Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 08:33, доклад
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек.
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Студенттің таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: 1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
Модель – көрнекі түрде
жазбаша жоспар, сызба ретінде
жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық
уақытта біздің ойымызда бейнеленетін
прототип пайда болғанға дейін жасалады.
Бір объект үшін әр түрлі модель
жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы
зерттеу мақсатына және прототип
жөнінде жинақталған
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Қолдану аймағы.
2. Модельде уақыт факторын ескеру.
3. Білім саласына қарай топтау.
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірбиелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
Ғылыми-техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірбие нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.
Материалдық модельді басқа
сөзбен заттық немесе физикалық деп
айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық
және физикалық қасиеттерін
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы
мен шарттарды талдау негізге
алынған іс-әрекеттерді
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Кез келген жұмысты қолға
алмас бұрын, берілгені мен соңғы
нәтиже және орындалатын іс-әрекет
кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу
кезінде бастапқы зерттелетін объект
– прототип болады. Модельдеудің соңғы
кезеңі шешім қабылдау болып табылады.
Модельдеу арқылы зерттелген модельдің
жаңа объектісін құруға, бар объектіні
жақсартуға немесе қосымша ақпарат
алуға болады. Модельдеудің негізгі
кезеңдері есептің қойылу шарты
мен мақсатына қарай
1-кезең. Есептің қойылымы.
Бұл кезеңде берілген бастапқы
мәліметтермен қатар мақсатын
анықтау және объектіні немесе
процесті талдау анық
2-кезең. Модель құру. Ақпараттық
модель. Бұл кезеңде элементар
объектілердің қасиеттері, күйі
және басқа да ерекшеліктері
кез келген пішінде, яғни
3-кезең. Компьютерлік
эксперимент. Жаңа
4-кезең. Модельдеу нәтижесін
талдау. Модельдеудің соңғы мақсаты
– шешім қабылдау болып
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады
Жобалау — жобаның кешенді техникалық құжаттамасын дайындау процесі. Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстарды, өндіріс орындарын, т.б. тұрғызу, салу (қайта құру) не жасау үшін пайдаланатын техникалық-экономикалық негіздеуді, есептеуді, сызбалар, модельдер, түсініктеме жазбалар, т.б. дайындауды қамтиды. Ж. нысандарды бейнелеу түріне байланысты сызбалық жобалау және көлемдік жобалау болып ажыратылады. Жобалау процесін жылдамдату үшін автоматтандырылған сызғыш құрылғылармен жабдықталған ЭЕМ-і бар автоматтандырылған жобалау жүйелері қолданылады. Бөлшектер өлшемдерін құралымдық унификациялау (біркелкілендіру) және модульдік координаттау жүйесі өндіріске енгізілгеннен кейін, базалық құралым негізінде бұйымдардың бірқатар өзге түрлерін алуға мүмкіндік беретін жобалаудың сериялық тәсілі жолға қойылды. Әр түрлі өндіріс салалары бойынша жобалау арнайы жобалау мекемелерінде (институттарында) орындалады
«Жобалар әдісі» білім беру
ресурсы: Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының
ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық
дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен
құрастыра білу икемділігін, ақпараттық
кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту,
сын тұрғыдан ойлауын дамыту»
Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім
жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау
іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала
ескеретін мәселелерге деген оқушылардың
қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін
тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін,
рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды)
дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді,
ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді
әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың
анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін,
күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді
логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге
негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі біріншіден
– қандай бір мәселені шешуді, екіншіден
– нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Жобалар
әдісі – қандай да бір түрде безендірілген,
нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен
аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы
дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі.
Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының
мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе
теориялық мәнді мәселені шешу арқылы
алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық
бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік
іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға
болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды,
әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын
қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші
жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан,
техникадан, технологиядан, шығармашылық
салалардан білімді қолдану икемінің,
білімнің интегралдануының қажеттілігін
болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері
«көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық
мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі,
егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын
нақты нәтиженің болуы.
Жобалап оқыту түзу
болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже
ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге
дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын
білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары
білім беру жүйесінде ерекше орын алады.
Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер
өздері өз таңдауларын жасайды және өздері
талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
- тәжірибелік құндылықтары болуы;
- студенттердің өзіндік зерттеулерін
жүргізуінің болжауы болуы ;
- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және
оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз
болуы;
- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында
оралымды болуы;
- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің
болжауы болуы;
- студентке өз қабілетіне сәйкес білім
алу мүмкіндігін беруі;
- кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің
қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
- студенттер арасындағы өзара әрекеттерін
реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен
және технологиялармен салыстырғанда):
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар
ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология
зерттеушілік, ізденістік және мәселелі
әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне
қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар
әдістері – тек шынайы білім шоғырына
ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім
алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы)
бағытталған педагогикалық технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық
өңделген және құрылымдалған компоненті
болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы
нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық
білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының
үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалардың түрлері: Жобаларды түрлерге
бөлудің негізі болып келесі белгілер
табылады: - Жобада басты іс-әрекет: зерттеу,
іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы
(тәжірибелік бағытталған), таныстырулық
бағытталған және т.б. (зерттеу жобасы,
ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық);
- Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно
жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық
жоба; - Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік
(бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес,
телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға
қатысушыны имитациялау); - байланыстың
сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ,
елдің және әр түрлі елдер арасындағы
қатысушылар үшін;
- жобаға қатысушылардың саны; -жобаның
ұзақтығы.
Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері
(сипаттаудың мүмкін нұсқалары):
I нұсқа. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс
жасаудың келесі кезеңдері анықталады:
іздеу, конструкторлық, технологиялық,
қорытынды.
Іздеу кезеңі: - Мәселені іздеу және талдау.
- Жоба тақырыбын таңдау.- Кезеңдер бойынша
жобалау іс-әрекетін жоспарлау. - Жоба
тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау,зерделеу,өңдеу.
Конструкторлық кезеңі:
- Жоба тапсырмасының оңтайлы
шешімін іздеу.
- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым
нұсқаларын зерттеу. -Дайындау технологиясын
таңдау. -Экономикалық баға беру. -Экологиялық
сараптама жасау.
-Конструкторлық және технологиялық құжаттарды
құрастыру.
Технологиялық кезең:
-Жобаны тәжірибеде жүзеге
асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды,
құралдарды және құрылғыларды таңдау.
- Жоспарланған технологиялық операцияларды
орындау.
- Сапаға ағымдық бақылау жасау.
- Қажет болған жағдайда құрылымға және
технологияға өзгерістер енгізу.
Қорытынды кезең:
- Жобаның орындалуының
сапалық бағасы.
- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді
талдау.
- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы
мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату,
жобалар банкіне қосу, жариялау).