Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі: қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуы әр уақытта қоғам мүшелерінің білімділігіне, саналылығына байланысты. Біздің елімізде жарқын бейненің кейбір көріністері өмір тіршілігіміздің әрбір саласында байқалып жүргендігі баршағы аян. Дегенмен, жасөспірімдерді елімізге лайық тәрбиелей отырып, өміріміздің өскелең талаптарына сай келетін азамат етуіміз ең абзал да жауапты міндет.
Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

Содержание работы

І .Кіріспе...........................................................................................................3-4
ІІ .Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары.................................................................5-14
2.1.Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық
педагогиканың алатын орны…………………………………………………….......................................15-20
2.2. Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні………………………………………………………………….21-24
Қорытынды...........................................................................................................25-26

Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................27 -28
Қосымша........................................................................................................29-30

Файлы: 1 файл

МӘДЕНИ.doc

— 217.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ 
І .Кіріспе...........................................................................................................3-4

ІІ .Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары.................................................................5-14

2.1.Балалардың    мінез-құлқын    қалыптастырудағы    халықтық 
педагогиканың алатын орны…………………………………………………….......................................15-20

2.2. Балалардың   мінез-құлқын   қалыптастыруда   ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні………………………………………………………………….21-24

Қорытынды...........................................................................................................25-26

 

Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................27 -28

 Қосымша........................................................................................................29-30 

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуы әр уақытта қоғам мүшелерінің білімділігіне, саналылығына байланысты. Біздің елімізде жарқын бейненің кейбір көріністері өмір тіршілігіміздің әрбір саласында байқалып жүргендігі баршағы аян. Дегенмен, жасөспірімдерді елімізге лайық тәрбиелей отырып, өміріміздің өскелең талаптарына сай келетін азамат етуіміз ең абзал да жауапты міндет.

Жаңа адам әр уақытта  жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне  бағындырады. Басқа психикалық процестер  сияқты мінез де объективтік дүниедегі  заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушылары Әл-Фараби, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің еңбектері мен философиялық, психологиялық, ой-талғам толғаныстарынан, өлеңдері мен қара сөздерінің жалпы адамзаттық қадір-қасиет пен адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлген.

Қазіргі уақытта М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиевтің дана ойлары халықтың адамгершілік тәрбиесі мен балалардың тәрбиесіне үлес қосатын таптырмас қазына-мұра.

Оқушылардың мәдени мінез-құлқы мен адамгершілік тәрбие беру мәселелерін ұлы педагогтар Н.Крупская, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Я.А.Коменский, О.С.Богданова қарастырған.

Әрбір адам өзінің өмір жолында  «абыройым төгілмесін» деген  әрбір адам мына бір аса қажет  ақиқатты-көңіліне берік түйіп алғаны жөн. Ол

- адамгершілік мінез-құлықтан бастау алатын әдептілік нормаларын әрқашанда да ықтиятты болу.

Әл-Фараби бабамыз білім  мен тәрбиенің бір еместігін  айта отырып, тәрбиесіз берілген білім адамға таяқ болып тиеді деген тұжырым жасайды.

Мұның өзі көпқырлы, терең  сырлы дүние, оның мәнін, табиғатын тануға арғы-бергі замандарда әр елден шыққан талай-талай данышпандар аз көңіл бөлмеген. Бұл жұмыста адамзаттың кісілік жаратылысын сипаттайтын нәзік те келісті әрі күрделі құбылыстың тұңғиық терең табиғатын, мәнін, жалпы адамзаттық және ұлттық сипаттарын, алуан тұрлі көріністерін, олардың озық үлгілерін ата мұраға адал осы замандық жас ұрпақтың бойына дарыту жолдарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастыруды, сол арқылы мәдени мінез-құлықты қалыптастыратын мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу мақсатын көздейді.

Зерттеудің  мақсаты: оқушылардың бойында мәдени мінез-құлықты қалыптастыру, адамгершілік ұғымдар мен сенімдерді, жоғары моральдық сезімдерді қалыптастыру, мінез-құлықтың берік әдет-дағдыларын бойға сіңіру, мінездегі ерік белгілерін қалыптастырып, теріс әдет-ғұрыптарды жою.

Зерттеудің  нысанасы: Мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлқының қалыптастырудың жолдары.

Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

Зерттеудің әдісі: Психологиялық-педагогикалық  талдау, балаларда мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың әдіс-тәсілдерді іріктеп алу және оларды қолданудың жолдарын анықтау.

 

 

БАЛА  МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе отбасындагы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мәдениетті отбасындагы ерлі-зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, сыйласуы, жанұя қажеттілігінен туған мәселелерді ақылдаса отырып, шешуі бала мінөзіне жағымды әсер етеді. Мысалы, ретінде Қызылқүм ауданында қарасты «Арыс» ауылының тұрғыны ерлі-зайыпты Жұмаш пен Зүбайраның келтіруге болады. Осындай қарапайым жанұя өз балдарына адал еңбегімен адамгершілікті, саналылықты үйретуде. Жанұя мүшелерінің адамгершілік қасиеттері олардың тұрмыс құру жағдайларынан да айқын көрінеді. Әрине, таза, мәдениетті, тұрмыс жас ұрпақтарда адалдықты шыншылдықты қалыптастырады. Бірақ бізде барлық ата-ана бірдей емес. Сырт көрінісінен қарағанда тұрмыста таза, мәдениетті болып көрінген кейбір кісілердің ішкі дүниесінде бықсып жатқан жарамсыз қылықтар табылады. Ондай қылықтар жас балаға тез әсер етеді.

Бала тез еліктегіш, иланғыш болғандыктан, жаман қылықтарды да тез үйренеді. Соның үшін жанұядағы  ерлі-зайыптылар жарамсыз сөздердің, қатынастырадың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретінтігін айтпай кетуге болмайды:

Әсіресе маскүнемдікке  салынып, балардың көзінше әйелін балагаттап ұратын еркексымақтар да кездеседі. Мұндай кезде жас бала анасының дәрменсіздігінен шыдай алмай, жылап та жібереді. Осындай мәдениетсіздік өзімізді қошаған немесе ағайын туыстар арасында өте жиі адамгершілік қасиеттен айырыларда адам ең алдымен жанұясын. Содан барып халық алдынада абыройсыз, құнсыз халге түсе бастайды.

Баланы тәрбиелеу тек  сөз, ақыл айту арықлы ғана емес, әрбір ересек ісінің қимылынан,  іс-әрекетінен,  қызметінен байқалып тұрған жөн. С.Макаренконың «балаға тәрбие беру үшін тек үгіт пен ақыл жеткіліксіз. Егер сіз өзіңіз мақтаншақ болсаңыз, жолдасыңызды сөксеңіз, сіздің балаға айтқан үгітіңіз, ақылыңыз түкке де керек емес» - деген сөздерін әсте естен шығармау керек.

Бала мінезі көпшілік жағдайда әке-шешесінің мінөзіне өте ұқсас келеді. Осы жағдайға қарап кейбір ата-аналар мінез тума қасиетке ие емес іе екен деген ойға келеді.

Психология ғылымы мінез ортаның, оқыту, тәрбиелеу процестерінің әсерімен қалыптасатын жеке кісідегі дара ерекшелік деп түсіндіреді. Академик И.П.Павловтың жоғары нерв қызметі туралы ілімінде мінез ерекшеліктері емес, нерв жүйесінің типологиялық ерекшеліктері, шшандардың ғана тума қасиетке ие екендігі дәлелденген. Демек, мінез зірден қалыптаспайтын, өмір тәжірибесіне қарай оқыту, тәрбиелей нютижесінде бір жүйеге келетін күрделі психикалық құбылыс.

Бала мінезінің әке-шешесінің мінез ерекшеліктеріне ұқсас келуі, біріншіден, жанұяда барлығына ортақ жалпы жағдайдың әсер ететіндігі болса, екіншіден, баланың ересек кісілерге еліктеуінен болады. Бірақ айта (ететін бір мәселе - бір жанұядағы балалардың мінез ерекшеліктері әр тұрлі болуы да мүмкін. Қазақтың бір биеден ала да туады, құла да туады дегені сиқты бір жанұяда ожар да, жуас та бала болуы мүмкін. Олай болса себебі де тәрбиеге байланысты. Тіпті егіз баланың мінездері де әртұрлі болады. Атақты психолог Ковалев А..Г. егіз Валя мен Вераның мінез бітістерін мектеп жасына дейінгі уақытысынан байқаған. Валя  мен Верадан бес-он минут бұрын туса да оны үлкен деп санап, оған әртұрлі тапсырмалар берілген. «Вераға қарап тұр, жылап қалмасын, ол кішкентай, сен оның апасы боласың. Сен дүкенге нан сатып ала ғой» деген сияқты тапсырмалар Валияны шынықтырады. Өзіндік дербес әрекетін қалыптастыру арқылы мінездегі батылдық, шешімдік қасиеттерін дамытады. Демек әр балаға әртұрлі талаптар қою олардың мінез бітістерінің әртұрлі болуына алып келген.

Егер жанұяда талап қойылмастан өз бетіне жіберілсе, бала мінезінде шолжандық, қыңырлық, қисықтық, тартыншақтық сияқты жарамсыз қасиеттер қалыптаса бастайды. Оның өзі бала келешегін бұзықтықтың шыңырау құдығына сүйрейтіндігі жалпы жұртқа аян. Сол үшін біздің тәрбиемізде ақау болмауы тиіс. Тәрбие жұмысымен тек ата-аналар ғана шұғылданбай, бүкіл жұртшылық шүғылдануы керек.

Балаға қойылатын талаптар барлық жанұянда бірдей бола бермейді. Кейбір жанұяда жай жалынып, айтқанын істететін болса, екінші біреулерінде, баланың қызығуына, жас ерекшелігіне, қабілетіне қарамастан, қатаң талап қойылады. Бірінші жағдайда ата-ананың жұмсақтығын пайдаланып, бала ерке, шолжаң болып өссе, екінші жағдайда өз еркінен айырылып, амалсыз мойындайтын жалған қатынастар қалыптасады. Әрине,  жанұя  жағдайында  балаларды  әкесі  мен  шешесі   ғана тәрбиелеп  қоймайды, сонымен  қатар, жанұяның басқа мүшелері  де тәрбиелейді. Сол үшін барлық жанұя мүшелерінің балаға қоятын талабы алдын ала ойластырып алынған жөн. Егер әкесі баладан бір жұмысты талап етсе, ал шешесі оны қуаттамаса, балада әке-шешесіне жалған қатынас пайда болады. Мысалы, Болат деген кісі жұмысқа кетіп баратып сегізінші сынпта оқыитын ұлына бүгін кешке киноға бармай-ақ қой, сабағыңды дайында дейді, ал шешесі әкесі кетісімен баланы киноға жібереді. Онымен тұрмай, Талғат папам ұрсады деп қауіптенбей-ақ қой, мен айтпаймын дейді. Міне, мұндай қатынастар арқылы баланың әкеге деген мейірімі жоғалтып, үлкендерді сыйлау қасиетінен айырыла бастайды.

Ерлі-зайыптылар арасындағы ондай қатынастар баласын аяудан келіп шығады. Бірақ шын мәнінде ол достық емес, өзіне істеген қатыстығы іспептті.

Баланың мінез ерекшеліктерінің қаііыптасуына және оларды тәрбиелеуге ата-ананың басқа кісілермен қарым-қатынасы да күшті әсер етеді. Сол үшін ата-ана өзінің айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек.

Кейбір ата-аналар баламыз  әлі жас, әзірге не түсінер дейсің деп оның көзінше өз жолдастырының, оқытушылардың жарамсыз қылықтарын айтып отырады. Ондай кісілердің көпшілігінің сөзі мен іс-әрекетінің арасында бірталай алшақтық болады. Мысалы, жарамсыз қылықтарын айтқан жодастары үйіне келіп қалса, оның асты-үстіне түсіп, бэйек болады да қалады.бұрын бұл келген кісінің тек жарамсыз қылықтарын ғана есіткен балаенді әке-шешесінің кейінгі әрекетіне таңдана қарап, нашар пиғылды кісілерге де осындай қатынаста болу керек екен деген ойда қалады. Міне, содан барып сыртынан өсек-өтірік айтып, көзінше шындықты айта алмайтын, жалтақ мінезді, жағымпаз адам шығады. Кейбір кісілер тіпті баласына: «Мені үйде жоқ деп айта сал» - деп оны тікелей өтірік айтуға баулиды. Мұндай жағдайдың алғашқы кезеңінде көңілінде ешқандай кір болмағандықтан, баланың ойында: «Осы папам біреуді алдамақшы ма? Үйде деп шынымды айтсам қайтеді?» деген сұрақтар туады. Кейде алдаудың шырмауына әлі орала қоймаған жас бала әкесінің айтқаны есінен шығып кетіп, сұраған кісіге: «Маған папам үйде жоқ деп айт деді» деп те қалады. Осындай жағдайда шынын айтам деп, сөгіс естіген бала алғаш қынжылып жүрсе де, кейін папасы үйде бар болса да «жоқ» деп айтуға дағдылана бастайды. Мұндай жалған қатынас бала мінезінде шындықты жасырып, өз пайдасына қарай өтірік айтатын зымияндықты қалыптастырады.

Бала психологиясын  жақсы білмейтін кейбір жанұяда ойнап айтқан болып, бірін-бірі жамандап отырады. Оған сене қоймайтын бала «Ия етірік айтасың, алдайсың» деп өзінен үлкен адамга қарсы дау айта бастайды. Содан барып балада сөзге сенбеушілік, күмәндаушылық келіп шығады. Кейде етірік айтып, онысы білініп қалса, «Ия, алдадым, ойнап айттым» дей салатын болады. Бала мінөзіне жанұя мүшелерінің көңіл күйі, қатынастары да айырықша әсер етеді. Бірақ барлық жанұяда баланың көңілді тұруына жағдай бола бермейді: кейбіреулердің шешесі болса, әкесі болмайды, әкесі болса, шешесі болмайды. Әсіресе, шешесіз бала өте қамкөңіл, тез ренжитін күйгелек мінезді болып келеді. Ол аналық мейірімді қатты аңсайды. Сондай жағдайда кейбір өгей шешелер аналық мейірімі аз болса, не тіпті болмаса, балаларды болмашы нәрсені сылтау етіп, ренжіте береді. Соның салдарынан бала мінезінде жалтақтық, зиянкестік, ашуланшақтық сияқты жарамсыз қылықтар қалыптасып, екінші рет жазаланудың қаупі төнгенде өтірік айтуға да мәжбүр болады. Кейбір жанұяларда баланы пұшық, қортық деп атау кездесіп тұрады. Міне, мұндай сөздер баланың көңілін көтермейді, керісінше, налу сезімдерін тудырады. Бала тәрбиесіне мұндай ұқыпсыздықпен қараушылық оның кесір, қыңыр, жасық мінезді болып өсуіне себепші болады.

Жас балаларда достық сезімінің күштілігінен өз жолдастарының  жарамсыз қылықтарын жасыру, жақсы  қылықтарын әсірелеп есіру күшті  болады. Мұндай жағдай балалардың ойын үстінде сырлас-мұңдас болып, бір-бірінің кемістігін ата-аналарына білдірмеуге тырысқанда байқалады. Ал ойын үстінде бір бірімен келіспей қалатын жағдайда олар әр уақытта шындықты айтып, кемістіктерін жасырмайды. Кейбір ата-аналар өз балаларының мінез ерекшеліктерін толық түсінбегендіктен, өз балам дұрыс болса болды деп, баласын жарамсыз қылықтары бар балалардан ажыратып ала бастайды. Бірақ бала ондай балалармен ойнауын, әрине, тоқтатпайды. Себебі, ойнау үшін оған серік керек. Негізінде баланың достық, ұжымшылдық сезімін арттыру үшін, оны бірге ойнаған жолдастарынан ажыратпай, қайта сол жолдас балаларын олардың әке-шешелерімен бірлесе отырып тәрбиелеу тиімді нәтиже береді. Баланың жолдастарындағы мінез кемістіктерін олардың ата-аналарымен бірлесе отырып талқылағанда, олардың ар-намысына тиместен, баланың ерекшеліктерін еске ала отырып, келешекте жөнделетіндігіне сенім білдіре отырып тәрбиелеу керек.

Балаларда өмірдегі барлық нәрселерге қызығушылық күшті болатындығы себепті олардың арман-мүддесі, қиялы әлдеқайда алысқа шырқайды. Содан барып балалардың ойы мен әркетінің арасында көптеген алшақтық білініп тұрады. Ондай жағдайда жас балардың творчестволық ойын дамыту үшін олар тарабынан қойылған сұрақтарға қысқа да анық, дәйекті жауаптар беріп, балаларды олардың ой арнасын керней шалқыған қиялы мен арман-мүддесі орындалуы мүмкін болатын салаға сілтеп отыру қажет. Кейбір ата-аналар балаларын жастайынан ерке етіп тәрбиелейді. Ерке бала бетін ешкім қайтармағандықтан, керексіз талаптардың бәрі екі айтылмай орындалғандықтан шолжаң да қыңыр болып өседі. Сонымен бірге сәл нәрсеге кеңілі қалғыш, ызақор, менмен, көпшілікке жанаспайтын болады. Ондай бала көңіліне үнамағанын істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Сол әрекетінде арзымайтын нәрселерді сылтау етіп, мұғалімдерді, ата-анасын алдай бастайтын болады.

Баланың мінез  ерекшеліктерінде Мұндай кемістіктерді болдырмау үшін жанұя тәрбиесінде оны тым еркелетпей, ұрып-соғып жазаламай ата-аналық мол мейіріммен, оның барлық қимыл әрекеттерін терең талдай отырып, жарамды қылықтарын айрықша атап көрсетуден жалықпау керек.

Әрбір ата-ана өз баласының  мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге басқа кісілердің балаларындағы жарамас қылықтарды сезе қалған жағдайда, оларға да өз басындай көңіл аударып, кемістіктерін жөндеуге жәрдем бергендері жөн. Бірақ кейбір кісілер өзінің жеке басының қамын ойлап, басқа балалардың тәртіпсіздігін көре тұрып байқамағансиды. Мысалы, Шымкент қаласындағы №47 орта мектептің 6-сынып оқушысы Бекжан, Әліби төменгі сынып оқушыларының түскі тамаққа алған теңгелерін алып қойып, қыдырып жүргені жайында сұрамағанда.

Информация о работе Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары