Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Дегенмен, бастауышта оқушыларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендердің жоқтығы арасында қайшылық айқын көрінеді. Бұл біздің тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді.
Сондықтан біз осы тақырыпты жан-жақты зерттеуді көздеп, алдымызға мынандай мақсат қойдық:
2-сыныпта ана тілін оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдарының педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері.................................................................................................5
І.1. Педагогика ғылымында «Эстетикалық тәрбие» ұғымының анықталуы...5
І.2. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары......................................................................................................................10
ІІ-тарау. 2-сыныпта «Ана тілін» оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдары..............................................17
ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны........................................17
ІІ.2. 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі..........................................................................................27
Қорытынды.................................................................................................................33
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................34

Файлы: 1 файл

эстетикалы0 тарбие.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

Көркемөнердің ғылымнан айырмасы – ғылым заттар өзін зерттесе, көркемөнер сол затқа адамның қатынасын қалыптастырады. Ал адамзат қатынастарының бай тәжірибесін күштеп меңгеруге болмайды. Меңгеруші адамның қабылдап отырған сезім мен қатынасты өзінің өмір тәжірибесімен тектестіріп, күйініп – сүйінуі арқылы өз бойынан, өз жан дүниесі елегінен өткізу арқылы, көңіл-күйінің толғаныс-толқындары аясында ықтиярлы тап білмек, сөйтіп өз игілігіне, өз қазынасы айналдырмақ.

Білім мен сезім тұтастығы (синтезі) - әдебиет сабағында оқушының табиғатқа ізгілік қатынас тәжірибесін қалыптастырудың методологиялық арнасы бола алады.

Өнер арқылы ғана сезім  мен білім бірлігі болып табылатын  қатынас ұрпақтан ұрпаққа жетіп  отырады, өнер арқылы ғана адамнан адамға беріліп отырады. Ол – тек өнерге ғана тән бірлік. “Өнер дегеніміз – сезім техникасы”- деп, П.Л.Выготскийдің өте ұтымды айтқанындай, өнер адам сезімдерін зерделейді, қалыптастырады, сау әрі таза болуын қамтамасыз етеді.

Бірақ бұл қызметін тек  табиғатқа, дүниеге жан бітіру арқылы ғана, адам мен сол жанды табиғаттың тұтастық қатынасы арқылы ғана жүзеге асыра алады. Көркемөнердегі табиғат – кәдімгі табиғаттан да, ғылымдағы табиғаттан да, өзіндік ерекшелігімен бөлек дүние. Кәдімгі табиғаттан айырмасы – көркемөнердегі табиғат автордың көзқарасы бойынша мейлінше әсемделген, түрлендірілген, белгілі бір мақсатта сұрыпталған. Ал, ғылымдағы табиғат – кәдімгі табиғаттың сол қалпындағы күйі болса, көркемөнердегі табиғат, яғни сезім мен қатынас тудыратын табиғат.

Ғылым сендіріп, дәлелдеп, ақиқатты өз болмысында танытып оқытса, көркемөнер сүйіндіре, не күйіндіре ақиқаттың ішкі рухын жұқтырып, адамның тек санасын ғана емес, бүкіл жан дүниесін баурап оқытады.

Әрине, көркемөнерде де дәл және нақты  білім мен іскерлік қажет. Алайда өнер тарихы, оның сырлары туралы білім, ақпарат қалыптасатын іскерліктер өнердің негізгі оқыту әдіс – тәсілін алмастыруға тиіс емес. Егер ол ұзақ уақыт және ұдайы алмастыратын болса, онда баланың көркемөнерді, әдебиетті қабылдау қабілеті дами алмайды.

Өйткені шығарма әлеміне ену  – көркемөнерді қабылдаудың негізгі заңы. Ол көркемөнерді танып білу, сезініп түсіну әдістерін айқындайды. Оқушылардың дүние, адам, шығарма – нені болса да тұтастықта қабылдауға бейім келуі – оларды шығарма әлеміне тарта оқытуға психологиялық негіз бола алады.

Оқушы осылай шығарма әлеміне ену барысында бастан кешкен сезімдері, білімдері, іскерліктері шығармашылық жұмысына жалғасып, көркемөнердің туу процесін сезінуге, оны көркем эстетикалық тұтас қабылдауына мүмкіндік қабілеттерін арттыра түседі. Оқушы білімі, іскерлігі, шығармашылық ізденіс әрекеттері әдебиет сабағының түпкі мақсатына қызмет етеді: баланың дүниеге, табиғатқа, адамға қатынас мәдениетін қалыптастырды.

Көркемөнерді оқумен үндес бұл  заңдылық туралы Б.Неменский былай  деп тұжырымдайды: “жалпы білім  беретін мектепке білім, іскерлік және шығармашылық – түпкі мақсат емес, ол – көркемөнердің сырын меңгеруге, сол арқылы оны қабылдауға жеткізетін құрал. Білім, іскерлік, шығармашылық әдебиет әлеміне баланы апаратын ситуацияның элементтері болуға тиіс, сол арқылы оның адамзаттың адамгершілік-эстетикалық тәжірибесін игеру қабілеті ашыла түседі”.

Табиғатқа жан беріп, оны қабылдаушы адаммен біртұтас субъекті деңгейіндегі қатынасқа келтіріп, шығарма әлеміне  тарта отырып, жан дүниесіне сіңіру арқылы адамның рухани игілігіне айналдыру суреткердің мұраты болса, оны Б.Д.Ковалевскийдің өзінің музыканы мектепте оқыту туралы еңбегінің эпиграфы етіп алған В.А.Сухомлинский сөзімен айтуға болады. “Мектептегі музыкалық тәрбие шын мәнінде музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу”. Шығарма әлеміне тарта оқытудағы мақсат – шығарманың оқиғалық арқауын ғана біліп алу емес, көркем әдебиеттің мәнін түсіну.

Табиғатқа ізгілік қатынасты қалыптастыратын  әдеби мұраларды бейнелі қабылдауға логикалық ойлау мен көркемдік  сезіну бірін-бірі толықтыра түседі. Әдеби материалдың заттық болмысы, логикалық түсінігі қаншама айқын болғанымен, нақты, көрнекті болғанымен, біз ондағы табиғаттың мән-жайын әлі жете танып біле алмайсыз. Бұл турасында С.Л.Рубинштейннің пікірін негізге алсақ, заттардың, құбылыстардың қашан да, белгілі бір мазмұн-мағынасының шеңберіне сыймайтын құны болады. “Осы әр нәрсенің нақты мазмұнынан тысқары құн дегенімізге адамның көзқарасы, қарым-қатынасы, өз алдына бағалық сапаға ие көркемдік таным, көркемдік талғам кіреді. Осынау толық құрам ескерілмеген жағдайда адамның жалпы рухани қазынасының бөлінбес компоненті эстетикалық құндылық қамтылмайды, шығарманы эстетикалық қабылдау жүзеге аспайды.

I-тарауды қорытсақ, М.Жұмабаевтың  пікірінше, әр адамның сұлулық  сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ляззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды.

Тәрбиешінің міндеті балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады.

1) Балаға жаратылыс сұлулығынан  ляззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың  неше түрінің бәрі бар. Бала  бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін.               

Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың абайын аудара білу керек.

2) Баланың маңайындағы нәрсенің  бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп  ұғу қата. Тегінде қымбаттың бәрі  сұлу деп ұғу қата ғой. Баланың маңайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тәртіпті болсын. Ойдың іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы, бәрі таза ұсталуға тиісті.

Баланың маңайындағы жүрген адамдар  ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былықтыққа үйренген бала былық болады.

Ас жеп отырып әжесі жалаңаш  қолмен мұрнын сіңбіріп, яки баланың  нәжісін ұстап, қолын жөндеп шаймастан, яғни асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс көруі надандықтың әбден асқандығы ғой.

Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық  сөздерді естіп өскен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау, бала-шағаның алдында былық, былапыт сөздерді сапырып сөйлегеніңді қой. Қайдағы құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлыңда қандай әдеп болады, қызыңда қандай қылық болады?!

Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар. Аяғы қисық, жауыры құшық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс. Кейбір “мырзалар” сұлу боламыз деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдайма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады?! Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру жоламайды.

3) Баланы сұлу искусствомен терең  таныстыру керек. Бала неше  түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді.

II-тарау. 2-сыныпта “Ана тілін” оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдары

II.1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны

Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында білім берудің басты міндеттерінің бірі оқушының “айналадағы дүниемен дара – тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларын меңгеруін” қамтамасыз ету екендігі атап көрсетілген.

Бұл бастауыштағы ана тілі пәніне де қатысты міндет. Өйткені дәл осы құжатта атап көрсетілгендей. “Ана тілі – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі, қарым-қатынас жасау мен дүние танудың құрамы, баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы … Оқушының адамгершілік және әсемдік эстетикалық сезімдерін қалыптастыру құралы”.

Әдебиет сабағында оқушылардың  қиялын дамытуға үлкен мүмкіндік  бар. Егер біз әдебиетті көркем өнермен, музыкамен, табиғаттың тікелей өзімен интеграциялау арқылы бере білсек, бала олардың оқиғасына, кейіпкерлердің тағдырына ортақтасады, көркемдігін терең сезініп, жүрек тебірентер әсерін бойынан өткізіп отырады, ал бұның өзі – бала қиялының шарықтауына негіз болмақ. Осы жөнінде М.Жұмабаевтың пікірімен де келісеміз. “Жаныңдағы ойды, әсерді жарыққа шығаруға ынтаны бала не жаратылыстан алады, не маңайдағы адамдардың тұрмысынан алады, не өнерден алады. Әр бала бір жерге қамалмай, еркін жаратылыстың құшағында болсын. Экскурсияға бір жоспар бойынша барып, белгілі бір заттарды, көріністерді бақылау керек. Мысалы, көктің түсін, бұлттардың түрін, құмырсқаның ұясын, құстардың ұшуын, жапырақ, көлдердің түр-түстерін бақылау сықылды. Мұндай бақылау уақыттарында алған әсерлерін сөзбен жарыққа шығаруға ұмтылуы, һәм баланың аузына дәл, терең, сұлу сөздердің түсуі анық нәрсе дей келіп ғалым-жазушы ойын әрі қарай жалғастырады.

“Өнер. Бала өнерден көп әсер алсын. Күй, ән тыңдасын, сұлу картиналарды көрсін, театр сахнасымен таныс болсын, кестелі әдебиет түрлерін тыңдасын. Осылай әсер алып, дағдыланған соң мұғалім бос әңгімемен емес, қарапайым, жұмсақ әңгімемен балалардың алған әсерлерін анық ұқтыруға тиіс. Сонда бала жалаңаш әсерлерін киіндіру үшін сұлу сөзді өзі-ақ іздейді, - деп М.Жұмабаев қиял процесін дұрыс қолдану арқылы табиғат пен көркем сөз байланысын, тұтастығын, олардың туу жағдайын ашып берді.

Атақты педагог В.А.Сухомлинский оқу процесі мен тәрбие процесінің бірлігін сақтай отырып, көркем шығарманың, ауыз әдебиеті үлгілерінің, халықтың педагогика өнегесінің оқушыларды өздерін қоршаған ортамен, табиғатпен етене тұтастыратынын айта келіп, оны этико-психологиялық негіз деп көрсетеді.

“Сенім мен  қайырымдылықтың қайнар көзі бізді  қоршаған ортаның сұлулығында”, - дейді ол. Құстардың қалай әндетіп, бұлақтардың қалай сылдырлайтынын естімей өскен, көк шөптің жер қыртысынан қалай жарып шығып келе жатқанын көрмеген, гүлдердің әсем бояуын тамашаламаған, батып бара жатқан күннің шапағының қарағайлы орманды алтындай түске бояғанын көрмей өскен ұрпақтың қиял сезімі тас қараңғы, соқыр, өлі жандарға ұқсас болып келеді. Мұндай сезімі селт етпес ұрпақтан қиялы қарыштаған ғалым да, сөзі сел боп аққан ақын да шықпайды.”Өйткені шығармашылық сезімді оятатын таңырқау мен қызығудың, сүйсінудің, ләззатқа бөленудің, ой-қиялдың анасы – табиғат.

Л.В.Занков өзінің дидактикалық жүйесінде психология ғылымында әсерленуге эмоцияға берілетін сипаттамаға сүйене отырып, ең тиімді әдістеме ретінде оқушының әсерленушілік – еріктік жан дүниесіне, рухани қажеттігіне қозғау салатын әдістемені жақтайтынын атап көрсетеді және өзінің дидактикалық жүйесін осындай әдістемемен құрдым деп есептейді.

Әсерлену – субъектінің көңіл күйін, объектіге деген қатынасын бейнелейді және рахаттану, жирену, шаттану, жабырқау, қуану, қайғыру т.б. сияқты адам жанындағы қарама-қарсылықты сапаны, яғни оң немесе жағымсыз өзгерістерді көрсетеді. Осымен байланысты – адамның психикалық әрекетінің және дүниеге қатынасының түріне қарай интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық әсерлену болып бөлінеді.

Көркем шығармалар көркем образдар, суреттер, сипаттаулар мен тілдің бейнелі құралдары арқылы сана мен сезімге, психикаға әсер етіп, адамда эстетикалық, адамгершілік әсерленуді тікелей туғызады.

“Әдебиеттің басты міндеті  оқушының сезіміне әсер ету, сол арқылы жақсы қылыққа, мінезге баулу, өмірдің сырын аңғарту. Әдебиет арқылы бала бойына жұғатын жақсылықтың бәрі осы жолмен келеді”, - дейді С.Қирабаев. Әдістемелік әдебиеттерді талдау барысында эстетикалық тәрбие туралы көп пікір айтқан адам Ы.Алтынсарин екенін байқадық. Оның бұл тақырыпта жазған еңбегі – “Хрестоматия” оқу құралы.

Хрестоматияға енгізілген қай шығарманы алмайық, адамгершіліктік, танымдық дидактикалық бағытты ұстайды. Барлығында да автор достыққа, шыншылдыққа, ұстамдылыққа, қызығушылыққа, адал еңбек  етуге, туған жерін, елін сүюге, табиғаттың ғажайып сұлу көріністерін сезіммен қабылдауға, ата-ананың ақыл-кеңесін тыңдай білуге шақырады. Оны “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімесінен Үсеннің қиналған кезде әкем айтушы еді:”далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады” – деп әркез әкесінің кезінде айтқан ақылын, ұлағатты сөздерін еске түсіруінен-ақ байқауға болады.

Сонымен бірге осы  әңгімедегі “…қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдің айналасы да, іші де жыңылдаған мал; жағасындағы  жібектей жапырылған көкорай қора-қора қой мен жылқы, жылқының бір парасы көл ішіне кіріп, белінен құраққа кіріп тұр, енді бір жақ жағасындағы сортаңда бір топ түйе жатыр” деген табиғаттың тамаша көріністерінің суреттемесі балаларды, оларға деген эстетикалық қатынасқа тәрбиелейді, қуаныш сезімі мен шабытын оятады.

Хрестоматияда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өміріне, іс-тәжірибесіне байланысты туындаған мақал-мәтелдерге де аса назар аударылған. Ондағы бейнеленген ізгі-ниетті, арман-тілекті, ақыл-кеңесті, өсиет, сенімді Ыбырай балалардың эстетикалық тәрбиесінде ұтымды пайдалана білді. Тіпті өзінің өлеңдерінде, ертегі, аңыз - әңгімелерінде, орыс достарына жазған хаттарында да мақал-мәтелдерге жүгініп отырды.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны