Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 15:34, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.

Содержание работы

КІРІСПЕ. Қазіргі педагогика мен психологиядағы шығармашылық және шығармашылық қабілеттер..........................................................5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері..............6

Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар........7

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.......................................................................................9

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................22

Файлы: 1 файл

Курстык жумыс Надира 531))))))).doc

— 267.50 Кб (Скачать файл)

    Балабақшада   әрбір сабақ ойыннан басталады.  Ойын тәрбиенің негізі, ойын арқылы балалардың ақыл- ой, адамгершілік тәрбиесі жүзеге асады.

     Халқымыз  бала психологиясының қалыптасуында  ойын әрекеті де елеулі роль  атқаратындығы жақсы аңғарған.

      Ойын баланың іс- әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойында балалардың ортамен қарым- қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез- құлқы қалыптаса түседі.

     Ойын үстінде  бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа,  іскерлікке, адамгершілікке баулынады.  Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Бала табиғатынан қимыл- қозғалысқа  құмар, осыған негізделген ойын- балалық шақтың басты белгісі.

      Мысалы: «Ойнай білмеген ойлай да білмейді»- деген мақал- мәтелден- ақ баланың ойынға аса құмар келетіндігі, ойын арқылы баланың ойынға аса құмар келетіндігі, ойын арқылы баланың сана- сезімі, кәсіп таңдауы, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігін аңғаруға болады.

       Ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп,жаңа тақырыпты өткенде, өткен материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде сабақтың мазмұнына сай пайдалануына болады. Әрине бұлар топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарлама аясындағы жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар топтағы қабілетті балаларды анықтау, олардың қабілетін одан әрі дамыту жұмыстарында да баса назар аударып отырамыз. Тәжірибе жүзінде алдымен «қабілетті балаларды анықтау және олардың қабілетін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс» жоспарын құрапы аламын.

  1. Топтағы қабілетті балаларды анықтау.
  2. Қабілетті балаларға арналған тапсырмалар дайындау.
  3. Сабақ үстінде қабілетті балаларға арнайы жаттығулар беріп отыру.
  4. Қабілетті балаларды халық ауыз әдебиеті үлгілерін үйретуге тәрбиелеу.
  5. Қабілетті балалардың арасында сайыс өткізу.
  6. Қабілетті балалардың қолымен жасалған бұйымдардан көрме құрастыру.
  7. Қабілетті балалармен жүргізілген жұмыс жайында педагогикалық ұжым, ата- аналар алдында есеп беру.
  8. Мектепке алынған қабілетті балалардың одан әрі даму динамикасын мектеп мұғаліммен байланысу арқылы бақылап отыру.

 Бала ойынды ойнау  үстінде өз денесінің кеңістіктегі  алатын орнын анықтап, көз қимылы  мен дене қимылын үйлестіру,ойша  байланыс орнату арқылы логикалық  яғни шығармашылық қабілеттерін  жетілдіреді. 

       Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек ар- ұяты мол үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талй ғасырлар  бойы жасап, әріден келе жатқан әдет- ғұрпына, салт- дәстүріне арқа сүйейді.

       Кейінгі кезде оқу іс- әрекеттерінде қазақтың ұлттық «Бес тас», «Асық ату», «Санамақ» т.б  ойындарын тиімді пайдалану ұсынылады. Ойын арқылы өтілетін оқу іс- әрекеттерінде балалар, өзіміздің ұлттық ойындарды білумен қатар, ойын арқылы санауға, түр- түсті, алыс- жақынды, көп- азды ажырата білуге үйренеді.

     Қазақ халқының халық ауыз әдебиет үлгілерін бұрынғы бабалардың көрген- білген, көңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен өткізген ақыл- ойдың жиынтығын, балалар бойына жеткізу арқылы олардың ой- өрісін дамытуға болады.

      Халқымыздың ауыз әдебиетін, ертегілер мен аңыздарды балалар сүйіп, қызығып тыңдайды. Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар ата- аналарының айтуы, оқып беруі бойынша от басында әуелден ақ таныса бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, бәрі де балаларды қызықтырып, оларды мәз- мейрам қуанышқа кенелтеді. Ежелгі қазақ  әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұралары Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өлең, әңгімелері бүгінге бала тәрбиелеу мен оқытуға, ғылым жолын танытып, өнер- білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтің,Б.Майлиннің, С.Мұқановтың, С.Бегалиннің сондай-ақ көптеген бүгінгі жас жазушыларымыздың балалар сүйсініп оқырлық, қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре оқып термелеп жинап қажетінше тиімді пайдаланып жүрсе өз жұмысына өте- мөте демеуші дәнекер мол әдістеме табары сөзсіз.

        Мәселен «Бір қазан сүт» деген өлеңді былайша әңгімелеумізге болады. «Бір күні ақ әже бір қазан сүт пісіріп суытуға үйдің іргесіне қояды. Енді бір уақыттар қазанда сүт те, тіпті қаспағы да қалмапты» деп өлеңді әңгімемен бастауға болады. Ары қарай не болар екен?- деген оймен ауыздарын ашып отырған бөбектер: «Апай,- сонда сүт төгіліп қалды ма?- әлде біреу ішіп қойдыма?- дегендей тамаша сұрақтарды кезек- кезек қойып, одан бетер ынтыға  түседі.

       Тәрбиеші асықпай «төгілген де жоқ, ешкім де ішкен жоқ!» деп балаларға тағы біраз қарайды. Енді осы кезде: «- Төгілмесе, ешкім ішпесе, бір қазан сүт қайда кеткен?»- деген таңқаларлық сұрақтар да түседі. Сол кезде тәрбиеші «былай болыпты» деп,

Көбелек келіп күмп етіп,

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етіп,

Жарымын ішіп ол кетті,

Қарға келіп қарқ етіп,

Қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етіп,

Сарқып ішіп ол кетті.

Қырғауыл келіп қиқу сап.

Сарқып ішіп ол кетті.

Қазан түбін қаспағын

Қырналап жеп ол кетті,- деп термелей жөнелді. Балалар осы  өлеңнен кейін бірталай құстардың  аттарын біліп және дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді және қанша құс сүт ішіп кеткенін анықтай отырып математикалық ұғымдары қалыптасады, сөздік қоры толыға түседі.

         Балалар осы өлеңнен кейін бірталай құстардың аттарын біліп және дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді және қанша құс сүт ішіп кеткенін анықтай отырып математикалық ұғымдары қалыптасады сөздік қоры  толыға түседі.

    Көңіл көтеретін  ойындар арифметикалық доминолар  , лотолар, арқылы балалардың ақыл- ой белсенділігін арттыру, бастаған  ойынның қорытындысын алдын- ала болжай білу балалар білімін қалыптастырып, олардың жан- жақты дамуын одан әрі толықтыра түседі.

  



 

 


 

 


 

 



 


 

 

 

 

     2-Сызба

 

      Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың  қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген.

    Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептері іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау және эксперимент.

Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай  түсу мақсатымен жылдың басында және аяғында театрландырылған жұмыстар арқылы «Құпия» сынақ (эксперименталдық) ойындар өткізіп отыруы.  Бұл ойындардың өн бойында музыканың тигізер әсері мол. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайтын, ал ұялшақ, ұяң балаларға жәй ролдер беріледі. Бұдан кейін өздерін тиісті ролдерде ойнай алатын қабілетті балаларды театрландырылған жұмысқа кіргізіп отыру. Осындай 5-6 баламен жекелей  жұмыс жүргізу. Оларға қуыршақты қалай  ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету. Театрландырылған ойындардың мазмұнына ерекше мән беру. Бұл- негізінен адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік, батылдық, адалдық,  әділдік, шыншылдық қасиеттерді уағыздаудан тұрады.  Әдетте балалардың  өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым ролдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылады. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйрету. Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып,  әрбір топта театр бұрыштары жасалады. Бибабо саусақтары, үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.

      Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтіреді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынады. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балапандап жүретінін көрсету. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналады.  Мысалы: қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізіледі. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолданамыз:

  1. Қимылды көрсету.
  2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.

       Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектепке дейінгі мекеме ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Балалардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың  негізгі шарттары мыналар:

  • Педагогтың нақты тапсырмалар беруі;
  • Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
  • педагогтың басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.

     Балалардың өзіндік жұмысы – педагогтың қажетті нұсқаулары бойынша баланың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында балалар дан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде балалар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімендеген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты балалардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығынжетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Педагог оқу іс-әрекетіндеәдіс - тісілдердіпайдаланаотырып, балалардыңұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір оқу іс-әрекетінде балалардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап, балалардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір педагогтың міндеті.  
     Балалармен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:

  • Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
  • Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
  • Игерілген нәтижелерді бақылау.

   Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды.Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді.  “Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек. 
       Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін, бала дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін педагог ғана дарынды баламен нәтижелі жұмыс істей алады. 
Дарынды баламен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін баланың дарындылығын анықтап,дамыту үшін әр пән педагогі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.

  1. Дарынды баланың ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
  2. Жан-жақты ақпараттандыру;
  3. Коммуникативті бейімдеу;
  4. Дарынды баланыңшығармашылық  бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзіжарнамалауына көмеккөрсету.

   Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда педагог мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ.

  1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
  2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
  3. Дарынды баланың өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
  4. Дарынды баланың қызығушылығына байланысты жұмыс жоспарын құру;

Информация о работе Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыр