Дамыта оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, доклад

Описание работы

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде.

Файлы: 1 файл

дамыта окыту.docx

— 29.38 Кб (Скачать файл)

Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал  жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

  • оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
  • оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
  • оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
  • оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;
  • белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
  • көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
  • оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
  • оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
  • оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
  • дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
  • жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау және т.б. жаттығулар).

Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:

  • мектепте және әрбір сыныпта, оқу тоьында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
  • оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге асырылуы;
  • оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
  • оқыту деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің болуы;
  • оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы;
  • оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінең кең қолданылуы;
  • оқушылар әжептәуір уақыт аралығында, мысалы, белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
  • балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
  • үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
  • оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
  • оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
  • оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.

Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б.

Балама мектеп идеяларын  дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында.

Осының барлығын іске асыру  үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне  құштар, яғни деонтологиялық әлеуеті  жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу – аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа – деп, ақылшы ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір ересек адамның сана-сезімінде салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт деп ойлаймыз.


Информация о работе Дамыта оқыту