Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі: қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуы әр уақытта қоғам мүшелерінің білімділігіне, саналылығына байланысты. Біздің елімізде жарқын бейненің кейбір көріністері өмір тіршілігіміздің әрбір саласында байқалып жүргендігі баршағы аян. Дегенмен, жасөспірімдерді елімізге лайық тәрбиелей отырып, өміріміздің өскелең талаптарына сай келетін азамат етуіміз ең абзал да жауапты міндет.
Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

Содержание работы

І .Кіріспе...........................................................................................................3-4
ІІ .Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары.................................................................5-14
2.1.Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық
педагогиканың алатын орны…………………………………………………….......................................15-20
2.2. Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні………………………………………………………………….21-24
Қорытынды...........................................................................................................25-26

Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................27 -28
Қосымша........................................................................................................29-30

Файлы: 1 файл

МӘДЕНИ.doc

— 217.50 Кб (Скачать файл)

Оку жылы бойында мұғалім өз оқушыларының ата-анасына барып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда нелерге назар аудару керектігін, ата—анадан не сұрап, нендей кеңес беру керек екеніні ойласытып аплуы шарт. Әрбір үйдің өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескергеннің езінде мұғалім мыналарға назар аударуға тиіс:

    1. Жалпы   үйдің   атмосферасы.    Микроклиматы,    ата-ана 
      арасындағы олардың үйдегі басқа мүшелермен  қарым- 
      қатынастың қалай дамығандығы. Сондықтан да мұғалімнің 
      үйдегі ересек адамдар түгел болған кезде келгені дұрыс. 
      Әңгіме басталған бетте-ақ үйде өзара түсінушілік жайын, 
      бірін-бірі сыйлауын, өмірге деген ортақ көзқарастарын, 
      үлкендердің      кішілерге      қарым-қатынасын,      ондағы 
      балалардың орынын бірден байқауға болады.
    2. Үйдегі   жалпы   тәртіп:   оқушының   сабаққа   әзәрленетін 
      арнаулы бұрышы бар ма, баланың заттары, оқу құралдары, 
      кітаптары,    ойыншықтары    қандай    жағдайда.    Оқушы 
      бұрышының  дұрыс  ұйымдастырылуына  баланың   жұмыс 
      істеуіне     қолайлылығына,     стол     мен     орындықтың 
      лайықтылығына, жарықтың дұрыс түсуіне, үйде радио мен 
      теледидар, компьютер мен бейнетаспалардың бар жоғыны 
      назар аудару керек.
    3. Әңгіме үйдегі ересек адамдардың бәрінің де болғаны жөн; 
      олардың бала тәрбиесін қалай түсінетінін, баланы қандай 
      етіп өсіргісі келетінін, ықпал етудің қандай әдістерінің ең бастысы және ең тиімдісі деп санайтынын анықтаған дұрыс. Мұндайда үлкендердің бала ерекшеліктері туралы, оның мүдделері мен бейімділіктері туралы, күшті және әлсіз жақтары туралы тәрбиелеу үстінде өздерінің қандай қиыншылықтарға кездесіп жүргендіктері жайлы айтқаны пайдалы.

С.Көбеев «әр баланың мінезінің бір-біріне ұқсамайтын  сияқты, әр семьяның тәрбиесі де әркелкі. Үйде бетімен өскен бала ілуде бір ғана жаңа ортаға әрең үйреніп, зорға көндігеді. Ондай бала мектеп тәлім-тәрбиесіне көндігіп кеткенімен де «жүйріктің ұрыншақтағы қалса да, қырыншықтағы қалмаса» дегендей, эйтеуір бір шәлкем-шалыс мінез шығармай қоймайды. Баланың жас көзінен ер жеткенше қандай адаммен жолдас болып, қандай балармен ойнайтынын оның ата-анасы және мектеп бақылап жүруі керек. Ақырып зекіріп баланы қорқыту өте зиянды. Тәрбиенің негізгі мақсаты - баланы шыншылдыққа үйрету. Үй ішіндегі ересек адамдардың өздерінің сөз жүзніде емес, ісімен, мінез-құлқымен де үлгі-өнеге көрсетуі керек» - дейді.

Мұғалім бұл үй жөнінде өзінің алдын-ала байқағандарына сүйене отырып, ата-ананыц баланы мектепке әзірлеуі кезінде нелерге баса назар аударуы керек екендігі жөнінде байыпты тұрде ақыл кеңестерін айтады.

Мұғалім ата-ана баланы мектеппен қорқытатын теріс әдеттерден сақтандырады. Мәселен, оған былай деседі: «Немене тыныш тұрмайсың? Сыныпта да осылай тыныш тұрмасаң, сені сыныптан қуып шығады». Тіпті кейбір ата-аналар мұнан да асып түсіп жатады, сөйтіп баланың мұғалімнен қорқу, үрей сезімдерін тудырады. Соның салдарынан келіп бала сыныпта тектен-текке жылап, үйге қайтқысы келеді. Іс жүзінде ол ата-анасы үрейлендірген жазадан қорқып жылайды. Ата-ана баланың бойында мұғалімге деген сыйласымдылық сезімін егуге тиіс. Сабақ үстінде өзін қалай ұстау керек екені жайлы, түсіндіргендерін ынта қойып тыңдап алу, мұғалімнің талап еткендерінің бәрін де орындау туралы айтуы керек.

Бірінші сынып  оқушыларының жанұяларында баланың мектеп өмірінде араласып кетуіне қалай көмектесу керек екендігі жайлы егжей-тегжейлі айтып беру қажет. Оқуды жақсы оқуы үшін баланы шыдамдылыққа және ілтипатты болуға тәрбиелеу керек екенін әңгімелейді. Мүнсыз оқушының сыныпта жұмыс істеуі, сабақ үстінде 30-40 минут бойына мұғалімді тыңдап, соның талаптарымен тапсырмаларын орындауы мүмкін емес.

Мұғалім ата-ананың балаға бақылау жапсауына кеңес береді:- тамақ ішкенде, сурет салып, ағаш ойып, балшықтан бейнелер жасағанда стол жанында тыныш отыра ала ма, қолға алған ісін аяғына дейін жеткізе ала ма, үйді қалай бастаған екен, оны түгел аяқтай ма жоқ әлде кубиктерді тастай беріп, машинаға бас салып, одан көзіне кітап түсе қалса, соны ақтара бастай ма т.с.с. Егер бала орнықты болмаса мұғалім оның ата-анасына нақты кеңестер ұсынады. Ол балаларға шағын тапсырмала беруге, оларды орындалуын тұрақты тұрде бақылап отыруға ақыл береді. Басында балаға қиын болса, оның өзінде де білдірместен бастаған істі аяғына дейін жеткізуіне көмектесу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Балаларды тәрбиелеу - өте күрделі, нәзік те жауапты іс. Баланың қалай болып өсетіні: ары бар және адал қызметкер, жақсы адам болып шығуы коп ретте мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты.

Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу ісіне бастауыш сынып мұғалімдері түгел қатысса, жұмыс жемісті болады. Сыныптағы бұл жұмысты бір ғана мұғалім жүргізсе, тұрақты да тиімді нәтижелерге қол жетпейді.

Оқушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қою мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу жұійысының басты шарты болып табылады. «Тәрбиешілері бір үжымға бірікпеген жерде, бұл үжым бірыңғай жұмыс жоспарына, бірыңғай екпінге, балаға деген бірыңғай дәл талапқа ие болмаған жерде ешқандай да иәрбие процесі болмақ емес» - деп жазған болатын А.С.Макаренко.

Мінез-құлық мәдениетін белгілі бір жүйе бойынша жүргізілсе ғана тиімді болады. Бұл жүйелілік, балалардың бойында мінез-құлық, пайдалы әдет-дағды тәжірибесін жинақтауда, адамгершілік мағлүматтарды сіңіруді қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің мінез-кұлық, оның сырт бейнесі, басқа мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас стилі оқушы тәрбиелілігін қалыптастыруда шешуші маңызға ие. Мұғалімнің мінез-құлық оқушы Ү-Қсауға тырысарлық үлгі болуға тиіс. Балалармен қарым қатынастағы дөрекілік, ашушаңцық, мектепте ата-аналар әлі де естіп қалатын орынсыз ескертпелер, сөз жоқ, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді қиындадатады. Егер мектепте жалпыға бірдей достық қарым-қатынас, өзара ілтипат, жолдастық ынтымақ бірдей   достық  қарым-қатынас,   өзара   ілтипат, жолдастық ынтымақ пен қамқорлық қалыптасқан болса, сыпайылылық, сөйлеу мәдениеті, дәлдік, міндеттілік ережелері әлдеқайда тез жүзеге асады.

Балалардың мінез-құлқы  көп жағдайда ұжым мен жанұяның үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты. Ата-аналар балалардың тәртібіне қандай талаптар қойылып отырғанын, олардың бойында қандай мәнер тәрбиеленіп жүргенін, ең маңыздысы нелер екенін білуге және үйде, жанұяда сол бағытта жұмыс істеуге міндетті.

Жүргізілген жұмыстың тиімділігін  тұрақты тұрде тексеріп отыру аса маңызды. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі көрсеткіші балалардың жалпы және адамгершілік жағынан дамуы болып табылады. Мұғалім балардың мінез-құлқы қалай өзгеріп келе жатқанын, олардың мұғалімнің тұрақты бақылауынсыз қалай әрекет ететінін, дұрыс әдет-дағдыларының тұрақтылық дәрежесін, баланың сана-сезімі қай бағытта дамып жүргенін тұрақты тұрде бақылап отыруға тиіс. Балаларды зерттеу жұмыс жүйесіне қажетті өзгертулер енгізуге, оны жетілдіре беруге мүмкіндік береді. Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар т. б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. "...Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады" (Әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөль атқарып отырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Айтмамбетова Б., Тәрбиенің жалпы әдістері. А., 1991.
  2. Ахметов   Ж.Балаларды   мәдениеттілікке  тәрбиелеу   жолдары.А., 1994.
  3. Ахметова Г.  Педагогика-А., 2006.
  4. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.  Алматы,2004.
  5. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. - Алматы, 1997.
  6. Әбиев Ж. Жаңа адамда қалыптастыру. - Алматы, 1988.
  7. Әбиев Ж. Педагогика.Алматы,2004.
  8. ӘбіловаЗ. Этнопедагогика- А., 1997.
  9. Бабанский Ю. Педагогика. - Москва 1988.
  10. Бержанов Қ, Тәрбие мен оқытудың бірлігі. - Алматы, 1973.
  11. Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976.
  12. Богословский В. Жалпы психология - А., Мектеп, 1980.
  13. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. — Алматы, 1987.      
  14. Дүйсенбинова А.М  Адамгершілік   тәрбиесіне  айқын   бағыт ,1991ж/
  15. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. А,1977.
  16. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. Алматы, 1983.
  17. Керімов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. - Алматы, 1990.
  18. Қозғанбаева М. Оқыту процесінің мәні.Алматы, 1991
  19. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. А.,2002.
  20. Құрманалина Ш. Педагогика.Астана.2007
  21. Лемберг Р. Оқыту әдістері. Алматы, 1958.
  22. Лернер   И.   Дидактические   основы   методов   обучения.   Москва, Педагогика,1981.
  23. Макаренко А. Ұстаздық дастан. Алматы, 1985.
  24. Методика правового воспитания. - Москва, 1984.
  25. Мурзалин С. Рухани байлық. Алматы, Казақстан, 1988.
  26. Нұрғалиева Г. Оқыту әдістері. Алматы, 1991.
  27. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы, Білім, 1994.
  28. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 1975.
  29. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. Алматы, Мектеп, 1978.
  30. Педагогика. Дәріс курсы-А.,2003
  31. Сабыров   Т.Болашақ   мұғалімдердің   дидактикалық   дайындығын жетілдіру.    Алматы, 1999.
  32. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986.
  33. Алматы, 1991.
  34. Хайруллин Г.  Педагогика-Алматы,2005.
  35. Хмель Н. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс-А.,2002.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

Сабақ еткізуге керекті  әдістемелік кеңестер:

Бұл тақырыпта өткізілетін сабақты төмендегі бірнеше негізгі сұрақтардың төңірегіндегі құруға болады: үлкендер мен құрбыластарға деген сыпайылық; жалпыга бірдей міндетті ережелерді орындау; өз ауласындағы, көшесіндегі, тағы басқа да тәртіпке, тазалық пен әдемілікке деген қамқорлық.

Алғашқы екі сұрақты  оқушыларға жақсы таныс әр тұрлі  оқиғаларды инсценировкалау арқылы қайталау қызықты. Осы мақсатта қуыршақтарды (қуыршақ театрын) пайдалануға болады. Бұлай жасау аса күрделі болмаса, көріністерді оқушылардың өздері-ақ қоя алады. Оларға, мәселен, төмендегідей инсценировкалар ойлап табуды тапсыруға да болады.

"Көшеде", инсценировка

Сыныпқа бірнеше  оқушы кіреді. Олар ары-бері жүріп  жатқан адамдарды бейнелеп, сынып ішінде қыдырып жүреді. Есіктен Арман кіреді. Ол жолдасымен қуана кездеседі.

Арман: Миша, амансың ба?

Қанат: Сәлемет пе?

Арман: Бүгін үйірмеде сабақ бола ма екен, білмейсің бе? Маған Нұрлан болады деп еді, Талғат болмайды дейді.

"Ары-бері жүріп  жатқан адамдар әңгімелесіп тұрған балалардың жанынан айналып, «тротуардан» шығып, бормен сызылып бөлектеліп қойған «үлкен жолмен» өтуге мәжбүр болады. Екі дос оларға бөгет жасап тұр.

Қанат: Қане, Арман, жолдан былай тұрайық. Біз жолды бөгеп тұрмыз. «Тротуардан» шығып, әңгімелерін жалғастыра береді. «Ары-бері жүріп жатқан адамдар» енді «тротуармен» еркін жүреді. Класқа өзара дос, төрт қыз кіреді. Олар қатар түзеп, көңілді әңгімелесіп, қатты күліп келеді. «Тротуар» тағы да бос емес, «ары-бері жүріп жатқан адамдардың» тағыда қыздарды айналып өтуіне тура келеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен әлгі көріністі талдайды. Мұғалім былай деп қорытынды жасайды:

Мына ереже  естеріңде болсын: «жолдастарыңмен  бірге келе жатыр екенсің, тротуарды түгел алмаңдар; жолдасыңмен кездесіп, әңгімелесу үшін тоқтаған екенсің, жолдан шығып тұр. Бір-біріңмен сөйлескенде, сыпайы бол, Арман, Қанат, Талғат деп атын атаңдар.

Оқушыларға  көшедегі тәртіптің басқа да ережелерін нақты көрсету үшін және бір инсценировка әзірлеуге болады.

«Айтыңызшы, қалай жүру керек», инсценировка

Класқа бір  топ бала келіп енеді. Олар «көшеде» доп ойнап, жіптен секіре бастайды. Зульфия кіреді.

М ұ ғ а л і м: Зульфия өзіне керекті адресті табу үшін қалай қарай жүру керек екенін білмейді. Ол бір оқушыдан, онан соң келесісінен сұрайды.

Зульфия (доп ойнап жсүрген балага қарап). «Рақым етіңіз, Бостандық көшесіне қалай баруға болатынын айтыңызшы».

Орынкүль (бұрылып қарамастан). «Білмеймін», Уалихан қолын белгісіз бір жаққа қарай сілтей салды. Зульфия аз-кем тұрған соң жіптен секіріп жүрген балаларға келеді.

- Рақым етіңіздер,  Бостандық көшесіне қалай баруға болатынын айтыңыздаршы?

Балалар бірлесіп: Солға! Көпірден өткен соң оңға бұрыл! Жоқ, олай емес! Көпірмен   өтудің   керегі   жоқ!   Трамвай   аялдамасының жанында! Зульфия ренжіп, ештеңеге түсінбей кете береді. Балалардың бәрі де өз ойындарымен айналысады, біраздан соң кластан шығып кетеді.

Осыдан кейін  инценировканы талдау басталады.

Мұғалім былай  дейді:

Біздің әрқайсымыз сыпайы қойылған сұрағымызға басқалардың қалай болса солай, немқұрайдылықпен, түсініксіз жауапберуі реніш тудыратынын өз тәжірибемізден білеміз.

Телефон

Қыз бала «телефон-автоматпен»  сөйлесіп тұр. Жақын жерде үлкен  сағат ілулі тұр. Оның тілдері  қанша уақыт өткенін көрсетіп тұр. Телефонға кезек күткен адамдар ұзыннан-ұзақ тұра бастайды. Ал қыз бала болса сөйлесе береді, сөйлесе береді. Кезектегі адамдар ренішпенен тарай бастайды.

М ұ ғ а л і  м. Балалар сендерге жекелеген оқушылардың  өздерін көшеде өзін-өзі қалай  ұстау керек екенін қайсыларыңның  жақсы білетініңді қазір байқап көрелік. Бұл үшін шағын ойын кіземіз.

Көшедегі тәртіптің белгілі бір ережесін айтқан балаға қызыл дөңгелекше береміз. Осындай дөңгелекшілерді көп алған бала жеңіп шыққан болып табылады, өйткені ол көше тәртібін басқалардан гөрі жақсы біледі. Бір ережені қайталап айта беруге болмайды, әрине.

Оқушылар кезекпе-кезек қолдарын көтеріп, өздеріне таныс ережелерді айта бастайды. Мұғалімге көмекші балалар оқушы айтқан ереже жазылған плакатты іліп отырады (ол плакаттарды шефтердің көмегімен оқушылардың өздері алдынала жасайды).

 

 


Информация о работе Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары