Қиял туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2015 в 21:23, реферат

Описание работы

Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты.
а) педагогикалық колледжде ақпаратты және ақпараттық ағымды қалыптастыру;
ә) болашақ мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін қалыптастыратын әдістемені өңдеу;

Файлы: 1 файл

Болашақ мұғалімнің зерттеушілік қызметі..docx

— 40.99 Кб (Скачать файл)

Қиял туралы жалпы ұғым

Болашақ мұғалімнің зерттеушілік қызметіне қойылатын талаптар:

 

Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты.

а)  педагогикалық колледжде ақпаратты және ақпараттық ағымды қалыптастыру;

ә) болашақ мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін қалыптастыратын әдістемені өңдеу;

б) бастауыш мектеп мұгалімдерінің зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін оқу орындарындағы барлық факультеттер мен кафедраларда жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны игеруі.

Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың зерттеу жұмысын жүргізуге үлкен мүмкіндіктері бар. Біріншіден, бүгінгі күні зерттеу материалдарын жинақтайтын және дифференциялайтын бірқатар объектілі бағдарланған бағдарламалар бар. Екіншіден, зерттеушіге ешқандай артық шығындарды басынан өткізбейтін тестілеуді, анкеттеуді, респонденттермен әңгіме жүргізуді, статистикалық өндеуді қамтамасыз ететін компьютерлік бағдарламалар бар. Қазіргі заманда зерттеу жұмыстарын компьютерлік бағдарламалар арқылы жүргізу кең көлемде өткізілуі мүмкін. Осыдан, біз бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған электронды зерттеу жүйесін жасау қажеттілігін айқындайық.

Электронды зерттеу жүйесі инвариантты және вариативті компоненттерінен құралады.

Электронды зерттеу жүйесінің инвариантты компонентін ғылымның психология-педагогикалық жетістіктерге негізделген педагогикалық зерттеулер мәлімет базасы және электронды-білім бағдарламасы құрайды.

Электронды зерттеу жүйесінің вариативті компонентін бастауыш мектептегі болашақ мұғалімдердің педагогикалық технология негізінде орындалатын интерактивті ғылыми-зерттеу іс-әрекеті құрайды.

Электронды-білім бағдарламасы электронды зерттеу жүйесінің теориялық бөлімі болып анықталған. Ол бағдарлама зерттеу іс-әрекетіне қажетгі теориялық мәліметгерден құралған модульден тұрады.

Электронды зерттеу жүйесі болашақ мұғалімдердің зерттеу-таным логикасын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Педагогикалық зерттеудің бірінші кезеңінде жоспарлаған зерттеу жұмысының негізгі мақсатын анықтау қажет. Ол үшін жас зерттеуші электронды зерттеу жүйесіндегі бірқатар арнайы үлгілері бар тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың негізіне жоғарыда аталган мәлімет базасындағы педагогикалық зерттеулер алынған, олар қүндылық бағдарды қалыптастыру механизміне сәйкес іздену, тандау, жобалау сатыларынан өтеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жағдайында зерттеу жұмысының екінші кезеңінде болашақ мұғалімдер зерттеудің объектілі диапазонын айқындайды. Әрине, аталған кезең дәстүрлі жағдайда да орын алады. Бірақ, бұл кезеңнің ерекшелігі мен қиыншылығы компьютер жолдарымен болашақ маманды өзінің зерттеу жұмысының теориялық және практикалық диапазонын анықтап, тренингті жағдайға қамтылуы болса керек.

Білім беру жүйесінде зерттеу объектісі ретінде, мысалы, мектепке дейінгі тәрбие, оқу-тәрбие үрдісі, азаматтық тәрбие, рухани тәрбие, білімді ақпараттандыру, үздіксіз білім беру және т.б. Зерттеу объектісін анықтау біршама объективті және субъективті факторлармен айқындалады. Объективті факторлар: маңыздылық, мәселелердің шешілмегендігі, жаңалығы, болашақта дамуы. Субъективті факторлар: білім беру, өмірлік тәжірибе, зерттеушінің қызығушылығы, практикалық іс-әрекетпен байланысы, ғылыми жетекшісі және т.б.

Электроңды зерттеу жүйесі болашақ мұғалімге іздену жолдарын көрсетіп отырады, мұндай процедура біржақтылықты байқатпайды, ал керісінше, шығармашылықты байқатады.

Бізге белгілі жай, жас зерттеуші зерттеу жолына түсу кезінде ғылыми жетекшісімен немесе арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауы қажет. Басқа барлығымызға белгілі жолдар бүгінгі күні жоқ. Ал электронды зерттеу жүйесімен жұмыс жасау барысында жас зертеуші психологаялық немесе тағы басқа қиындықтардан өтеді. Өйткені, ол жеке өзімен-өзі жаттығып, қажетті деңгейге дейін көтеріліп, содан кейін ғана ғылыми жетекшіге немесе ғылыми кеңесшіге келіп сауалдарына жауап алады. Яғни студент электронды зерттеу жүйесімен жұмыс барысында қызметтің субъективті-объективті қарым-қатынасына қамтылған.

Педагогикалық зерттеудің екінші кезеңінде болашақ мүғалімнің зерттеудің теориясын оперрационализациялауы. Оның мәні абстракті теориялық психология-педагогикалық ұғымдарды зерттеу барысында түсінікті етіп өңдеу, яғни концептуалды деңгейден операционалды деңгейге көшу.

Біздің ойымызша, оперрационализациялау кезеңі зерттеу процесінің негізгі компоненттерін қамтыды. Оның мазмұнына іс-әрекеттің жоспары кіреді, өйткені мұндай бақылаудың графикалық жүргізілуі тиімді нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Келесі кезеңнің аталуы — педагогикалық экспериментгің жүргізу технологиясы. Бұл — адекватты зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Біріншіден, болашақ мұғалім электронды-білім бағдарламасының зерттеу әдістерінің классификациясымен танысады, олардың әрқайсысының мәнін қарастырады. Электронды-білім бағдарлама гипермәтінінде аналитикалық, процедуралық, ғылыми-зерттеу мәліметтер және бейнефрагменттер көрсетілген. Бұл кезеңде болашақ мұғалім өзінің зерттеуінің даму стратегиясын, жоспары мен механизмін айқындауға дайындалады.

Бастауыш мектеп мұғалімі теориялық білімдерді бекіту үшін үш деңгейдегі (репродуктивті, зерттеу, шығармашылық) тапсырмаларды орындайды. Біздің технологияның ерекшелігі мынада: болашақ мамандар меңгерген білімдерін электронды зерттеу жүйесінің кейінгі кезендерінде белсенді қолдануына жағдай жасайды. Автоматтандырылған оқу үрдісіне іс-әрекеттің нәтижесі программаланған (автоматтандырылған).

Зерттеудің соңғы кезеңі — ол зерттеу нәтижелерін интерпретациялау. Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау дегеніміз барлық қарастырылған операцияларды жүйелеп теориялық деңгейге шығару.

Дидактикалық дайындық жалпы кәсіби — педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы екені белгілі.

Дидактикалық даярлық деген ұғымды қалай түсіну керек? Бұл өте күрделі ұғым. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына жататындар: олардың оқьпу процесінің теориясы мен практикасы (мотивтері) мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаттары мен мазмұнын, оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді — дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық қабілеттер болуы керек: оқыту процесін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы.

Мектептегі оқыту — дидактикалық процесс болғандықтан, мұғалім оған тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет.

Оқьпу процесінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Жалпы білім беру, негізінен, үш түрлі мақсатты көздейді:

Біріншісі — табиғат, қоғам, техника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдағы негізгі зандылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүниетанымдық идеялар мен сенімдер, практикалық біліктер мен дағдылар және ғылыми ойлау тәсілдері жатады.

Екіншісі — оқушыларды практикалық іс-әрекетке даярлау, өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге дайындау.

Оқытудың үшінші мақсаты — оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру оқу пәңдерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін мейлінше толығымен пайдалануды керек етеді.

Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріл шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек".

Оқыту — екі жақты процесс. Оқыту процесі — оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын қызметінен тұратын   күрделі   әрекет.   Оқыту -мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу — баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Л.В.Зенковтың пікірінше, оқыту — оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет. Жоғарыда айтылғандар ойдағыдай ұштасса, балада оқуға деген белгілі жағымды бейім-оқу әрекетінің стилі қалыптасады. Мысалы, үздік оқитын бала мен үлгермейтін баланың оқу әрекетінде елеулі психологиялық айырмашылықтар бар. Үздік оқитын балалар оқу міндеттерін шешуге белсене кірісіп, қалайда мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерін ізденуге тырысса, үлгермейтін балалар мұндай жағдайда өздерін енжар ұстап, қиындықтардан жалтаруға даяр тұрады, оларды шешуге күш жұмсадай, жеңіл құтылғысы келеді. Оқуға үлгермейтіңдердің бәріне тән ортақ қасиеттер бар, олар: өздігінен оқу әрекетін және жалпы психикалық процестерін (зейін, есте қалдыру, ойлау және т.б.) дұрыс ұйымдастыра және басқара алмайды.

Баланың өзіндік дамуына әсер ететін күшті фактор — ол оқытушымен қарым-қатынас жасау әрекеті. Сондықтан оқыту үрдісі — мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын керек етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның әрекеті мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі тәрбиелеуі) оқытудағы субъект екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау әрекетінің жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға үйренеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту — баланың рухани дамуын қамтамасыз етеді; оқыту — бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады.

Оқыту — белгілі дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

— оқушыларға беретін білімдердің мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды   әрекетке   бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау;

— оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға басшылық ету;

—  оқушының санасында білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасу процесіне басшылық ету;

— берілген білімді бекітуге басшылық ету;

— білімді практикада қолдануға басшылық ету;

— оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау.

Оқу материалын ұғыну процесі оқуға ынта қою, оқу материалын қабылдау, ойша қорыту, есте қалдыру, қайталау сияқты бірнеше психикалық процестердің жиынтығынан тұрады.

Оқытудың дидактикалық буындары бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Әр буын оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес қолданылады. Мысалы, жаңа білімді баяндау кезеңінде оқушылар оның мазмұнын қабылдаумен қатар, ойша қорытып, ғылыми тұжырымдар жасайды және оны практикада қолдануы мүмкін.

Сондай-ақ, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, прак-тикада қолдану сияқты оқыту процесінің элементтері бірлесіп қолданылады. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі бар.

Оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты болады. Ақыл-ой тәрбиесі балаларға білім берумен қатар, олардың танымдық қабілеттерін (байқағыштық, зейінділік, зеректілік, есте сақтау, творчество-лық қиял, сөйлеу, ойлау) қалыптастыруға көмектеседі.

Акыл-ой тәрбиесін берудің негізгі құралы — мектептегі оқыту. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске алады. Ол мақсат-міндеттер мыналар:

— оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру;

— білім беру негізінде оқушыларда ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

— баланың таным қабілеттерін дамыту;

— оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді әдіс-амалдарын орынды меңгеруге үйрету;

—  балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру;

—   ақыл-ой  еңбегінің  жалпы мәдениетін арттыру. Бұл міндеттерді отбасы мен мектеп тығыз байланыста болғанда ғана ойдағыдай орындап шығуға болады, сонда ғана балаларға берілетін ақыл-ой тәрбиесі нәтиже береді.

В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын атап көрсетеді. Мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық және әдістемелік құраддары мен тиімді жоддары туралы жан-жақты оқыту тәжірибесше қарағанда, мұғалімдердің қызметінде дидактикалық қиындықтардың кездесетіні анықталып отыр.

Мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар, негізінен, олардың мынадай іс-әрекетінен байқалады:

—    оқушылардың   танымдық, әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде;

— дарында балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеудегі әрекетінде.

Мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жеке меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады:

—  ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;

— білімнің мазмұнын игеру ісі;

— оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала (диагностикалау) ісі;

—  сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;

—  оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі (коммунативтік әрекет);

— оқушыларды білімге ынталанды-ру, қызықтыру іс-әрекеті;

— оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті.

Мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мынылар:

—  оқыту  процесінде   оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиыңдықтар;

—  оқушылардың    оқу   әрекетін, дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар;

—   дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар.

 

 

Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі — білім берудің жана жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.

Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп – мұның түп қазығы, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.

Информация о работе Қиял туралы жалпы ұғым