Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Дегенмен, бастауышта оқушыларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге көркем шығармаларды пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық кешендердің жоқтығы арасында қайшылық айқын көрінеді. Бұл біздің тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді.
Сондықтан біз осы тақырыпты жан-жақты зерттеуді көздеп, алдымызға мынандай мақсат қойдық:
2-сыныпта ана тілін оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдарының педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері.................................................................................................5
І.1. Педагогика ғылымында «Эстетикалық тәрбие» ұғымының анықталуы...5
І.2. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары......................................................................................................................10
ІІ-тарау. 2-сыныпта «Ана тілін» оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдары..............................................17
ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны........................................17
ІІ.2. 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі..........................................................................................27
Қорытынды.................................................................................................................33
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................34

Файлы: 1 файл

эстетикалы0 тарбие.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

…Біз надан боп  өсірдік

Иектегі сақалды.

“Өнер – жігіт көркі” деп,

Ескермедік мақалды… - деп айтылатын ойдың немесе әңгіменің  “тобықтай түйінін” сөз мәйегі мақалмен беруге болатынын түсіндірді. Тұжырымды, қысқа сөйлеу – мәдениеттіліктің, ақыл – парасаттылықтың, әдеміліктің  белгісі екенін ескертті.

Ы.Алтынсарин – қазақ музыкасын өте жоғары қастерлеген, өзі домбыра шерте білетін, қазақтың халық әндерін сүйіп айтатын адам болған. "Өнер көзі халықта” деп халықтың әнін, күйін, жырын, аңыз әңгімелерін белгілі адамдардан (Нұржан, Орынбай, Сейтахмет т.б.) тыңдап, олардың үлгілерін жазып алып отырған. Ыбырайдың “… үйім толы қонақ, Сейдалин екеуміз бір қазақ әншісінің әнін тыңдадық” – деуі жоғарыда айтылған пікірлерді дәлелдей түседі (3,259). Ол, әсіресе, жас буын жеткіншектерге халықтың әні, күйі арқылы музыкалық тәрбие беруге зор көңіл аударады. Музыка мен ән сабағыны мектеп бағдарламасына енгізудің өзінде оқушылардың бойында өз халқын, Отанын, табиғатты, ұлттық мәдениетін құрметтейтін сезімді оятумен ұштасқан ниет жатқаны күмансіз. Ы.Алтынсариннің мектептерінде ән сабағынан басқа, гимнастика, көркемөнерпаздар үйірмесі де оқу жоспарларынан тұрақты орын алды. Әр түрлі концерттер қою, хормен (бір дауысты) ән айту, халық әндері орын алды.

Балалар мен жастардың  әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. Оның өлеңдеріндегі туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер “Жаз”, “Күз”, “Жазғытұрым”, “Желсіз түнде жарық ай” т.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген. Абай қазақ ауылының көшіп қонған көрінісін “Жаз” деген өлеңінде былай деп шебер суреттейді:

Жазды күні шілде болғанда,

Көк орай, шалғын бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда:

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда.

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап.

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып ыңқылдап,

 

Суда тұрып шыбындап

Құйрығымен шылпылдап

Арасында құлын, тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары, төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса, сымпылдап.

Қыз, келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап,

Ақ білегін сыбанып,

Әзілдесіп сыңқылдап.

Өлеңдегі табиғаттың әсем, сұлу көрінісі, жан-жануарлар  қимылы, күн шұғыласы, адамдардың іс-әрекеттері бәрі де балалардың қиялына қанат  бітіреді, күнделікті өмір тіршілігінде істеліп жүрген әрекеттер болғандықтан көп мән беріле бермейтін көріністерге көңіл тоқтатып, оны эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге үйретеді.

Абай өлеңдерінің әрбір  жолынан балаларға үлгі-өнеге  аларлық насихат белгілері көп  табылады. Мәселен, жыл мезгілдері:”Қыс”, “Күз”, “Жазғытұрым” өлеңдерінде табиғаттың әсем көрінісін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері балалардың дүниетанымын кеңейте түседі. Абай табиғаттың қай көрінісінен болмасын әдемілікті, сұлулықты көре білуге шақырады. Табиғаттағы жан-жануарлардың өмір тіршілігіне зер салуға, құстардың әсем дауыстарын тыңдай, бір-бірінен айыра білуге, кең байтақ өлкенің, орман тоғайлар мен миуалы бақтардың, тау қойнауларының көріністерін қызықтай білуге үйретеді. Бұл өлеңдердің балалар үшін танымдық құндылығы осында.

Мысалға “Желсіз түнде жарық ай”

 

Желсіз түнде жарық  ай,                    Қалың ағаш жапырағы

Сәулесі суда дірілдеп.                      Сыбырласып өзді-өзі,

Ауылдың жаны терең сай,                Көрінбей жердің топырағы

Тасыған өзен гүрілдеп.                     Құлпырған жасыл жер жүзі.

 

Мұндағы табиғат көрінісі суреттемесінің нақтылығы, мәселен, Абайдың  түн мезгіліндегі көл бетіне түскен ай сәулесінің дірілдеп көрінуін, ағаш жапырағының өзінді-өзімен сыбырласуын  нақты суреттеледі.

Тағы бір пікірге  жүгінсек, әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаев:

“Көркем шығарманы эстетикалық  талғам тұрғысынан білгір талдау үшін тек әдебиеттану  ғылымы - әдебиет  теориясын білу жеткіліксіз. Ол үшін соған етене басқа ғылымдарды да білу шарт. Әдебиет өнер туындысы болғандықтан, эстетиканы, сол сияқты әдебиеттің өз тарихын, психологияны білу шарт” – дейді.

Білікті әдіскер ғалым  бұл тұжырымын тағы да нақтылай түседі: ”Әдебиетті оқыту, онан өрісті білім беру деген сөз – шәкіртті шығармаға аналитикалық, эстетикалық талдау жасай білуге үйрету деген сөз. Сонда ғана ол көркем туындыға тереңдей үңіліп, ондағы адамгершілік, эстетикалық проблемалардың байыбына бара алды”.

Көркем шығарманы эстетикалық  тұрғыдан танып, талдау үшін эстетика заңдарын оқушылырдың да біліп отыруының  маңызы үлкен.

Көркем шығарма дегеніміз ол адам баласының (автордың) өз қалауын, өзінің көзқарасы – қатынасын, өз ойын білдіруі десек, сол авторлық пафостың (қалау) әсемдікті, асқақтықты, ұсқынсыздықты, ұнамсыздықты, трагедиялықты, комедиялықты жеткізіп тұрған мазмұнға оның түрінің лайық болуы көркемдік болып табылады; суреткерлік ақиқатқа өзінің көзқарасы – қатынасын, жүрек қалауын білдіру үшін таңдап алған мазмұнды қандай түрмен берді, сол түр мазмұнның киімі сияқты оған сәйкес келе ме, мазмұны мен түрі бір-біріне сәйкес келсе, онда ол сәйкестік автордың қатынасын көрсетіп тұр ма, - міне, осы мәселелердің сапасын айқындау шығарманың көркемдігін танып білуге жол салады.

“…Сұлулық – адам бойында  әрқашан болатын қажеттілік пен  құштарлық. Егер адам бойында қалыптасқан  сұлулық мұраттары мен сол мұраттарға құштарлық сақталса, онда ол адамның кемелді дамуы кепілі болары анық”. Ал сұлулық мұраттары мен сол мұраттарға құштарлықты сол көркем шығарманың көркемдігін оятады. Шығарма көркемдігі оқушы мұраттарын бекіте отырып, оны байытады, дамытады. Демек, көркем шығарманың көркемдігі табиғатқа ізгілік қатынастың көзі (факторы) бола алады.

Шығарманың көркемдігін  тану үшін адам өзінің эстетикалық  талғамын, сезім мәдениетін, ақыл-ой қуатын, қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын бар зейінімен бағыттау қабілетін тыңдап отыруы эстетикалық заңдар мен категориялар негізінде жүзеге асып отырады. Эстетикалық қабілет арқылы адам өзінің ықылас-зейіне бағытталған шығармадан жаңа сипаттар, жаңа көркемдік құндылықтар көре алады.

Эстетикалық қабілет - эстетикалық әрекеттерді атқару мүмкіндігін арттыратын адамның жеке психологиялық ерекшеліктер жиынтығы. Эстетикалық тәрбие дегеніміз – құбылысты, болмысты, көркем өнерді эстетикалық қабылдау және оған күйіну-сүйіну, оны өзінің талғам таразысы бойынша бағалау және эстетикалық мұраттарымен салыстыру, әр түрлі жаңа эстетикалық құндылықтарды жасау, тудыру. Эстетикалық қабілет ерекше табиғи жаратылыстан бастау алғанымен оның көрінуі және даму үшін сол адамның белгілі бір психологиялық және әлеуметтік жағдайда болуы шарт, ол әр кезде өздігінен көрініс бере бермейді. Сондықтан да әдебиет сабақтарында осы заңдылық ескеріліп, сыныпта арнайы психологиялық жағдай тудыру, топтап, саралап, жекелей қызықтыру сияқты шаралар алдын ала ойластырылып, ұйымдастырылса, шығарманың көркемдігін өзіміз мақсат еткен бағытта тану үшін эстетикалық қабілетке жол ашамыз.

Эстетикалық қабілет  әдебиет сабақтарында сезім сергектігі, тереңдігі, көркемдікке құштарлық  және көркемдік қабілет болып  көрінеді. Көркемдікке құштарлық  сатысында шәкірттер әдеби туындыны оқуға құштар болады. Одан эстетикалық, этикалық танымдық рахат сезіміне бөлену күйіне сезінеді, бұл – оқырмандық мәдениеттің бастапқы сатысы. Көркемдік қабілет сатысында көркемдік сүю сатысы күйіне кешумен бірге өзі де жаңа көркем шығармашылық іскерліктер танытады.

Әдебиет сабағында белгілі  бір мақсатқа жетуде, атап айтқанда шығарма бойынша табиғатқа ізгілік  қатынасты айқындай түсу үшін аса  қажетті психологиялық әрекеттердің бірі – көркем елестету қабілеті. Көркем елестету арқылы оқушы мен оқытушы  көркем шығармашылықпен қайта жаңғыртып құрады және оқылып отырған шығармаға сай көркем бейнелер мен элементтеріне, немесе синтездерін өз саласында болжамын байытады, болмаса қайта жасайды. Көркем елестің жақсы дамуы көркем шығарманы танып білу мәдениетінің, яғни адамның құбылыстарға, дүниеге, табиғатқа адам қоғамына қатынас мәдениетінің қалыптасуының сапалы тиянақты болуы қамтамасыз етеді. Көркем елес тудыруға қабілеттілік алда жаңаны қабылдауға негіз болады, оны толықтырып, дамытады.

Көркем өнер авторының  шығармаға дарытқан ішкі жан сезімі мен дүниеге өзіндік көзқарасына күші арқылы адамға тәрбиелік ықпал ете алады. Оны ғылыми тілде пафос дейді. Пафос идеяға алып баратын мазмұн мен сезім білігінен тұрады. Пафостан шығарманың өн бойына өзек болып таратылған қуатты көңіл-күй сезімі, бұлқынысы, ішкі жан-дүниесі байқалады. Пафосты тап басып аңғарған оқушы өзі де шығармашылық әрекет күйін кешеді; шығарманың пафосын аша отырып өз тарпынан оның қайта ой мен сезім елегінен өткізіп, жаңғыртып өзінің көркемдік қабылдау деңгейінде одан жан қуатын алады. Сөйтіп оқушының жан қуатына айналған автордың шығармадағы идеялық – сезімдік ұсынары толық құрамды пафос сипатына ие болады. Яғни пафоста көркем туындыдағы автордың шығармашылық пен оқырманның эстетикалық қабылдау шығармашылығы тұтасып кетеді.

Шығарма ішіндегі адамның  табиғатқа ізгілік қатынасы бүкіл  шығарманың тұтас пафосымен өріліп, оның құрамдас элементін құрайды, сонымен  бірге оның даралық та сипаты сақталады.

Эстетикалық қабылдау деп  көркемөнер туындыларының басқалай заттар мен құбылыстардың эстетикалық құндылық ретінде санада көркем бейнеленуін айтады, яғни қабылдаушы оған сұлу, аса сұлу, ұсқынсыз, ұнамсыз, трагедиялы, комедиялы деп қарауы, сондай тұжырымға келіп, сол тұрғыдан өз қатынасын білдіреді. Эстетикалық қабылдауда ой, эстетикалық сезім-жан күйі, көңіл күй, көңіл күйі қатар жүреді: шаттану, тебірену, күйзелу, ренжу, қуану, таңдау, жаны ашу, т.б. Эстетикалық қабылдау сөйтіп қабылдаушы субъектінің шығарманың ішкі пафосына қарай бағытталатын шығармашылық әрекетінің қатысуымен туады. Оқушы өзінің рухани жан сезім, ақыл-ой қажеттілігін  көркем шығармадан іздейді, автормен бірге жазып шыққандай күй кешеді. Шығарманың пафосы автор мен оқушының ортақ игілігіне айналады. Сөйтіп, көркем шығарманы эстетикалық қабылдаудың нысанасы – пафосты түсініп сезіну болып табылады. Бұл жерде мынаны ескеру керек. Шығарма мен қабылдаушы субъекті арасында әрқашан эстетикалық арақашықтық тұрады. Ол арақашықтық алшақтық – оқушы мен болмыстың көркем бейнеленген сұрыпталған кейпімен аралықтағы қашықтық.

Осы арақашықтықты дұрыс  жүріп өтіп, дұрыс көркем қабылдауы  үшін адам өзінің ойы мен жан дүниесінің алдын ала құлақ күйін келтіріп (установка), қабылданатын шығарманы  белгілі бір шартты бейнесі екенін есте ұстауы тиіс. Осылайша эстетикалық  қабылдау екіжақты амал: қабылдаушы субъекті бейнеленгеннің ақиқаттығына әрі сенеді, әрі сенбейтін күй кешеді. Эстетикалық қабылдаудың бұл күрделілігі шығарма идеясының кәдімгі тұрмыстық күнделікті санадан өзгеше жасырын келуінде. Алайда әр шығармада оның идеясын аша алатын кілті (коды) болады. Эстетикалық талғам мен эстетикалық білім арқылы адам ол кілтті тауып, эстетикалық қабылдауға жетеді. Оқытудың детальдан тұтастық тудыру әдісінің негізі осы эстетикалық кілт заңдылығында.

Эстектикалық қабылдаудың  жемісі – қабылдаушы санасында пайда болған “екінші көркем бейнесі” болып көрінеді. Ол “Көркем бейне” автордың идеясымен сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін.

Сонымен әдебиет сабақтарында көркем шығарманы, соның ішінде табиғатқа  адамгершілік көзқарас сырын, эстетикалық қабылдаудың басты баспалдақтарын кесте түрінде былайша бейнелеуге болады:

 

1

2

3

4

р/с

Қабылдау сатылары

қабылдау барысында  жүзеге асатын эсте-тикалық тәрбие кате-гориялары.

көркем шығарманы табиғатқа  ізгілік қатынас мазмұнын қабылдаудағы оқушы әрекеттері.

1

Қабылдау-дың мотиві

эстетикалық қажетсіну 

қабылданатын шығарманың белгілі бір ақиқаттың шартты бейнесі екнін есте ұстау, шартын белгілеу

2

Әсерлену

эстетикалық сезім, рахаттана  бастау, эстетикалық бақылау 

детальдар мен кілттерді (кодтарды) табу, тұтастыққа жету

3

Шығармадан өз мұраттарын іздеу

эстетикалық талғам, елестету.

шығарманың идеясын, пафосын  айқындау

4

қабылдаушының реципиентке айналуы.

эстетикалық баға

шығарма әлеміне ену, қабылдаушы санасында екінші “көркем  бейненің” пайда болуы.

5

интерпре-тациялау

эстетикалық баға, пікір 

өз деңгейіне, өз қабілетіне қарай бейнелеу әрекеті (шығармашылық әрекет болып табылады) шығарма туралы пікірге келу.

6

идентифи-кациялау

эстетикалық мұрат, рухани байлық.

өз тағдырына, өзінің жеке басына тасымалдау, тектестіру, оның шығарма мұраттарымен сәйкестігі, бірлесуі:автор мен оқушының біріккен пафосының көрінуі.

7

Катарсис

эстетикалық толғаныс күйі.

адам жылайды, шаттанып күледі, жан дүниесі жеңілденеді, сезім тудырады, нұрланады, бұл дүниені  ұмытып, жан-тәнімен беріледі, шығарма оқиғасы, кейіпкерлер тағдырына ортақтасады.


 

Бұл кестеден мынандай анықтамалар  туындайды:

  • көркем шығарманы қабылдау адам - өзіне-өзі іштей бекітіп бағыттауы, жанның құлақ күйін келтіруі (мейірленуі – Абай). Қабылданатын шығарманың белгілі бір шындықтың шартты бейнесі екнін белгілеп, еске ұстау;
  • көңіл-күйінің ашылуы, әсерленуі;
  • шығармада іштей іздеген, тілеген бейнені танып сүйсінуі, жарқын күйге келуі және сол бейненің өзінің жеке түсініктерімен сәйкестеніп, бірлесіп, одан әрі іштей тұтаса дамуы;
  • қабылдаушы адамның қабылдаған адамға (рецепиент) айналуы. Қабылдаушы санасында екінші “көркем бейненің” пайда болуы;
  • қабылданып отырған эстетиканың құндылық авторлық күйден түрленіп, қабылдаушының бейіміне түсіп, интерпретацияланып оның ақиқатқа эстетикалық бағдарына айналуы. Көркем қабылдау көркем туынды мен реципленттің өзара қатынасы бола отырып, оның сапасы адамның субъективті ерекшеліктеріне және шығарманың объективті ерекшеліктері ақыл-ой дайындығы, сезім байлығы, білім, сезімталдық ситуация, жеке өмір тәжірибесі, ес, қиял, дарын құрайды. Интерпретациялайтын адамның көңіл-күй толғаныстары, рухани адамгершілік ізгіліктерінің дейгейі көркем шығарманың интерпретациялау сапасын арттырады.
  • Эстетикалық қабылдау нәтижесінде көркемөнердің ізгі мәні жүзеге асады: Көркем шығарма адам сезімін шарықтатып, жанын ізгілендіреді, ақыл-ойын дамытадыы. Оның бір көрінісі ретінде эстетикалық қабылдаудың аса бір маңызды сәті рецепиенттің көркем бейнелер мен түсініктерді көркем шығармадан өз өміріне аударып, тілеп қарауы, өз басымен тектестірілуі (идентификация) жүзеге асады.
  • Л.С.Высотскийдің зерттеуі бойынша өнер шығармасы адам психологиясында әсерлі қопарылыс туғызып, ішкі нерв энергиясының шешілуі, босануынан адам жылайды, шаттанып күледі, жан дүниесі жеңілденіп, сезімі тазарады. Бұл катарсис теориясының негізін Аристотель салған.   

Көркем шығарманы эстетикалық  қабылдау барысында әрбір білімнің түпкі мұраты тәрбие болатыны сияқты эстетикалық тәрбие категориялары  да жүзеге асып, оқырман эстетикалық таныммен бірге эстетикалық тәрбие де алып отырады.

Жоғарғы кестеде көрсетілген  сол атауларды айқындай кетейік.

  • Эстетикалық қажетсіну – эстетикалық құбылыстармен қатынаста, сұлу құбылыстармен қатынаста болуды тұрақты қалауы, тілеуі;
  • Эстетикалық сезім – адамның болмыс пен өнерді бағалау қатынасынан туған жай – күйі.

Эстетикалық сезім көңіл-күйін  туғызады; тебірену, жарқын шаттану, тазару, күйзелу, қуану, таңдану, жаны ашу, т.б. Бұл эстетикалық көңіл-күй рухани эстетикалық қажетсінуді күшейтеді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны