Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2015 в 21:23, реферат
Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты.
а) педагогикалық колледжде ақпаратты және ақпараттық ағымды қалыптастыру;
ә) болашақ мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін қалыптастыратын әдістемені өңдеу;
Бүгінгі студент —ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдары іздестірілуде.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелі бағыттылық зерттеулерде инновациялық іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе болшегін талдауда анық айқын қарастырылады.
В.А.Сластенин мен Л.С.Подымова инновациялық іс-әрекетті шығармашылық пен кәсіпшіліктің сәйкестілік тұрғысынан қарастырады. Авторлардың айтуы бойынша, инновациялық іс-әрекет мәнін акмеологиялық тұрғыдан талдау мұғалімнің жеке бас дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік туғызады.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын қарас-тырған кезде, "инновация" және "педагогикалық іс-әрекет" деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды қолдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин, Л.С.Подымова) ой-пікіріне қосыламыз. Белгілі зерттеушілердің (А.А.Бодалев, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Кан-Калик, С.В.Кондратьева, Н.В.Кузин және т.б.) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, ди-дактикалық қасиеттер, ерік қасиеттсрі. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушы-лық, коммуникативтік, педагогикалық елестету.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктелгені көрсетілген: операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі қарым-қатынас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.
И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Мищенконың зерттеулерінде инновация-лық іс-әрекеттің құрылымында іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылады.
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешугедайын болу қасиетімен де тығыз байланысты.
Ал іс-әрекеттің "негізгі құрастырушысы" ретіндс Б.Ф.Ломов мыналарды бөліп көрсетеді: мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматтарды өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс-әрекеттерді, қорытын-дыны тексеру және әрекеттерді түзету.
Біздің ойымызша, жалпы іс-әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар:
1. Өз қызметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан-жақты бағалауға үйрету.
2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды.
3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуге үйрету.
4. Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық кызметті сараптау бағалауға тарту.
Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат емес, педагогикалық қалыптасудың алғы шарттары мен шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет — педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:
♦ өзінің жеке касиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
♦ жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
♦ жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзегс асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен;
♦ педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасаумен;
♦ педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен.
Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері мыналар:
♦ педагогикалық еңбектің тиімділігі;
♦ оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі;
♦ жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы;
♦ мұғалім беделінің өсуі;
♦ оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойларға үйренуі;
♦ оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашылулары.
Педагогтың инновациялық іс-әрекетін сараптау бағасы В.К.Криллов, М.Р.Львов, Н.В.Путилин, А.А.Талмачев және т.б. көрсеткен белгілері негізінде жүзеге асады. Мұнда методологиялық мәдениет кіреді, оның құрамында мы-налар кездеседі, дейді зерттеушілер: қазіргі білім берудегі философиялық білім; негізгі ұғым жайлы педагогика ғылымы мен осы түсініктердің озара қатынасы
жайлы педагогикалық терминология; педагогикалық ақпаратты қолдану, өңдеу, алу әдістерін меңгеру; педагогикалық құбылыстың диагностикалық тәсілі (ди-алектикалық ойлау); педагогикалық үрдіс пен құбылыстарға, өзінің педагоги-калық тәжірибесін баяндауға жүйелі амал жасау; педагогикалық қызмет жайлы, тұлға мен ұжым құрылымы жайлы білімі; оқу-тәрбис құбылысындағы, үрдісіндегі факторлар мен шарттарды, қозғаушы күштерді, қарама-қайшылықтарды табу, талдау, баяндау қабілеттілігі; педагогикалық жаңашылық салдары: баланың жеке тұлғасын, оның өзіндік көңіл-күйін, денсаулығын, белсенділігін дамыту, мұғаліммен ынтымақтастығын нығайтатын жаңа педагогикалық бағыттар.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес "маман моделін" маман профессиограммасын жасау міндеті — жұртшы-лықтың назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар бар (Н.В.Кузьмина, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Сластснин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин). В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:
1) қоғамның саяси сапалары;
2) әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары;
3) психологиялық және педагогикалық даярлық;
4) мамандық бойынша даярлық;
5) пән бойынша даярлық.
Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.
Инновациялық іс-әрекет моделін қалыптастыруда Л.Н.Подымова өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында отандық және шетел педагогикалық, исихологиялық, әдістемелік негіздерін оқып үйренудегі мынадай көзқарастарды ұсынады: аксиологиялық, рефлексті-қызметтік, жүйелі-қызметтік, әлеуметтік-психологиялық, жеке-шығармашылық. Антор мұғалім моделін жасауда жалпы инноватика жайлы (Б.Мор, Э.Роджерс, И.Шумпетер) білімге сүйену, моделдің технологиялық блогын құрауда жаңалықтың өмір сүру циклін, оның сатыларын (талдау, жоспарлау, даярлау, қолдану) жаңалық енгізудің пайда болуы, меңгерілуі (диффузия мен рутинизация) сияқты құбылыстарды басшылыққа алыну керек деп көрсетеді.
А.Николс ұсынған жаңалық енгізудің модел инновацияның үш турлі кезеңін даярлық, жоспарлау, жаңалықты енгізуді қамтиды.
Инновацияның мазмұндық құрылымына кіретіндер — білім беру-тәрбие-леу үрдісінде, оқу-тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне енгізу.
Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипапалады:
♦ инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі;
♦ оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашалықпен қызмет етуге даярлы-ғының болуы;
♦ енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы;
♦ белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін ғалымдар былай сипаттайды:
1. Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері:
♦ жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
♦ жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;
♦ жаңалықтарды басқа жаңалыктармен салыстырып, олардың тиімдісін тандап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;
♦ жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Бүл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай косымша міндеттер шешілуі қажет:
♦ арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдары-нан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;
♦ өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.
1.Болашақ маманның
косіби педагогикалық
Бүл функцияларды іске асыруда мұғалім іс-әрекетінің түрлері бөлініп корсетілген:
♦ өзінің және оқушының іс-әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалып-тастыру үрдісінде құрылымдық тұрғыда іске асыру іс-әрекетінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқу-тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;
♦ оқушы іс-әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;
♦ негізделген инновациялық іс-әрекеттерді тандау, анықтау;
♦ ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма-ларды ұйымдастыруы қажет.
Бұл құрылымдық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалыктарын, инноваииялық іс-әрекетті пайдаланып құрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс-әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды.
Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін:
♦ оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;
♦ оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау;
♦ оқушыларды әртүрлі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;
♦ шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
♦ сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі. Қарым-қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:
♦ оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;
♦ оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым-қатынасын жақсарту. Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:
♦ инновациялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;
♦ оқу үрдісіне оқушының ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру;
♦ оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын шындық болмыс арасындағы байланысты білу;
♦ оқушының білімге қызығушылығын арттыру;
♦ алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс-тәсілдерін қолдану.
Акпараттық функцияны іске асыру қызметі:
♦ оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;
♦ пән мазмұнына ғылыми-дидактикалық талдау енгізу;
♦ оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану. Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:
♦ проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
♦ педагогикалық қызмет түрлерін қайта күру мен бағалау;
♦ инновациялық іс-әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену. Біз ғалымдардың мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін нәтижелі атқаруға
мұғалімнің жеке бас қасиеттері ерекше орын алады деген пікірлсріне қосыламыз. Мұндай жеке бас қасиеттеріне авторлардың көбі білімді, дағды мен іскерлікті және жеке бас сапаларды жатқызады. Жұмысымызда жеке бас қасиеттерінің әр көрсеткіштеріне жете тоқтап, талқылауды жөн көрдік.
♦ бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі;
♦ әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі;
♦ оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жстілдіру іскерлігі;
♦ жаңашыл одістемелердің мүмкіндігін мақсатксрлікпен пайдалана білу ісксрлігі.
Инмовациялық іс-орекстті жүзсге асыру орскетінің рсті — жаца білім беру бағдарламаларынан, одіс-тосілдсрімен танысып, талдау; оларды оз жүмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл одіс-тосілдерді оз еңбегіндс қолда-ну мақсаітарын белгілеу; эксперименталды жүмыстың кезсндсрін жоспарлау; болашак, қиыншылықтарды болжау; жаңашыл одіс-тосілдерді, идсяларды псда-гогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс-орекеттің нотижесін қорытынды-лап, бағалау,талдау.
XXI ғасырдың басындағы қазіргі қоғам тез қарқында дамып қана қоймай, өз даму үдірісімен барлық саланы жандандыруда. Соған байланысты қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналаған міндеттер аталуда. Білім беру саласы да ондай өзгерістерден шет қалған жок,. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім, бастауыш мектеп, орта мектеп, жоғарғы білім беруде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері, технологиялары анықталып, жеке тулғаны қалыптастырудың жаңарған, ақпаратты ағымы қуатты, жоғары техноло-гиялық қоғамға сай моделдері жасалуда. Ол модель қандай екенін анықтамас бұрын, жеке тулғаның анықтамасына тоқталамыз.
- субъектілік компонентке: муғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностика-ны, өз ісіне талдау жасай отырып, езіне сыни турғыдан қарай апу шеберлігі жатады;
- нысандық компонентке: кәсіби іс-әрекет жүйесін және мүғалімнің әрекетін-дегі қойылған міндетгерді шешудегі стра-тегиялық іскерлік.
~ пәндік компонент: өз оілімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қана-ғатгандыру.
В.А.Сухомлинский: "Барлығы да бала-лық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты" -деп есептейді. Баланың дүрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мүғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби қузіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби қүзіреттілікке қатысты анық-тама және оның қүрамды бөліктері жоға-рыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыз-дай маманның кәсіби қүзіреттілігіне мүғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер енеді. Олай болса, ол қасиеттер-ге ие бастауыш сынып мүғалімі қандай жетістіктерге жететіндігін атап өтейік.