Ата-аналар жиналысың мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының міндеттері:
 Отбасында тәрбиелік белсенділікті, балаларды тәрбиелеуде ата-аналармен атқарылатын жұмыстардың маңызын айқындау;
 Өзін-өзі тану пінін оқыту мен тәрбие үрдісін жүзеге асыру барысында мектеп пен отбасы әрекеттестігінің жолдарын қарастыру.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І ТАРАУ .ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Ата-аналар жиналысың мақсаты мен міндеттері..................................5-8
1.1 Ата-аналар жиналысына қойылатын талаптар..................................9-11
ІІ ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДАҒЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. Өзін-өзі тану сабағында ата-аналар жиналысын өткізудің маңызы.....12
2.1 Өзін-өзі тану пәнінде ата-аталар жиналысын өткізудің
ерекшеліктері...........................................................................................13-14
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................16

Файлы: 1 файл

Айтуар Жамила ата-аналар жиналысының мақсаты.docx

— 49.12 Кб (Скачать файл)

3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі  мол маңызды міндет. Бұл бағытта  ата–аналар комитетін құру, оның  жұмыс жоспарын жасау, оларды  мектептегі қоғамдық жұмыстарға  қатыстыру, атқарылатын істерге  талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды  міндеттейді.

4. Ата–аналардың педагогикалық  білім дәрежесі мен мәдениетін  үнемі арттырып отыру. Ол үшін  ата–аналардың жаппай педагогикалық  білім алуларын ұйымдастыру. Бұл  бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық  білімдер жетілдіру универсистеттерінде  лекторияларды, семинарларға, ғылыми  практикалық конференцияларда, ата–аналар  жиналыстарында педагогикалық білімдерін  насихаттау. [3]

 

 

1.2 Ата-аналар жиналысына  қойылатын талаптар

 

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы туралы ереже

  • Жалпы ережелер

Осы ереже жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының қызметін регламенттейді.

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР Үкіметінің басқа да заңдарын, қаулылары мен жарлықтарын, ҚР Президентінің жарлықтары мен бұйрықтарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілерін, осы ережені басшылыққа алады. 

 

  • Құқықтары

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының құқықтары:

Басшылыққа және білім беру мекемесінің өзін-өзі басқарудың басқа да органдарына білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу және оларды қарастырудың нәтижелері туралы ақпарат алу.

Білім беру мекемесінің басшылығынан, өзін-өзі басқару органдарынан білім беру мекемесінің жұмысы туралы ақпаратты алу және тыңдау.

Білім беру мекемесімен бірге қызмет ететін басқа да органдардың өкілдерінен білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие, қаржы, шаруашылық үрдістерінің мәселелері бойынша ақпаратты тыңдау және алу.

Қарастырылатын өтініштер бойынша түсініктеме беру және шаралар қабылдау.

Білім беру мекемесі үшін бюджеттен тыс ақша қаражаттарын тартуға қатысу.

Білім беру мекемесінің басшыларының мектептің жұмысы туралы есептерін тыңдау және білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау.

Бюджеттен тыс ақша қаражаттарының жұмсалуы туралы есептерді тыңдау.

Жүктелген қызметке сәйкес басқа да құқықтарға ие. 

  • Жауапкершілігі

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы құрамына кіретін мүшелері атынан жүктелген міндеттердің орындалмауына немесе тиісті түрде орындалмауына жауапты. 

  • Жұмысты ұйымдастыру

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өзінің құрамынан ата-аналар жиналысының өткізілу уақытында таңдалып алынатын төрағаны (ата-аналар жиналысының кез келген мүшесін), хатшыны таңдап алады.

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы мектептің жылдық жоспары бойынша жұмыс жасайды.

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының шешім шығару өкілеттігі бар. Шешімдер қарапайым көп дауыс жинау жолымен қабылданады.

Шешім барлық ата-аналардың назарына жеткізіледі.

Шешімдердің орындалуын бақылау ата-аналар кеңесі мен басшыға жүктеледі.

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы жылына екі реттен кем емес өткізіледі.

  • Іс-қағаздарын жүргізу

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының отырыстары хаттамамен рәсімделеді. Хаттама кітабында отырыста тыңдалатын мәселелердің талқылану барысы, ұсыныстар мен ескертулер жазылады.

Хаттамаларға төраға мен хатшы қол қояды. Хаттамалардың нөмірленуі оқу жылының басынан бастап жүргізіледі.

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының хаттамалар кітабының беттері нөмірленіп, бауланып, мектеп директорының қолы қойылып, мөрмен бекітіледі. 

Ата – аналар жиналысының хаттамасы

/Күні, айы, жылы. уақыты/

Кімдер қатысты ……………………………………………

Тақырыбы ……………………………………………

/Немесе/ Күн тәртібі:

Жарыс сөзге қатысқандар

Қабылданған шешім

Төраға ………………………………………/

Хатшы ………………………………………/

Ата – аналардың ашық күні

/Күні, айы, жылы. уақыты/

Кімдер болды

Кімдер арнайы шақырылды.........................................................................................

  • Өзара қарым-қатынастар

Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өз жұмысында өзін-өзі басқару органдарымен және мектеп директорымен өзара әрекет жасайды.

 

 

 

Сыныптық ата-аналар жиналысын даярлау ережелері

 

1.     ата-аналар жиналысының тақырыбы ата-аналар үшін өзекті болуы тиіс

2.     ата-аналар жиналысы ата-аналарға қолайлы уақытта өткізілуі тиіс

3.     ата-аналар жиналысын өткізу жоспары ата-аналарға белгілі болуы тиіс

4.     сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасы сыпайы әрі сенімді болуы тиіс

5.     сынып жетекшісі балаларға ат қойып,айдар тақпауы тиіс

6.     ата-аналар жиналысы педагогикалық жағынан пайдалы және жақсы даярланған болуы тиіс.

Мыналарды жасауға болмайды:

-келген ата-аналарды өткен жиналысқа қатыспағаны үшін кінәлауға

-жекелеген оқушылардың табыстарын салыстыруға

-бүкіл сыныпқа жағымсыз баға беруге

-ата-аналармен қарым-қатынаста уағыз айтушылық үнмен сөйлеуге

Жиналыс қорытындысын шығару жиналыс үстінде-ақ басталады: айтылған сөздерге қорытынды жасалып, шешім қалыптастырылады. Ата-аналар жиналысының қорытындысы туралы ақпарат мектеп әкімшілігіне жеткізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДАҒЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. Өзін-өзі тану  сабағында ата-аналар жиналысын  өткізудің маңызы

Ата- ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни  6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады. Сондықтан да ұстаздарға баланың  сабақтан тыс уақыттағы мінез-құлқының ерекшеліктерімен, обасында өзін ұстауы, қоғаммен араласуы және жеке қызығушылықтарын  білу үшін ата-аналармен тығыз байланыста болуға тиісті. Жалпы өзін-өзі тану пәнінде ата-аналар жиналысын жүргізудің мектеп бойынша  немесе сыныптар бойынша өтілетін ата-аналар жиналысынан ерекшелігі, басқа жиналыстарда мектеп бойынша немесе сынып арасында туындаған мәселелер шешіліп, талқыланатын болса, өзін-өзі тану пәні бойынша жүргізілетін ата-аналар жиналысы тренинг немесе сауалнама, пікірталас, сайыс түрлерінде өтіледі.  Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілетін ата-аналар жиналысының маңызы оқушы мен ата-аналар арасындағы түсініспеушіліктің  және болуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Өткізілетін тренингтер арқылы ата-аналар өздерінің дұрыс еммес әрекеттерін түсініп, балаларына  жылы сөйлеп, дұрыс ақыл-кеңестер беруіне, сонымен қатар балаларына өзінің досы сияқты қарап кеңес сұрауға, үнемі баласымен ақылдасып әрекет етуіне ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынасының жақсаруына әсер етеді. Ал бұл жиналыстың ұстаздар үшін тиімділігі: біріншіден: ұстаздар мен мұғалімдердің және мектеп ұжымының арасындаңы ізгілікті қарым-қатынастың орнауына әсер етсе, екіншіден ата-аналардан сауалнама немесе тест алу арқылы балардың сабақтан тыс уақыттағы әрекеттерінен хабардар болады және қызығушылықтарын анықтай алады. Сонымен қатар болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алып, болашықта ата-аналармен бірлестікте әрекет етуге мүмкіндік береді.

 

 

2.1 Өзін-өзі тану  пәнінде ата-аталар жиналысын  өткізудің ерекшеліктері

Ата-аналармен ұйымдастырылатын жиналыста ең маңыздысы -ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады.    

Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады.

Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:

- сабақтан тыс әр түрлі  тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;

- жалпы мектеп көлемінде  өткізілетін дәстүрлі шараларға  қатыстыру (мектеп бітірушілермен  кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл  шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы  өткізу т.б.);

- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың  ашық есік күніне т.б.;

- мектептің кәсіптік бағдар  жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен  кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби  бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

- өздерінің мамандықтарына  сай факультативтік және үйірме  жұмыстарын ұйымдастыру;

- балалардың аула клубтарын  құруға;

- мектептің немесе сыныптың  жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру  қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

- мектептің немесе сыныптың  әртүрлі шараларын ұйымдастыру  және оларды өткізуге өндіріс  және фирмалар арқылы материалдық  көмек сұрау т.б.

4. Отбасы тәрбиесіне қатысты  ата-аналарға педагогикалық-психологиялық  кеңес беру. Бұл бағытта кейбір  отбасында бала тәрбиесіне қатысты  туындап отырған мәселеге байланысты  көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

5. Ата-аналар белсенділерімен  жұмыс және ата-аналардың әртүрлі  қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен  өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің  бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың  комитетін құрып, оның мүшелеріне  белгілі бір бағытта тапсырмалар  беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға  кеңес беру, қолқабыс көрсетуден  басталады. [4]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заманымыз өркендеп дамыған дәуірде еліміздің туын желбіретіп, көкке көтерер жас ұрпағымызды тәрбиелеуде мектептің орны ерекше. Дегенмен, дана халқымыз айтқандай «Отан отбасынан басталады», «Тәрбие тал бесіктен» екендігіне ешкім де да келтірмейді. Себебі барлық бала тәрбиесінің бастауы отбасында. Балаға ең ірінші тәрбие беріп, тұлға етіп қалыптастырушы ата-ана. Ал мектептің міндеті ата-аналармен  тығыз байланыста бола отырып, балаларды біріге отырып тәрбиелеу. Ата-аналарды баласының және тәртібімен сабақ үлгерімінен хабардар етіп отыру. Баланың мінез-құлқындағы немесе басқа да қиындықтарды бірлесе отырып жеңе білу. «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын ,туған- туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру мұғалімнің осы бағыттағы жұмысына жатады.Сонымен бірге мұғалім бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.). [6]

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да мұғалімнің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Информация о работе Ата-аналар жиналысың мақсаты мен міндеттері