Магистранттың өзiндiк жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 12:40, реферат

Описание работы

Жоғарғы мектептегi педогогикалық процестiң заңдылықтары- бұл педогогикалық процестiң жеке салалары мен құбылыстары мен өз ара ұштасатын обьективтi байланыс. Құбылыс процессiне қатысты байланыстың екi түрi сыртқы ( мысалы әлеуметтiк ортамен ), және iшкi ( нәтиже және әдiс аралық ) бар.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 127.00 Кб (Скачать файл)

21. Лекция мәтіні студенттерге  күн ілгері беріліп, сол арқылы  студент лекцияға алдын ала  дайындалып келеді.

22. Лектор студенттердің түсінбеген сұрақтарына жауап береді, толықтырады, лекцияда қаралатын тақырыптың тек негізгі және түйінді, проблемалық жақтарына тоқталады.

23. Меңгеруге жеңіл тақырыптарды  оқытушы басшылығымен студенттің  орындайтын (ОБСӨЖ), ал өте жеңіл  лекция тақырыптарын студенттің өзіндік жұмысына (СӨЖ) қалдырған тиімді.

24. Лектор студенттердің танымдық  белсенділігін арттыру үшін интерактивті  әдіс пен мультимедиялық технологиядан  бастап қарапайым көрнекі құралдарға  дейін пайдалануы тиіс.

25. Лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаудың құрылымы:

  • лабораториялық жұмыстың аты;
  • лабораториялық жұмысты орындауға қажетті құрал – жабдықтар

тізімі;

  • жұмысты орындауға қажетті теориялық мәліметтер;
  • лабораториялық жұмыс нәтижесін есептеу және тапсыру ;
  • бақылау сұрақтары;
  • әдебиеттер тізімі.

26. Лабораториялық жұмысты орындау  барысында студент лекцияда игерген  теориялық мәліметтерді іс жүзінде  лабораториялық қондырғылар көмегімен  зерттеу арқылы оның дұрыстығына  көз жеткізеді немесе теориялық  заңдылықтардың құралдарда қолданылуымен танысады.

27. Студенттің лабораториялық жұмысқа  алдын ала дайындалып келуін  және оның жұмысты ойдағыдай  орындалуын жеңілдету мақсатында  кафедра оқытушылары әр лабораториялық  жұмысқа нұсқау дайындайды.

28. Лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауларда берілген тапсырманы орындау жолдары, әдістері және оны іске асыру үшін қажетті құрал – жабдықтармен орындалатын іс әрекеттер реті, анықталынатын немесе өлшенетін шамалар, олар арқылы қажетті шаманы, анықтау немесе есептеу формулалары көрсетіледі.

29. Практикалық немесе семинарлық  сабақтарға арналған әдістемелік  нұсқаудың құрылымы:

практикалық (семинар) сабақ тақырыбы;

сабақ жоспары;

қысқаша теориялық мәліметтер;

бақылау сұрақтары;

студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары;

үй тапсырмалары (келесі лекция тақырыбы, есептер немесе схема, т.б.);

әдебиеттер тізімі.

30. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)  аудиториядан тыс жеке немесе  топ болып орындау арқылы білім  алуға, білімді меңгеруге және  машықтануға бағытталған оқу  жұмыстары. СӨЖ мөлшері оқу жоспарында көрсетіледі.

31. СӨЖ тапсырмалары реферат,  кейс, кроссворд, бақылау, есептеу  және сызба жұмыстары түрінде  орындалады. СӨЖ тапсырмаларының  анық, түсінікті және дәл берілуіне,  әдістемелік қамытылуына баса  назар аудару керек.

32. Студенттің өзіндік жұмысының құрылымы:

  • тақырыптар тізімі;
  • тапсырманы орындау үшін кеңестер;
  • тапсыру реті, мерзімі;
  • бағалау тәртібі;
  • қажетті әдебиетттер тізімі мен интернет сайты.

33. Оқытушының басшылығымен орындайтын  студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ)  аудиторияда өткізілетін сабақтың ерекше түрі.

34. ОБСӨЖ мазмұны мен мақсаты  пәннің оқу бағдарламасымен, курстың  концепциясымен, кітапхана қорының  және оқу орнының техникалық  мүмкіндігімен анықталады.

35. ОБСӨЖ оқытушы мен студенттің  бірге орындайтын жұмысы болғандықтан оны өткізу формасы СӨЖ-ден өзгеше болады.

36. ОБСӨЖ тренинг, дискуссия,  іскерлік, дидактикалық ойындар,  презентация, кейс құрастыру,  топ бойынша немесе жеке жобалар  жасау түрінде ұйымдастырылады.  ОБСӨЖ кеңес беру және бақылау  функцияларын орындайтынын ескеру керек.

37. ОБСӨЖ құрылымы:

  • тақырыптары;
  • тапсырмалар және сұрақтар;
  • тақырыпты өткізу немесе қабылдау формасы;
  • тапсырманы орындау үшін кеңестер;
  • студенттің сабақтағы белсенділігін арттыратын танымдық материалдарын (активные раздаточное материалы) пайдалану.

ОБСӨЖ тапсырмалары пәндер бойынша  әр семестрдің басында университет  кітапханасына беріледі. Студенттер пәндер бойынша тапсырмаларды оқытушыларға әр аптада тапсыруға міндетті.

14. Оқу сабақтарына қойылатын  талаптар.

Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша аудиториялық сабақ мөлшері күрт кеміп, студенттің өзіндік жұмысының көлемі өседі.

Бір академиялық кезең (семестр) 15 апта болғанда, әрбір апта сайын  аудиториялық сабаққа 1 академиялық  сағат, ОБСӨЖ-ге 1 академиялық сағат  және СӨЖ-ге 1 академиялық сағат, яғни 1 аудиториялық сабаққа 2 аудиториядан тыс СӨЖ сабақтары өтілуі тиіс, немесе бір кредит (45 сағат) сағатының 15 сағаты аудиториялық, 30 сағаты өзіндік жұмыстарға бөлінеді. Сондықтан оқу үрдісінде сабақтарды жүргізудің жаңа инновациялық түрлерін кеңінен енгізу қажеттілігі туындайды.

1. Лекция сабақтарына қойылатын  негізгі талаптар:

  • ғылыми негізділігі, тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан түсіндіру;
  • тақырыпты тиімді жеткізу мен студенттердің белсенділігін арттыру үшін проблемалық, дискуссиялық, диалог, дебат түрінде өткізу;
  • берілген материалды аудиторияның ғылыми деңгейіне сәйкестендіру, күрделі дәлелдемелерді қарапайымға ауыстыру.

2. Семинар сабағына қойылатын  негізгі талаптар:

  • семинар сабақтарының жоспары кафедрада талқыланып, бекітілген болуы;
  • семинар сабақтарына берілген сұрақтардың лекция тақырыптарына, курс бағдарламасына сәйкестігі;
  • семинар сабақтарының әдістемелік нұсқауларын дайындау;
  • сабақта көрнекілік материалдар қолдану.

3.Семинар сабағының сапасы:

  • оқытушының ғылыми-теориялық біліктілік деңгейіне, нақты сабаққа дайындығына;
  • сұрақтарды талқылауда студенттердің белсенділігіне ;
  • рефераттарды дайындау, талқылау деңгейіне ;
  • оқытушының талқыланған сұрақтар бойынша қорытынды жасау тереңділігіне байланысты.

4. Семинар сабағын бағалау, бақылау:

  • семинар сабағын өткізетін оқытушы күнделікті, шептік бақылау кезіндегі студенттердің дайындығын, материалды игергендігін бағалайды;
  • Курсты жүргізетін лектор:
  • семинар сабағының өткізу сапасын;
  • семинар сабағында лекциялық материалдарды қолдану дәрежесін;
  • студенттердің сабаққа қатысуын бақылайды.
  • Кафедра меңгерушісі:
  • семинар сабақтары жоспарының орындалуын;
  • семинар сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау тәртіптерінің сақталуын;
  • оқытушының, студенттердің сабаққа дайындық дәрежесін қадағалайды.

5. Лабораториялық сабақтарға қойылатын негізгі талаптар:

  • теориялық курс материалдарын тәжірибеде дәлелдеуді қалыптастыру;
  • жұмыс схемалары мен қондырғыларды жинауға онымен жұмыс жасауға дағдыландыру;
  • теориялық курс материалдарын толық қамту;
  • ғылыми – зерттеу жұмыстарының элементтерін қолдану.

6. Лабораториялық сабақтардың сапасы:

  • лабораториялық жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулардың дайындығымен;
  • қажетті қондырғылар мен құралдардың, өлшеуіш аппараттардың болуымен;
  • студенттің жұмысқа дайындық дәрежесімен анықталады.

7. Лаборатория сабағын бақылау,  бағалау:

  • сабақты жүргізетін оқытушы – жұмыс алдында студенттің теориялық білімін және жұмысты орындау методикасын меңгеруін тексереді, жұмыстың соңында есеп беру құжаттарын қабылдайды.

Курсты жүргізетін лектор:

  • сабақтың сапасын;
  • әдістемелік нұсқаулардың толық орындалуын;
  • лабораториялық жұмысты дайындау, орындау барысында анықталған кемшіліктерді лаборатория кітапшасына тіркеуге міндетті.

Кафедра меңгерушісі:

  • техника қауіпсіздігі ережесінің сақталуын, көмекші персоналдардың қызметтік міндеттерінің орындалуын тексереді.

 

 

 

Сөж

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді. 
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мектептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген. 
Оқытушы оқыған кез келген дәріс тақырыбы студентке түсінікті бола бермейді. Оның себептерінің бірі – студенттің басты қызығушылық объектісі – мамандық алу. Ал, оқылған дәріс оның болашақ мамандығымен байланыссыз болса, оны игеруге құлқы болмайды. Онымен қоса, оқу процесінің бастапқы кезеңдерінде, студенттерде қойылған проблеманы шешуге қажетті өзіндік жұмыс істеу дағдылары әлі толық қалыптаспайды. Сондықтан, оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде оқытушы тек проблема қою ғана емес, оны шешу жолдарына студенттерді баулуы тиіс. Бұл орайда, СӨЖ рефарат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындауға ықпал етуі қажет. 
Көптеген психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде ЖОО студенттері оқу процесіне бейімделу жағдайында өзіндік жұмыстарды орындауда, оның сан алуан түрлері мен формалары бойынша біршама қиыншылықтарға кездеседі. Соның салдарынан, оқып-үйренушілер оқу-тәрбие жұмыстарына, өзіндік жұмыстарға енжарлық танытып, оқу үлгерімдерінің төмен болуы орын алады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» деп атап көрсеткендей, жоғары оқу орындарының алдында өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны дамыту мәселесі тұр (1). 
Танымдық өзбетінділік мәселесінің тамырлары антика дәуірінен бастау алды. Ол тәрбиелеу мақсаты ретінде әлеуметтік факторлардың әсерінен пайда болды. Грек философы Сократтың (б. ғ. д. 469 — 399) өзі оқыту процесіндегі оқып үйренушілердің танымдық белсенділік пен өзбетіндік жұмысқа педагогикалық басшылық жасаудың қаншалықты маңызды екендігін ерекше атап кеткен. Ол осындай басшылыққа арнайы дайындық керек екендігіне сенімді болды. Сократтың оқып-үйренушілерді өзбетінділікке тәрбиелеген әдістері ерекше мәнге ие болды. Осыған орай, Сократтың ұсынған білім беру әдісі студенттерден даму процесіндегі шынайылықты, өз бетінше табуды, нақтылауды, түсініктерді жетілдіруді талап етеді (2). 
Педагогика-психология саласындағы атақты ғалымдар өз еңбектерінде өзіндік жұмыс мәселесін психологиялық тұрғыдан қарастырған. Мысалы, С. Л. Рубинштейн «өздігінен» ұғымы әрекеттердің саналы түрткісі мен өзектілігін болжайтынын, ерік күшінің өзбетінділігін және «танымдық өзбетінділік» ақыл-ой әрекетінің сапасы ретінде өз бетінше білім алу мен дамуды білдіретінін тұжырымдаса (3), В. А. Крутецкий өз бетінше жұмыстану, білім алу, мәселені өз бетінше шешу, заңдылық ашумен теңбе-тең екендігін анықтаған (4). Ал, А. Н. Леонтьевтің пікірінше адам миында заттар, құбылыстар туралы толық бейне сақталу үшін адам мен зат арасында әрекеттік қатынас орнау қажет, осыған байланысты бейнелердің толықтық дәрежесі байқалады [5]. Бұл өз кезегінде жеке тұлғаның өзіндік жұмыспен айналысу арқылы жинақталған білімді толықтырып отыруына меңзейді. Іс-әрекет теориясы, оқу-тәрбие жүйесінде теория ретінде қолданылып келеді. 
А. Н. Леонтьевтің психологиялық іс-әрекет теориясына сүйене отырып, П. Я. Гальперин мен Н. Ф. Талызина ақылдық қимыл іс-әрекеттерін кезеңдер бойынша қалыптастыру теориясын жасаған. Ол үш типті іс-әрекет негіздерін көрсеткен. Біріншісі – толық емес әрекет, ол көп қатерлер мен қиындықтардың негізінен тұрады, екіншісі шамалы толықтыру әрекеттеріне негізделеді, ал, үшіншісі – өз бетінше толық іс-әрекет жасау негізінде өтеді (5). 
П. И. Пидкасистый «өзіндік танымдық жұмыс» және «өзіндік жұмыс» ұғымдарын ажырата білуге назар аударады. Оның пікірінше, өзіндік жұмыс оқып-үйренушілердің өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастырудың тек құралы ғана болып табылады. Ол оқу өзіндік танымдық қызмет процесінде жүреді, бірақ, ол өзіндік жұмысты орындау процесінде жүреді деген сөз емес деп есептейді (6). Мысал үшін, оқытушы оқу материалын баяндағанда, студент салыстыру, беттестіру, деректі ойша талдау және т. б. ойлау амалдарын жүргізеді. Дәл осы кезде студент ешқандай тапсырма алған жоқ, өзіндік жұмыс та жоқ, бірақ өзіндік танымдық қызмет орын алып отыр. 
Жалпы алғанда, өзіндік жұмыс (ӨЖ) – біртұтас педагогикалық процестің, жоғары білім берудің негізі. Ол бір жағынан студенттердің дәрісханадан тыс жұмысы ретінде, басқа жағынан сабақ кестесі бойынша студенттің дәрісханада жүзеге асыратын жүйелі, жоспарлы, мақсатты жұмысы. Оны ұйымдастыру жауапты теориялық және практикалық міндет, маңызды ғылыми проблема. Өз бетінше жұмыс істеуді дәрісханада және одан тыс жерлерде ұйымдастырудың әр қандай түрлері мен типтерін қолдана отырып, студенттердің өздігінен ізденіп оқуына, білімін дамытуға ықпал етіп, оны ұйымдастыра білу өте қажет деп атап көрсетеді П. И. Пидкасистый (7). 
Жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдастыру сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет атқарады және дамытылады. СӨЖ атқарудың сыртқы мақсаты қоғамның мамандарды даярлауға қоятын талаптарымен анықталады. Мамандарды дайындаудың сапасын арттыру міндетін шешудің негізі оқыту сапасын күшейту болып отыр. Ол бірнеше факторлармен айшықталады. Ең бастысы, маманды даярлау деңгейіне нарықтың қояр талабы және оқытудағы экстенсивті және интенсивті факторлардың арақатынасының өзгеруі болып табылады. Әрине, осы орайда мәселе қарқынды фактор пайдасына шешілуі керек екендігі түсінікті. 
Жұмыста болашақ педагог-психологтардың өзіндік жұмыс істеу технологиясын педагогикалық негізде жобалаудың жүйесі ұсынылды. Сонымен, студенттердің өзіндік жұмыстарының тиімділігін арттыру екі бағытта жүргізілді: біріншіден – студенттердің орындаушылық қызметтерін белсендіру (жандандыру); екіншіден – өзіндік танымдық қызметті кеңінен ұйымдастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана. – 2004. –134 б. 
2. Модзалевский Л.Н. Очерк истории воспитания и обучения с древнейших времен до нашего века. – М.: Алетейя, 2000. – 496 с. 
3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – Изд. 2-ое. – М.: Учпедгиз, 1948. – 524 с. 
4. Крутецкий В.А. Психология математических способностей школьников. – М.: Просвещение, 1969. – 175 с. 
5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М.: Политиздат, 1975. – 33-34 с. 
6. Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся. Дидактический анализ процесса и структуры воспроизведения и творчества. – М.: Педагогика, 1972. 
7. Пидкасистый П. И. Самостоятельная познавательная деятельность школьников в обучении. Теория экспериментального исследования. – М.: Педагогика, 1980. – 146 с.

Оrganіzatіon of students’ іndependent works 
The author consіders the problem of profіtable organіzatіon of іndependent works of students. Іt  provіdes two levels of mental actіvіty - the adoptіon and assіmіlatіon of gіven knowledge. Usіng thіs knowledge practіcally, students develop theіr creatіvіty. Sіnce іndependent work of students covers the major part of the currіculum, іt must develop the cognіtіve abіlіtіes of students. As a result, the student must possess skіlls such as workіng to get knowledge to do research on theіr own and thіnk analytіcally.


Информация о работе Магистранттың өзiндiк жұмысы