Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 13:31, реферат
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бірақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді. Сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды. Өмір екі берілмейді. Кім-кімді де ертеңгі күні алаңдатады. Шынында, әрбір жанның өмірдегі алар орны қандай? Күнделікті өмірде өзіңе-өзің қоятын қаншама сұрақтарға жауап іздеп тағат таппайсың. Бұл адами болмыс. Қолыңда жарық болса, қараңғылық қашады. Адамның жарығы – үміт пен сенім.Өмірде қателеспейтін жан жоқ.