Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, доклад
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде.
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Высоцкийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологтялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез-келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуна қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.
Даму дегеніміз материалдық
және идеялық объектілердің
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін - өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан-жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асатындығын талай ғалымдар дәлелдеген.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр түрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық әрекет – репродуктивтік іс-әрекет деп аталады. Бұл іс-әрекет алдын-ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептеуір қолданыс атуып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде Дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті – академик В.П.Зинченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Даниил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.
Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі ғалымдар пікірлеріне назар аударайық.
Академик В.П.Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты – теориялық ойластыру деп санайды және бұл құрғақ дәмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған әлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін дейін танып-білінуі тиіс.
Профессор Б.Д.Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендер көзге түседі, яғни, дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдануы және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни, дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.
В.С.Лазарев ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теорисын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А.Б.Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай әлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.
Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің етене жақын буыны. Мұның өзі аталмыш өнердің көркем бейнелеуінің ерекше түрі екендігінен туындайды. Бейнелеу өнерінің кез келген түрі адамның танымдық мүмкіндігіне және әдемілікті сезінуіне әсер етеді. Адамның өмірдегі эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқушыларға бейнелеу өнері сабақтарында қоршаған заттар мен құбылыстардың көріністерін нақты бейнелеуге үйретуіміз қажет.
Кеңістік пен зат өте тығыз болғандықтан, оқушылардың өмір шындығын бейнелеген әрбір суреттерінде кеңістік ұғымын қалыптастырудың маңызы зор. Уақыт сияқты кеңістік те материяның өмір сүру формасы. Өмірдегі қандай зат пен құбылыс болсын белгілі кеңістіктен табылады.
Заттың кеңістіктегі орны оның алыс-жақындығына байланысты. Мысалы, бізге бір топ адамдар жақындап келе жатыр делік, онан алыста ауыл, өте алыста тау көрінеді. Бұл заттардың көлемдерін бір- біріне салыстырып айқындауға болады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін бейнелеу сабағын мынадай жолдармен өткізуге болады.
Бейнелеу өнері сабағында
Сабақ барысында мұғалім әр оқушының сурет салуын бақылайды, қажет болғанда көмек көрсетеді. Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты сурет салуды дұрыс бастауы үшін мұғалім алдымен оны сызба түрінде көрсеткені жөн. Мұндай ізденіс жолдары оқушылардың заттардың суретін қағаз бетіне орналастыру, композициялық заңдылықтарын игеру дағдыларын қалыптастырады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту мен белсенділігін арттыруда көрнекі құралдардың тағы бір түрі – заттардың муляжын көрсету. Мысалы, оқушылар алманың суретін алатын болса, мұғалім сол дененің сыртқы пішінін оқушыға толық жеткізу үшін муляжды көрсетеді де, оның түрлі-түсті бояумен боялғанын, сонымен қатар оның шар тәріздес екенін де ұғындырады.
Оқушылардың сабаққа ынтасын, шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор. Оқушылар затқа қарап сурет салуды қаласа, заттардан натюрморт құрастырып, суреть салғызған дұрыс. Өзім сабақты натюрморттағы заттардың атауларымен таныстырудан бастаймын. Сосын сурет сабағында қолданылатын сәкіге натюрморт салуға қойылатын заттарды орналастырамыз. Заттардың орналасуына қарай олардың орындарының ерекшеліктерін ескереміз. Мұндайда бір зат екінші заттың қалқасында қалып, сурет өз мәнінде шықпауы мүмкін. Сондықтан натюрморт қойылған сәкіні оқушылардың көз деңгейінен сәл жоғары тұратындай орналастыру керек. Осыдан кейін сурет салу қысқаша түсіндіріліп, заттардың орналасуына байланысты олардың перспективалық қысқаруы жөнінде мағлұмат беріледі. Оқушылар түсінбеген жағдайда тақтаны пайдаланған абзал. Сурет салкдың екінші бір тәсілі – жеке-жеке салынған заттардан натюрморт құрастыру.
Дамыта оқыту арқылы белсенділігін арттырудың тағы бір жолы: оқушылардың суреті салынатын заттардың сыртқы пішінін, түрін, түсін естеріне ұзақ сақтауы. Бұл әдісті қолданғанда 1-2 жеңіл затты алып, оқушылар алдына 5-10 минут қойған тиімді. Оқушылардың осы уақыт ішінде затты мүмкіндігінше естеріне сақтап қалулары керек, содан кейін зат орнынан алынады немесе матамен жабылады. Осыдан кейін оқушылар естеріне сақталған заттың бейнесін салады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда акварельмен сурет салудың да маңызы үлкен. Оқушылардың бояуларды бір-бірімен қосып, олардың қасиеттерімен танысады және оның үшінші түрін табу жолдарын үйренеді.
Дамыта оқыту арқылы белсенділікті арттыру өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгертеді, ал белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке тәрбиелейді, қарапайым заттарға эстетикалық биік талғам тұрғысынан қарауға және табиғат пен адам жасаған қайталанбас сұлулықты қорғай білуге баулиды. Сондай-ақ көркем мәдениет туындылары мен олардың қоғам өміріндегі мәні туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастырады.
Оқушылардың көру мен есте сақтауын, байқампаздықи қабілетін, бояу түстерін сезіне, ажырата білу дағдыларын қалыптастыру қажет. Ал бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарын меңгеру арқылы оқушылар шығармашылық қиял: кеңістікті елестету, бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құру, т.б. дағдыларын дамытады.
Дамыта оқыту арқылы оқушы
белсенділігін арттыруда
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда жоғарыда айтылған мәселелерден басқа мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері үйірмесінің де әсері мол. Онда оқушылар бейнелеу өнері сабағынан алған білімдерін толықтырып, кеңейтеді. Сонымен қатар, оқушылар жұмыстарынан көрмелер ұйымдастыру олардың шығармашылық қабілеттерін арттыра түсуге септігін тигізеді.
Қорыта келгенде, О.Бальзактің «Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру мұғалімге үнемі ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттакшы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар (В.А.Карковский, Е.А.Ямбург, А.Н.Тубельский т.б. мектептері).