Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 09:09, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеттері:
Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал – тәсілдері;
Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы;
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың мақсаты мен міндеті;
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдары
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазақ елі өз алдына отау тігіп, іргелі мемлекеттердің біріне айнала бастағалы мектептерде қазақ тілін оқыту мәселесі күн тәртібіне қатаң түрде қойылып отыр. Оның себебі мемлекеттің мемлекеттік тілсіз өмір сүруі мүмкін емес. Міне, сондықтан қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының бар саласы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту, аса өзекті мәселелердің біріне айналды. Себебі тілі дамымаған баланың ойы дамымайды. Ал ойсыз шала баланың келешекте елін, жерін сүйетін адал азамат болып өсуі екіталай. Міне, осы тұрғыдан келгенде тіл дамыту жұмысын неден?, қалай? бастау керек деген аса күрделі сұрақ туады. Мұны шешудің ең бірінші жолы бала тілін есім сөз меңгерту арқылы байыту. Дүние жүзі ғалымдары Каримов, Рыбако, Гоноболин, Лесбаев, Битаев дәлелдегендей бала тілі алғаш рет есім сөздерді пайдалану арқылы шығады. Сол сөздер арқылы өзінің ойын білетін т.б. сөздерді жеткізеді. Олай болса, бастауыш мектепте балалардың сөздік қорын есім сөздерді жан-жақты меңгерту арқылы молайту ең өзекті мәселенің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндеріндегі зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту арқылы анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмысты жазу барысында шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.
Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз таптары. Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті, сондықтан тілде зат есім, сын есімдердің туынды сөздері өте көп. Бірақ сан есім де – туынды сөздерге өте бай сөз табы, он бір саннан бастап, миллион, милиардқа дейінгі күрделі сан атаулары – сан есімнің туынды сөзге байлығына дәлел. Әрине, үстеудің сөзжасамы туралы бұл пікірді айтуға болмайды, үстеу – туынды сөзге кедей сөз табы.
Бұл есім сөздердің бәрінің
де өзіндік сөзжасамы барын
Осы жағдай әр сөз табының сөзжасамын қарайды талап етеді, өйткені әр сөз табының сөзжасамынының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, зат есім сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етеді, сан есімде негізінен аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Осы байланысты есім сөздердің сөзжасамы етістік сөзжасамымыен салыстырғанда, ортақ қасаиеттері бір топ құрғанымен, іштей ерекшеліктерге де бай.
Синтетикалық тәсіл етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық жұрнақтармен байланысты. Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының негіз сөзге жалғанып, оның мағынасын өзгертуі не түрлендіруі синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп аталады. Мысалы, көгер, жасар, тыңда, өозға, сөйле, оқыт, сөндір, т.б.
Тілде негіз сөздер жұрнақсыз да қолданылады. Мысалы, Үлкенмен ақылдас. Ақылы бар бала деген сөйлемдердегі ақылдас туынды түбірінің негіз сөзі ақыл екінші сөйлемде дербес сөз қызметінде қолданылып тұр. Бұл – негіз сөз атаулыға тән құбылыс. Бірақ аздаған туынды түбір етістіктердің негіз сөздерінде қазір бұл қасеит жоқ. Мысалы, оян, оят, аңқай, тыңқи, жымпи, семір, жұбат, т.б. сияқты бір топ туынды түбір етістіктердің жұрнақтары анық көрініп тұрады да, негіз сөздері жұрнақсыз жоғарыдағыдай жеке қолданылмайды, бірақ олар туынды түбір етіктік деп аталады. Ал олардың негіз сөзі бір кездері дербес сөз болғанымен, қазіргі тілде түбір сөз ретінде қолданылмайды. Мұндай түбірлерді орыс тіл біліміндегідей байлаулы түбір деуге болады. Байлаулы туынды түбір етістіктер жұрнақтары арқылы танылады, өйткені ондағы негіз сөздер қазіргі тілде қолданыста жоқ.
Тіліміздегі барлық сөз
өзіне тән грамматикалық
Категориялық мағына деп әр сөз табына қатысты сөздердің жалпы ортақ мағынасын айтады. Мысалы, зат есімнің категориялық мағынасы – зат ,сын есімдікі – сын, сапа ,белгі, етістіктің мағынасы – қимыл, қозғалыс мағыналары.
Категориялық мағыналардың жалпы ортақ болып келетіні лексикалық мағынамен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, жақсы, жаман, үлкен, ұзын, қысқа сөздері лексикалық мағыналарына қарағанда 5 түрлі сөз болып тұр.
Ал осы сөздердің жалпы мағынасы – белгіні білдіру. Сондықтан бұл категориялық мағынасымен сын есімге жатады. Немесе жаз,қаз,отыр, шап сөздері қимыл мағынасын беріп,етістікке жатады.
Морфологиялық белгіге қарай сөз таптарына бөлгенде түрлену не түрленбеуіне (көптелу, тәуелдену, жіктелу т.б.) және грамматикалық категорияларына қарайды.
Түрленетін сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер жатады.
Түрленетін сөздер өздеріне тән жүйелерімен ерекшеленеді. Мысалы: зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Ал сын есім, сан есім де сырттай қарағанда көптелетін (жақсылар), септелетін (жақсының жақсылығын айт), тәуелденетін (жақсысын біліп ал)сияқты көрінгенмен, олар субстантивтеніп кетеді.
Әр сөз табының (түрленетін сөз таптарының) өзіне тән грамматикалық категориясы болады. Мысалы, зат есімге көптік, септік, тәуелдік категориясы: етістікке жақ, шақ, етіс, рай категориялары тән. Түрленудің ерекшеліктері басқа сөз таптарынан үстеуге айналған сөздерде де ерекше аңғарылады. Мысалы, бірге жүр дегендегі бірге үстеуі түрленбейді, ал бірге бірді қос дегендегі бірге зат есімнің барыс септік формасы болғандықтан бірдің, бірді, бірде, бірден болып өз парадигмасы бойынша септеліп шығады. Бұған себеп үстеуге айналған сөздің о бастағы грамматикалық мағынасынан алыстап кеткендігі.
Синтаксистік ерекшелігіне қарай сөздерді сөз таптарына бөлуде екі мәселе ескертілуі тиіс: Сөздердің бір-бірімен синтаксистік байланысы және синтаксистік қызметі. Сөз таптарының бір-бірімен байланысы бірдей болып келе бермейді. Мысалы, сан есім мен үстеуді, зат есіммен еліктеуішті байланыстырып қолдануға болмайды.
Сөз таптарын жүйелегенде атау сөздер (толық мағыналы сөздер), көмекші сөздер(толық мағынасы жоқ сөздер), одағай сөздер деп үш топқа бөлу дәстүрі бар.
Атау сөздерге есімдер (зат есім,сын есім, сан есім, есімдік), етістіктер, үстеу, еліктеу сөздер жатады.
Атау сөздер айналадағы шындықты (зат, белгі, сан, процесс т.б.) аңғартып, олардың атауы ретінде қолданылады және олар сөйлем мүшесі бола алады.
Көмекші сөздерге көмекші есім, шылаулар (септеулік, жалғаулық, демеулік) және көмекші етістіктер жатады. Бұлар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, атау сөз болатындай толық мағынасы жоқ, тек атау сөзбен селбесіп грамматикалық мағынаға ие болады.
Одағай сөздер сөйлемдегі қолданылуымен де, берер мағынасымен де барлық сөз таптарына ұқсамайтын ерекшелікке ие. Олар басқа сөзбен байланыспайды,синтаксистік байланыста болмағандықтан сөйлем мүшесі қызметін де атқармайды.
Сонымен, сөз таптары дегеніміз
– семантикалық-грамматикалық
Қазақ тілінде сөз таптары мыналар: 1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім , 4) есімдік, 5) етістік, 6) шылау, 7) үстеу, 8) еліктеуіш сөздер, 9) одағай.
1.2 Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі есесі де, еншісі де мол сөз табы – зат есім.
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.
Сурет 1.1 - Зат есімнің мағыналық түрлері
Жалпы есімдерге мысалы жатады: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отын, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
Жалқы есімдерге мысалы жатады:
Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.
Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).
Көптік мәнді есімдер деп затты жеке - даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.
Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жеке дара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.
Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атаулаырнда ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар.
Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.
Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:
1. Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ, боза, шай, тұздық т. б.
2. Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б.
3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б.
4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б.
5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б.
6. Жаратылыс құбылыстарының
Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдерде (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т.б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.
Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.
Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.
Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады. Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемалағра (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
1. Біріккен зат есімдер,
2. Қосарлаған зат есімдер,
3. Тіркес (құрама) зат есімдер,
4. Қысқарған зат есімдер.
Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Информация о работе Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал - тәсілдері