Эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:54, доклад

Описание работы

Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды "көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал Эстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу Эстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.

Файлы: 1 файл

эстеикалық тәрбие.doc

— 71.00 Кб (Скачать файл)

Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың  соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген  ұғымды "көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз. 
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал Эстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу Эстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.  
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев "Педагогика" атты еңбегінде: " Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады", - деп, өнер арқылы Эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған. 
Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - Эстетикалық сезімді және Эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, Эстетикалық қабылдау қырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың Эстетикалық дамуының негізі болады. 
Қазақ ағартушылары Эстетикалық тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін олардың зерттеу жұмыстары мен шығармаларынан аңғаруға болады. 
Ш. Уалихановтың Эстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық әдет - ғұрпына, салт – дәстүріне баса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы Эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады. 
Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық құрылыстарын Эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. "қазақ моласы мен оның төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен бейнелеу салты байқалады" - деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Өз халқымен бірге Қырғызстан және Шығыс Түркістанның ежелгі архитектуралық құрылыстарына (Алашахан, Ботағай, Айша бибі т. б. ) тас мұсіндеріне (Қозы - Көрпеш - Баян сұлу кешеніндегі, Түймекенттегі т.б. ) ғылыми тұрғыда талдау жасайды. Сөйтіп қазақ халқының Эстетикалық мақсатты көздеген өзіндік сәулетшілік шығармалары болғанын баяндайды. Осы көне заманның көз болып келген мәдени мұраларды әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге үйретеді.  
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің кұндылығын түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мәдениеттілікке де үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтынсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері Эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сүрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет," - деп атап көрсетті. 
Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясында жас -жеткіншектердің Эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу ( машинамен тігу) жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі реальное училинесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш - құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары үшін ашылған мектепте, қарапайым халықтың тұрмысына керекті, ... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді"  
Ыбырай сол кездің өзінде - ақ, сол өнерге балаларды да ынталандыруға атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын Эстетикалық талғаммен қабышдап, өмір қажетіне шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр. 
Осы айтылғандар Ыбырайдың әдет - ғұрып, салт - дәстүрді тәрбие саласының өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі. 
Балалар мен жеткіншектерге Эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. ( Эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты. " Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне тапсырады, маңайындағы ақынға - жыршыларға халық арасынан кең тараған жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді".  
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдікке тәрбиелеу ой тұжырымдарын өрбіте келіп, 27- ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің пікірлері : "әуелі көзді" көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік Осы Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. "Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалынен, ұнамсызы - ұнамсыз қалыппен, әрнесш өз суретімен көзге тұседі. Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауыш алған өнерінің жоғалғандығын және өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың" . ( Абай. Екі томдық шығармалар жиынтығы. 
Абай өзінің шығармаларында Эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. Эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес. 
Балалардың эстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын күрделі міндетті, ол - окушылардың көрген - білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің дамуына да жол ашу. Яғни адамнаң дүниені Эстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты. 
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С. Макаренко : "... балаларымыз - еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу - біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз", - деген . Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл педагогикалық ұжымның қызметі болып саналады. А.С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сәнқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс — тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап ете білді. Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті. 
Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте, ұйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, кластарды, арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде міндетті түрде оларды қатыстырған жөн. 
Бұл тұрғыда А.С. Макаренко кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар гүлдердің көптігін, жалтыраған паркетті айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана әңгімелейді. 
Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп окушыларын тәрбиелеу және дамыту проблемаларымен шұғылданған В.А.Сухомлинский табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын ролін өз практикасында ерекше қолданған. Ол " Балаға жүрек жылуы" атты кітабының " Табиғат кітабының үш жүз беті" деп аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімІн тәрбиелеуде табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде ерекше орын берді. В.А.Сухамлинский сабақты балалармен көбінесе табиғат аясында өткізетін. Табиғатты әсемдікке тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен сұлулығын таныта білді. Ол туралы " Бапа сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, оған бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып қалатын болсын. Әсемдік - адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын жүректі қарым - қатынастың жаны мен тәні", - деп жазды. 
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым — ағартушы тәлімгер - ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан педагог Н.К.Крупская : "Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі жасамау керек" -деп, эстетикалық тәрбиенің міндетін анықтайды. Ол 1931 жылы декабрьде " Правдада" жариялаған мақаласын " Мектепте бейнелеу өнеріне көңіл бөлінсін" деп атады. 
Мұнда " Өнер орасан зор ұйымдастырушылық ролы атқарады", - деп атап көрсетеді. 
Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруда көркемөнердің ролі орасан зор. Көркем өнер дүниені образдың түрде бейнелеудің және өзгертудің формасы ретінде өте күрделі, жан - жақты құбылыс. Онда мектеп окушыларына тікелей әсер ететін, бір - бірімен байланысты тәрбиенің идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық жақтары бірлікте келеді. 
Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінді. Ол рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. 
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, " Көркем тәрбие" деп аталады. Ол тікелей өнер шығармаларына көңіл аудара отырып, баланың әдемілікті түсініп қабылдауын талап етеді. 
Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр түрлі дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, одан алған әсері, оның көркемдік әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластъілығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу тіпті өнермен айналысу оны тез атаймыз. Әрине, мінез - құлықты дербес ғылым этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады. 
Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі - сұлулық. Ізгілік, жақсылық жасау - қоғамға пайда-келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет - бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез - құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса, ол эстетикалың ләззат әкеледі. М.Горыкий : " эстетика - бұл болашақтың этикасы" - деп бекер айтпаған. Жасөспірімдер ұлкендермен, дос - жолдастарымен қарым - қатынаста сыпайы, әдепті, байышты болулары абзал. Осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің негізгі көзі болып табылады

12 жылдық  білім беру жүйесінде оқушылардың  ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың  тұжырымдамалық құрылымы

 

12 жылдық білім беру  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында  қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіреді.        

Мектеп оқушысы  әрбір білім беру деңгейін аяқтағаннан  кейін енгізген негізгі құзыреттіліктерді: коммуникативтік құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, проблемалардың шешімін  табу құзыреттілігін игеруі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік – адамдар мен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.Проблеманы шеше білу құзыреттілігі - әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға, өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық  құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен  техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және талқылау (интерпретациялау) білігі.        

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше. Онда: «Ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр»,- деп атап көрсеткен.

Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесудің мәні өте зор болып отыр. Осыған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда.

Қоғамды ақпараттандырудың  басты мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді,  құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың педагогикалық кәсіптік біліктілігін қалыптастыру , олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгінгі күні ақпараттық технология өндірісте,  кәсіпорындарда,  құжат өңдеу  іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қамтитын іс-әрекет саласы зор қарқынмен өріс алуда.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында  сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі де атап көрсетілген. Осыған байланысты  XXI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Компьютерлік техниканы, Интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және интерактивтік технология құралдарын, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажет.

Қазіргі  заман  болашақ  мамандарынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,  тарихи танымдық, психологиялық-педагогикалық, технологиялық тұрғыдан сауатты және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан маман болуы талап етілуде. Жоғарыда аталған жайларды меңгерген маман оқушылардан осы білімдерді талап ете алады.

Ғылыми – техникалық прогрестің қарқындап дамуы қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың  ғаламдық процесінің негізіне айналдыруға мүмкіндік берді.Ақпараттық технологияның жеделдеп дамуы барысында қоғамның экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Ақпараттық технологияның қарқындап дамуы кез – келген жеке тұлғаның әлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне мүмкіндік береді.

Республикамыздың білім  беру саласында ақпараттық құзыреттіліктің  аспектілерін меңгерген мамандарға деген сұраныстардың артуы мен  оларды даярлаудағы кәсіптік әрі ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды қажет етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын білім стандарттарына,  мазмұнына сай жетілдіру проблемалары әр кезеңнің көкейтесті мәселесі екендігі белгілі.

Білім берудің,  қоғамды ақпараттандыру үрдісінің,  оның негізгі бағыттары мен болашағын, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға дайындаудың мақсатын, мазмұнын, принциптерін, психологиялық-педагогикалық негіздерін және білім беру сапасын арттыруда бағалау ынталарының    жүйесін    дамытуды     Ж.А. Қараев,  А.Ғ.Қазмағамбетов,  Г. Нұрғалиева, С.М. Кеңесбаев және т.б. қазақстандық ғалымдар жан-жақты зерттеген.


Информация о работе Эстетикалық тәрбие