Дидактика туралы тусінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание работы

Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:- арнайы;- жалпы логикалық білімдер.

Содержание работы

Кіріспе 4
1 Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде
Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы
1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
1.3 Оқу процесінің қызметтері мен принциптері
Дидактиканың ғылымилық принципінің жүзеге асыру жолдарының ерекшеліктері

Файлы: 1 файл

Дидактика туралы түсінік.docx

— 63.65 Кб (Скачать файл)

XIX ғасырдың  ортасында кең таралған Гербарт  теориясы кейін бірте-бірте маңызын  жоя бастады. Осы күнгі бағалармен  өлшестіретін болсақ, Гербарт жүйесі  мектептің дамуына кері ықпал  жасады. Осы теорияның негізінде  оқудың мақсаты дайын білімдерді  ұсынып, жаттату деген пікірлер  тарай бастады; оқу процесіндегі  белсенділік тек мұғалімнен ғана  күтілді, оқушыларға «тыныш, назар  салып, мұғалімнің айтқанын орындау»  міндеттері таңылды, яғни балалар  енжар тыңдаушыға айналды. Дегенмен, Гербарт дидактикасынсыз, одан  келер ықпал болмағанда, оның  тəрбие тəжірибесін сынға салып,  қайта қарастырмағанда, бүгінгі  теория мен практика мектеп  өміріне еш уақытта да енбеген  болар еді. Зерделі назар аударсақ, бүгінгі мектептің өзінде де  Гербарт қалаған əміршіл дидактиканың  элементтерін көптеп кездестіруге  болады. Осылайша, өз сыныбына қатаң  тəртіп енгізуді ниеттеген мұғалім  алдымен ойланғаны жөн –бұлай  істесем бола ма? Гербарт тəжірибесінде  бұл тəсіл қолданылған, бірақ  оқудағы шектен тыс қаталдықтан  ғұламаның кейінгі шəкірттері  бас тартты. Бұл өнеге – құптарлық. 

Оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты XIX ғасырда  жасаған американ философы, психологы  жəне педагогы Джон Дьюи дидактикасы  қоғам мен мектептің прогрессив дамуына қайшы келген гербартшылардың  əміршіл-əкімшіл педагогикасына қарсы  тұру мақсатында дүниеге келді. Гербарт  дидактикасына келесідей қарсы  айыптар тағылды:

- қатаң  тəртіп пен жазалауларға негізделген  үстірт тəрбие;

- өмірмен  байланыспаған оқудың «кітабилылығы» ;

- оқушыларға  тек «дайын» білімдерді ұсыну,  жаттауға бағытталған «енжар»  əдістерді қолдану; 

- оқушылардың  қызығулары жəне қажеттерімен  байланыспауы;

- оқушы  қабілеттерін дамытуға аз көңіл  бөлінуі. 

Дж.Дьюи өз зерттеуінде оқушылардың белсенділігі дамуына басты назар аударып, оқушылардың қызығуларына, олардың  өмірлік қажеттеріне байланысты болған оқудың (құрғақ сөзді, кітаби, тек  жаттауға негізделген оқудан гөрі) анағұрлым жоғары нəтижелер беретініне көз жеткізді. Дьюидің оқу теориясына енгізген негізгі үлесі – «толық ойлау əрекеттері (акті)» жөніндегі  жаңалық пікірі. Осыған байланысты адам өз өміріне аса күрделі де кедергі болған қиыншылықтарды кездестірген кезде ғана ойлау əрекетіне кіріседі. Əрбір «толық ойлау акті» келесі кезеңдерден құралады:

- қиыншылықты  түйсіну (сезу);

- оны  нақ байқап(көріп), мəнін анықтау; 

- одан  құтылудың жолдарын іздестіру  (болжам белгілеу);

- болжастырылған  шешімнен қорытындыға келу (гепотезаны  логикалық тексеріске салу);

- болжамды  қабылдау немесе одан бас тартуға  мүмкіндік беретін келесі бақылаулар  мен эксперименттерге өту. 

Шешімдерін  ойластырып, жеңу қажет «қиыншылықтар» кейін «проблема» атауын алды. Дьюидің  пікірінше, дұрыс құрылған оқу əр уақытта проблемді болуы тиіс. Оқушыларға берілетін тапсырмалар  олардың қызығуларына, өмір талаптарына  сəйкес болуы шарт.

Қазіргі заман демократияшыл дидактика  өзінің келесідей ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Бұл жүйе негізін объектив  заңдылықтар құрайды. Осының арқасында  қазіргі заман дидактикасы оқу  процесін түсіну мен талдауда  бір тараптылық көзқарастан құтылды.  Дидактиканың қазіргі күндегі  тұжырымдамасы оқу процесіне  жүйелі бағытта қатынас жасауға  негізделген, яғни осы жүйеліліктен  сезімдік қабылдау, білімдерді түсіну  жəне игеру, игерілген білімдер  мен ептіліктерді тексеру танымдық  процесте, оқу іс-əрекеттерінде табиғи  біртұтастыққа келтіріледі. Танымда  да осы сезім, ойлау жəне  практикалық іс-əрекеттердің өзара  бірдей уақыттағы ықпалдастығына  байланысты талаптар да іске  асып барады. Қазіргі дидактикалық  бағыт өткендегі дидактикалық  жүйелерге тəн теория мен практика, білімдер мен ептіліктер, баяндау  қабілеттері мен болмысты өзгерту,  сондай-ақ тікелей мұғалімнен  алынатын білімдер көлемі мен  оқушылардың өз бетінше жинақтайтын  білімдердің арасындағы қарама-қарсылықтарды  жойды. 

Дидактикалық жүйе түзуде комплекстік  бағыт-бағдар қажеттігі жөніндегі  түсінім бекіді. Мұғалімдер де, ғалымдар да балалар жөніндегі білімдер, оларды оқыту механизмдері, танымдық іс-əрекеттері, мақсаттары мен мотивтері бірлігіне  сүйенген дидактика ғана тұлғаның жан-жақты  жəне үйлесімді дамуына пайдалы  болатынын түсінді.

2. Бүгінгі дидактика жүйесіндегі  оқудың мəні оқушыларға дайын  білімдерді ұсыну, қиыншылықтарды  өз бетінше жеңу жəне оқушылардың  өзіндік жаңалықтар ашуымен шектелмейді.  Оны түбегейлі ажырататын сипат:  педагогикалық басқарудың оқушылардың  ынтасы, дербестігі жəне белсенділігі  мен саналы байланыс, қатынастарына  негізделуі. Бүгінгі дидактиканың  мақсаты – көзделген оқу деңгейіне  оқушы уақытын, күшін, оқу құрал-жабдықтарын  өз орнымен пайдаланып, балалардың  оқу жүктемесін жас сатылары  мен мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей  етіп жеткізу. 

3. Оқу мазмұнын анықтау бағыты  да өзгерді, оқу жоспарларын,  бағдарламаларын жəне оқу пəндерін  құрау принциптері де басқаша.  Гербарт заманында мектептік  оқу үшін қолданылған бағдарламалар  оқушылардың талаптарын, қажеттерін  жəне қызығуларын тіпті де  ескермейтін еді, интеллектуалдық  дамуда «кітаби білімдердің»  маңызын асыра дəріптеді. Оқудың  американдық моделінде көбінесе  оқушылардың жағдайға байланысты  өз бетінше туындайтын қызығулары  мен мезеттік белсенділігіне  аса көп мəн берілді. Нəтижеде, бағдарламалар білімнің жалпы суреттемесін беріп, ал жеке оқу пəндері жоғары сыныптарда ғана енгізілетін. Мұндай дидактикалық бағыттың ұнамды да, сондай-ақ ұнамсыз да тараптары болды. Жақсы болған тарапы – оқушы өз бетінше асықпай еңбектенумен қалаған саласында тиянақты дайындық көрді. Бірақ оның қорытынды білімі тар шеңбердегі проблемалармен ұсақталып, қажетті жүйе мен деңгейге жеткізілмеді.

Бұрынғы дидактикалық жүйелердің ұнамды сапалары жаңа дидактикаға өтіп, толыға түсті. Бүгінде жіктемелі (дифференцированные) оқу жоспарлары, бағдарламалары, курстері бүкіл əлемге тараған. Сонымен бірге, оқу пəндерінің бірігу (интеграция) процестері де өріс алып, олар оқушылардың  əрқилы қажеттері мен қызығуларына икемдестірілуде.

Сонымен, ежелгі заманнан бері балаларды  оқыту мен білімдендірудің жетілген жолдары іздестірілуде. Мұғалімдер көптеген бағыттарды өз тəжірибесінде  тексеріп, сынап көруде. Ғылым топтаған білімдердің аса құндылары, озық тəжірибе, дидактикалық жүйелерге енуде. Мектептің қазіргі заман білімдену  жүйесіне И.Гербарт жəне Д.Дьюи жүйелері көп ықпал жасады. Бірақ қазіргі  заман дидактикасы оқудағы бір  тараптылық принциптен бас тартып, бала жөніндегі ғылыми білімдердің  бар комплексін пайдалану теориясына ден қойды.

 

 

 

2.2 Дидактика  — жеке  адамның қалыптасуының маңызды кұралы реттінде

 

Танымдық іс-әрекет сезімдік қабылдаудың, теориялық ойлаудың және практикалық іс-әрекеттің бірлігі. Оқу іс -әрекетінің мазмұндық, процессуалдық  және мотивтік компоненттерін атап айтуға болады.

Оқу әрекеттерін сыртқы және ішкі әрекеттер деп бөлуге болады.

Сыртқы әрекеттер: заттық әрекеттер (жазу, сызу, сурет салу т.б.), перцепвтивтік әрекеттер (тыңдау, бақылау, көру), символдық әрекеттер (сөйлеу, сөз).

Ішкі әрекеттер: мнемикалық әрекеттер (есте сақтау, реттеу және ұйымдастыру), қиял әрекеттері, ойлау әрекеттері (танымдық іс- әрекеттері формалары: материлдық, сөйлеу және ақыл-ой).

Танудың негізгі құралы - ойлау. Ойлау операциялары: синтез, анализ, салыстыру, жіктеу, қорыту және т.б.

Оқудың маңызды компоненті – мотив. Оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бір-бірімен өзара байланысқан  үш тобын көрсетуге болады.

Оң немесе теріс эмоциялар, тұлғаның эмоционалдық жағдайларының  негізіндегі тікелей қозғаушы мотивтер: мазмұнның жаңалығы, жарқындығы, сыртқы атрибуттардың тартымдылығы; сабақты  қызықты өткізу; мұғалім тұлғасының тартымдылығы; мақтау, марапаттау алғысы келуі, төмен баға алудан, жазадан қорқуы және т.б..

Перспективті қозғаушы мотивтер негізінде оқыту пәнінің, жалпы білімнің әлеуметтік мәнін түсіну жатады. Мысалы, пәннің болашақта таңдаған мамандығын меңгерудегі маңызын түсіну.

Интеллектуалдық қозғаушы мотив  түбінде тану процесінің өзінен қанағат  алу жатады: білімге деген қызығушылық, оқу-танымдық есептерді шешу процесінің өзінен қанағат алу және т.б. Интеллектуалдық  қозғаушы мотивтердің ішінде танымдық қызығушылықтар мен қажеттіліктер  ерекше орын алады. Г.И.Щукина танымдық қызығушылықтардың үш деңгейін көрсетеді. Танымдық қызығушылықтың төменгі элементарлық деңгейі нақты фактілерге, сипаттама  түріндегі білімдерге, үлгі бойынша  әрекеттерге көңіл бөлумен сипатталады. Екінші деңгейде тәуелділіктерге, себеп-салдар байланыстарына, оларды өзінше табуға деген қызығушылықтар байқалады. Танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейінде терең  теориялық проблемаларға, білімді  игерудегі шығармашылық іс-әрекетке деген қызығушылық пайда болады.

Оқыту процесінің логикасы және игеру процесінің құрылымы.

Оқыту процесінің логикасын және білімді игеру процесінің құрылымын «нақты аңғарудан абстрактілік ойлауға және одан практикаға көшу» схемасына сәйкес бірлікте қарастыруға болады.

Нақты аңғару – түйсік, қабылдау.

Абстрактілік ойлау –ұғыну, мәнін түсіну.

Практика – білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану.

Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті оқыту процесінің негізгі  компоненттерінің бірі. Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекетінің мәні өсіп келе жатқан ұрпақтың интеллектуалдық, адамгершілік және дене қабілеттерін дамытуға арналған білім  мазмұнын меңгертуге бағытталған оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқару. Мұғалім тарапынан педагогикалық басшылық сабақтағы өзінің және оқушылардың іс-әрекетін жоспарлаудан және ұйымдастырудан, оқушылардың білімдерді және іс-әрекет әдістерін меңгеруге бағытталған белсенді және саналы іс-әрекеттерін ынталандырудан, олардың оқу әрекеттері мен білімділігі сапасын бақылаудан, оқыту нәтижелерін талдау мен оқушының тұлғалық дамуын болжамдаудан құралады.

Тәрбие  беру   міндеттері   білім беру мекемелерінде  оқушылармен  оқу уакытынан тыс жүргізілетін оқыту процесі мен тәрбие жұмыстары  процесінде шешіледі. Мұғалім мен  оқушылардың бұл саладағы қызметтерінің  әрқайсысының өздерінің айырмашылықтары  мен өздерінің ерекшеліктері  болады, алайда   олар   өзара   бөлінбестей   байланысты,   олар   бір   тұтас оқу-тәрбие процесін кұрайды.

Оқыту, мұғалімнің ерекше бағдарлы максат көздейтін қызметі ретінде, оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен және оларды танымдық және шығармашылық қабілеттілікпен қаруландыратын кең мағынасындағы тәрбиенің біртұтас маңызды бөлігі болып табылады.

Оқыту — жеке адамның  қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл-ойы мен жалпы білімін  дамытудың маңызды кұралы. Білім  мен ақыл-ойдың дамуы көптеген жолдармен және әрқилы түрде (радио  тыңдау, газет оқу, музейге бару және т. б.) бастап өздігінен білім алуға  дейін жүзеге асырылады, алайда оқытудан тыс білім алу көбіне - көп тұрақты  емес, жүйесіз түрде  жүреді.

Оқыту   процесі   әрқашанда   мұғалімнің   басшылығымен   өтеді.

Бірақ сонымен бірге білім  алу, іскерлік және дағдылану процестері —оқушының өзінің қызметі. Оны оқу  деп атап жүр. Хабарлама теориясы тарапынан алып қарағанда оқу  дегенді хабарды   кайта   өңдеу процесі деп түсінуге болады, оның жаңа хабарды   табуға   мүмкіндік беретін әрекеттер  жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ал оқыту ұғымы оқушыларды біліммен, іскерлік және дағдымен қаруландыру, олардың, таным және шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі мұғалімнің қызметіне  жатады.

Мұғалімнің жұмыс жүйесі оқудың ішкі механизмдерін білуіне, оқу процесінің барысында өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктерін оқушылардың сана-сезімдеріне қандай әрекет-әсер ететінін түсінуіне негізделген  кезде ғана тиімді болуы мүмкін. 

 Мектептің оқыту процесіндегі  жүйелілік оқу жоспары мен  оқу программаларында анықталған. Сондықтан программаның талабына  сай оқуды жүйелі түрде жүргізу  мынаны көздейді:

а) Оқу жылы бойынша әрбір  оқу пәндерінің материалын логикалық  ретімен орналастыру.

ә) Материалды мұғалім жүйелі де ретімен баяндау.

б) Ең қажетті міндет оқушылар жаңа білімдер мен бұрынғылардың  логикалық байланысын түсінуі тиіс.

в) Меңгерілетін деректі  материалдар мен қорытынды топшылаулар  оқушылар санасында логикалық түрде  орналасуы тиіс.

г) Мұғалімдер мезгіл-мезгіл өткен материалды жинақтап, қорытындылап отырады. Ол балалардың тақырыптық жеке бөлімдерін қалай түсінгендерін, есте қалғандарын анықтайды.

 Жыл аяғында оқушылар  пән бойынша не оқығанын, әр  бөлімдерден не ұғынғандарын, тақырыптың  бөлімдері бір-бірімен қалай байланысқандығын  айтып беруге тиіс.

Осылай оқушылар санасында  білімдер бір жүйеге түседі, білімнің ең негізділері мен мазмұндылары баса, бөле, асты сызылып көрсетіледі.

Информация о работе Дидактика туралы тусінік