Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 11:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеттері.
баланың денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру;
оқушылардың дене тәрбиесі үдерісінде қазақ ұлттық қимыл
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ................................................................................................................5
1.1 Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы..................................................................5
1.2. Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдануы..........18
2. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ...................................22
2.1 Спорттың ұлттық пен қозғалмалы ойындарының педагогикалық мәні...22
2.2.Қозғалмалы ойындар.......................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................37
1.2. Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдануы
Қазақтың белгілі ғалым
ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан
Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин халық
ойындарын балаларға білім
Сондықтан оны пайдалану
тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды
дамытып қана қоймайды, сонымен
қатар мектеп оқушыларынан
Бұндай жағдай Қазақстан
Республикасының оқушыларының көпшілігінде
ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене
жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға
деген мұқтаждықтың, осы саладағы
өз бетінше жүргізілетін сабақтардың
ғылыми негізделген әдістемесінің
жоқтығын, сонымен қатар көптеген
жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде,
мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде)
оқудың материалдық базасының
Осы жоғарыда айтқан мәселелердің
бәрі аталған тақырыптың әлі де болса
жан-жақты толық зерттеуді
Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Ойын жаттығуларын ойша қайталау
арқылы барлық ықылас зейінді аударуға
негізделеді. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский:
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,
қиялсыз толық мәніндегі ақыл-
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» Ақ серек,көк серек», «Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан»,«Теңге алу», т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес.
Бұл ойындарды жаңа материалды
бекіту немесе қайталау кезінде қолдану
керек деген пікір бар. Оқушы
ойынның үстінде не соңында өзінің
қатысу белсенділігіне қарай түрлі
баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының
еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы
тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада:
ол баланы зеректікке, білгірлікке
баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына
деген көзқарасын құрметтеуге сөз
әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа,
өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке
баулу сабағын ұлттық ойындар
арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән
тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге
ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын
байыта түседі. Ұлттық спорт түрлерi
мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты
үйлесiмдi тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi
болып табылады. Қазiргi дене шынықтыру
практикасында ғасырлар бойы сомдалған
және сыннан өткен халық ойындары
мен ұлттық спорт түрлерi құралдары
арқылы жеткiншек ұрпақты тәрбиелеудiң
бай тәжiрибесiн пайдалану
Ойын баланың барлық қабілетінің
дамуына, айналасындағы дүние жайлы
түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі.
Халқымыз ойындарғы тек балаларды
алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай,
олардың мінез-құлқының қалыптасу
құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың
негізгі іс-әрекеті ретінде
Сондықтан білім берудің
жаңа технологиясын пайдаланып, дене
тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық
әдіспен оқушылардың жас
2. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Спорттың ұлттық пен қозғалмалы ойындарының педагогикалық мәні
Қазақ халқының ұлы
ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын
ойнап, ән салмай, өсер бала
бола ма?» - деп айтқандай баланың
өмірінде ойын ерекше орын
алады. Халқымыз ойындарды тек
балаларды алдандыру, ойнату
Қазақстан Республиасының Білім туралы Заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересектер арасында әр түрлі: спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген. Демек, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған.
Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі қоғамның басты міндеттердің бірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Ұлттық ойындардың тәрбиелік
маңызы туралы М.Жұмабаев ойындарды
халық мәдениетінен бастау алар қайнар
көзі, ойлау қабілетінің өсу
Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: 1) рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындар; 2) дәстүрлі-қозғалыс ойындары; 3) спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ал, «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
- жалпы ойындар;
- қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
- ашық алаңқайдағы ойындар;
- қыс мезгіліндегі ойындар;
- демалыс ойындары;
- ат үстіндегі ойындар;
- аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үдерісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айта келе ғалымдар сабақта және тәрбие жұмысында, балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға негіз болады,- деп пікір білдірген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысындағы спорттық жаттығуларға, ойындарға И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және т.б. ғалымдар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезде заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді.
Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілеттері жетіледі, - деп тұжырымдайды. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе жасамайтын тұлға. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді». Д.Хухлаеваның пікірінше, дене жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады, - дейді.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етуде. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді.
Дене шынықтыру пәнінің
теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық
ойындарының тәжірибелік
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деген екен. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан да оның мәні де ерекше болып табылады.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Ұлттық ойындардың қысқаша мазмұнын былай бейнелеуге болады: