Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 20:56, монография
Әлемдік қоғамдастыққа және сәйкес түрде ғаламдық ашық ақпарқатынастық кеңістікке кірігу – әрбір ел үшін өте маңызды дүние. Сондықтан жаңа технологиялар мен мектеп бір бірінен бөлінбейтін болуы тиіс, өйткені барлық жоғары технологиялар: био-, нано- мен ақпар- және т.б. технологиялар берілетін жүйелі білімдерге негізделгендіктен, мектеп болашақ қоғам үшін кадрлар «инкубаторы», ал оларды дайындау мен дамыту АҚТ-мен үзіліссіз байланысты болып саналады.
Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................
6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......
31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………
Сондай-ақ ТМД елдерінде де жалпы орта білім беру жүйесіндегі электрондық оқытудың материалдық базасын қолдау мен жасаудың мемлекеттік үрдісі ұйғарылды.
Ресейде мектептер үшін, ауқымында одақтық порталдар
жүйесіне орналастырылған, Цифрлық білімдік
ресурстардың бірыңғай топтамасы дайындалынған
«Бірыңғай білімдік ақпараттық ортаны
дамыту (2001 - 2005 жж.)» Одақтық мақсатты бағдарлама
қабылданған болатын. Бұл – мәдениет шығармаларының,
табиғат құбылыстарының, өсімдіктер мен
жануарлар әлемі өкілдерінің, тарихи оқиғалардың,
оқулықтар мәтінінің, көркем шығармалардың,
ғылыми жұмыстар мен мұрағаттық құжаттардың,
физикалық құбылыстар мен процестердің
интерактивтік моделдерінің және т.б.;
сондай-ақ оқу іс-әрекеттерінің цифрлық
құрал-жабдықтарының және білімдік процесті
ұйымдастыру құралдарының цифрлық кескіндері.
Білімдік ресурстарға қатынау үшін одақтық
порталдар жүйесі құрылған: Ресейлік білім
беру (http://edu.ru), Ресейлік жалпы білімдік портал (http://school.edu.ru); Цифрлық білімдік ресурстардың бірыңғай
топтамасы (http://school-collection.edu.
Белоруссияда 1998–2006 жылдары «Білім беру жүйесін ақпараттандыру» Республикалық бағдарламасы іске асырылған болатын, қазіргі уақытта «2007-2010 жж. білім беру жүйесін кешенді ақпараттандыру» бағдарламасы мен нақты оқу пәні бойынша білімдік процестің барлық кезеңдерінде пайдаланылатын электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) – бағдарламалық әдістемелік жасақтаманы білімдік процесте қолдану арқылы АҚТ-ды тиімді пайдалану есебінен білім беру сапасын арттыруға бағытталған, ұлттық ақпараттық білімдік ресурстарды дайындау мен енгізу алдын ала қарастырылған, 2007-2010 жж. білім беру жүйесі үшін электрондық білімдік ресурстарды дайындау бойынша «Электрондық оқулық» арнайы салалық бағдарлама іске асырылып жатыр. ЭОҚ-ның алуан түрі (ақпараттық іздестіру жүйелері, виртуальдық зертханалар, электрондық энциклопедиялар, мәтіндік орталар, тренажерлер, дайындамалардың құрал-жабдықтық орталары жән т.б.) нақты пән бойынша оқу құралы (оқулық) материалының негізінде бірыңғай жүйеге біріктірілген және оқыту процесінің дидактикалық циклының барлық буындарында АҚТ құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыратын электрондық оқу-әдістемелік кешен (ОӘК-ді) құрастырылған болатын. Осы бағдарламаның ауқымында 2010 жылы орта мектеп үшін 75 оқулықты және орта кәсіптік техникалық училишелер үшін 9 оқулықты дайындау ұйғарылған. Бұл курстар ықшам-дискілерде таратылатын болады, және де 94000-нан астам данасы 2010 жылдың аяғында инсталлациялау жоспарланған болатын.
Осы бағдарламаны Белоруссияның БМ үйлестіреді, ал Бағдарламаның жалпы бюджеті 78542 млн. белорусс рублін құрайды (2007 жылғы алмастыру бағамы бойынша 36, 5 млн. USD), оның 64103 млн. АҚШ доллары (80%-дан көбірегі) жергілікті бюджеттен алынады. 2008 жылдың желтоқсанында БМ белорусс мектептерінде оқытудың электрондық қаржысының 66% пайдаланылғаны туралы хабарлады. Оқыту процесінде бағдарламалық өнімнің 180-ге жуық атауы пайдаланылады, оның тек 55-і ғана Белоруссияда дайындалынған. Мұғалімдер 3000-ға жуық дайындалынған мультимедиалық таныстырылымды пайдаланады.
Украинада білімдік салаға АҚТ-ды енгізуде «Ақпараттандырудың Ұлттық бағдарламасы туралы» Заң; «2006-2010 жж. Украинадағы ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі қағидалары туралы» Украина заңы; 2006-2010 жж. ара қашықтықтық оқыту жүйесін дамыту бағдарламасы, 2006-2010 жж. «Білім беру мен ғылымдағы АҚТ» Мемлекеттік бағдарламасы елеулі рөл атқарды. Украинаның оқу орындарында компьютерлік бағдарламаларды пайдалануды бақылау жүйесін енгізу, ақпараттық білімдік және мәдени ортаны қалыптастыру шарттарын қамтамасыз ету мақсатымен Украинаның білім және ғылым министрлігінде 2004 жылы Оқу орындарында компьютерлік бағдарламаларды пайдалану Ережесі, Компьютерлік бағдарламалардың Реестрі (тізімі) туралы Ереже, Жалпы білімдік оқу орындары үшін оқу мақсатындағы электрондық құралдарды ұйымдастыру мен сынақтан өткізу тәртібі туралы Ереже және т.б. қабылданған болатын. 2008 жылы оқу әдебиеттеріне, оқыту құралдары мен оқу жабдықтарына, оның ішінде оқу мақсатындағы және жалпы мақсаттағы электрондық құралдарға, «Украинаның БжҒМ-нің грифтері мен куәліктерін беру тәртібі», қабылданған болатын. Ал 2010 жылдың басында Киевте жалпы білімдік мектептің 7-9 сыныптары үшін электрондық оқулықтардың 39 файылы бар – қағаз оқулықтардың электрондық көшірмелерінің – ридер «Pocketbook 901» таныстырылымы болды.
Әзірбайжанда соңғы жылдары «Әзірбайжан Республикасын дамыту атынан АҚТ бойынша Ұлттық стратегия (2003-2012 жж.)», «Жалпы білімдік мектептерді АҚТ-мен жасақтаудың Мемлекеттік бағдарламасы (2005-2007 жж.)», «2008-2012 жж. Әзірбайжан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру бойынша Мемлекеттік бағдарлама» қабылданды, «Электрондық мектеп» пилоттық жобасы іске асырылады. Әзірбайжанның Білім министрлігінің жанында, негізгі міндеттері білім беру процесінде мультимедиалық оқулықтарды және басқа білімдік ресурстарды дайындау, тарату және енгізу, сондай-ақ электрондық ғылыми-әдістемелік базаны құру, тарату және бағалау болып саналатын, электрондық білімдік ресурстарды бағалау бойынша Кеңес құрылған.
Өзбекстанда ақпараттық қоғамға бағдарланған әлеуметтік және экономикалық дамудың ұзақмерзімді стратегиясы қабылданды, оны дайындаудың алғы шарттары мен жағдайы іске асырылды. Өзбекстан Президентінің 2002ж. 30 мамырдағы № 3080 Жарлығы АҚТ-ды дамыту мен пайдаланудың міндеттерін анықтады. Осы құжатқа сәйкес компьютерлендіру мен қатынастың технологияларының дамуы басталды, кеден мен баж салығының ерекше жеңілдіктері тағайындалды, ақпараттандыру саласындағы әріптестікті күшейту бойынша шаралар анықталды.
Сондай-ақ ТМД-ның басқа елдерінде де жалпы білімдік мектептердің оқу процесіне АҚТ-ды енгізуде мемлекеттік қолдауға бағыт белгіленді. Қырғыз Республикасында «ҚР-да ақпараттандыруды дамыту тұжырымдамасы» (1998 ж.), «Ақпараттандыру туралы» Заң (1999ж.), «ҚР-дағы АҚТ бағдарламасы» «2001 ж.), «АҚТ ҚР-н дамыту үшін» Ұлттық стратегиясы (2002 ж.), «2007-2010 жж. Қырғыз Республикасының білім беруді дамыту стратегиясы» қабылданған. Тәжікстанда ақпараттандыру процесі мемлекеттік деңгейде мынандай құжаттармен реттеледі: «Тәжікстан Республикасында АҚТ-ды дамыту мен енгізудің Мемлекеттік бағдарламасы», «АҚТ Тәжікстан Республикңасын дамыту үшін» Мемлекеттік стратегиясы, «2003-2007 жж. кезеңінде Тәжікстан Республикасындағы жалпы білімдік мектептерді компьютерлендірудің Мемлекеттік бағдарламасы», «Тәжікстан Республикасындағы коммуникациялық және ақпараттық технологияларды дамыту мен енгізудің бағдарламасы», «2008-2015 жж. Тәжікстан Республикасындағы дамудың Мемлекеттік бағдарламасы» және т.б
Сонымен, ақпараттандыру тұтастай және электрондық оқыту ішінара дамыған елдерде де, дамушы елдерде де мемлекеттік деңгейде қолдау табады.
2010 жылдың басында 39 елдің 70 өкілі дайындаған электрондық оқытудың практикасы туралы (проф. У Демирейдің редакциялауымен, Анадолу университеті, Турция [108]) кітап баспадан шықты. Барлық авторлар мына фактыны мойындайды: электрондық оқытудың пайда болуы және оны кеңінен енгізу – бұл қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның объективтік заңдылығы. Сонымен бірге алайда «электрондық оқыту» ұғымының өзінің анықтамасына қатысты келісім мен ортақ пікір байқалмайды.
Мектепте пайдаланылуға тиіс болатын электрондық оқытудың артықшылығына, У. Демирей, АҚТ-дың жаңа білім беру мүмкіндіктері, «күрделі бейімдегіш жүйе» деп атауға бола алатын, көп арналы білімдік ортаны жасайтынын жатқызады. Бола алатын негізгі ығысу – мұғалімге бағдарланған оқытудан оқушыға бағдарланған оқытуға бетбұрыс. Ығысу – бұл сыныпта оқытуды басқаратын мұғалімнен, оқушылар таңдай және оқып-біле алатын ресурстар мен сұраныстардың алуан түрлі көздерін ұсыну қажет болғанда бақылауды қамтитын (мысалы, ерекше эмтихандар үшін), әр түрлі әдістердің кірігуі бар электрондық оқытуды ұйымдастырушы мұғалімге. Бұл жағдайда өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде тұрған электрондық оқыту «бет пе бет» дәстүрлі оқытумен жай әншейін кірікпейтін болады. Құрметті түрде, барлық оқыту көп арналы оқыту болады [сонда].
Қазіргі заманғы ғылыми жарияланымдарда бұл термин жиі кездеседі, бірақ ол әр түрлі түсіндіріледі. Жұмыстардың көпшілігінде электрондық оқыту жоғары және қосымша кәсіптік білім беру саласында ара қашықтықтан оқытудың мәндес сөзі ретінде қарастырылады. Электрондық оқыту деп:
түсініледі.
Сонымен, елдердің көпшілігінде ақпараттық қоғамның сұранысына жауабы, білім беру жүйесін жаңартудың тетігі ретінде электрондық оқытуға бет бұру үрдісі белсенді түрде артып келеді. Алайда мектептік білім беруде іс жүзінде барлық елде электрондық оқыту енді ғана дами бастады, белсенді ісденіс пен тұжырымдамаларды дайындау жүріп жатыр.
А. В. Уваровтың, мектептерді компьютерлендіруге бағытталған кеңауқымды қадам әзірше мектеп оқушыларын дайындау сапасын өзгеріске, олардың жаңа білімдік нәтижелерін жетістікке келтірмеді деген ойымен келіспеуге болмайды. Оның пікірі бойынша, басты мәселе сонда, қазіргі заманғы басқару шешімдерін қабылдаудың білімдік саясаты мен практикасында оқыту процесінде АҚТ-ды енгізуге екпін жасалады да істің мәнінен алып кетеді. Сөз соншалық АҚТ-ды енгізу туралы емес, олардың көмегімен қазіргі заманғы мектептің қанша өзекті мәселелерін шешу және, бірінші кезекте, ХХІ ғасырдың білімдік нәтижелеріне қол жеткізу туралы айтылуы тиіс: «Істелінген салымға қарамастан, мектептің жұмысы мәнісі бойынша өзгермеді. Мектеп жаңаша жұмыс істеуі үшін онда компьютерлерді әкелу мен педагогтарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту жеткіліксіз. Осылармен бірге оқу жұмысының мазмұны мен ұйымдастыруын өзгертуге оған көмектесу керек» [97].
Сонымен, электрондық оқытудан ақталуды күту үшін оның дамуының педагогикалық технологиясын дайындау, бүгінгі күннің сұранысына барабар электрондық оқытудың контенттік жасақтамасын әзірлеуге отандық зерттеушілер мен дайындаушылардың назарын шоғырландыру қажет.
Өкінішке қарай, көптеген мемлекеттер үшін ортақ мәселе сол, осы уақытқа дейін АҚТ-ды енгізуге байланысты қиындықтар мемлекеттік деңгейде жеткіліксіз түрде түсінілген болатын, ал үкіметтік стратегия мен қаржыландыру үлкен дәрежеде компьютерлендіру мен интернеттеуге, аз дәрежеде – отандық цифрлық білімдік ресурстарды дайындауға және педагогикалық процесте АҚТ-ды пайдалануға педагог кадрларды дайындауға бағытталған болатын.
Бірақ электрондық оқыту педагогикалық теориясыз іске асырылатын бола алмайды. Сондықтан біз педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігу қажеттілігі туралы айтамыз.
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру
Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдылықтарының бірі ретінде мойындалды. Қазіргі уақытта Қазақстан білім беру, адам мен баланың құқығын қорғау салаларындағы барлық негігі халықаралық құжаттардың қатысушысы болып саналады: оның ішінде Адам құқықтарының Жалпыортақ Мәлімдемесі, Баланың құқықтары туралы Халықаралық келісім, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық Мәлімдемесі, Жоғары білім беру саласындағы Болон және Лиссабон Халықаралық келісімі және т.б.. Джомтьен мен Дакардағы «Білім беру барлығы үшін» форумдардың ұсыныстарын қолдау мен іске асыру мақсатымен Қазақстан «Білім беру барлығы үшін» әрекеттерінің Ұлттық жоспарын қабылдады.
Ұлттық білім
беру жүйесін дамыту туралы Мемлекет
басшысының тапсырмасын, сондай-ақ «Еуропаға
жол» бағдарламасын іске асыру ауқымында,
Болон процесі елдері-
Қазақстандық білім берудің стратегиялық міндеті әлемдік білімдік кеңістікке кірігу болып саналады. Мемлекеттің осы міндетті шешуінің басым бағыты ретінде кез келген адам үшін, оның денсаулығына, тұрған және өмір сүрген орнына тәуелсіз түрде, жоғары сапалы білім алуға мүмкіндік туғызатын ақпараттандыру қарастырылады.
Біздің республика үшін мектептік білім беруде электрондық оқытудың ерекше әлеуметтік маңыздылығы бар.
Аумағы үлкен және халықтың тығыздығы аз Қазақстанда елдің айтарлықтай бөлігі облыстық пен қалалық орталықтан алыстағы ауылдар мен елді мекендерде өмір сүреді. Кіші қалалардың оқу орындары педагог кадрлардың жетіспеушілігін және ақпараттық білімдік ресурстардың әлсіз әдістемелік жасақталуын сезінеді. Білімге қатынас құрудың жетіспеушілігін азайту және елдің тұрған орындарында толымды білім алу мүмкіндігін ұсыну қажет.
Үздіксіз білім алу тұжырымдамасын дамыту, оны практикада жүзеге асыруға талаптану қоғамда үлкендердің білім алу мәселесін де шиеленістірді. Статистикалық мәлімет бойынша жыл сайын Қазақстанда кәсіптік дайындықты 2 млн-нан астам адам қажет етеді, бұл цифр әрбір жылда артып отырады. Дәстүрлі сыртан оқыту жүйесі кәсіптік білімдерді үздіксіз жаңартып және жетілдіріп отырудың мақсаттары мен міндеттерін қанағаттандырмайды, өйткені жұмыс берушілердің тарапынан да (білім алушылар жылына 40 күн базалық оқу орындарына барады), білім алушылар тарапынан да (оқу орнына баруды, онда тұруды, тамақтануды және т.б. ұйымдастыру шығындары) қосымша шығындарды талап етеді. Сондықтан өндірістен қол үзбеуді қажет ететін санаттағыларды оқытудың жаңа формалары мен құралдарын іздестіру қажет.
Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас