Ата-аналар жиналысың мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының міндеттері:
 Отбасында тәрбиелік белсенділікті, балаларды тәрбиелеуде ата-аналармен атқарылатын жұмыстардың маңызын айқындау;
 Өзін-өзі тану пінін оқыту мен тәрбие үрдісін жүзеге асыру барысында мектеп пен отбасы әрекеттестігінің жолдарын қарастыру.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І ТАРАУ .ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Ата-аналар жиналысың мақсаты мен міндеттері..................................5-8
1.1 Ата-аналар жиналысына қойылатын талаптар..................................9-11
ІІ ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДАҒЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. Өзін-өзі тану сабағында ата-аналар жиналысын өткізудің маңызы.....12
2.1 Өзін-өзі тану пәнінде ата-аталар жиналысын өткізудің
ерекшеліктері...........................................................................................13-14
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................16

Файлы: 1 файл

Айтуар Жамила ата-аналар жиналысының мақсаты.docx

— 49.12 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

І  ТАРАУ .ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1. Ата-аналар жиналысың мақсаты мен міндеттері..................................5-8

1.1 Ата-аналар жиналысына қойылатын талаптар..................................9-11

ІІ  ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДАҒЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. Өзін-өзі тану сабағында  ата-аналар жиналысын өткізудің  маңызы.....12

2.1 Өзін-өзі тану пәнінде  ата-аталар жиналысын өткізудің 

ерекшеліктері...........................................................................................13-14

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Білім беру саласына өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру пәні енгеннен бастап-ақ оқу процесінде ерекше өзгерістер орын алды. Сондықтан да ата-аналармен байланыс жасап процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын  ұйымдастыруда ата-аналармен бұрынғыдан да ақынырақ байланыс жасаудың қажеттілігін туындатты. Яғни, балаларды рухан-адамгершілік бағытта тәрбиеліп, ізгілікті білім беру мақсатында ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс асау қажет болды. Соның нәтежиесінде мектепті басқару ісі біртіндеп демеократиялық бағытты ұстануда . Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш - мұғалім – оқушы – ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демеократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. 
        Мектептің ата-аналар мен жүргізілетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. 
        Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін», — деген екен. Оқушылардың ата-аналары мен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді. [1]

Курстық жұмыстың  зерттеу пәні: Өзін-өзі тану пәнінің оқыту әдістемелерін талдау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Өзін-өзі тану пәнінде ата-аналармен ұстаздардың және мектеп ұжымының бірлесе жұмыс жасауының маңызы мен міндеттері сонымен қатар ерекшеліктері мен тиімділігін қарастыру курстық жұмыстың басты нысаны болып табылады.

 

 

 

 

Курстық жұмысының негізгі мақсаты: 

Тәрбие үрдісінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында отбасының, білім беру мекемесінің, қоғамның байланысын нығайтудың тәсілдерін талдау, сонымен қатар өзін-өзі тану пәнінде ата-аналар жиналысын ұйымдастырудың мақсатын, міндеттерін, маңыздылығын айқындау

Курстық жұмысының міндеттері:

  • Отбасында тәрбиелік белсенділікті,  балаларды тәрбиелеуде ата-аналармен атқарылатын жұмыстардың маңызын айқындау;
  • Өзін-өзі тану пінін оқыту мен тәрбие үрдісін жүзеге асыру барысында мектеп пен отбасы әрекеттестігінің жолдарын қарастыру. 

Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері: Ата-аналар жиналысын зерттеу барысында, зерттеудің методологиялық принциптері ретінде тәрбие процесіндегі маңызы қарастырылды.

Курстық жұмыстың  теориялық негізі: Ғылыми  әдістемеде қолданылып жүрген талдау, синтез, әдістер арқылы топталып, сипаттама жасалынды. Сонымен қатар ата-аналар жиналысының маңызын қарастыра отырып, проблемалық талдау жасауды пайдаландым

Курстық жұмыстың  жаңалығы: Ата-аналар жиналысынын өзін-өзі тану пәнінде ұйымдастыру және оның жалпы ата-аналар жиналысынан айырмашылығын анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тізімінен  тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І  ТАРАУ .ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1. Ата-аналар жиналысың  мақсаты мен міндеттері

Ата - аналар жиналысы мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Сыныптың ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл сынып ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі                           болып есептеледі. Сол себептен ата – аналарға бала тәрбиесіне аса                   зор назар аудару  керек екендігін ұгындыру мақсатында жиналыстарды дұрыс,                                      қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет.  
        Ата – аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата – аналар комитеті мен ата – аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата – аналар жиналыстарында оқу – тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Кейбір ата – аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата – аналарды сынып ұжымының оқу – тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата – аналар комитетінің іс – жоспарларымен таныстырады.

      Мектеп өмірінде тақырыптық ата – аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

        Сыныпта ата – аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс – тәсілдері бар. Осы әдіс - тәсілдер арқылы педагогтар: 
а) ата – аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға; 
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын 
арттыруға; 
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі. 
          Ата-аналардың мектептен ынтымақтастығының басты баспалдақтарының бірі-оқу жылында 4-5 рет өткізілетін сыныптық ата-аналар жиналысы болып табылады. Сыныптық ата – аналар жиналыстарында сыныптағы оқу-тәрбие процесінің міндеттері талқыланады, тәрбиелік процестің құрылымы жоспарланады және талқыланады, ата-аналар мен мектеп ынтымақтастығының стратегиялық бағыттары анықталынады, бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары шығарылады.

Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде:

       - баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік-педагогикалық  және психологиялық даму жағдайын  ескере отыра, тәрбиенің мақсаты  және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан – жақты  үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік  ықпалды тиімді және нәтижелі  ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен  мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың  педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты  жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің  жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның  тұлғасына әсер етуде күш жігерді  біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар  және ата – аналардың жағымды  көңіл күйін өзара жағымды  түсіністік пен ынтымақтастық  қарым – қатынасын орнықтыруда.

Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті. [2]

Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады. [2]

Ата-аналар жиналысының түрлері мынадай болуы мүмкін:

  • ұйымдастырушылық
  • ағымдық немесе тақырыптық
  • қорытындылау
  • жалпымектептік немесе сыныптық

       Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру ата-аналар жиналысының күн тәртібін белгілеу және оған барлық қатысушыларды шақырудан басталады. Жиналысты даярлауда ата-аналардың келуін ұйымдастыруды да ойластырылуы да тиіс.

       Ата-аналарды алдын ала шақырып қою керек, балалардың сыныптан тыс өмірін көрсететін бейнематериалдарды даярлап, ата-аналар жиналысы өтетін сынып бөлмесін безендіру қажет. Тап-таза сыныпта мұнтаздай киінген жарқын жүзді педагог қарсы алғанда ата-аналардың көңіл күйі көтеріліп сала беретінін есете ұстаған жөн.

Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы              алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы             қарым-қатынстық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені                                ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет. 
 
      Сондықтан мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі – психологиялық - педагогикалық білімдерін көтеру                                  болып табылады.  Осы міндетті шешу ата-аналар жиналысы,                      конференциялар, тренингтер, пікірталастар (дөңгелек үстел), сайыстар, үйлестіру кеңесіні шешімдері т.б шаралар арқылы жүзеге асады. 
 
Ең алдымен ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлексиялар жүргізіледі.

 
Әрине кез-келген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік-танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды. [3]

Негізгі мақсаттары

  • Білім беру мекемесін өзін-өзі басқарудың басында басқару.
  • Тәрбие үрдісінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында отбасының, білім беру мекемесінің, қоғамның байланысын нығайтуға жәрдемдесу.
  • Мектептің қызмет ету тәртібіндегі өзгерістер, жаңа енгізілімдер туралы ата-аналарды хабардар ету.
  • Төтенше жағдайларды, күрделі немесе тартысты жағдайларды талқылау.
  • Мектеп өмірінің әртүрлі мәселелері бойынша ата-аналардың пікірін есепке алуды талап ететін шешімдерді қабылдау.

 

Негізгі міндеттері

  • Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы:
  • Білім беру мекемесі мен отбасыға оқушыларды тәрбиелеуде жәрдемдеседі.
  • Ата-аналар қоғамын білім беру мекемесінің өміріне, жалпы мектептік іс-шараларды ұйымдастыруға белсене қатысуға тартады.
  • Тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері) арасында олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын өткізуге жәрдемдеседі.
  • Білім беру мекемесінің тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) баланың жанұяда жан-жақты тәрбиеленуінің мәнін түсіндіру бойынша жұмыс жасауды ұйымдастыруға жәрдемдеседі.
  • Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі.
  • Басқа да міндеттерді жүктелген қызметке сәйкес орындайды. [5]

 

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты  байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара  қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы  ата–ананың педагогика білім  дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне  ортақтастыруды көздейді.

2. Отбасы мен мектептің  балаға қоятын талаптарының бірлігін  қамтамасыз ету. Ондағы мақсат  өмір сүріп отырған қоғамға  сай белгілі бір мінез құлық  нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың  жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз  етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін  мұғалімдерді ата – аналармен  ортақ іске ұйымдастыру.

Информация о работе Ата-аналар жиналысың мақсаты мен міндеттері