Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 15:14, дипломная работа

Описание работы

Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың. қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады

Содержание работы

Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10

I – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19

1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24

ІІ–тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50

2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................

ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54

Файлы: 1 файл

I – тарау. Бастауыш сынып о-ушыларыны- танымды- іс--рекеттерін -.doc

— 351.00 Кб (Скачать файл)

Таным ақиқаттары тек оқшау, арнайы өткізілетін тәжірибеде ғана тексерілмейді. Барлық қоғамдық өндірістік материалдың қызмет, қоғамның бар болмысы өзінің барлық тарихи жолында білімді нақтылайды және тереңдетіп, тексереді. Тәжірибе обьективтік ақиқатты адасудан ажыратуға, біздің біліміміздің ақиқаттығын растауға жарайтыны анық. Сонымен бірге ол өзі өндіріс мүмкіндіктерімен және басқа да әрбір кезеңіне сәйкес шектелген даму үстіндегі процесс болып табылады.

Қай заманда болмасын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды  ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызына саналған. Жас ұрпағын дүниеге  көзі ашық, айналасындағы тіршілікке зер салып, таныммен қарауға тәрбиелеген. Өз кезінде ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлеріміз бала тәрбиелеу құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланылған.

Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде ерте заманнан бері жинап-терген мол тәжірибесі бар.

Халық тәжірибесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой-арманымен, тыныс-тіршілігімен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз  байланыста туып, өсіп өркендеп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра. Бала мектепке барған да ойнауын тоқтата қоймайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке асырылады.

Бала табиғатынан  қимыл-қозғалысқа  құмар жан.     Ол  үнемі  секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта:

"Баламен ойнама  шаршарсың "

       "Бала -құлыншақ, бала - ұрыншақ",

                     "ойнай білмеген бала,  ойлай білмейді",

- деп бекер айтылмаса  керек.

Бала ойыны алуан  түрлі ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді  бойына сіңіріп, біртіндеп  тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағ-дыланады.

М. Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала ойынына мынадай  мән берген: "Баланың қиялы  әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналадағы жұмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашса, біреуі   құрық салады; шырпыларды түзіп көш жасайды;

балшықтан мал жасайды;  қуыршақтан  қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіріп, құда түсіреді" - деген.

7-10 жас арасы анатомиялық-физиологиялық  даму жағынан қауырт  қимыл-әрекеті,  қозғалысты, жылдамдықты талап ететін  кезең болғандықтан бала организмі  үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі.

Ойын арқылы бала айнала қоршаған ортаны, өмірді таниды. Өмір сүрудің  белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік   мінез-құлық нормаларын игереді.

Бірнеше ойын түрлеріне  тоқтала кетейік. Мысалы:

Үйрек ойыны

Аралығы 4-5 м етіп, қаз-қатар 2 ұзын сызық сызылады. Ол "үйрек", сызық сыртындағылар осы ойыншыларға  доп лақтырып, дәл тигізуі керек. Допты тигізген ойыншыға бір ұпай жазылады. Кім бұрын 4 ұпай алса, сол жеңімпаз атанады.

Бәйге ойыны

Ойынға қатысушылар  санамақ бойынша бастаушы сайлап алады. Сонан соң, шеңбер жасап дөңгелене  тұрады. Атқа шапқан адамша текіреніп, қолдарын шапалақтап шеңберді айнала жүгіріседі. Жүгіріп іселе жатқан бастаушының тастаған добын кім бұрын қағып алса, сол ойыншы жеңіп шығады. Ойын жалғаса береді.

Құстар, жер, су, от,   ауа

Балалар дөңгеленіп тұрады. Бастаушы ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез-келгеніне допты лақтырып "жер", "су", "ауа", «от» деген бір сөзді айтады. Бастаушы «жер» десе, допты қағып алған бала бір үй хайуанатын немесе жабайы аңның атын тез атауы керек. Ал "су" десе балық атын, "ауа" десе құс атауын айтуға тиіс. Ал "от" атауы айтылғанда ойнаушылар қолдарын бұлғап орындарынан бірнеше рет айнала секіруі керек. Ойынның түр-түрі аяқталған сайын доп бастаушыға қайта оралады. Ойын шартын бұзған бала ойыннан шығарылады.

"Күн   мен түн"ойыны

Залдың ортасына екі  параллель сызық жүргізіледі, арасы 1-1,5 м. Олардың екі жағынан да 10-20 м жерден параллель сызықтар немесе үйлердің орны сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп теріс қарап тұрады. Бірі «күн», бірі "түн" командасы болады, бастаушы "күн" дегенде, "түн" командасының ойыншылары қашады. Ал "түн" қуады. Ұсталғандарды санайды да өз командасына қайтарады. Содан кейін ойыншылар ортадағы сызыққа тұрады, тағы да теріс, ойын қайталанады.

"Қарлығаш  " ойыны

Диаметрі 1 м шеңбер сызылады, санамақ бойынша екі бастаушыны "қарлығаш" пен "күзетші" сайлайды.

Қарлығаш шеңбердің ортасында отырады. Күзетші оны айналып,    басқа    ойыншылардан    қорғап    жүреді.    Ойыншылар қарлығашты түртіп қалады. Күзетші оларды ұстап алу керек. Ұсталған ойыншы күзетші болады. Қарлығаш 2-3 күзетші ауысқаннан кейін келісім бойынша ауыстырылады.

Бұл ойындардың бәрі төменгі  сынып оқушыларының ойыны. Бұл жерде  баланың ширақтышн, шапшаң қимыл-әрекетін байқауға болады.

Ал енді ұлттық ойындардың біразы "ойлануды қажет ететін ойындарға" жатады. Олан негізінен логикалық  ойлау мен математикалык, философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Сондықтан төресі "Тоғыз құмалақ". Сонымен қатар, оймен келетін   ойындар шахмат, дойбы ойындары.

Әрине бұл ойындар  ойды, есепті талап етеді. Бірақ та төменгі сынып оқушыларына аса қияындау тигенімен, зерек бала тез үйреніп, оймен жұмыс жасауды қабылдайды. Бұл танымдық белсенділіктің бір түрі,  әрекеті.

Балалар ойындарының  тағы біреуі "асық ату", "хан  талапай", "омпа", "жамбы ату" ойындары. Асық ойындары алдымен нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлдікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына тәрбиелейді.

Халық ойынның неше алуан  түрлерін туғызып ғана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан  олар "бала ойынмен өседі" деген  өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірибелік қорытындысын өздерінің бала тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті.

Жалпы оқу ғылыми танымнан айырмашылығы бала тура, ол сөзсіз шындықтың  жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.

Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және шәкірттік танымдардың салыстырмалығында барынша елеулі ықпал жасайды. Бұрыннан белгілі болғандай, ғылыми танымның міндеттері өмірден алынады, қоғам дамуының талаптарынан шығады.

Мектеп оқушыларының да танымы мотивтермен қозғалмалы болуға білім, шэкірттік таным болуы  үшін, оқушының оқуға деген құштарлығы болуға   тиіс.

Танымдық белсенділік  әрекетіне қабілетті дамыту да ақыл-ой тәрбиесінің аса маңызды міндетінен саналады. Оқушылар танымның нақтылы бір саласында білімдерді ойдағыдай алу үшін керек, арнаулы іскерліктер мен дағдыларды да игеруге тиіс.

Қазіргі таңда қарым-қатынас  мәселелері мектептің оқу-тәрбие процесінің ынтымақтық гуманистік бағытына байланысты туындап отыр. Сондықтан таным мен қарым-қатынастың өзара байланысын анықтауға және олардың педагогикалық процеске қатысушылардың бірлескен іс-әрекетінің тиімділігіне қатысты.

Танымның әлеуметтік маңызы саланың, қоғамның, табиғаттың обьективті заңдарын белгілі бір  мақсатты және жан-жақты ашып көрсететін әлемдік тарихи   процесс ретінде қаралады.

Адамның психологиялық  дамуын зерттеулер циклі жалпы танымдық әрекеттің эволюциясы мен қызметіндегі өзгерістерге байланысты адамның сенсомоториялық  дамуындағы таным мен қарым-қатынас процесінің өзара белгілі-бір байланысын ашып көрсетеді.

Қарым-қатынас арқылы оқытудың негізі болып табылатын  таным мен қарым-қатынас арасындағы әртүрлі байланыстар мен бағыныштылыкқа қарай оқу процесі жан-жақты  кеңейтіледі, ол тек еңбек барысында  ғана емес, таным   қызметіне әсер етеді. Мұғалім жетекшілігімен ұйымдастырылған оқушылардың танымдых іс-әрекеті арқылы олар әлемді нақты жүйелі тану, ғылыми ақиқаттарды меңгеруге көшеді.

Ғалымдардың зерттеулері  бойынша, оқушылардың өзара оқу  процесі негізіндегі қарым - қатынасы субьектілер арасындагы ортақ іскерлік қарым-қатынас негізінде болса, жұмыс нәтижесі соғұрлым тиімді, жемісті болмақ. Оқу процесіне қатысушылардың ортақ қызметінің нәтижесі - терең және кеңейтілген білім, іс - әрекет әдістері, мақсатқа     өздігінен         жету,     оқуға,     шығармашылық жұмыстарға ынтаны    өсіру,    сондай-ақ,    жеке     адамдық пікірді қадағалап отыру.

Ынтымақтастықты оқу-танымдық процестің өнімділігін, оқушылардың  еңбегін, оның нәтижесін өсіру мүмкіндіктері  қарастырылған. Психологтар бірігіп атқаратын іс - әрекеттің осы тектес жеке іс - әрекетке қарағанда анағұрлым тиімділігін дәлелдеп отыр. Бұл бірлескен іс - әрекеттің жеке іс-әрекетіне қарағанда тұрақтылығын көрсетеді.

Бірлесіп атжаратын  іс - әрекеттің тиімділігі оқушылардың мәселені шешуге дайындық деңгейі, орындалатын жұмысқа көзқарас, оны алып кету сияқты бірнеше факторлардан анықталатынын зерттеушілер дәлелдеп отыр.

Танымдық әрекет оқушылар мен оқытушылар арасындағы өзара  қарым - қатынасты, оқушылардың өзара  қарым - қатынасын талап етеді. Зерттеушілер пікірі бойынша: "баланың адамдық қарым - қатынасты осы қарапайым өзара сыйлаудан басталатындығын көрсетеді.

Жоғарыда айтылған танымдық теорияның тікелей қарым - қатынаспен тығыз байланыста екені аталып кетті. Ал, ойын арқылы төменгі   сынып    оқушыларының да   ең    алдымен қарым – қатынасын нығайтып, танымдық белсенділігін арттыру бірінші жолға қойылатыны белгілі.

Ойындардың сан алуан  түрлілігі балалардың ой-өрісінің дамуына, танымның артуына, олардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіруіне маңызы орасан зор.

Сайып келгенде, жоғарыда аты аталған ойындар қазақ  халқының ғасырлар бойы рухани баии түсуіне  еңбек етіп келеді және болашақ ұрпақтарға да еңбек етері сөзсіз.

Ұлт ойындары ата - бабамыздан бізге жеткен, өткенімен байланыстыратын баға жетпес байлығымыз,  асыл қазынамыз.

Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға  сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы  орасан зор.

Ойын баланың алдынан  өмірдің есігін ашып, оның творчестволық  қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

В.А Сухомлинскийдің  сөзімен айтқанда: "ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ  және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге  қарай ашылған үлкен жарық  терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты".

Міне ойын дегеніміз  тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат  бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Қоғамдық жас ұрпақты  тәрбиелеу, танымдық белсенділігін  арттыру, білім беру талаптарына  гуманистік өнегелілік және адамгершілік қасиеттерін терең сіңіріп, ұлттық саналы тәрбие, сапалы білім жүйесін  қалыптастыру "Қазақстан-2030" стратегиясының негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.

 

Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі - бақылау, баға қою және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғлімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты.        

Бақылау — бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық  іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.  Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс Егер кейбір  оқушы тапсырмалы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескіл сөздер айтып ескерту жасауға болмайды.

Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне  ынталандыру және олардың белсенділігін тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау.

Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуіш машинасы т. б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және   сапасын,   іскерлігін, дағдысын анықтау.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері