. Ал жаңа көрініс болса, тіпті жақсы. Таныс нәрселердің де, балалрдың оларға жаңа қатынасын қалыптасрады, олардың танымдық қызығушылығына себеп болады, білуге құмартады. Мысалы, бұрыннан таныс ағаштың биік те жуан дінін одан таралған одан таралған шамасымен формасы әр түрлі бұталарының соншама көптігін көріп ол таңқалады. Ағаштарды салыстыра келе балалар олардың қайсысы биік, қайсысы аласа екенін анықтайды; ол ағаштардың жапырақтарын қарастыра келе олардың формалары шамалары әр түрлі екенін көреді т.б. Жаңа көрініс айнала қоршаған нәрселерді қабылдауды күшейте түседі. Оқытудың және өмірмен байланыстың ғылыми принципі.Ғылыми принципі деген көздеген тәрбиелеу мен оқытудың макқсаты мен мәселелеріне, сондай – ақ балалрдың жас ерекшеліктерін сәйкестендіре отырып, оқу материалын сұрыптау және оқыту методтарын іріктеу болмақ. Мектеп жасына дейінгі балалардың алдына ең алдымен барлық формалары мен, бояумен қоса, көптеген байланыстармен қоса бүкіл әлемді жайып салу керек. Кішкене балаға математикалық білім беру мақсаты дегеніміз ғылыми білім жүйесін беру емес, өздерін айнала қаоршаған шындық дүниені сандық , кеңістік және уақыт қатынастарына көре білуге үйрету. Бұл білімдер жан – жақты байланыстырады. Ашып көрсететіндей жүйеде болуы тиіс. Және де ол білімдер нақтылы, өмірдің өзінен алынған материал арқылы берілуі тиіс. Сонымен бірге олар математиканың баланың және педагогикалық психологияның ғылыми негізіне сүйенетін болу тиіс. Мәселен балаларды сандық қатынастармен таныстыру негізіне жиын жайындағы және сан жайындағы ілім алынады. Нақтылы жиындармен орындалатын алуан түрлі операциялар өлшеу тәсілдеріне; өмірде кездесетін нәрселердің алуан түрлі формаларымен танысу – геометриялық фигуралар мен олардың қарапайым қасиеттерін білгенде ғана мүмкін болады т.с.с. Оқытудың түсінктілік принципі. Балаларға түсінікті білім мазмұны мен түсінікті оқыту методы балалардың ақыл- ой дамуы деңгейіне және ерекшеліктеріне тәуелді келеді. Тіпті осыдан шамалы бұрын – ақ мектеп жасына дейінгі балаларға да, сондай- ақ бастауыш мектеп оқушыларына да эмпризмдік білімдер ғана түсінікті болады, өйткені олардың ойлауы нақтылы нәрсемен байланысты және де тек түсініктермен ғана операция жасайды делініп жүрді.Ал қазіргі психология- педагогикалық зерттеулер болса, мектепке дейінгі балаларға элементар ұғымдарда және абстрактілі ойлаудың қарапайым тілдері де түсінікті болатынын сендіріп отыр. 1- ші клас оқушылары алгебра элементтері еніп отырған мтематиканың системалы курсын нәтижелі түрде игеріп отыр және де олардан интенсивті ақыл –ой әрекетін көріп отырмыз. Алайда мектепке дейінгі қай басқыш балаларына болсын білімнің түсінкті әрі шамасына лайықтау проблемасы әлі де болса ақырына дейін шешілмей келеді. Шетелдің кейбір психологтары «кез келген баланы қай даму кезеңінде болмасын кез келген пәнді жеткілікті толық формада оқытуға әбден болады» дегенді айтып жүр. Олар бар мәселе, оқыту метгодын жетілдіруде ғана дегенді айтады. Кейбір америкалық ғалымдар мен педагогтар ең кіші жастағы балға математиканы үйреткенде ойын түрінде жиын теориясының күрделі абстаркт ұғымдарын енгізіп отырады. Түсініктілік принципі қашаннан педагогикада қалыптастып келген бірқатар ережелердің сақталуын тілейді; жеңғілден қиынға қарай оқыту, белгіліден белгісізге қарай, оңайдан күрделіге қарай, жақыннан алысқа қарай оқыту. Оқытудың көрнекілік принципі дидактикада кеңінен қолданылып келеді. Бұл принципке негіздеме берген Я.А.Коменский болатын, оны «Дидактиканың алтын заңы» деп атаған: «...сезіп қабылдау үшін мүмкін болатындардың бәрі, атап айтқанда; көрінетінді –көріп қабылдау үшін, есітілетінді естіп қабылдау үшін, исі барын – сезіп қабылдау арқылы, дәмі барын – дәмі арқылы, сипауға болатынды –сипап сезу арқылы.Егер қандай да бдір нәрсені қатарынан бірнеше сезім арқылы қабылдау мүмкін болса, оны бірден бірнеше сезім арқылы қабылдау дұрыс. » Өрнекілік принципі бастапқы кезде негізінен оқытудың алдыңғы кезеңінде қолданылып келді, өйткені жас балалардың ойлауы нақтымен байланысты, сондықтан алдымен нәрсені көрсетіп кейін сөзбен айтылып жүрді. Кәзіргі зертттеушілерде мұны теріске шығарып отырған жоқ, көрнекілік принципі өз мағынасын жойған жоқ, жоғары клас оқушылары үшін, ал тіпті ере,сек адамдар үшін – бұл принциптің негізі деп сезім мен логика екеуінің бірігуін түсініп отырмыз. Ал ойлаудың дамуы мен бірге көрнекілік құралдарынң сипаты болса, әңгіме басқаша, өзгереді, күрделенеді. Егерде жас балалар үшін көрнекілік деген нәрселер және өмір құбылыстарын тікелей қабылдау немесе нәрселердің кескіндері болса, кейінірек те көрнекілік сипаты күрделеніп, модель, макет, схема, диаграмма т.с..с. түріне енеді. Оқытудың жүйелілік және біріздік принципі.Бірізділік принципі білімді қатаң логикалық тәртіппен беру керектігін, балалардың әр түрлі математикалық материалымен орындайтын іс –әрекетіне , білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыра отырып, ылғида басшылық жасап отыру керектігін білдіреді. Жүйеліліктің қажетті шарты- оқы материалын бір ізбен орналастыру болмақ. Сондықтан алдыңғы материалды игеріп болғаннан кейін барып, жаңа материалды оқып үйренуге көшуге болады. Бұрын өтілгенмен жаңа оқытылатын білім арасыцнда бірізділікті талап ететін осы ереже бүкіл оқу жылында белгілі бір топ ішінде де, сондай-ақ жасқа байланысты топтар арасында да сақталып қала бермек. Мұнадй байланыс дағдыларымен іскерлік және білім тереңдігін әрі беріктігін қамтамасыз етеді. Балаларда жеңіл- желпі математикалық ой»лауды дамыту ісінде математикалық білімдердің жекелеген бөлімдернің арасындағы сандық, уақыт, кеңістік қатынас арасындағы ішкі байланыстарды түсіну маңызы рол атқарады. Ол қатынастар, бір жағынан , деференциаланған болуы тиіс, екінші жағынан –жалпы теориялық негіздемелерге сүйенетіндей математикалық синтез болуы тиіс. Мысалы, балалар кейбір нәрселерді санап үйренумен бірге, топ та да санап үйренеді; қандай бір геометриялық фигураның қабырғаларын, төбелерін, бұрыштарын; ұзындық, масса және көлемді өлшеу нәтижесінде шартты өлшеуіштерді, әр түрлі уақыт аралықтарын өлшеп үйренеді. Жүйелілік және белсенділік принципі тәрбиеші дұрыс жүзеге асырса, баланың ақыл- ойының дамуына білімін жүйеге келтіруге септігін тигізеді. Сондықтан да формасы алуан түрлі сабақтарды жоспарлағанда аталмыш принцип міндетті түрде ескерілетін болуы тиіс. Бір жағдайда барлық балалардың назары тәрбиешінің үстел жанына шығарған баланың тапсырманы қалай орындағанына аударылады. Екінші жағдайда балалардың барлығы біртекті тапсырма алып, өз орындарында отырып, үлестірілетін материалмен пайдаланып, орыендайды, мысалы, -гометриялық фигуралар жиынын қандай да бір белгісіне қарай топтайды. Ішкі жиындарды – топтарды санайды, топтарды салыстырады. Олардың қайсысында жеке фигуралар көбірек, одан кейін айтып береді. Білімді саналы түрде және белсенді игеру принципі. Барлық дидактикалық принциптер өзара тығыз байланысты. Ал саналылық пен белсенділік принципі дамыта оқыту принципімен ерекше байланысты. Оның ерекшелігі сол, ол принцип оқытудан гөрі үйретуге жуық, яғни баланың оқыту процесінде білімді, іскерліктерді саналы әрі белсенді түрде игеруі. Саналылық принципі педагогикалық процесте сезімдік пен логикалық қаьылдаудың бірлесуін нақтылау мен қорытындылау нақты мен абстрактінің бірлесу мәнін ескеріп отыруды талап етеді. Саналылық дегенде қабылдай білуді және мәндіні мәнсізден айыра білуді қандай бір құбылысты көптеген байланыстарында қарастыра білуді түсінеді. Осның барлығы жеке адамның дамып жетілуіне, ақыл – ой жүйелілігіне пікірін дәлелдей білуге септігін тигізеді. Күрделі ситуация жағдайында қандай бір қиыншылықты, қарама – қайшылықтыт.б. жеңу қажет болғанда саналылық ерекше білініп әрі қалыптасады. Жас бала үшін ондай күрделі ситуация деген оқу процесінің өзі болмақ, өйткені баладан сырттай да, іштей де жігерлі мінез – құлық және еріктік күш – жігер талап етіледі. Ол оқи білуді үйреніп қана қоймай, оқудың мәнісі мен мәнін саналы түрде түсінуі де керек. Жоғарыда көрсетілгендей – ақ бала білімді өзі іс жүзінде қолына түсірсе, яғни оқылатын материалмен белсеніп іс-әрекет жасағанда ғана оны саналы түрде игеретін болады. Алғашқы математикалық түсініктер баланың жиындармен орындаған әрекетінің негізінде қалыптасады, сан –есім сөздер арқылы бала жиындар арасында өзара бірмәнді сәйкестік тағайындау негізінде санау операциясын меңгереді. Балалардың назарын ересек адамдар өздерңің математикалық білімін өмір жолында қалайша қолданылып жүргендігіне ,санау өлшеу дегендер не үшін қажет болатындығына аударып отыру пайдалы. Осының барлығы балаларды математикаға ынталандырып, қызықтыра түседі, оларда құлақтана оқитын болады. Сондықтан балалардың игерген математикалық білімін пайдаланатындай жағдайларды тәрбиешілер тиянақты ойластырып отыруы аса маңызды. Күнделікті өмірде математикалық білімді қажет болатын жағдай үнемі кездесіп отыратынды өз-өзінен түсінікті, мпысалы, үстелге дастарқан жайғанда тәрелкелер мен қасықтарды қажетінше санап алып, керек ыдыс – аяқтарды үстел бетіне орналастыру керек. Серуенге шығарғанда ойыншықтарды және керек құрал –сайманды да санап алу керек, сабақта оқылған программалық материалға сәйкестендіріп тәрюбиешінің таңдап алған дидактикалық ойындар да алған білімі қолданылады. Алған білім мен іскерліктерін жаңа жағдайға лайықтап қолдана білудің өзі – ақ баланың ақыл- ойының дамығандығынигерген білімін саналы түрде түсінгендігінің айғағы, ал білімін іс жүзінде қолданғанда ғана әрі қарай тереңдей түседі.
II Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістердің әдістемелік негізі
2.1 Ұйымдастырылған іс –әрекет барысында қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Білім беру аймағы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып математика»
Топ: «Ересектер» тобы
Мақсаты: аталған тақырыппен өткізілген интегралды сабақтың мақсаты математиканың мектепке дейінгі балаларға білім беру және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленіп берілген сан және есеп , көлем, кеңістікті бағдарлау , геометриялық денелер деп бөлінген бес тармағын негізге ала отырып, пәндердің байланысқан көмегі арқылы балалардың ақыл – ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту , тілін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар шарттарын дұрыс орындауға тәрбиелеу, зейінділігін арттыру.
Көрнекіліктер: «Зайцев» әдістемесі, А,И,С,Т,М, - дыбыстары, құрылыс заттары, түрлі суреттер, қылқаламдар, аққағаздар, геометриялық денелер
Қызмет кезеңі |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Тәрбиеші: -Балалар, біз бүгін «Ғажап математика » деп аталады. Осы сұраққа жауапты сабақ барысында анықтаймыз деп бастап, «Зайцев» әдістемесімен жұмысқа көшеді. Бірліктер мен ондықтарды аныт ау, тура және кері санау, таблица арқылы өз мекен жайын айтып беру, таблица арқылы есеп тақпақ оқу. Тәрбиеші: санға санды қосса, сан көбейеді, ал енді мына дыбыстарды қосса не шығады екен? Соны байқайық. Балалар тәрбиешінің көмегімен дыбыстарды бір – біріне қосып, түрлі сөздерді айтады.
|
Балалар: -Тәрбиешінің айтқандарын орындау.
1 ші бала: А- ға И- ды қосқанда, Ай болады балалар. 2-ші бала Т- ға айды қосқанда, Тай болады балалар. Тай деген ол көлік қой, Көкейіңе тоқып қой. 3- ші бала: М – ға айды қосқанда, Май болады үйдегі. Нанға жағып пышақпен, Жеп жүретін күндегі. 4-ші бала: С – ға айды қосқанда, Сай болады балалар. Қозы бапғып, ән айтып, Асыр салып ойнайтын. Барлығы бірге: Қосылса дыбыс осылай, Түрлі сөздер шығады. Зейін қойып оқыған, Бәрін түгел ұғады. | |
Тәрбиеші: -Балалар дыбыстарды бір – біріне қосса, түрлі сөздер шығады екен, ал енді мына құрылыс заттарын бір – біріне қоссақ не шығады екен? Соны байқайық. Екі бала ортаға шыып, құрылыс заттарын қолданып, көп қабатты екі түрлі, бірі ұзын, екіншісі қысқа, үйлер тұрғызады.
Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа. Алдынан бір доп шықты. Допты алып оңға қойды. Допты алып солға қойды. Құмырсқаның ашуы кеп, Допты теуіп беріп қалды.
Сергіту сәтінен кейін балаларға тәуліктің бес мезгілін айтып беру арқылы уақытты бағдарлау ұсынылады. Тәрбиеші: Ұйқымыздан оянамыз Беті – қолды жуамыз. Апамызға ереміз, Бақшамызға келеміз.(таңертең) Серуеннен қайтамыз, Тамақ ішіп аламыз. Біз тәртіпті баламыз, Тәтті ұйқыға батамыз. (Түс) Осыдан кейіен балалар тәрбиешінің сұрағы бойынша геометриялық денелерді атайды.Олардың ойы «Неге ұқсайды?» дег,ен дидактикалық ойынмен жалғастырылады. ∆ Ұшбұрыш- күн , сәукеле, шырша, сәбіз. Төртбұрыш, - орамал, орындық.
Кітап, есік, терезе. ○ – күн, доп, қарбыз. Ойыннан кейін балалар
жұмыс орындарына жайғасады.
4 бала геометриялық денелерден
түлкі бейнесін құрастырады.
4 бала әтеш бейнесін құрастырады.
4 бала геометриялық денелерге
ұқсайтын заттардың суретін
Тәрбиеші: Сау болыңдар, балалар. |
Балалар: - Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа. Алдынан бір доп шықты. Допты алып оңға қойды. Допты алып солға қойды. Құмырсқаның ашуы кеп, Допты теуіп беріп қалды
Балалар:
Балалар: -Түс
Балалар: Күн, сәукеле, шырша, сәбіз
Балалар: Орамал, орынды
Балалар: Кітап, есік, терезе. Балалар: Күн, доп, қарбыз.
Балалар: Әнді қосыла айтады.
Балалар: Сау болыңыз. |