Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 11:35, статья
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты – өркениетті елдердегі білім беру әлемдік стандартына сай білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, шығармашылықпен ойлай алатын, кез-келген ортада өз шешімін таба білетін білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі жастарға қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі жастар. Сондықтан берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады.
УДК Абдрахманова Ж.М. - КарГТУ студенті (ПО-10-1 топ)
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Әлемдік білім беру кеңістігіне
бағытталған білім берудің
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі.
Алғашқы күндерден бастап жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру жүйесі Үкіметіміздің қаулы қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйренуді олардың жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайық қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты қамтамасыз етілсін – деп міндеттелген.
Әсіресе өкіметтің қабылданған қаулы-қарарларында 1986-1990 жылдар мен 2000 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және әлеуметтік дамыуының негізгі бағыттарындағы білім беру саласында жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріліп, кәсіптік бағдарды жетілдіру міндеті алға қойылды. Мектеп бітірген әрбір жастың белгілі бір кәсіп иесі болуы да қажет екендігі белгіленді.
Осы орайда Республикамызда орналасқан әрбір мектептің, өндірістік ұжымның, ата-аналардың, жұртшылықтың алдында жастардың еңбек тәрбиесін, политехникалық даярлығын және кәсіптік бағдарын түбірімен жаңғырту міндетін қойып отыр.
Дегенмен, жастарға кәсіптік бағдар беру туралы алғашқы ойлар, ХІХ ғасырдың өзінде-ақ шетелдерде де пайда бола бастады. Атап айтқанда, Францияда «Мамандық таңдауға басшылық» туралы еңбек 1849 жылы жарық көрсе, ағылшын психологы Ф.Тальтон 1883 жылы бірінші рет тесттік байқауды ұсынды. 1968 жылы Гарвард университетінің (АҚШ) профессоры Ф.Парсонс Бостон қаласында «Бағдарлау бюросын» ұйымдастырды. Ол жастарға өмірде өз орнын таңдауға көмектесуге тиісті болатын болса, бұл бюро кейін Нью-Иоркке көшірілді. Мұндай кеңес беретін орталықтар Англияда, Бельгияда, Чехославакияда, Швецарияда, т.б. елдерде дамыды. Ондай орталықтарда негізінен жастарға мамандық таңдауға кеңес беру мәселесі қойылды.
Осындай идеялар Кеңес
Одағына кіретін елдерде
Осы кәсіптік мамандықтың барлығында да адамдар қызмет ететін, бірнеше мамандықтарды иегеріп отырды. Ондай өндірістік орындарында істейтін негізгі күш – жастар болды. Сондықтан жастарға кәсіптік бағыт беру жұмысын дұрыс жолға қойып, нәтижелі ұйымдастырудың маңыздылығы күннен-күнге арта бастады.
Ал, бүгінгі күні еліміздің реформасына орай жастарға кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.
Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар екенін бірқатар ғалымдар мынандай қасиеттердің болуын дәлелдейді.
Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық таңдауға даярлауда, жеке адамның кәсіптік қажеттіліктерімен икемділіктерін, қызығушылығын және басқа да қасиеттерін тұрақтандыруда мамандыққа қатынасы есептеледі. Ал оны кәсіптік бағыт деп те атайды. Бір жағынан бұл психологиялық термин болып есептеледі, яғни атап айтқанда «жеке адамның бағыты», яғни сыртқы ортаға, еңбекке жеке адамның ішкі дүниесінің қатысы болып есептеледі.
Сондықтан мамандық таңдауда жеке адамның психологиялық ерекшеліктері де қарастырылады. Кәсіптік бағыт беруде оқушылардың кәсіптік қызығушылығы мен жоспарын қалыптастыру ең бірінші міндет болып саналады.
Шындығында еңбекке
В.В.Водзинская мамандық таңдаудағы ең бірінші фактор мамандыққа деген қызығушылық деп есептейді.
Қорыта келгенде, кәсіби бағдар беруде қажет нәрселер:
- жастардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
- кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіру.