Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал - тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 09:09, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал – тәсілдері;
Зат есім мәні және оның түрлері, жасалуы;
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың мақсаты мен міндеті;
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдары

Файлы: 1 файл

Есім сөздер.doc

— 239.50 Кб (Скачать файл)

І. Ой шақыру; ІІ. Мағынаны тану; ІІІ. Ой толғаныс.

Әр кезеңнің өзіндік  ерекшелігі бар. Бірақ бұлар бір-бірімен  өте тығыз байланысты болып келеді.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын әдістер

Оқушының тақырып жайында  не білетінін анықтау, белсенділігін арттыру, алдағы жұмысқа қызығушылығын ояту.

Оқушы бұрын білетіндерін еске түсіреді, оны жүйелейді, өз көршісімен бөлісіп ойын ортаға салады және жаңа білім жайлы болжамдар жасап, сұрақтар қояды.

  • кесте стратегиясы
  • топтау стратегиясы
  • сұрақ стратегиясы, т.б.

 

Кесте 2.4 - Ой шақыру кезеңі.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын әдістер

Оқушы қызығушылығын  сақтау, бұрынғы білетіндері арқылы біртіндеп жаңа білімді игеру.

Оқушы мәтінді оқиды, тыңдайды. Әр түрлі белгілер қойып, оны талдайды, жазбаша жұмыс түрлерін жүргізеді, көптеген тапсырмалар орындайды, яғни жаңа білімді өзі игеруге әрекет жасайды.

  • сұрақ стратегиясы
  • күнделік стратегиясы
  • джик со стратегиясы т.б.

 

Кесте 2.4 - Мағынаны тану кезеңі.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын әдістер

Оқушының сабақтың басында  жасалған жұмысына қайта келіп оны  толықтыру, өзгеріс енгізу.

Жаңа ақпарат арқылы бұрын білетінін толықтыру, яғни не үйренгенін саралау.

  • кесте стратегиясы
  • синквейн стратегиясы
  • эссе стратегиясы, т.б.

 

Кесте 2.5 - Ой толғаныс кезеңі.

 

Сын тұрғысынан ойлауды  дамыту бағдарлымысы көптеген стратегиялардан  немесе әдістерден тұрады. Бұл әдістердің өзіндік қолдану ерекшеліктері бар. Енді сол әдістердің ішінде қайсысы зат есімнің грамматикалық категорияларын меңгертуге тиімді екенін қарастырып көрейік.

Топтау стратегиясы. Тақырып мазмұнын ашатын негізгі сөздерді графикалық бейнелеу. Бір-бірімен байланыстыра отырып, мәтінді дөңгелектермен сызықтар арқылы жүйемен топтау. Мысалы, ең ортасындағы дөңгелек тақырып, ал айналасындағы осы тақырып мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар. Мысалы, сен зат есімнің грамматикалық категориялары туралы не білесің? деген сұрақ бойынша жасаған оқушының жұмысына назар аударайық.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.2 - Зат есімнің грамматикалық категориялары

 

Венн-диаграммасы. Айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілері сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуінің ортақ белгілері жазылады.

 

жіктік жалғауы                                                  тәуелдік жалғауы


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.3 - Венн-диаграммасын мағынаны тану кезеңінде қолдану

 

Сұрақтар стратегиясы. Тақырып бойынша екі түрлі сұрақ қойылады. Бірі – күрделі, екіншісі – жеңіл. Оқушыға сұрақ қоюды үйретудің маңызы зор. Сұрақ неден туады? Қызығушылықтан, білмегендіктен, біреулерді тексеру үшін т.б. Сұрақ ойдан туады. Өз тыныштығын қалаған, ешнәрсеге қызықпаған адам сұрақ қоймайды, өйткені сұрақ ойымызды мазалауы мүмкін. Қандай сұрақ қоямын, қалай қоямын т.б. сұрақ қою әдісін сабақтың үш кезеңінде де пайдалануға болады.

Кестелер стратегиясы. Тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстарды графикалық бейнелеу.

  1. синтез кестесі

Сабақтың «ой шақыру»  кезеңінде мұғалім оқушыларға осы  сабақта өтілетін тақырыпты және қарастыратын сұрақтарды хабарлайды. Берілген ақпарат бойынша оқушылар бүгін өтілетін тақырыппен жұмыс істеу барысында кездесуі мүмкін және осы тақырыптың мазмұнын ашады-ау деген сөздермен мына кестенің 1-ші бағанасын толтырады.

 

Тақырыптың мазмұнын ашатын негізгі сөздер

Негізгі сөздермен байланысты фразалар

Мен үшін бұл ой неліктен маңызды

Тақырыпты өткенге дейін 

1

2

Тақырыпты өткеннен кейін

   

 

Кестенің қалған бағандарын тақырыппен танысқаннан кейін «мағынаны  тану» кезеңінде толтырады. Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Бұл әдісте оқушы тақырып бойынша өз ойын жазбаша білдіреді де, мынадай тапсырмаларды орындайды.

 

Бұл тақырып бойынша  маған не белгілі еді?

Тақырыптан мен қандай жаңа ақпарат алдым?

   

Ережеден үзінді

Ереже туралы пікір

 

 

 

«Ережеден үзінді» бөліміне оқушы өзіне әсер еткен, ұнаған тұстарын немесе керісінше, қарсы пікір тудыратынын, кейде келіспейтін тұстарын жазады. Келесі бағанға оқушы ережеден келтірілген үзінді туралы өз пікірін білдіреді, яғни, ол тұс несімен әсер етті, нені еске түсірді, жалпы себебін түсіндіреді. Күнделік жазғаннан кейін жұпта талқылау, топпен ой бөлісу жұмысын жүргізуге болады.

 

Ережеден үзінді

Осы үзінді маған несімен  әсер етті?

Мұғалімге сұрақ

 

 

 

 

Бұл әдіс арқылы оқушы  ережемен ғана емес, сонымен қатар  оқығаны туралы мұғаліммен де бөліседі. Күнделікті жазу арқылы оқушы жаңа сабақты өзі меңгеруге әрекет жасайды. Күнделіктің нақты тапсырмаларын орындау нәтижесінде оқушының ойлау әрекеті туындайды. Ол тақырыптан не үйренгенін және оған әсер еткен тұстарды, әсердің себеп-салдарын түсіндіруге тырысады. Мұғалім өзінің шеберлігіне қарай күнделіктің басқа түрлерін де ұйымдастыруына болады. Күнделік жазу әдісін «мағынаны тану», «ой толғаныс» кезеңдерінде қолданамыз.

Сын тұрғысынан ойлауды  дамыту бағдарламасы дамыта оқыту жүйесінің  барлық қағидаларын ескереді. Атап айтсақ, «жоғары қиындықта оқыту», «баланың оқу процесін сезінуі», «балалардың барлығын дамыту» т.б. сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалу шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
  2. оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
  5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
  6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылар осыған байланысты:

  • Сенімділікпен жұмыс жасау;
  • Бар ынтасымен оқуға берілу;
  • Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
  • Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

  • Мен зат есімнің грамматикалық категориялары туралы не білемін?
  • Осы мазмұнна алған ақпарат менің бұрынғы осы тақырып туралы білетініме сәйкес пе?
  • Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адам баласының барлық таным процестері тіл заңдылығын білуден, оқудан, ой сауатын ашудан басталады. Сондықтан зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың маңызы ерекше зор.

Мектепте оқушы зат  есімнің грамматикалық категорияларымен танысады, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі өзгерісін, олардың ғылыми жүйесімен әр алуан фактілерін зерттеп біледі. Соның нәтижесінде оқушылар өздерінің тілден алған білімдерін молайтады, жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін жетілдіреді, грамматикалық, орфографиялық ережелерді үйренеді, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын қалыптастырады. Оқушылар зат есімнің грамматикалық категорияларын оқу арқылы қазақ халқының ана тіліндегі сөз байлығын меңгереді, сөздерді түрлендіріп, олардан алуан түрлі ұғым беретін мағыналарды туғызады, сөйлемдер құрап логикалық ойын дамытады, соның нәтижесінде грамматикалық категориялар мен оның қызметін талдап білетін болады. Мысалы, ақыл, айып, аз, адам, ел, сыйла деген сөздерді грамматикалық байланысқа енгізбей, осы қалпында атайтын болсақ, оқушылар ондағы сөз мағынасын түсінгенмен, олардан тиянақты ой түйе алмайды. Егер осы сөздерді грамматикалық байланысқа енгізіп:

1. Болат әкесінің ақылын  тыңдады. 

  1. Арсыз адамды ел сыйламайды, десек, белгілі бір тиянақты ойды білдіреді. Бұдан оқушылар грамматикалық категорияның қызметін түсінеді. Зат есімнің грамматикалық категорияларының бұл сияқты қызметтерін оқушылар мектеп жасына дейін ана тілінің сөйлеу нормасында практикалық тұрғыда білетін болса, оны ғылыми тұрғыда  оқып үйренеді, өздері ізденіп олардың ішкі заңдылықтарын түсінеді.

Зат есімнің грамматикалық  категорияларының ғылыми жүйесін оқушыларға білгізу үшін, оның өзіне тән белгілерін дұрыс танытатындай және практикада қолдана білуге жол ашып, үйрететіндей әдіс-амалдарын қолданып отыру керек болады. Ол үшін қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер оқушыларға зат есімнің грамматикалық категорияларының ғылыми жүйесін жаттамалы түрде оқытпай, оның тілдегі нақтылы қызметін көрсете отырып, оған оқушылардың өздерін іздендіру жолымен байқата үйретсе және оқушылар шығармашылық тұрғыда біліп, практикада қолдана білсе, сонда ғана оқушылар зат есімнің грамматикалық категорияларын саналы түсіне алады. Бұл талаптарға сай болу үшін, мұғалім қазақ тілін оқыту әдістемесін терең біле отырып, оларды бір түрлі әдіспен ғана түсіндірмей, әр түрлі әдістерді қолданып, ол жөнінде оқушылардың өздерін іздендіріп отырады.

Жоғарыда айтылғандардан зат есімнің грамматикалық категорияларын жақсы білгізу оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дұрыс сөйлей білуге және сауатты жазуға үйрену жағынан маңызы ерекше зор екендігін байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003 ж.
  2. Құрманәлиева З. Реңк мәнді туынды зат есімнің мағыналық құрылымы, Алматы, 2004 ж.
  3. Салқынбай А. Қазақ тілінің сөзжасамы, Алматы, 2008 ж.
  4. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, «Қайнар» 1993ж.
  5. Исаев С.М., Назарғалиев К., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі. 6-сынып, (оқулық) Алматы, «Атамұра» 2002ж.
  6. Исаев С.М., Қасымова Г. Қазақ тілі. 7-сынып (оқулық), Алматы, «Атамұра» 2003ж.
  7. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, «Қазақ университеті» 1993 ж.
  8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, «Рауан» 1992 ж.
  9. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының мәселелері. Алматы, 1996 ж.
  10. Қараев М.Ә. Қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі» 1993 ж.
  11. Қойшыбаева А. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы, «Рауан» 1996 ж.
  12. Құлм<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style="

Информация о работе Есім сөздер және оның сөзжасамы, амал - тәсілдері