Дидактика туралы тусінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание работы

Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:- арнайы;- жалпы логикалық білімдер.

Содержание работы

Кіріспе 4
1 Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде
Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы
1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
1.3 Оқу процесінің қызметтері мен принциптері
Дидактиканың ғылымилық принципінің жүзеге асыру жолдарының ерекшеліктері

Файлы: 1 файл

Дидактика туралы түсінік.docx

— 63.65 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

2.3 Таным теориясы жəне оқу

 

Оқудың  теориялық - əдіснамалық негізі - материалистік  таным теориясы (гносеология). Бұл  теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан  тыс жасайды, бірақ оны танып  білуге болады. Таным - бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі.

Шындық  пен нақты болмысты танудың диалектикалық  жолы – тікелей байқап, сезуден  бейнақты ойлауға, одан практикаға өту.

Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында  қандай да құбылыс не заттар жөнінде  түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Бейнақты (абстракт) ойлау əрекеті танымға  түскен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтауға, түсінік, пікір, ұғымдарды  игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мəнді, қажетті де тұрақты байланыстарды  ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуге мүмкіндік береді.

Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім  игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам жəне адамның психикалық процестерінің  даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.

Таным мен  оқу арасында жалпы ортақтастық  көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын  таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.

Алайда  таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу мүмкін емес:

- таным  –бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шəкірттердің жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген əрі қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге, оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, мұғалім болуын керек қылады, ал ғалым тұлғааралық қатынастарды көбіне қажет етпейді.

- жаңалықтар  ашуға арналған таным процесі  ұзақты кезеңдік ғылыми ізденістерді  қажет етеді. Ал оқу процесінде  белгіліні қайтадан ашып, игеру  жолы қысқа əрі мұғалім шеберлігімен жеңілдетіледі;

- таным  процесі материалдық не рухани  нысандарды қабылдауды талап  етеді де, ал олардың шынайылығын  практика дəлелдеуі тиіс. Оқу  барысында мұғалім білім игеру процесі бөліктерін ауыстыруы жəне оны практикалық ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жүргізуі мүмкін.

Сонымен, таным мен оқу процесі арасында қаншалықты ортақтастық болса, соншалықты айырмашылық та бар. Оқу процесі оқушының психикалық іс-əрекеттерінде жүріп жататын заңдылықтар негізінде өзіне ғана тəн ішкі қисындылық (логика) бойынша орындалады.

 

Қорытынды

 

Біртұтас  педагогикалық процесті құраушы  екі басты бірліктің біреуі –  оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.

Ежелгі  жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды.

Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың  дидактика деп аталатын бөлімінде  зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған.

Дидактиканың  негізгі міндеттері В.Ратке заманынан  бермен қарай бірде өзгерместен  келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым.

Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын  заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар  тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру  формалары мен құрал-жабдықтарын  белгілейді. Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу  жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.

 

Қолданылған Әдебиеттер тізімі

 

  1. Педагогика. Дәріс курсы. А., 2003ж.
  2. Сарбасова К.А., Шаушекова Б.К. Педагогика негіздері. Қ., 2004ж.
  3. Сластенин Б.А. Педагогика. М., 2002ж.
  4. Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 1996ж.
  5. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс.
  6. А., 2002ж.
  7. Журавлев Я.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики. М., 1988
  8. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990
  9. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. “Педагогика”, А., 2004ж.
  10. Подласый  И. П. “Педагогика”, М., 2000ж.
  11. Харламов  И. Ф. “Педагогика”, М., 1996ж.
  12. Педагогика тарихы. Педагогикалық Университетке арналған оқулық қосымшалары. (2 томдық), (РАО академигі А.Н. Пискунова редакциясынан.-М: ТЦ "Сфера",1998ж.

Информация о работе Дидактика туралы тусінік