Халық педагогикасы тәсілдері, оларды қазіргі отбасы тәрбиесінде қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 16:58, реферат

Описание работы

Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Халық педагогикасы.....................................................................................5
1.1 Халық педагогикасы – тәрбие көзі……………………………………10
1.2 Халық педагогикасының негізгі қағидалары........................................11
1.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні..............14
1.4 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні...............15
II. Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................18
2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен
Бағыттары................................................................................................19
2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі...........22
2.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі..29
Қорытынды.....................................................................................................36
Қосымша………………………………………………………………………..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................39

Файлы: 1 файл

курсавой.docx

— 87.94 Кб (Скачать файл)

Жас ұрпақты  саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің бірден-бір парызы.

Қазірге кезде өсіп келе жатқан жас ұрпақты  тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны  қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.

Халықтық  педагогика – ұлттар мен ұлыстардың ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі  ұлттық өдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы.

Бабаларымыздың  игі дәстүрлерін сақтай отырып, өз ұрпақтарымызды адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі қасиетті, ар ожданды  қылып өсіру тәрбиешінің, ата-ананың басты міндеті. Сондықтан саналы, салауатты, халқымыздың барлық дәстүріне, әлем мәдениетіне қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ  тәрбиелеу әр отбасына және мектепке дейінгі ұйымдағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты.

Қазақстан Республикасының білім беру саласы бүгінгі басты міндеттерінің  бірі-ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жас бүлдіршідерге терең білім  мен тәрбие беру керек деген. Мектепке дейінгі тәрбиенің 2009 жылғы жаңа оқу стандарты бойынша «Біз мектепке барамыз» бағдарламасында ұлтжандылық  пен халқымыздың мәдени –тарихи  дәстүрлері кезінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарын дамыту міндеттері кіргізілген. Мектепке дейінгі  мекеме қызметкерлері бағдарламаларға  сүйене отырып, өзіміздің білім мен  тәрбие беріп отырған мектебімізде халық педагогикасы негізінде жұмыстар жүргізіледі. Әр саланы, бөлімді оқыту кезінде қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлермен шебер ұштастырып, бала бойына ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезім қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да пәрменді жүргізуге күш салу әр тәрбиешінің басты міндеті.

Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы серпінді өзгерістер білім беруді әлемдік кеңістікпен  ықпалдастыру талабын қойып отыр. Жаһандану дәуірінде ұлт ретінде жойылып кетуге соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және халықтық тәжірибеге тән тәрбиенің мазмұнын сақтап қалу үшін өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды зерделеуге, рухани құндылықтарымызды саралап, оны білім беру жүйесіне кешенді ендіру арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлттық негізде құруға басты мән беру өте маңызды. Қазақ халқының тарих қойнауында қанша ғасыр өтсе де, тәлім- тәрбиелік мәнін жоғалтпаған ұлттың болмысына, сана-сезіміне, тұлғалық сипатына сай жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар қатарына жататын асыл дүниелер бар екені белгілі. Осындай рухани құндылықтарды тәрбиенің мазмұнына арқау ету жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі педагогика ғылымының тарихына жаңаша көзқарасты қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    2.2  Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман  талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу  секілді жауапты міндеттерді  жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай  ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір  жолы ол – өсіп келе жатқан ұрпақты  эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны  халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға  болады.

Қазақстанда халықтық педагогикалық ойларды  бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған  біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.

Халықтық  педагогика этнопедагогиканың зерттеу  пәні болып табылады. Этнопедагогика халықтық педагогиканы түсіндіреді  және қазіргі жағдайда жанұяда, мектепте оны қолданудың жолдарын ұсынады, этникалық  топтардың тәжірибелерін жинап, зерттейді.

Халық педагогикасымен  айналысушылар қоғам дамуының алғашқы  сатыларында–ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогиксының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. әлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай  тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа  қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде  халықтық педагогиканы қолдану өте  маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері  олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға  мүмкіндік береді. Біз әр адамның  адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты  дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың  сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез  – құлқы айқындалады. Осыдан келіп  адамның әсемділікке шынайы көзқарасы  мен мұраттары болуы керек  екендігі шығады. Оқушылардың жалпы  мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің  маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты  сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек  эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен  ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық  сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен  айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек.

Этнопедагогика  ұғымын айналымға тұңғыш енгізген чуваш  ғалымы Г.Н. Волков. Этнопедагогика –  халықтың тәрбиелік тәжірибесін, оның көзқарасын зерттейтін ғылым, сонымен  қатар тұрмыстық педагогикасы, ұлт, ру, тайпа педагогикасы туралы ғылым. Зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбиесі жөніндегі ұғым түсініктері, дәстүрлері,

тәжірибесі  болып табылатын ғылым саласы ретіндегі этнопедагогика қалыптасу, даму үстінде. Әсіресе соңғы жылдары  оның зерттеу пәні, әдістері туралы, халықтық

педагогикалық идеяларды бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында жүзеге асыру  жолдарының мәселелері туралы зерттеулер едәуір көп. Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы мен  дамуы, қазіргі жайы жан-жақты сөз  етіліп, оның теориялық - әдістемелік  мәселелерін анықтауға бағытталған  еңбектердің маңызы айтарлықтай. Өкінішке орай, көптеген зерттеуші ғалымдар бұл мәселенің соншалықты көкейтестігіне үстіртін қарайтын секілді.

    Көрнекі қазақ ғалымдары А.  Байтұрсынов, М. Дулатов, М.  Жұмабаев, Ж. Аймаутов халықтық  педагогиканың тәжірибесін зерттей  білуге ерекше мән берді. Сонымен  қатар, этнопедагогика, халықтық  педагогика мәселелеріне қатысты  ой түйіндерді Г.Н. Волков, К.Ж.  Кожахметова, Е.Л. Христова, З.Ә.  Әбілова, Қ.Б. Жарықбаев, Ә. Табылдиев  сияқты ғалым зерттеушілердің  осы мәселені жан-жақты зерттеген  еңбектерінен кездестіреміз. 

Алайда  халықтық тәрбиенің зерттелу тарихына шолу халық шығармашылығына арналған зерттеулер мен жарияланымдарда  оның ерте заманнан келе жатқан тарихи құбылыс екендігі айтылғанмен, халықтық педагогикалық ескерткіштер оқу  үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстарда қолданылғанмен, балалар мен жастарды тәрбиелеуде оның ролі жайлы ойлар  айтылғанмен көптеген ғылыми еңбектердің  әлсіз тұсы халық педагогикасын  оқып үйренудің теориялық мәселелері қамтылмайтындығын байқатады. Этнопедагогиканың  мәселелерімен айналысушы ғалым  А.Э. Измаилов: «Халық педагогикасы ұрпақтан – ұрпаққа көбінесе ауызша түрде  жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс-жүзінде тексерілген білімінің  мағлұматтарының жиынтығы. Халықтық педагогиканың ескерткіштері халық  ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салт-дәстүрлер  арқылы өзінің көрінісін беріп отырады» - деп орынды атап көрсеткен.

Халықтық  педагогика ұғымына көптеген зертеуші ғалымдар өздерінше анықтама береді. Біз Г.Н. Волковтың берген анықтамасын  ұсынамыз: Халықтық педагогика – тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық  мағлұматтардың және білімдердің жиынтығы. (1958) Халықтық педагогика - халық ауыз әдебиетіндегі, салттарындағы, ырымдарындағы, балалар ойындары мен ойыншықтарындағы сақталған педагогикалық мағлұматтарымен  тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы (1974).

Халықтық  тәрбие тарихи даму үрдісіндегі тірі дене болып табылады. Халықтық педагогиканың  әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен  мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген.

Қазақ этнопедагогикасының  қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі  дәуірден бастау алады. әлттық мәдениеттің  тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай  тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.

Қазақтың  жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, Білге қаған т.б.) басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы бізге  жетіп, оқу-жазу үрдісімен этнопедагогиканың  арқауы болған тәлімдік ойлар тарихы өзектестігімен ұлттық педагогиканың (этнопедагогикның) дамып ғылым болып  қалыптасқанын көрсетеді.

Қазақтың  жазу мәдениетінде Қорқыт атаның тәрбиелік  мәні зор жырлары мен мақал-мәтелдері, Әл Фарабидің ұлттық мәдениет пен  ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі  тұжырымдары, Ахмет Яссауидың діни тәрбиенің мәні туралы ойлары, Жүсіп  Баласағұнидың кемелді болу жолдарын көрсетуі, Мұхаммед Хайдар Дулатидың  ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың  өсиеттері, Ыбырайдың педагогикалық  ойлары, Шоқанның ел мәдениетін арттыру  үшін істеген әрекеттері, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың  қазақ педагогикасын түзеуі, Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын  зерлей бастауы, кейінгі ғалымдардың  қазақ этнопедагогикасын ғылым  ретінде қалытастырып, пән ретінде  оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың (халық педагогикасымен педагогикалық  ойлардың), яғни қазақ этнопедагогикасының  дамып, қалыптасу жолдарын көрсетеді.

Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының  өмір сүрген кезінен (Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін  кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, - делінген Қазақ  кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөніндегі  халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу  негізіне педагогикалық мазмұн мен  бағыттағы халық ауыз әдебиетінің  шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, жанұя тәрбиесінің тәжірибелері т.б. жатады. Халық педагогикасының  негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді  ұрпақтан ұрпаққа қалдыру». Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің  белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы  жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық  тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл – ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің  негізгі принциптері, ал ертегілер  халықтық тәрбиенің сан алуан  мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлім-тәрбиелік  ой – пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт: осындай халықтық мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай  бермейді, олардың озығы мен қатар  тозығы да бар. Ең негізгі мәселе –  бұларды бүгінгі күннің талап  тілегімен байланыстыра пайдалана  білу болмақ. Егеменді еліміздің пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды. Ғалым К. Оразбекова «Иман және инабат» (1993) деген кітабында имандылық–ұлттық тәрбиенің негізі деп көрсетіп, қазақ этнопедагогикасының бір қайнар көзін ашты. М. Оразаев, М. Смаилова сияқты педагогтар «Қазақ халқының салт-дәстүлері» деген кітап жазып, қазақ этнопедагогикасының салт-дәстүрге байланысты саласын айқындады. Профессорлар Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиев «Әдеп және жантану» (1994) оқулығын жазып, қазақ этнопсихологиясы мен этнопедагогикасы ғылымының негіздерін айқындады. Ғалым С. Ғаппасов «Ізгілік әліппесі» (1995) «Халық педагогикасының негіздері» (1996) деген еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының ғылыми-медициналық және танымдық ерекшеліктерін дәлелдеді. Ә. Табылдиев «Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие» атты еңбегі арқылы қазақтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашып берді. Профессор С. Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының негіздері және тарихы» (1998) деген оқу құралы арқылы қазақ этнопедагогикасының қайнар-бастауы біздің заманаымыздан бұрын белгілі бола бастағандығын дәлелдеп, бұл ғылымның теориялық негіздерін айқындап берді. Зерттеушілер ә. Асылов пен Ж. Нұсқабаев «Әдеп» атты оқулығында (1999) қазақтың салт-дәстүрлеріндегі тәлім-тәрбиелік мақсаттарды жеткізе дәлелдеді.

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ  тәрбиесінің негізгі түйіні –  адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Этнопедагогика  ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен  құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің  жазу мәдениетіндегі көрінісі. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет – ғұрыптар салт-дәстүрлерге  айналып, халықтың өмірінде қалыптасқан  салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен  жөн жоралғылар, рәміздер, ырымдар  мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі толысып, дамып, жаңарып отырады.

Салт  – дәстүр дегеніміз – халықтардың  кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне  байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады.

Этнопедагогикадағы  салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталынады. әлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол  ұлттың ой санасының дәрежесін көрсетеді. әлттық сананың қозғаушы күші –  ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың  перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Халықтық педагогиканың құрамдас бөліктері: әдет-ғұрып, таным, наным, ұғым, салт, сана және дәстүрлер.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің  міндеттерін шешу үшін халықтың осы  уақытқа дейінгі тәжірибесін  меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды  жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті  іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан  және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Халықтық  эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер  ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық  тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры  және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды.

Информация о работе Халық педагогикасы тәсілдері, оларды қазіргі отбасы тәрбиесінде қолдану