Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:54, доклад
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды "көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал Эстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу Эстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.