қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:03, реферат

Описание работы

Қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.

Содержание работы

Негізгі бөлім
Қазақ халқының салт-дәстүрі
Қазақ ғұлама-ағартушылары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының дәстүрлі еңбек тәрбиесіне көзқарастары
Қазақ халқының салт- дәстүріндегі дене тәрбиесінің алатын орны.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары.docx

— 46.72 Кб (Скачать файл)

 

Жоспары

Кіріспе

 
Негізгі бөлім

Қазақ халқының салт-дәстүрі

Қазақ ғұлама-ағартушылары, қоғам  қайраткерлері мен ғалымдарының дәстүрлі еңбек тәрбиесіне көзқарастары

Қазақ халқының салт- дәстүріндегі дене тәрбиесінің алатын орны.

 

Қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары. 

Қазіргі кезде еліміздің білім  беру ісінде түбірлі өзгерістер болып  жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда  мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды  тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп  тамырында жататыны белгілі.Сол  ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім  берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз  қажет.

Еліміздің болашағы-ұрпақ  тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын  өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.

Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Мұғалім-баланың  жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды  тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын  көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі  жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында  тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге  баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім  жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік  шығармашы- лық   шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрыппен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеуметтік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ  балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші  ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала  отырып тәрбие жұмысын жүргізген  абзал.

Қазіргі таңда  мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс  емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына  дейін таразыға тартатын дүние емес

Я.А.Коменский  балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: « Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл  әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр  құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында  одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының ,оның моральдық  бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл  әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті  күш.  Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский « Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес.» деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек.Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.

Тәрбие жайындағы  белгілі мәліметтер адам баласының  тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның  « Ұстаздан ұлағат»атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту ,сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған.

Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен  өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.

Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын  сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің  жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасының  баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық  педагогикасынан нәр алып,адами  құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза елжанды азамат керек.Қазақ  мемлекеті үшін бар білімі мен  қабілетін сарп ететін,елін,туып-өскен  жерін,тілін,халқының тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы  жұртшылық,әкімшіліктер мен білім  беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, « Менің Отаным-Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.

Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы,мектептер мен жоғары оқу орындары.Олар жас мамандар мен  ұстаздарға мемлекет пен халықтың мүддесін ойлайтын, «елім, туып-өскен жерім, мен  Қазақстан Республикасының азаматымын»  деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретуге міндетті. Ал тәрбиеге байланысты мұғалімдердің  білімін жетілдіріп,қайта даярлау  мемлекеттің ұсынған қаулы-қарарлары  мен заңдарына сай келуі керек.

Ұлтжанды,адами  құндылықтарды бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза иман жүзді,біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.

Бүгінгі жас  ұрпақты сонау замандардан жинақталған  ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды  пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны  қалыптастырмақ.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге сынып жетекшінің  де ролі ерекше .

Ұлттық құндылықтар  арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған  тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін  жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың  қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өнерге деген көзқарасын және соған сай  мінез-құлқын қалыптастыру.

Бүгінгі жаһандану  үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие,ұлттық рухты сақтап қалу-үлкен міндет.

Жас ұрпақты  ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде  халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз.Сондықтан сол  мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза,рухани биік,адамгершілігі  мол,халқына пайдасын тигізетін  адам тәрбиелеу-сынып жетекшінің міндеті.

Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген.

Алты асыл қасиет :

Зерде  зейін

Өнер өріс

Тапқырлық

Талап

Ерлік

Жігер күш

Қайрат қару

Білім

Осыған байланысты халық талаптары: зерде-зейіні: тылсым сырды ұға алатындай.Өнер- өрісі: өмірден сыбыға алатындай,тапқырлық –ерлігі: дұшпанға найза сұға алатындай,қайрат –қаруы: аяқтан шалғанды жыға алатындай,жігер –күші: қиындықта сыналатындай,білімі: биікке бастап шыға алатындай.Кескін –келбеті: еңсегей бойлы,терең ойлы, өткір көзді,қара қасты, кең маңдайлы,қыр мұрынды, қияқ мұртты,кең иықты, шешен тілді,жүректі.Қадір –қасиеті: қырандай алғыр, сұңқардай өр,арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қасқырдай өр,нардай төзімді.Қабілет –икемі: ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын.

Міне ,осы  алты қасиетпен бірге үш асыл мінез-құлық.

1.Адал болу.

2.Өте әділетті  болу

3.Шындықты  айту

Елімен туған-туыс,жұрағат,жекжат,дос-жолдасқа адал болу,қара қылды қақа жаратындай әділетті,қаймықпастан турасын айтатындай шыншыл болу сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.

Сынып жетекші  тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда  мынадай ұлттық құндылықтар тақырыбында  тәрбиені тәрбиеленуші бойына дарытады.  

 

 

 

Қазақ халқының салт-дәстүрі

Қазақ халқының тәрбие саласында пайдаланған педагогикалықтары халық дәстүрлерінен орын тапқан.

Отау  көтеру дәстүрлері :қыз айттыру,қыз көру,шеге шапан, құда түсу,бата аяқ,құда тартар,қалың мал,балдыз қалың,киім тігу,киіт,құйрық бауыр,өлі-тірі,қынаменде(ұрын келу),қыз қашар,сәукеле кигізу,күйеу киімі,той малы,қапқа салар,жігіт түйе,сүт ақы,қыз танысу,сыңсу,қыз ұзату,неке қияр,жар-жар,аушадияр,ау-жар,қоштасу,жасау,қыз көші,түймемұрындық,шаңырақ түйе,келін түсіру,беташар,бие қысырмас,күйеуаяқ,жолдық,отау көтеру,шаңырақ көтеру,атбайлар,құттық,үй көрсету,есік ашар,өңір салу,ілу,дәмету, итаяғына салу,кимешек кигізу,құрсақ шашу,жарыс қазан.

Тәрбие  дәстүрлері:шілдехана,шілде қаққан,сүйіндір,кіндік кесер,қалжа,ат қою,бесікке салу, бесік жыры,тыштырма,тымаққа салу,қырқынан шығару, иткөйлек,бауырына салу,сатып алу, асырап алу,тұсаукесер,базарлық,байғазы,бастаңғы,бәсіре,тілашар,ашамайға мінгізу,жеті ата, енші, көгентүп,айдар,кекіл,тұлым,асату,ұйқыашар,селт еткізер,сүндет той,құлақ тесу,аузына түкірту,алтыбақан,тыйым,тобық жұту,тобық тығу,қызойнақ,қыз қуу,мүше алу,біз шаншар,қыз алар,босаға майлау,келін көңілі.

Отбасы ,тұрмыс дәстүрлері:ақ үй аманат,аманат,ант,ақ алып шығу,ақ құйып шығару,ақ жол,ат мінгізіп, шапан жабу, ат тергеу,айтыс,айып,айрылысар көже,ауызбастырық,ауыз тию, ат құйрығын кесу, ат майы, артынан топырақ шашу, ақтық, абысын асы, араша,аяғына жығылу, әмеңгерлік, әдеп, әдет, бата, теріс бата, байлау, баутағар, барымта, бармағын жалау, бал басы, белкөтерер,бес жақсы,бетке түкіру,бәс,бүйрек,бет айғақ, бұйымтай, бәйге, дау, дауыс, дәстүр, деңгене, дүре, дерт көшіру, емге сұрау, ен, емшегін көкке сауу,есекке теріс мінгізу, ерулік, жаза, жекпежек, жиенқұйрық, жолаяқ, жолдасу, жылу, жұртшылық, жыртыс, кәде, кек алу, көрімдік, көрісу, көз тию, көрші хақы, көкпар, көңіл сұрау, күн санау, ай санау, жыл санау, жыл қайыру, қалау, қазан шегелеу, қарғыс, қарғану, қарашаңырақ, қап қағар, қонақасы, қонақ кәде, қорықтық құю, құмалақ салу, құн, жарқын құн, қарыз, пайғамбар қарызы, құтты болсын айту, құрдастық қалжың, салт, сал-серілік, сауға, саумалық, сауын алу, сауын айту, сарқыт, сайыс, соғым басы, сүйек жаңғырту, сәлем беру, сәлем ету, сәлемдеме, сүйінші, сыбаға, өлі сыбаға, табақ тарту, таңба, туған күн, мүшел, мүшелтой, алтын той, күміс той, той, тойхана, тойбастар, тойтарқатар, тоғыз, туған жерге аунату, туырлығын тілу, тәбәрік, тіл кестіру, тізе бүгу, тоқымқағар, төркіндеу, түс жору, от басын сабау, отпен аластау, отқа май құю, уәде, үй сынығы, ұран, шашу, шарғы салу, шүлен тарату, хан сырқаты, хан талау, ым, ишара, ырым, іргеден шығару.

Наурыз  дәстүрлері:наурызнама,наурыз күні,қыдыр ата,наурыз көже,наурыз жыры,наурыз бата,наурыз жұмбақ,наурыз тілек,наурыз төл,наурызкөк,наурыз есім,наурыз шешек, наурызша, саумалық, мұхаррам, самарқанның көк тасы.

Ислам тағылымдары:айт,айттық,құрбан шалу,ақсарбас,аластау,ақтық байлау,айналмақ,жан беру,жарапазан,жарапазанның батасы,жұмалық,зекет,зікір,құдайы,құран ұстау,ораза,ауыз ашар, намаз, пітір, садақа, сыйыну, талақ, талақ, табыну, тасборан, тұмар, ұшықтау, үшкіру, ішірткі, мойнына бұршақ салу.

Еңбек дәстүрлері:асар,биебау,жылқы күзеу,күзем шай,кеусен,келі түбі,көген той,қол ұшын беру,қол үздік,қолкесер,қазық майлау,қой басты,тулақ шашу,таңсерік,нәзір,үме,сірге мөлдіретер, сабан той,сал бурын,сыралғы,лау,аңшылық,саятшылық,шашыратқы.

 

Қазақ ғұлама-ағартушылары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының дәстүрлі еңбек тәрбиесіне көзқарастары

Еңбек тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық мәселелері адамзат қоғамының барлық даму сатысында зерттеу нысанасы болып отырды. Алайда жазу-сызуды білмеген, ғылым мен мәдениеттен мешеу  дәуірдің өзінде де, балаларды еңбекке  тәрбиелеу отбасы, тайпа мүшелерінің  ортақ ісі болған. Демек, адамның  өз ұрпағын еңбекке қоғамдық өмірге икемдеп үйретуі адамзат қоғамымен  бірге жасасып келе жатқан тарихи процесс. Сондай-ақ әрбір халықтың ұрпақ  тәрбиелеудегі көптеген ғасырларға ұласқан өзіндік тарихи тағылымы мен ой-пікірлері, ғылыми-танымдық идеялары да бар. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі туралы тәлімдік ой-пікірлері сонау VII–VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей түркі  жазба ескерткіштері мен Қорқыт ата тағылымдарынан бастау алады. Бұрын  Орхон-Енисей ескерткіштері әдебиет  тарихынан белгілі болса, бүгінде  егемендіктің нәтижесінде оны көзбен көруге мүмкіндік алдық. Бұл жөнінде  ҚР Философия және саясаттану институтының директоры, философия ғылымының  докторы, профессор Ә.Нысанбаев былай  деді: «Жақында тек қазақ мәдениеті  тарихында қалатын ұмытылмас  оқиға болды. Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің өкілдері монғол елінің басшыларымен келіссөз жүргізіп, Орхон өзенінің бойында бұдан 1300 жыл бұрын ұлы  бабаларымыз тасқа қашап жазған «Күлтегін», «Білге Қаған», «Тоныкөк»  жырларының көшірмесін олардың тікелей  мұрагерлерінің ата жұртына алдырды. Демек, біз заттай айғақ арқылы өз мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың  тамыры тым тереңде жатқанын, елдік  дәстүріміз бен рухани бітіміміздің қайнар бастауы берік екенін өзіміз де түсінетін, өзгеге де ұқтыратын халге жеттік» . Ал, енді осы тастағы жазулардың мазмұнына үңілсек, онда: «егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда болсаң, еш нәрседен мұқтаждық көрмейсің, құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып-толғаныңыздар! Менің ағам мені адам етті», – деп жазылған. Бұл жолдар қоғамдық өмірде адамдардың ынтымақтастық пен береке-бірлікте өмір сүріп, бірлесе еңбек етуінің арқасында ізгі мұраттарға жететіндігін баяндайды. «Орхон-Енисей» жазба ескерткіштерінен кейінгі еңбек тәрбиесі туралы тағылымдық ой-пікірлер Қорқыт баба мұрасында көрініс тапты. Қорқыттың тағылымы мол поэзиялық шумақтарынан көшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, тәлім-тәрбиелік даналық ойларын көптеп кездестіреміз. Қорқыт баба нақыл сөздерінде «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес», – деп отбасындағы қыз бала мен ер баланы еңбекке баулуда ата-ананың үлкен рөлі атқаратынын айтады. Халқымыз бұл пікірді өрбіте отырып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Баланың ұяты әкеге, қздың ұяты шешеге», «Ана көрген тон пішер, ата көрген оқ жонар», – деп ой түйіндеген . Еңбек тәрбиесі жайлы ой-пікірлерін ұлы ойшыл әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы» трактатында баяндайды. Ол қала адамдарының әр түрлі топтарын қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындары деп бөліп, оларға талдау жасайды. Онда жекеленген топтардың әлеуметтік жағдайын, қандай кәсіппен айналысатындығын, тұрмыс салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтарды айқындау мақсатында «ізгі қаланың» тұрғындары, «надан қаланың» тұрғындары деп бөліп қарастырады. Ізгі қала тұрғындары тату-тәтті өмір сүріп, ғылым мен білімді дамытып, көркею жолымен бақытқа жеткілері келетінін, ал надан қаланың тұрғындары халықты алдап, неше түрлі қулық-сұмдық істер жасау арқылы бақытқа жетуді аңсайтындығын айтады. Надан қала тұрғындарының өзін опасыздар пен бақытсыздар, атаққұмарлар мен билікқұмарлар және бетімен кеткендер деп бірнеше топқа жіктейді. Мәселен, «қажеттілік тобының тұрғындарын феодалдар мен қала әкімдерінің қанауына түскен кедей шаруалар мен қала кедейлері. Олар ауыл шаруашылығы жұмыстарының әр түрлі саласымен, аң аулау, қолөнері, т.б. еңбек түрлерімен шұғылданады, өте еңбеккер келеді, тек өздеріне керекті, пайдалы нәрсені ғана өндіруге ғана тырысады (тамақ, киім т.б.) және еңбек үстінде бір-біріне көмектесіп ынтымақтасып отырады», – дейді. Міне, бұдан топтасу адамдардың жай біріге салуынан емес, олардың өмір сүру қажеттілігінен туындайтындығын көруге болады. Сондай-ақ әл-Фарабидің педагогикалық жүйесінде тәрбие мен тәлім, білім мәселелері бір-бірімен органикалық, диалектикалық байланыста қарастырылды. Әл-Фараби де Аристотель сияқты адамды қоғамдық жан деп қарап, өзінің бүкіл педагогикалық, этикалық және басқа гуманитарлық көзқарастарында осы қағиданы басшылыққа алады. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатының бір тарауында адамзаттың өзара бірлестік пен өзара көмекке зәрулігі туралы әл-Фараби былай деп жазады: «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады». Қоғамды кемелдендіру – бақытқа жетудің басты шарты болып табылады. Тек кемелденген қоғамда ғана адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жете алады. Әл-Фараби шартты түрде адамды бақытқа, кемелдікке жеткізуге тиісті негізгі құрал ретінде мінез-құлық, моральдық және ақыл-ой, интеллектуальдық тәрбиелерге шешуші мән береді. Ол былай дейді: «Біз жақсы мінез-құлық пен ақыл-парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және іс-әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз». Әл-Фарабидің педагогикалық топшылауларында адамның еркі (ырқы) мен талап-тілегіне үлкен маңыз беріледі, олар тиісті жағдай туған кезде адамдық жақсы қасиеттерді қалыптастыруға жетелейтін мақсат пен құралдарды еркін де саналы түрде таңдап алуына мүмкіндік береді. Ал мұндай жақсы сипаттар табиғаттан, сырттан емес, жаттығу машықтану, әдеттену арқылы дариды. Ерік пен тілектің ең жарқын байқалатын жері сезім мен рухани қажеттілікті таңдау кезі болып саналады. Осылай басында еркін таңдау, ерік күшімен келетін сапа-қасиеттер бара-бара біртіндеп тәрбие арқылы адам мінез-құлқының міндетті белгісіне айналады, рухани өміріне сіңіседі. Фараби өзінің саяси-педагогикалық трактаттарында халықты, тұрғындарды мінез-құлықты, ақыл парасатты етіп тәрбиелеуде қайырымды қала, мемлекеттерге, олардың басшыларына үлкен орын береді. Ол былай деп жазды: «Тұрғындар бір-бірімен шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа жетуді көздеген қала қайырымды қала, халқы да қайырымды адамдар болды. Егер дәл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді» . Әл-Фарабидің пікірінше, халықтар достығы – ырыстың басы. Бұл – әл-Фарабидің адамзатты болашақ бақытқа жеткізу жөніндегі ең басты гуманистік принципі. Ғұламаның түпкі ойы, имандай сыры міне осы қағидада жатыр. Басқаша айтқанда адамдар бақытқа жету жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі тиіс. «Адамдар туралы айтсақ, – деп жазады ғұлама, – оларды қосатын байланыстыратын дәнекер, тұтқа – адамгершілік болып табылады. Сондықтан, адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан, өзара бейбітшілік, татулық сақтауы лазым». Педагогиканың мақсаты, мұраты туралы әл-Фараби ұсынған гуманистік идеялар мен қорытындылар адам өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің бірі болып отыр. «Біздің міндетіміз – бақытты адам тәрбиелеу. Бақыт – материалдық және рухани игіліктерді өзімшілдік мақсатта тұтынуда адамзат мұраттары мен құштарлықтарынан тыс та оқшау, өзіне ғана тән жан рахатын беретін кішкене дүние жасауда емес. Азаматтың бақыты – асқақ та биік мақсат – жаңа өмір жолындағы жасампаз рухани күштердің гүлденуін терең сезінуде». Бір қызық жәйт, ұлы бабадан кейін мың жыл өткізіп барып данышпан Абай дәл осындай гуманистік ұлы қағиданы жаңғыртып, қайталайды, қуаттай түседі. Ол өзінің отыз төртінші сөзінде былай деп жазады: «Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде тууың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұрауың бірдей екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көзалартпастық лайық па?» . Қазіргі таңда бүкіл шығыстың зерттеуші ғалымдарының назарын өзіне аударып отырған тарихи, ғылыми мұраның бірі – Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастаны. «Құтты біліктің» 57, 58, 59, 60 тараулары еңбек тәрбиесін уағыздайды. Мәселен, ол «Диқандармен қалай қатысу жайлы» деген толғауында:

Информация о работе қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары