Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 15:34, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
КІРІСПЕ. Қазіргі педагогика мен психологиядағы шығармашылық және шығармашылық қабілеттер..........................................................5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері..............6
Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар........7
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.......................................................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................22
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мамандық: 0101013- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілік: «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
І. Кіріспе
1. Қазіргі педагогика мен психологиядағы шығармашылық және шығармашылық қабілеттер
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері
2.Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту жолдары
ІІІ. Қорытынды
КІРІСПЕ. Қазіргі педагогика мен психологиядағы
шығармашылық және шығармашылық қабілеттер....................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Шығармашылық және шығармашылық
қабілет түсініктері...........
Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар........7
Мектеп жасына
дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту жолдары.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Жұмыстың өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Зерттеу болжамдары: Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде балабақшадағы дарынды баланың интеллектуалдық ой- өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер балабақшадан бастап дарынды қабілетті бүлдіршіндермен жекеленген шығармашылық жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі қабілетті балалардың жан- жақты ашылуына септігін тигізеді деген ойдамыз.
Зерттеудің мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту жолдарын, заңдылықтарын және барысын зерттеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетінің даму барысын бақылап, тәжірибе барысымен байланыстыра отырып зерттеу.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Зерттеу міндеттері:
1. Балалар бойындағы шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдарын қарастыру, теориялық талдау жасау.
2. Балалар бойындағы дарындылық қабілетін анықтау әрекетінің маңызын ашып, жолдарын белгілеп, құралдарын таңдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі әдіс- тәсілдерін (бумеранг, стрело, ныталандыру және әсерлендіру, оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдіс) қолдануды ұсындым. Выготский, М.Потаншиктің ұсынған ой- пікірлерін негізге ала отырып, жұмыстар жүргізуді көздедім
Курстық зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласы, Түрксіб аудандық
№169 «Мерей» бөбекжай- балабақшасы
Курстық жұмыс 25 беттен, 20 оқулықтар тізімінен тұрады.
Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл – ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық , яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін балаға тәрбиешінің берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; баланың кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге , қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу –жасқаншақ немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі жалқаулыққа жеңдіреді. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен. «Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатаринтеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай бастайды. 2 – 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысындаөзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: «Сен ненің суретін салдың? деп баланы ойға салу керек. Осы іс – әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін. Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (Бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.
І. Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі сақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Ерекше жаратылыс
иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті
мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті
әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне
жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың,
адам табиғатының тағы бір құпия сыры.
Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне
сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны
дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін
тектен-текке құртып (бізге сырттай солай
көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары
да аз емес.
Қабілеттің дамып, қалыптасу үрдісі әртүрлі
деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы
деңгейін репродуктивтік, екінші
деңгейін шығармашылық деп атайды.
Мұндағы репродуктивтік деңгей
– жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей
білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің
танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы
қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы
деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті
қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік
көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа
бір заттар мен туындыларды жасай алатын
мүмкіндігін байқатады.
ІІ. Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар
Шығармашылықтың қандай түрі де еңбекпен
дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін
тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағышығармашылық
қабілеті ешқандай мән-маңызға ие бола
алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті
ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат,
ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының
сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты.
Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса,
тіпті талантты болса да өз қабілетінен
айырылып қалады. Адам баласы күнделікті
тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ
ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей,
қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын
болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын
тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы
қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып
отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген
ақиқат.
Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін
түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады.
Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.
Қабілеттілікті
жіктеу:
Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілеттілік.
Шығармашылық қабілеттің дамуындағы нышандар. Қандай бір қабіле ттің нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі», - деп тұжырым жасайды. Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс. Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады.
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
ІІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Жаңа «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
«Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.
Информация о работе Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыр