қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:03, реферат

Описание работы

Қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.

Содержание работы

Негізгі бөлім
Қазақ халқының салт-дәстүрі
Қазақ ғұлама-ағартушылары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының дәстүрлі еңбек тәрбиесіне көзқарастары
Қазақ халқының салт- дәстүріндегі дене тәрбиесінің алатын орны.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары.docx

— 46.72 Кб (Скачать файл)

Тағы  бір топ – диқандардың әулеті,

Ең  керекті жұрт ол, биік дәулеті.

Қатынасып, ыңғайыңды бергейсің,

Ас-тағамнан еш кемшілік көрмейсің.

Одан жанның бәрі пайда табады,

Ішпек-жемек күллі дәмін алады, – деп,

өзара ұйымдасқан, ынтымақтас диқаншы  адамдар тобының бір-бірімен қарым-қатынасы еңбек іс-әрекетіндегі үлгі-өнегесі  оқушыларды еңбексүйгіштікке, білімділікке, тәрбиелілікке ынталандырады

Балаларда еңбек әдеттерін қалыптастыру ең бірінші өмірлік қажеттілік деп  санайды; – балаларды жұмыс істеуге, өнімді еңбекке ерте қалыптастыру халықтық тәрбиенің басты қағидасы деп  біледі. Ұлы ағартушы Абай өзінің өлең-жырларында, қарасөздерінде жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікті кәсіп етуге, өнер, білімге шақырды. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына, ақылмен істелген істің нәтижелі болатынына сенді:

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар 

Еңбегің мен ақылың екі жақтап, –

деп жырлайды ақын. Адамның бойында  жағымсыз қасиеттерді болдырмау  үшін ұстаз оның ғылым мен білімге  деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуі қажеттігін өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының  басты ерекшелігі деп түсіндіреді. Сондықтан:

Бақпен  асқан патшадан

Мимен асқан қара артық,

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық, –

деп ой түйіндейді. Ұлы ақын жастардан  бір өнерді үйреніп, пайдалы іспен  шұғылданып, адал еңбекпен мал табуды талап еткен еді. Саналы жастарға:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан! –

деп қоғамның пайдалы бір азаматы  болуды насихаттайды.

қазақтың халықтық педагогикасында  оқушыларды ұрпақты дәстүрлі еңбекке  тәрбиелеуде халықтық дәстүрлері де бар. Оларға мыналар жатады:

1. Отбасындағы еңбек тәрбиесі дәстүрі;

2. Баланың жас және дара ерекшелігін  ескере отырып еңбекке тәрбиелеу;

3. Ұжым арқылы еңбекке тәрбиелеу  дәстүрі;

4. Қыз балаға тән еңбек тәрбиесі;

5. Ер балаға тән еңбек тәрбиесі;

6. Ұлттық ойындар арқылы еңбекке  тәрбиелеу;

7. Ұлттық мерекелерге қатысу арқылы  еңбекке тәрбиелеу.

Демек, «еңбек тәрбиесінің халықтық дәстүрлері – қазақ халқының тарихи, әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы  еңбек туралы өткендерден мұралыққа  қалдырылған халықтық түсінік пен  озық идеяларды пайдалану нәтижесінде  жеткіншек ұрпақты дәстүрлі еңбекке  тәрбиелеу үдерісі», – деп анықтауға  болады. Ғасырлар тоғысында дербес елге айналып, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде  қайта құрылып жатқан қазақ халқы  жас ұрпақты дәстүрлі еңбекке  тәрбиелеуге өте үлкен ыждағаттылықпен  қараған. Мың жылдық тарихы бар адамзат  қауымының қоғамдық құрылыс кезеңдерін басынан өткізіп, сан алуан нәубеттерге, қырғын соғыстар мен төңкерістерге, қитұрқы саясат пен мәңгүрттік моральға ұшырағанына қарамастан, қазақ халқы  өзінің дәстүрлі шаруашылығы мен  моральдық-этикалық көзқарасын жоғалтпады. Табиғи жаратылысына тән мінез-құлқы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа  жалғастырылып отырды. Сайын даланың  азаматына тән еркіндік пен тәуелсіздік, қажырлылық пен төзімділік, еңбексүйгіштік пен кәсіпкерлік, еңбек адамын құрметтеу, табандылық, байыптылық, мейірімділік пен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық  тәрізді қазақи ұлттық қасиеттер  сақталды. Мұндай қасиеттерді қалыптастырған ұлттық тәрбиенің үлгілі дәстүрлері мен оның сол кезеңдегі халықтық идеясындағы мақсат, мұраты болса  керек. Сол мақсатының ең бастысы, негізгісі  – еңбек тәрбиесі

Қазақ халқының салт- дәстүріндегі дене тәрбиесінің алатын орны.

Дене  тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары  сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде  кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін  игеру кезінде оның теориялық  және тәжірибелік бағыттары негізге  алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы  бағдарламалар негізінде педагогикалық  жұмыстардың принциптері мен  әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы  қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық  және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта  үлкен зерттеулер мен ұсыныстар  жасаған. Қазақ халқының көне  ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша  осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын  халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне  үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген. 

Дәстүрлі  халық мәдениетінің ажырамас бір  бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар  мен спорттың қоғамдағы атқаратын  пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық  тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар  мен спорт түрлерінің осы уақытқа  дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде  танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу–тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол  ашады.

Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар  арасында алғашқылардың бірі болып  «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.

Егемен  Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт  пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық  спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан  халқына Жолдауында көрсетілген  «Қазақстанда бұқаралық спортты  дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға  көтеру қажет» деген тапсырмасын  орындауға бағытталып отыр.

Ұлттық  ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана  білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің  сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін  қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық  көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін  атап өту керек.

Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың  дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.

Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих  толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған  дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың  мәдени, рухани құндылықтары негізінде  қайтадан қалпына келтіру де осы  жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.

Халқымыздың асыл құндылықтары мен абыройлы қасиеттері - жас ұрпаққа азық.

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық  құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, бала тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады: 
Бала тәрбиесі 
Міндеттері.   Мазмұны мен негізгі бағыттары. 
1. Халықты азаматтық, гуманистік рухта тәрбиелеу. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе". М.Әуезов.

2. Діни — рухтық тәрбие 
Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдық "ғылымхалін", Абайдың "Қара сөздеріндегі" дінирухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдасауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу. Қаза ғұрыптары:арыздасу,өсиет,иман айту,естірту,көңіл айту,жоқтау,ақтай жоқтау,шашын жаю,қара тігу,көрісу,жаназа,дәуір,жаназа,дәуір айналдыру,сүйекке кіру,сыйыт,аманат қою, мұра, топырақ салу,бата оқыр,дұға,підия,тұлдау,аруақты еске алу,шек беру,жерошақ майлау, ас, тұл аудару, қара жығу.

Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті,өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі,Солар арқылы ол жалпы  азаматтық әлемге аяқ басып,өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын  да,түсінікті ете алады.Сондықтан  әрбір ұстаз өз кезі мен өткеннің талаптары,объективті факторлар негізінде  жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап,оны  жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелеп  отырып,өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игерте түсуі керек.

Ұлы педагог  К.Ушинский « Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне  негізделген.Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды»-деп  текке айтпаған.

Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі  кезде білім беру жүйесіндегі  негізгі міндет-ұлтымыздың таным  құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып  мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәләм-тәрбие беру.

Ұстаз қолында  адам тағдыры,болашақ ел тағдыры  тұрады.Заман талабына сай тәрбие беру-мұғалімнің басты міндеті.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері.   Авторы: Сейіт  Кенжеахметұлы. Алматы 2006ж.

«Қазақстан  мектебі»  журналы.  №6, 2005 жыл.

«Қазақстан  мектебі»  журналы.  №3, 2007 жыл.

«Қазақстан  мектебі»  журналы.  №4, 2008 жыл.

«Сынып  жетекші»  журналы. №9,  2007 жыл.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы. 1986. – 640 б.

Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. – Алматы, «Рауан», 1991. – 390 б.

Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 318 б.

Қ.Б.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1976

 И.А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу  әліппесі. Алматы, 1980.

А.Э.Измайлов. Орта Азия. Қазақстан  халықтарының халық педагогикасы. - Москва, 1991.

Г.Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы, 1992.

Ұзақбаева С.А., Шалғынбаева Қ.Қ, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары. – Алматы, «Білім», 1998. – 126 б.

 


Информация о работе қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары