Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 15:11, реферат
Бастауыш сыныпта шығармашылық қызметті ұйымдастыру балаға ақыл- ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Ұйымдастырылған жұмыс ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қатынас.
Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай жағдайда ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
1. Кіріспе.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілетін дамыту
2. Бастауыш сынып оқушысының қызметін дамытуды басқару.
3. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту .
4. Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.
5. Қорытынды.
Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қызметін дамытуды басқару»
Қостанай қаласы 2014 жыл
Жоспар
1. Кіріспе.Бастауыш
сынып оқушыларының
қабілетін дамыту
2. Бастауыш сынып оқушысының қызметін дамытуды басқару.
3. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту .
4. Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.
5. Қорытынды.
Түсіндірме хат
Бастауыш сыныпта шығармашылық қызметті ұйымдастыру балаға ақыл- ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Ұйымдастырылған жұмыс ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қатынас.
Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай жағдайда ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Шығармашылық қызметті арттыру мақсатында жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап көмектесіп отыруды көздейді.
Шығармашылық қызметті ұйымдастыру білім беру мекемесінің қарым-қатынаста, мектепте, мектептен тыс істе асырылатын өзекті іс-әрекеті.Сонымен қатар оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызметі дамытудағы басты мақсаты:
Әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау жұмыс жасау барысында шығармашылығы жоғары, ізденімпаз мұғалімдер топтарын ұйымдастыру.
Мектептің шығармашылық қызметті дамытудағы басты міндеттері:
- оқушылардың ақыл- ой қабілеттерін жетілдіру;
- шәкірттердің шығармашылық ғылыми-зерттеу әрекетін,танымдылығын,жеке дарындылығын дамыту;
- оқушыларды қоршаған ортаны аялауға,әлемдік адамгершілік негіздерін басшылыққа алуға, демократиямен ізгілендіру, талаптарына сай болуға баулу;
- шәкірттердің ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
Кіріспе
Бүгінгі танда ұрпақ алдында «Қазақстан – 2030»бағдарламасындағы «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы »деген мерзімдік міндетте үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.Ұлттың болашағы,тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы,мәдениеті саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне іскерлігіне байланысты. Сондықтан да егеменді білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныста оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық шығармашылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге , баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.Ойлауға үйрететін сабақтарды шығармашылық қызметтерді дамыту деп білеміз.
Бастауыш сыныпта шығармашылық қызметті ұйымдастыру балаға ақыл- ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Ұйымдастырылған жұмыс ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қатынас.
Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай жағдайда ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Шығармашылық қызметті артыру мақсатында жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап көмектесіп отыруды көздейді.
Шығармашылық қызметті ұйымдастыру білім беру мекемесінің қарым-қатынаста, мектепте, мектептен тыс істе асырылатын өзекті іс-әрекеті.Сонымен қатар оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.
Бастауыш мектептің қызметі мен маңызы үздіксіз білім беру жүйесінде, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуында, яғни оқушының оқу әрекетін ұйымдастыру. Олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру, зерттеушілік жағдайды туғызу арқылы білім алуға үйрету.
Бұл дамыта оқытудың да алдына қойған мақсаты оқушының ойлауына, қиялдануына қанат бітіріп, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Оқыту барысында тұлғалық ерекшелікті анықтап ,шығармашылық бағыт беру оқушының шығармашылық пен ізденуіне, өзін жеке тұлға ретінде сезінуіне ықпал етеді,үлесін қосады.
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Өзі жасаған тың, жаңа дүние оқушы үшін шабыт баспалдағы болады. Оқушыға жас ерекшелігін ескере отырып алуан түрлі тапсырмалар беру, ойындар ұсыну оқушы назарын шығармашылық арнаға бұру үшін тиімді.
Дарынды, шығармашылық танымдылығы жоғары,білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелігі бар?
Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетінін айтып жүрміз.
Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз.
Бастауыш сынып оқушылары үшін негізгі бөліктер – оқу тапсырмалары, оқу әрекеттері: бақылау мен бағалау. Көрсетілген бөлектерге сәйкес кіші жастағы балалардың бойына оқу – танымдық әрекеттің мынадай шарттарын қалыптастыру қажет. Оқу тапсырмасын қабылдау және сезіну қасиеті; мұғалімнің көмегімен немесе өз бетінше танымдық тапсырмалар қоя білу қабілеті; дербес қабілеті; жоспарлау қабілеті;тапсырманы шешу тәсілін таңдау қабілеті; бағдарлық және ағартушылық оқу әрекеттерін орындау қабілеті; оқу істерін бақылау
қабілеті; дербес жұмысын бағалау қабілеті. Өкінішке орай, мұғалімдер жоғарыда аталған шарттарға көңіл бөле бермейді.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал, бастауыш сыныптағы балалардың шығармашылық қабілетін тек өзіне ғана жаңалық болып табылатыны субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз.
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс - әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге үйрететін – мұғалім. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге үйрететін – мұғалім. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі – жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғарғы сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа да дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен психология - педагогика талаптарына сай келетін болуы керек.
Бұрынғы әдетке арналған оқу үрдісінде мұғалімге басшылық рөл берілсе, ол қазіргі оқу үрдісіне оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы; әрбір оқушының жеке қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды. Керісінше, дамуына қарай өзімен – салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оны жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Оқытудың негізгі мотиві – таным. Өйткені,таным арқылы балаға оқу қуаныш және тұрақты қызығу тудырады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі тиіс.
Егер В.И.Волокитина
дені сау оқушылардың арасынан
логикалы ойлауға қабілеті
Зерттеулердің қорытындыларына сүйене отырып шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық, талдап – жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіне, шығармашылыққа деген құштарлығы болуы керек екені анықталады.
Әр түрлі тарихи кезеңдерге шығармашылық қабілетті өлшеудің жаңадан жасалған диагностикалық әдістемелері қол жеткізілген психологиялық білімнің деңгейін көрсетті. Мысалы : А.Бине, Т.Симонның, Х.Мюнстербергтің және Г.И.Россолимонның тестері. Әр түрлі теориялық жолдар негізінде Ж. Пиаже, Г.Айзенк, Дж. Гилфорд, Дж. Равен және т.б. тестері жасалды: көптеген тесттер алғашқы ми дамуының диагностика әдістері ретінде жасалған болатын.
Шығармашылық дарынды
зерттеуге арналған
П.Торренстің тесттері белгілі бір, жалпыға ортақ стандарт ретінде дарынның дамуы мен диагностика әдістерін жасауда пайдалана алады.
Әдістеме, шығармашылық ойлау тесттері әр түрлі мақсаттарда қолданылуына жарайды.
П.Торренс креативтілікті баланың мәселелерге, білімдегі қажетті немесе бос орындарға түрлі жоспарлар түрлі жоспарлы ақпаратты
араласуына, қоршаған орта элементтерінің дисгармониясында сезімтал болып, бұл мәселелерді анықтап олардың шешімдерін тауып, гипотезалары мен болжамдарын айтып бұл гипотезаларды тексеріп, ақырғы нәтижелерін дәлелдейтін қорытындылары арқылы анықтайды.
П.Торренс шығармашылық процесте болатын тесттің тапсырмаларын құрастырды. Әр тапсырма ойлау қабілетінің түрлерінен құрылып, адамның шығармашылық мүмкіндіктері туралы кең мағлұмат береді.
Бұл тестерді жүргізуді бағалау мына көрсеткіштерден құралады:
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызметін дамытуды басқару