Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызметін дамытуды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 15:11, реферат

Описание работы

Бастауыш сыныпта шығармашылық қызметті ұйымдастыру балаға ақыл- ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Ұйымдастырылған жұмыс ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қатынас.
Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай жағдайда ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Содержание работы

1. Кіріспе.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілетін дамыту

2. Бастауыш сынып оқушысының қызметін дамытуды басқару.

3. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту .

4. Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

5. Қорытынды.

Файлы: 1 файл

«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық.doc

— 89.50 Кб (Скачать файл)

Қисынды тестерді шешуге 30 минут беріледі. (әр қайсысына 10 минуттан) 3 субтесттбайланысты бағаланады .жасалған тапсырмалар саны жылдамдықты , ал жауаптардың әр түрлілігінен  құралады.

    «Сурет салу» тапсырмасы – зерттеліп отырған адам белгілі бір элементті пайдалана отырып, ерекше сурет ойлап табуы керек. Бұл элемент – жасырғыш қабаты бар, түсті қағаздан жасалған (тамаша пішінді) контур , ойлап табылған суреттің негізгі бөлігі болуы керек. Нұсқауларды басқа біреу ойлап таба алмайтын (өзгешілік) суретті салып оны толық және қызықты ету үшін (ерекше көңіл бөлу) қажеттілігі айтылған. Қисынды тестердің тапсырмаларында суреттердің көркемдік жағы ескерілмейді.

 

    «Аяқталмаған кескіндер» тапсырмасын автор басқа тестерден құрастырған. Гештальт психологияда айтылғандай, аяқталмаған кескіндер оларды жеңіл және жай тәсілмен бітіру талабын туындатады. Демек ерекше жауап жасау үшін, бұл талаптың тізгінін ұстап, қанағаттануды тоқтатуға күш салу керек. Әр бітірілген кескін (барлығы 10) ерекшелігі мен идеяларының өзгешелігіне жасалған тапсырмалар саны жылдамдықты , ал жауаптардың әр түрлілігі ойлау икемділігін анықтайды.

«Қайталанатын кескіндер» тапсырмасы – алдыңғы тапсырмаға ұқсас келеді. Мұндағы 30 жұп параллельді сызық (А пішінді) немесе 40 дөңгелек (В пішінді)алынады. Бір элементтің қайталануы зерттеліп отырған адамның әр түрлі ассоциациялар туғызу қабілеттілігін тексеруге көмектеседі. А және В пішіндерінің тапсырмалары бұл жағдайда бір-біріне ұқсас келмейді, параллельді сызықтар бітіруді қажет ететін ашық кескіндер болса, дөңгелек кескіндер құрылымының бұзылуын қажет ететін жабық кескіндер болып табылады. «Қайталанатын кескіндер» тапсырмасында дигвердентті ойлаудың барлық мінездемелері дамытылады. Жылдамдық, мүмкіндігінше көп суретпен заттар ойлап табу арқылы, икемділік оларды әр түрлі ерекше жасауға, ешкім ойлап таба алмайтын суретті салуға тырысу арқылы, ерекше көңіл бөлу - әр суретке мүмкіндігінше көп идея беру және суреттен толық және қызықты әңгіме жасай алу дамиды.

      Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталмақпыз.

   Мұғалім ең алдымен көңіл – күй тудыру арқылы баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек;

 

 

    Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу ойын түрлерін ұсынған жөн;

     Шығармашылық жаттығу, ойын – тапсырмалардың мазмұны балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.

     Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілері бір көркемдік шешім табу, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай, шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру.

    Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші - өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:

  • оқушыларды шығармашылықпен айналысуына мектепте сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
  • шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.

Олар мынадай:

-       тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

-       арнаулы бір тақырыпта пікір талас тудыру;

- логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;

- берілген тапсырманы  түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері  есептер құрастыру, мәтін,мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құру);

- әңгіменің ұқсастығын  салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

- қиялдау арқылы сурет  салғызу;

- ұнатқан кейіпкерлеріне  мінездеме беру;

- ой шапшаңдығын, сөз байлығын  дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;

- мәтін ,әңгіме, ертегіні  өз бетінше анықтау;

Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  • мұражайға апару;
  • әртүрлі кездесулер өткізу;
  • әртүрлі тақырыпта пікірталастар, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;
  • Балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады. Шығармашылық жұмыста оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға белсенділікке ынталандырады.

Оқушылардың  шығармашылық  белсенділігін  қалыптастыруда  сабақтарды  түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу

 

танымдық тапсырмаларды орындаудағы  ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы ,оқыту уақытының үнемделуі.

        Мектептегі  оқу процесі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытуына жол ашады.     Бастауыш білім – үздіксіз  білім берудің алғашқы  басқышы. Осыған сәйкес  оқушыға белгілі бір көлемдегі  білім, білік дағдыларды  меңгерту мен бірге табиғат  қоршаған  дүние туралы  түсініктерін  кеңейте отырып,  оларды  шығармашылық бағытта  жан-жақты дамыту

бүгінгі күннің талабы.  Осы талап  тұрғысынан  алғанда  оқу тәрбие  үрдісін ұйымдастырудың  түрлі әдіс тәсілдерін  іздестіру, жаңа технологияны  тиімді пайдаланудың  маңызы ерекше.

   Мен  өз  сабағымда  негізге қойған міндетім  -  оқушылардың ой – қиялын дамыту.   Оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы  балалардың  кішкентай кезінен бастап дүниеге өзіндік   көзқарасының  қалыптасуына  жол ашу.   Бала қиялын  дамыту барысында  оларды 

бақылауға, зерттеуге, ойлауға  өзінің болашағын болжауға  және идеялармен  еркін әрекет жасауға үйренеді. Балаларға  өздерін тапқырлыққа, білгірлікке,  мақсатқа  талпынуға және  қиялдауға  итермелейтін ойындар мен тапсырмалар  өте ұнайды.

    Бастауыш сынып  балаларының  қиялы  әдеттегіден тыс ерекше.  Олар  шындық өмірді қиялдағымен  біріктіре  отырып өзі  ойлап  тапқан  дүниеде  өмір сүруі мүмкін.   Олар  ағаштардың  немесе  хайуанаттардың сөйлесетініне  сенеді.  Бұл жастағы балалар  естіген  ертегі- әңгімелер желісімен өзі де  оларды құрастыра алады. Сондықтан  мұғалім  ертегі  не әңгімені  бастап беріп,  оны  аяқтауға оқушыға тапсыратын болса,  балалар  оны  аяқтаудың түрлі  жолдарын қарастырады.

    Өзімнің оқушыларыма  ұсынған  ертегілерден  мысал  келтірейін:

 « Ертеде  бір  түйе болыпты.  Ол кіп-кішкентай екен. Оны  өзінен үлкен жануарлар мазақтай беріпті. Әсіресе  шыбын көп күліпті. Бірде шыбын түйе  көлеңкелеп  жатқан  ағаштың  бұтағына отырып алып оны мазақтай бастады.....»

   «Ертегіні аяқта»  деген тапсырма  берілді. Сонда оқушылар  былай деп аяқтады: 

...Сонда  түйе  шыбынның  бетіне түкіріп жіберді. Шыбын  тұншығып қалды.  (Сапабеков Жандос)

  «Сен  неге кішкентайсың?»-деді  шыбын.

Түйе ашуланып: «Сен менен  де  кішкентайсың ғой», - деді.  Сол-ақ екен  түйе  үлкен  болып  өсіп кетіпті. Ал шыбын сол қалпында қалып  қойыпты .(Басенова Айсұлу)

...Шыбын түйені қоймастан  мазақтай берді. Солай отырғанда  оны бір торғай келіп жеп  кетті.(Зайырбаев Темірлан)

...Түйе ашуланып,орнынан  тұрып басқа жаққа кетіп қалады.Шыбын  артынан қалмай, ұшып жүріп мазақтай береді.Түйе оны ұстап өлтірмекші болады.Қолын соза-соза    оның бойы  ұзарып,  үлкен болып кетеді. Шыбын енді  оны  мазақтамайтын болды. (Газизова Бибисара)

   Оқушы  қиялын дамыту  жұмыстарын ана тілі  пәнінде  көп қолданамын. Берілген мәтіндегі  бір көріністі көз алдарына  елестеткіземін. Оқушылар тыныштықта отырып  көздерін жұмып  әрбір  мен  айтқан  нәрсені  елестетуге  тапсырамын. Мысалы:  Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап-жасыл. Бір ауыл көрінеді. Нұрдаулеттің әкесі. Сейілхан машинаны  ауылға  қарай бұрды.  Олар  бір үй маңына  тоқтады.  Нұрдаулет машинадан  түсті де,  кермеде  байлаулы  тұрған  ботаға  бұрылды.  Бота өте әдемі...

   Оқушылар  осындай  кез келген  көріністі  көз  алдына елестете   алады, өздері сол  елестен  үлкен  қуанышқа  бөленеді.  Олардың алғашқы әсерлері мынадай сөздерден  байқалады «Кино көргендей болдым», «Суретке  түсіріп  алғандай болып елестеттім» т.б.

     Математика пәнінен кез келген  геометриялық фигурадан түрлі заттар  құрастыруға болады.  Мысалы, оқушыларға мына  фигураларды  ұсынып  не  құрастыруға  болады дедім.  Берілген фигуралар.

  Оқушылар мына заттарды  құрастырады:

  • қолшатыр                                        - рюмка               
  • күрек                                               - қазан, ожау
  • садақ                                               - шапка

   Мұндай тапсырмалар орындағанда  оқушылар  өз ойын  ашық  қысылмай  жеткізе алады, өз ойын  дәлелдеуге  тырысады, өзінің  жасаған  әрекетінің дұрыстығын қорғай  алады.  Оқушылардың  ой – шапшаңдығы, сөз байлығы молайып,  қиялы  дами түседі.

    Осындай оқушы  шығармашылығын  дамытатын  қызықты  тапсырма,  ойындар көп-ақ.  Оларды  сабақ барысында  қолдануға  уақыт  жетіспей жатады.  Себебі  сабақ  барысында  ғылымилық,  білімдік  мақсатын алға қоямыз. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мақсатын  қарастырғанды  жөн көріп,  сыныптан тыс  үйірме  жұмыстарын осы бағытта  жүргізуді ұйымдастырып  оған  арнайы  бағдарлама жобасы   жасалды.  Бағдарламаның негізгі мақсаты  бастауыш сынып  оқушыларының шығармашылық  қабілетін,  қиял – елес белсенділігін сөйлеу шеберлігін дамыту.

 

 

                    

                                         Пайдаланған  әдебиеттер:

  1. «Қазақстан  мектебі»  журналы
  2. Жексенбаева Ү.Б Оқушылардың шығармашылық  жұмысын   ұйымдастыру 2006 жыл
  3. «Бастауыш мектеп»  журналы
  4. Лернер И.Я Дидактические  основы  методов обучения М:Педагогика 1981г
  5. Ворнцов А.ВПедагогическая технология контроля  и оценки учебной деательности М: издатель  рассказов 2002 г

 

 

 


 



Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызметін дамытуды басқару