Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 13:31, реферат
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бірақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді. Сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды. Өмір екі берілмейді. Кім-кімді де ертеңгі күні алаңдатады. Шынында, әрбір жанның өмірдегі алар орны қандай? Күнделікті өмірде өзіңе-өзің қоятын қаншама сұрақтарға жауап іздеп тағат таппайсың. Бұл адами болмыс. Қолыңда жарық болса, қараңғылық қашады. Адамның жарығы – үміт пен сенім.Өмірде қателеспейтін жан жоқ.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Мақала
Тақырыбы: Бақыттың кілті өз қолыңда
ТОБЫ: 123-11.
Шымкент 2014
Бақыттың кілті өз қолыңда
Әрбір адам - өз тағдырын жасаушы.
Саллюстий
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бірақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді. Сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды.
Өмір екі берілмейді. Кім-кімді де ертеңгі күні алаңдатады. Шынында, әрбір жанның өмірдегі алар орны қандай? Күнделікті өмірде өзіңе-өзің қоятын қаншама сұрақтарға жауап іздеп тағат таппайсың. Бұл адами болмыс. Қолыңда жарық болса, қараңғылық қашады. Адамның жарығы – үміт пен сенім.Өмірде қателеспейтін жан жоқ. Ең үлкен қателік – қателігіңе қателік қосу, одан арылуға тырыспау. Ең жаманы – үміт пен сенімді, ар-ұятты жоғалту. Адамда сенім болмаса, жер басып жүргенің бекермен тең. Әрине, өмір тым күрделі. Осынау қиындығы мол жолда келе жатып, пенденің азаптанар сәттері аз емес.
Ескі сөзден не пайда,
Есіткен мен көргенді,
Ебін тауып айтпаса
Екі көзден не пайда
Жақсы менен жаманды,
Көргендей айырып алмаса? – дейді халық даналығы.
Ия, адамдар әлемі
жұмбаққа толы, бірімізге керемет
болып көрінген жәйт
Өзін қоршаған ортаны білуге талпынады. Болашағына бағыт-бағдар жасайды. Артыма ұрпақ қалдырсам дейді. Адам мынау жарық ғаламға өмір сүру үшін, өзін тану үшін келеді.
Тағдырдың салғанына көне салу емес! Азабына шыдай білу, төзу қайраттану, жігерлену. Жақсылыққа, ізгілікке ұмтылу.
3. Не үйренген жөн?
Үйрену үшін қабілет қажет. Қабілетің болса –ұстаз табылады. Ал бірінші ұстазың –өз өмірің. Тағдырыңның әрбір сәтінен әрбір сәтінен ғибрат ал, тәжірибе жина. Қателігіңді қайталама! Үйрену деген сол.
4.Не қымбат?
Ата-анаң,перзентің, аға-бауырың, досың қымбат, өзіңді сыйлаған, түсінген көңіліне жақын жан қымбат. Бәрінен де өмірде адами еркіндік қымбат.
2004 жылы Мартин Селигман, «көңілді психологияның» білгірі бақытты өмір сүрудің үш бірдей жиынтық бейнесін жасап беріпті:
Білгір маман «Адамдарға ең көп рахат сыйлайтын нәрсе не?» деген тақырыпта зерттеу жасаған және оның нәтижесі таңғалдырарлықтай болыпты. Сөйтсек, рахат пен ләззат үшін күресу бұл сезімге қатыссыз болып қалған. Осы бір ләззаттанудың барлығы да – торт бетіндегі тәттілер секілді ғана. Ал шын бақытты адамда мынадай әдеттер болуы керек екен.
Олар бақытты адамдардың ортасында өмір сүреді.
Қуаныш жұқпалы келеді. «Бақыттың таралуын» 20 жыл бойы зерттеп келе жатқан Framingham Heart Study ғалымдары бақытты адамдардың ортасында болса ғана бақытты болатынына көз жеткізген. Сондағысы – ештемеге көңілі толмайтын, тек теріс жағын көретін адамдармен қарым-қатынасты үзу.
Олар күлімсірейді
Тіпті көңілсіз болса да бақытты адамдар көңілді бір жайларды еске түсіріп, соған күлімсірейді. Бұл әдет көмектеседі. Десек те, өтірік күлуден аулақ болуға керек. Егер сіз жамандық жайлы ойлап, жүзіңізге күлкі үйірілсе арты жақсы болмайды.
Олар сәтсіздіктен соң тез айығып кетеді.
Психолог мамандар айығуды - депрессия мен бақытсыздықтың антонимы деп атайды. Бақытты адамдар сәтсіздіктен айығудың жолын біледі. Жапонның мақалы бар екен: «Жеті рет құла да, сегіз рет тұр».
Олар бақытты болуға ұмтылады.
Иә, бұл да осы айта салғанымыздай оңай нәсте. Бақытты болуға ұмтылу дегеніңіз – ішкі эмоционалды жағдайыңызға әсер етпек.
Олар жақсылықты көре біледі.
Қандай да бір жетістікті, үлкен болсын, мейлі кіші болсын, бақытты адамдар атап өтуге тырысады. Қуануға себеп аз болса да, адамның ішкі көңілі емделе түседі екен.
Олар қарапайым жақсылықтардан тиылмайды.
Көшеде балмұздақ сатып алуға, итпен ойнауға, кемпірқосақты көріп, осы жақсылықтарды сезінуге қарсы емес. Басқаларға түкке тұрғысыз болып көрінетін жағдайдың барлығын да олар қалт жібермейді, елеп-ескереді. Ең болмағанда аман-есен екенін, осы күнінің де қуанышты екенін сезіп-біледі.
Олар уақытының жартысын беруге жұмсайды
Олар жақсылықтың қайткенде де қайтып келетініне кәміл сенеді. Сол сеніммен қайырымды болады. Ерікті болып жұмыс жасауға, я болмаса қарапайым ғана жақсылықтар жасауға ерінбейді. Дәл осындай адамдар депрессияға ұшырамайды екен. Тіпті психологтардың өзі «жақсылық жасаушының ләззаты» деген сезімді мойындап, жақсылық жасаудың көңіл-күйге де, физикалық жағдайға да пайдалы екенін айтуда.
Олар уақытты жоғалту туралы ойдан аулақ
Шешімі қиын мәселенің соңына түссеңіз «ағым» деген тіршілік аясына енгеніңізді түсінесіз. Ал бақытты адамдар қандай да бір іске оң-терісін біліп барып қана, расында өзіне бұл іс ұнай ма, ұнамай ма – соны анықтап барып кіріседі. Кіріскен жағдайда да ол мәселенің қиын екенін айтып, арызданбайды, оның орнына өзіне мотивация іздеп, соңына тәжірибе алғанына көз жеткізеді.
Олар әңгімені тереңдетуге құмар
Жәй ғана әңгімелесу бір басқа да, белгілі бір тақырыпқа емен-жарқын ой-пікір айту жақсы тәжірибе болады. Жәй ғана «блаблабла» сөзге қарағанда мұндай әңгімелесулер пайдалы да. Өлейін деп жатқан адамдардың ең бір көп айтылған өкініші де осы – өз сезімдері жайлы көп айтпағаны жайлы екен. Біз жүрегіміз қабылдап тұрған сезімге қарағанда ауа райы жайлы көп сөйлейді екенбіз.
Олар өзгелер үшін ақша жаратады
Ақшамен бақыт сатып алуға болады. Бірақ ол ақшаны тек өзіңе емес, өзгелер үшін де жұмсаған жағдайда. Беру – алуға қарағанда пайдалырақ екенін ұмытпайық.
Олар тыңдай алады
Сіз тыңдап отырған сәтте жаңа білімдермен қауышасыз. Егер сөйлеп жатсаңыз білім қабылданбайды. Одан бөлек, егер сіз тыңдап отырсаңыз сөйлеушіні сыйлайтыныңызды көрсетесіз. Және сөйлеуші сол жақсылығыңызды елемей қоймайды, кейінде сізді де сондай құрметпен тыңдайтын болады. Тыңдай білу – бұл қарым-қатынасты жақсартудың басты амалы.
Олар қарым-қатынас жасаудан бас тартпайды
Әлеуметтік желімен болсын, ұялы телефонмен болсын, хабарлама жіберу өте оңай. Бірақ жақсы досты көру үшін ғана айшылық алыс жерді жүріп өту одан да күштірек. Әрбір адам бақытты болуы үшін интернетте ғана емес, шын өмірде де қарым-қатынас жасауы керек.
Олар әрқашан жақсылықты байқай алады
Оптимизм денсаулыққа да пайдалы. Егер сіз жақсылықты әрбір дүниеден байқай алсаңыз, онда өзіңізге денсаулық пен көтеріңкі көңіл күй таңдағаныңыз.
Олар сапалы музыка тыңдайды
Музыка – бұл күш. Тіпті массаждан алған ләззатпен теңесе алады. Ал сол музыканы таңдау басты мәселе. Қуанышты ән мен көңілсіз ән сіздің дүниетанымыңызға әсер ете алады. Мынадай зерттеу жасалыпты: адамдар өздеріне берілген суреттердегі адамдардың көңіл-күйін айтып беруі тиіс болған, сонда көңілді ән тыңдап тұрған адам суреттегі адамның қуанышты екенін айтса, көңілсіз ән тыңдаған адамдар суреттегі бейненің қасіретке оранғанын айтыпты. Бұл дегеніңіз – көңілді әндерді көп тыңдау керек деген сөз.
Олар әлеуметтік желіден босай алады
Технологиялар, жаңалықтар ешқайда да кетіп қалмайды. Сол үшін де кейде белгілі бір уақытқа компьютер алдынан алыстағаныңыз жөн. Сандық детоксикация миыңызды демалдырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Олар рухани тәжірибелер жасайды
Алғыс айту, көңіл айту, өзге үшін өзегі өртену – қандай да бір діннің маңызды бөлігі саналады.
Олар дене жаттығуларын жасайды
Физикалық іс-әрекеттер адамға эндорфин береді. Эндорфин адамды бақытты етеді. Спортпен шұғылдану адамға депрессиядан арылуға, уайымдамауға көмектеседі. Оған қоса, сіз өз тәніңіздің сұлулана түсуіне қарап, көңіліңіз көтеріліп, өз-өзіңізді жақсы көруге әдеттенесіз.
Олар серуендейді
Табиғат – жан азығы. Көңіл-күйіңізді кешкі 20 миунттық серуен сергітуі әбден мүмкін. Сондықтан, таңертең бірден кофе ішуге емес, серуендеуге көңіл бөлгеніңіз дұрыс.
Олар төсекте жатып алады
Көңіл-күй адамның қай аяғымен тұрғанына да байланысты болуы мүмкін. Сондықтан да адам төсектен тұрудан бұрын ұйқыны қандырып барып, жақсы көңіл-күймен оянуы тиіс. Дәрігерлердің де айтары осы.
Олар күлкіге құмар
Сіз бұл туралы жүр рет естідіңіз: күлкі – бұл нағыз ем. Күлкі адам миындағы керекті гормондарды жеткізеді. Стресс пен ауруға қарсы жұмыс істей бастайды. Айтпақшы, жиі-жиі күліп тұру дене жаттығуын жасағанмен тең екен.
Олар қадамын нық басады
Бұл метафора емес. Бақытты адамдардың жүрісі бос, қадамдары үлкен болады. Бұл де мидың бөліктеріне белгі береді де, көңіл-күйді көтереді. Адам қаншалықты жеңіл жүрсе, соншалықты бақытты екен. Сенбесеңіз солай жүріп көріңіз.- дейді.
Әрбір адамның бақытты болуы тек қана өзіне байланысты. Ол үшін тынбай еңбектену қажет. «Адам –керуен, өмір жол».
Тағы міне қоштастым мен бір күніммен
Қош айтысып бір күнгі тірлігіммен
Тоқтатып көз толассыз қозғалысты,
Түссең тағы тәңірдің кіндігінен,- деп Мұқағали жырлағандай бүгінгі күніммен қоштастым. Ертеңгі таңым қандай болып жолығар екен?!
Бақыттың кілті өз қолыңда.
Пайдаланған әдебиеттер: