Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 20:56, монография

Описание работы

Әлемдік қоғамдастыққа және сәйкес түрде ғаламдық ашық ақпарқатынастық кеңістікке кірігу – әрбір ел үшін өте маңызды дүние. Сондықтан жаңа технологиялар мен мектеп бір бірінен бөлінбейтін болуы тиіс, өйткені барлық жоғары технологиялар: био-, нано- мен ақпар- және т.б. технологиялар берілетін жүйелі білімдерге негізделгендіктен, мектеп болашақ қоғам үшін кадрлар «инкубаторы», ал оларды дайындау мен дамыту АҚТ-мен үзіліссіз байланысты болып саналады.

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………

Файлы: 1 файл

72_Monografija.doc

— 1.26 Мб (Скачать файл)
  • білімдік жүйені басқарудың бас құралы ретінде;
  • білім беруді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік жасақтау құралы ретінде;
  • иерархия мен қатынас құру ережелерінің деңгейімен сәйкес электрондық оқыту жүйесінің кез келген торабынан қол жетерлік мағлұматтарды орталықтандырылған жинақтауы бар білімдік жүйенің сараптама құралы ретінде;
  • білімдік жүйе бойынша әр түрлі жай-жапсарлар мен қажетті статистика туралы есеп-қисапты қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдауға арналған құрал ретінде әрекет ете отырып, барлық мәліметтерді ұстауы тиіс.

Жүйе мүмкіндіктері  шектеулі оқушыларды, сондай-ақ БҰ оқушылары болып саналмайтын барлық тілек білдірушілерді, мысалы, шет елде тұратын және қазақ тілін оқып білуге тілек білдірушілерді, оқыту процесімен қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай пайдаланушыларды тіркеу автоматтық режімде болуы тиіс. Сол кезде Жүйенің барлық мәліметтері ҚР БжҒМ-нің порталында есеп-қисаптылық пен статистикалық іріктеуді қалыптастыруға қол жетерлік бірыңғай мәліметтер базасында тұруы тиіс.

Жүйе ҚР БжҒМ инфрақұрылымының, ведомствоішілік құрылымдардың, басқарудың әр түрлі деңгейлерінің, ҚР БжҒМ порталындағы кіріккен білім беру ұйымдарының бірыңғай АҚТ-ы базасында жұмыс істеуі тиіс.

e-Learning жүйесінде иерархияның үш деңгейі бар болуы тиіс:

  • Бірінші деңгей – бұл облыстық тораптардан ақпарат жинақталатын және Қазақстан Республикасында білім беретін барлық деңгейлердегі ұйымдарды басқаруды жүзеге асыратын Жүйенің орталық торабы.
  • Екінші деңгей – бұл белгілі бір облысқа жататын БҰ-ға қызмет көрсететін серверлерді орналастыру нүктесі болып саналатын облыстық серверлердің алаңы. Осы деңгейде облыстық БҰ-дан ақпарат жинақталады да білім беруді басқарудың облыстық мекемелерінің порталында жарияланады.
  • Үшінші деңгей – бұл жүйеде қажетті АҚТ инфрақұрылымы мен  БҰ-дың жұмыс істеу жасақтамасы бар деңгей.

Тікелей мектеп аумағында  сервер орналастырылған жағдайда мектеп деңгейінде келесі жүйелер ашылған  болуы тиіс:

  • Мектептің порталы;
  • Мектепті басқару жүйесі (SMS);
  • Сынып бөлмелерін басқару жүйесі (CRMS).
  • Оқу процесін басқару жүйесі (LMS);
  • Тестілеу жүйесі (TSM);
  • Оқушылардың дене қызметі мен психологиялық денсаулығының электрондық мониторингтік жүйесі;
  • Ақпараттық-анықтамалық жүйе (IMS).

 

Мектепті басқару  жүйесі (School Management System, бұдан әрі қарай – SMS) – бұл мектепті басқару процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама. Мектепте білімдік процесті тиімді басқару білімдік мақсаттарға қол жеткізуді жеңілдетеді, оң факторларды үйлестіреді және теріс әсердің орнын толтырады, болжаушылық, жедел ескертушілік сипатты алып жүреді, инновациялық процестерді белсенді және тиімді етеді, ұйымның технологиялық әдептілігін қамтамасыз етеді, басқарудың тұлғалық бағдарланған әдістерін қолдануды қарастырады, міндеттерді, ақпараттық, кадрлық қолдау көрсетуді үлестіреді, соның негізінде әкімшілік саясатты жақсартуды жүргізуге бола алатын болады.

SMS өзі Мектеп порталының  құрамында іске асырылған, порталдың  сыртқы немесе ішкі (бағдарламалық)  интерфейсі арқылы қол жететін, белгілі бір міндеттер жинағын іске асыратын e-learning электрондық оқыту жүйесі бағдарламалық кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. SMS көпшіліктің қол жетімділігінде тұрған сәйкес модульдермен берілетін контентпен жұмыс істейтін пайдаланушылық интерфейске және контентті дайындау мен басқару үшін әкімшілік интерфейске ие болуы тиіс. SMS-ті бағдарламалық іске асыру кезінде бағдарламалық кешеннің архитектурасына қойылған және әр түрлі ішкі жүйелердің өзара әрекеттестігіне, оның ішінде мәліметтер базасымен жұмыс істеуге жататын жалпы қағидалар сақталуы тиіс. 

Метепті басқару жүйесі білім беру ұйымдарындағы ағымдық  бизнес-процестерді есепке алып, іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруы, әкімшілік саясатты жақсарту негізінде  жүргізілген есеп-қисапты қалыптастыруы тиіс.

SMS мұғалімдер мен ата-аналарға  оқушылардың үлгерімі мен қатысушық  динамикасын, сондай-ақ мектеп  оқушыларының, педагогтарының және  басшыларының рейтингін жүргізуді  қадағалауға мүмкіндік беруі  тиіс. 

SMS пайдаланушыларына сапалы қызмет көрсету жүйелі және ретке келтірілген пайдаланушы интерфейсін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Мектепті басқару жүйесінде сақталатын пайдаланушылардың бірегей реестрімен жүйеге бірыңғай кіру іске асырылған болуы тиіс, ол SMS пайдаланушыларын тіркеуді; пайдаланушының Порталға қауіпсіз кіруін; SMS ақпаратын қарап шығуды; SMS пайдаланушыларының жұмысын жасақтауды; пайдаланушылардың SMS-тен шығуын қамтамасыз етеді.

SMS пайдаланудағы қарапайымдылығымен, бағыттаудағы көмек ұсынуымен  (каталогтар, хабарламалар, пайдаланушының жұмыс істеу барысы бойынша ескерту мен көмек көрсету), пайдаланушының әдейі емес әдепсіз әрекеттерінен қорғауымен, қажетті құқықтардың бар кезінде түзетулер енгізу мүмкіндігімен сипатталуы  тиіс.

Мектепті басқару жүйесі келесі негізгі модульдерді енгізеді:

  • Құжаттар;
  • Жоспарлар;
  • Статистика;
  • Бухгалтерия;
  • Тамақтану;
  • Кесте;
  • Электрондық жорнал;
  • Электрондық күнделік;
  • Электрондық кітапхана;
  • Тестілер;
  • Тәрбие жұмысы;
  • Сауалнама жүргізу;
  • Дәрігерлік бөлме;
  • Қатынас.

Білімдік процесс пен  басқарудың тікелей қатысушылары болып мектепті басқару жүйесін негізгі пайдаланушылар саналады: директор; оқу жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары; тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары; мұғалімдер; сынып жетекшілері; оқушылар; ата-аналар; кітапханашылар; дәрігер қызметшілері; SMS басқарушылары.

Барлық ұсынылған пайдаланушылар SMS-те ресурстарға қатынас құру құқығын  қамтамасыз ететін нақты міндеттері бар рөлді атқарады. Нақты рөл  үшін пайдаланушылардың есепке алу  жазбалары мен құқықтар жинағын баптауды SMS басшысы жүргізеді. Жүйеге кіру басшы тағайындаған логин мен құпия сөздің көмегімен жүзеге асырылады. Пайдаланушы басшыдан есепке алу жазбасын алып, жергілікті желідегі немесе алыстан Ғаламтор желісі арқылы белгілі бір адрес бойынша жүйеде авторлана алады.

Пайдаланушыға тағайындалған рөл мен құқық, осы мезетте ол белсенді пайдаланушысы болып саналатын білім беру ұйымынан әрі тарамауы тиіс. SMS пайдаланушыға бірден артық рөлі болуына мүмкіндік беруі тиіс, мысалы, мектепте жұмыс істеуші мұғалім бір мезгілде осы мектепте оқитын оқушыларының ата-анасы болып санала алады.

 

Сыныпты басқару  жүйесі (Classroom Management System, бұдан әрі – CRMS) – бұл мұғалімге сабақтардың барысын толық бақылау жасауға, мультимедиалық кабинетте сабақтарды жүргізу бойынша негізгі міндеттерді: басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды жүзеге асыруға  мүмкіндік беретін  бағдарламалық жасақтама.

Бүгінгі таңдағы қазіргі  заманғы сыныптарда ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдаланып басқару  қажеттілігі ешқашанда осындай ғаламат болған емес. Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен: компьютердің жаңартылған түрлерімен, Ғаламторға қатынас құрудың кеңжолақты жасақтамасымен және б.  жабдықталатын болады.

CRMS мұғалімге оқушылардың зейінін қолдауға, олардың қосымшалар мен веб-сайттарды пайдалануын бақылауға, он-лайн көмек пен чат-сұраныстарды пайдалануға, жұмыс файлдарын жинауға, сыныптың сураныстарын тездетуге және нәтижелерін бірден көрсетуге автоматтық жөнелтудің арқасында уақытты үнемдеуге, компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін барынша пайдалану арқылы электрондық оқытудың тиімділігін арттыруға, оқу іс-әрекетінің алуан түрін қолдауды жүзеге асыруға көмектеседі.

CRMS-тың негізгі пайдаланушылары болып білімдік процестің тікелей қатысушылары: мұғалім, оқушы, басшы саналады. Пайдаланушылардың санаттары CRMS-тың қызметіне қатынас құрудың әр түрлі құқығына ие: басшы пайдаланушыларды техникалық қолдауды орындайды, жүйенің жұмыс істеуінің әдептілігін бақылайды; мұғалім оқушылардың әрекеттерін басқару, бақылау, толық тексеру құқығына ие болады; оқушы тек мұғалімнің рұқсатымен ғана жүйеге кіре алады, тек қатынас құруға ашық әрекеттерді ғана орындай алады.

CRMS мұғалімнің жұмыс  орнынан оқушылардың жұмысын  бақылау мен басқаруды, олардың өзараәрекеттестігін және шынайы уақыттағы аудио- мен бейнемәліметтерді жеткізуді қамтамасыз етеді, сабақ уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Басшы тағайындаған логин  мен құпия сөздің көмегімен мұғалімнің жүйеге кіруі. Жүйедегі оқушылардың  авторлануының көмегімен оқушының сабаққа қатысу мәртебесін есепке алу.

CRMS кез келген (мәтіндік, графикалық, аудио-, бейне және т.б.)  форматтың файлдарын қолдауды қамтамасыз етеді, Ғаламторға шыға алады және оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді: жұптағы, топтағы жұмыс, дербес және жапай сауалнама, топтық талқылау және б. Оқытушы тарапынан бақылау оқушы үшін байқаусыз түрде және оны негізгі оқу іс-әрекетінен алаңдатпастан өтетін болады.

CRMS негізгі екі модульді енгізеді: Мұғалімнің Модулі және Оқушының Модулі.

Мұғалімнің модулі мұғалімнің компьютеріне орналастырылады да сабақтарды өткізу бойынша негізгі қызметтерді: өз жұмыс орнынан кетпестен компьютерлік сыныптағы сабақтардың барысын толық тексеруді ұсынатын басқаруды, бақылауды, оқушымен қарым-қатынас жасауды қамтамасызз етеді.

Мұғалімнің модулі:

  • оқушының компьютерін басқаруды, барлық мүмкін болатын алыстағы файлдық операцияларды (қосымшаларды іске қосу, пернетақта мен тышқанды басқару, компьютерді қосу, қайта жүктеу және ажырату) орындауды;
  • сыныптың схемасын басқаруды; сыныптың схемасынан компьютерді алып тастау немесе үстемелеп қосу мүмкіндігін;
  • жергілікті желінің барлық қосылған компьютерлерін автоматтық анықтауды және мұғалімнің компьютерінде қол жетерлік компьютерлерді бейнелеу арқылы сыныптағы оқушылардың қатысуын қадағалауды;
  • сыныптың схемасын басқару арқылы оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіруді;
  • өз мониторында оқушының жұмыс үстелін алыстан бақылауды; жеке оқушыларды, оқушылардың таңдалынған топтарын немесе тұтас сыныпты экрандардың мониторингі арқылы оқушылардың іс-әрекеттерін қадағалау мүмкіндігін;
  • оқушылардың оқу материалын меңгеруіне назарын аударуға және шоғырландыруға көмектесу үшін олардың компьютерде әр түрлі әрекеттер жасауына тосқауыл қоюын, оқушы экранының ақ болу мүмкіндігін жасауын;
  • оқушылар тобына немесе нақты оқушыға мұғалімнің экранын таратуды, таратылатын материалға ескертулердің құрамдас аспабын;
  • қабырға-төбелік экранға және\немесе интерактивтік тақтаға дәрісхананың кез келген компьютерінің экранынан кескіндерді таратуды;
  • тікелей эфирде барлық оқушыларға немесе таңдалынған топқа мұғалімнің сөзін хабарлауды;
  • барлық оқушыларға немесе таңдалынған топқа мұғалімнің ертеректе жазылған сөзін жаңғырту және хабарлауды;
  • оқушылар тобының сұқбаттарын тыңдау немесе әрбірінің сұқбатын жеке тыңдауды;
  • эфирдегі дауыстарды барлық дәрісханаға тарату үшін бірнеше оқушыны таңдауды немесе бір оқушыны таңдауды, эфирдегі хабарлауда оқушылардың құқықтарын бақылауды;
  • өз компьютерінен, сондай-ақ кез келген қосымша дыбыстық құрылғыдан барлық оқушыға немесе оқушылардың таңдалынған тобына аудио- және бейнематериалдарды таратуды;
  • дыбысты қосу\ажырату мүмкіндігін;
  • аудио- немесе бейнематериалды оқушыларға тарату уақытындағы ауызша түсініктемені;
  • файлдарды жинау мен жөнелтуді автоматтандыруды;
  • оқушы компьютерінің алмасу буферіндегі барды мұғалімнің компьютерінің алмасу буферіне көшірмелеуді;
  • шұғыл хабарландыруларды жариялау мүмкіндігін жасауды;
  • чаттарды және топтық қарым-қатынасты дайындауды;
  • кез келген оқушыдан шақыруларды қабылдау немесе кез келген оқушының өзін шақыру мүмкіндігін;
  • оқушылардың арасында тестілік хабарлар алмасуды ұйымдастыруды, мұғалімнің басшылығымен форумдарда басқа оқушылармен қарым-қатынас жасауды;
  • оқушылардың Ғаламторға шығуын мұғалімдердің бақылауы. Тек бекітілген веб-сайтқа ғана қатынас құруға рұқсатты, кез келген немесе шектелген веб-сайтқа қатынас құруды боддырмауды;
  • өз тестілерін дайындау немесе жөнелту арқылы оқушылардың ілгерілеуін бағалау мүмкіндігін, тестілердің әр түрлі нұсқаларын (жауаптардың бірнеше нұсқалары бар, жауаптардың екі нұсқасы бар – иә\жоқ, және т.б.) дайындауды, нәтижелерді жинауды, оларды өңдеуді және білімдерді баға<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" st

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас