Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 11:35, статья
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты – өркениетті елдердегі білім беру әлемдік стандартына сай білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, шығармашылықпен ойлай алатын, кез-келген ортада өз шешімін таба білетін білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі жастарға қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі жастар. Сондықтан берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады.