Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 16:36, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде мұғалімнің кәсіби имиджі жайлы өте көп айтылуда, имиджді қалыптастыру процесі кімге байланысты және педогогикалық іс-әрекеттің табыстылығына қалай әсер етеді? Мұғалім бейнесі оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады. Өскелең жас ұрпақтың сезім, жігерінің қуатты күші болатын, адам қызықты, жан-дүниесі бай болуы керек.

Содержание работы

1.Мұғалімнің имиджі
2.Мұғалімнің сыртқы мәдениеті
3.Педагогтың этикасы

Файлы: 1 файл

мугалимин сырткы пишин мадениети.docx

— 30.19 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

1.Мұғалімнің имиджі

2.Мұғалімнің сыртқы мәдениеті

3.Педагогтың этикасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазіргі кезде мұғалімнің кәсіби имиджі жайлы өте көп айтылуда, имиджді қалыптастыру процесі кімге байланысты және педогогикалық іс-әрекеттің табыстылығына қалай әсер етеді? Мұғалім бейнесі оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады. Өскелең жас ұрпақтың сезім, жігерінің қуатты күші болатын, адам қызықты, жан-дүниесі бай болуы керек. Мұғалім имиджін қалыптасыру үшін өзімен жан-жақты жұмыс жасауы керек. Имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны береді. Оқушы өмірінің көп бөлігі оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектептің оқу тәрбие үрдісінде өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әр-түрлі  әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Сонымен қатар ойлау, іс-әрекет бейнесі, сөйлеу мәнері және тыңдай білу де басты болып табылады. Оқушылары мен әріптестерінің алдында өзін-өзі ұстай білуі мұғалім имиджі болып саналады. Егерде оқушы мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да  болмауы мүмкін. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің ерекшелігі оның қоғамдық мақсатында. Мұғалім оқушылар мен ата-аналар үшін басты тұлға болғандықтан, оған қойылатын талапта әрқашан жоғары.

Қазіргі кезде тартымды қалыптасқан  мұғалім имиджі педогогикалық іс-әрекеттің негізгі табысты бірден-бір жағдайы.

Тартымды имидж дегеніміз:

  • Айналасындағы адамдардың көңілін таба білу кепілі.
  • Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
  • Қандай да бір жағдайда шешім таба білуі.

Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Оқушылар мен ата-аналардың алдында мұғалім тартымды, сымбатты, әдемі,мейірімді болуы керек. Ал бұл имиджге байланысты мәселе.  

Имидж құрылымы:

  • сыртқы бейне;
  • вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы;
  • ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.

 

 Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен дауыс ырғағы, костюм, қимыл, сөйлеу мәнері жатады.

Айналаңыздағы адамның санасындағы  сіздің бейнеңіз туралы көзқарас қандай. Ол сізбен жүздесуден соң сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптасады.       Әрине сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:

  • Мәнерлі сөйлеу
  • Көндіре білу
  • Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
  • Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
  • Шыдамдылық
  • Көргіштік
  • Сезе білу

Мұғалім мамандығы ерекше болғандықтан, ол әрдайым көпшіліктің   алдында.   Сонымен имидж – мұғалім бойындағы таланттың жан-жақты ашылып, жарқырап көрінуі, өзі туралы жақсы пікірдің қалыптасу жолы. Мұғалім өз имиджін өзі жасау керек, бұған киім таңдауы да жатады. Мұғалім имиджіндегі басты құрал, оның даусы, дауыс ырғағы, оны сабақта қолдана білуі. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда сөйлесе білу, дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру мұғалім біліктілігінің басты көрсеткіші. Сонымен мұғалім имиджі – бұл ішкі және сыртқы мазмұн бірлігі. Осы орайда ең маңыздысы мұғалім өзімен сыныпқа «не алып келеді?», ал ол кеткенде «не қалады?». Әрине мұғалім мамандығы ғана әрқашан «мен нені іске асырдым, не іске аспады, бұданда жақсы болу үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуі керек. Сонда ғана мұғалім сыйластыққа ие бола отырып, дұрыс қарым-қатынаста бола алады. Әр мұғалім имиджі тек өзіне тән педагогикалық стильде қалыптасады. Бір мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер имиджі, мектеп имиджін анықтайды. Мұғалім имиджі педагогикалық техника ретінде қарастырылады. Мектептегі оқушылардың жетістігін анықтайтан негізгі көрсеткіш білім сапасына тәуелділігі – бұл сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас деңгейі, ол өз кезегінде мұғалім квалификациясына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды: «Білім беру жүйесі оны құрайтын мұғалімдерден жақсы болмайды» К.М.Ушаков «Породоксы Мак-Кинси».  Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі  оның мансабымен тікелей сабақтас. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог  қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленеді.

 

2.Өте ауыр еңбек-ой еңбегі, оның өкілі –мұғалім. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Мұғалімнің өмір тұрмысы, отбасы жағдайы, демалуы, тамақтануы, киінуі-оның нәтижелі жұмыс жасауының кепілі. Өз басының қамы ойдағыдай шешілмеген, жатса-тұрса ойында отбасының, бала-шағасының мұқтажы тұратын болса, онда ұстаздың еңбегінен жеміс болмайды, одан жұмы талап ету де орнысыз. Ұстаз да адам, олай болса, өмірінде кездесетін басапнасыздық, еңьекақының төмендігі, киер киімінің тапшылығы, ашқарындық оны аздырып жібереді. Еңбектің салмағына, нәтижесіне қарай бағалануы, еңбегіне қарай жалақы мөлшерінің тиімді коэффициентке сай болуы – жұмыстың жемісті болуының кепілі. «Бір күн аштыққа ұшырағаннан қырық күн бойы ақыл сұрама» дейді халық даналығы. Ата-аналармен қарым-қатынаста білімдарлық таныту – ұстаздың ішкі мәдениетінің көрінісі.

Мұғалім мәдениеті – балалардың көз алдында болатын үлгісі.

Мұғалім жұмысында тәрбиелік  мәні жоқ нәрсе болмайды, мәні жоқ  нәрсе болмайды. Соның ішінде мұғалімнің киім киісі, мұғалім киіміндегі эстетизм, сән және мұғалім киімі еш жерде  зерттелініп, бір жүйеге келмеген проблема. Нақты форма жоқ. Әрбір мұғалім  өзінің жеке, эстетикалық талғамына, жалпы мәдени деңгейіне қарай  киініп жүруі керек. Ескеретін норма – мұғалім оқушылардың қалт жібермей, құштарлықпен бәріне назар салып отыратынын білуі тиіс. «Киіміне қарай қарсы алып, ақыл-ой өрісіне қарай шығарып салатыны» анық. Сондықтан, нақты қағида – мұғалім жұмысқа жарасымды, сәнді киініп келуі. Мұғалімнің сыртқы келбеті – оның төңірегіндегі адамдарға аса құрмет көрсетуі болып табылады. Өйткені ол – қоршаған ортада жағымды ықпал жасайтын ерекше тұлға. Киім адамды тәртіптендіреді, жинақыландырады, оқушыға да әсер етіп, оны ілтипаттылыққа шақырады. Мұғалімнің салдыр-салақ киініп, еркек мұғалім сақалыне қырмай, әйел мұғалім шашын сәндемей, бет-жүзін әсемдемей сабаққа келетін болса, ондай ұстазды оқушылар құрметтемейді. А.С.Макаренко кезінде эстетикалық талғамнан кейін қалған мұғалімді сабаққа жібермеген. Барлық уақытта мұғалім – салауатты өмір салтының насихатшысы, үлгісі. Ішімдік ішпеу, темекі шекпеу, наша пайдаланбай, құмар ақгалы ойынбен әуестенбеу – мұғалім үшін басты шарт. Мұндай улы заттар мұғалімнің миын уландырады да, оның басындағы білім қорын аздырады. Оқушылар ондайларды тез айыра алады. Лебінен ішімдік иісі аңқыған, демінен темекінің күмүлжі иісі бас қатыратын мұғалімді ешкім де қадірлемейлі. Улы заттардан уланған мұғалімнің дұрыс білім беруі де екіталай. Мұғалімнің мәдениетсіздік көрінісі оқушылардың психикасын бұзады; теріс әсер етеді, ұнамсыз эмоция туғызады.

Ұлы ұстазымыз Ыбырай Алтынсарин мұғалімдерге темекі шегуге, насыбай  атуға, ішімдік ішуге, құмар ойындар  ойнауға тыйым салған. Ұлы ұстаздың осы ұстанымын қазыір өмірге ендіру – міндет әрі парыз.

 

3. Педагогикалық этика  педагогикалық мораль мен  моральдік құндылықтардың  негізгі санаттарының  түпкілікті  мәнін  қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен  мінез –құлқына, іс қимылына  және өмірлік  алуан түрлі құбылыстарға  т.с.с.    өзіндік баға беретін  мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен  ар-намыс  туралы түсініктер  жүйесін  моральдік құндылықтар  деп  атауға болады.  Педагогикалық қызметте  моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық  қызмет пен қарым-қатынас тәрізді  түсініктер  этиканың жеке дара тарауына қатысты  педагогикалық   түйсіну  тәрізді   жекелеген  түсініктерді бөле –жара көрсетеді.  Осындай санаттың ішінде  кәсіби – педагогикалық борыш, педагогикалық  әділдік, педагогикалық ар-намыс  және педагогикалық бедел бар.     

    Әділдік дегеніміз жалпы алғанда,  адамдардың адамгершілік қасиеті мен   олардың қоғамдық  танымал  болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы  өзара сәйкестілік деуге болады;   педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында  олардың   тәртібін, қылығын, оқуға деген  көзқарас- құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау  барысындағы  мұғалімнің  обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін  ерекше  сипаты болады.      

    Кәсіби  педагогикалық борыш – педагогикалық әдептің ең маңызды  санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң  талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін  арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның  ата-анасына  деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын  да,  күрделі шиеленістерді  шеше білу  тәрізді  өзгеше іс –қимыл  педагогтың кәсіби борышына  жатады.         

Кәсіби ар-намыс – бұл  педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес,  сонымен қатар оның  қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі  деген түсінікті  білдіреді. Педагог  мамандығында   жеке бастың  ар-намысы  мен  қасиетін түсіну сезімі  ерекше байқалып тұрады.    Егер мұғалім  өз мінез –құлқында және  тұлғалармен ара –қатынас барысында педагог идеалына қойылатын  талаптарды бұзған  болса,   осыған сәйкес  кәсіби  ар-намысқа, педагогтың  адамгершілік  сипатына немқұрайлы қарау әрекеті  демонстарцияланады.   Мұғалімнің ар-намысы – оның  кәсіби борышын орындау барысында көрінетін  нақты  кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.      

    Мұғалімнің педагогикалық беделі-   оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер  ұжымындағы  моральдік  статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген  беделді де,  құрметті  ұстаздың  тәрбиеленушілердің тәртібі мен   нанымдарына  әсер ететін өзіндік тәртіп  түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің  осыған дейінгі  алған  моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық  даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің , шеберліктің тереңдігімен және  өз еңбегіне  деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады.   

    Педагогикалық  әдеп құрамына  адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі  адамгершілік шығармашылық элементі енеді.   Мұғалімнің  адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың  қоғамға қатысты  нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі  оқиғалар орын алған  жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну;  адамгершілік-педагогикалық  нормаларға сәйкес  ең  үлгілі  әрекетті таңдау қажеттілігі;        

 Педагогикалық тәртіп  - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын   педагогикалық моральді іске асыру  түрі.  Тәртіп – іс-қимылдың  барлық обьективтік  әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала  көре білуді көздейтін  адамгершілік  тәртіп.   Осы арқылы  мақсатқа  жетудегі  барынша  жеңіл және мейлінше  жағымсыз түрде жету ізденісі  көрінеді.   Педагогикалық тәртіп – үнемі  шығармашылықта  және  ізденісте болу деген сөз.   

    Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі,  ара-қатынастағы іскерилік,  бірбеткейсіз ұстанымдылығы,  сабырлылығы , адамдарға қатысты  ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.  

     Мұғалімнің педагогикалық  мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық  тәжірибенің  даму барысында қалыптасқан жалпы адами  мәдениет те бар.  Бірақ  педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де  өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың  іс –қимылын ешкім  бақыламайды ғой. Ол көбінесе  өз қылығын өзі  бағалайды,  өзі түзетеді.  Сол себепті    мұғалімнің моральдік «барометрі» педагогикалық  ұяты аса сезімтал және  жоғары деңгейлі болуы шарт.    

    Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі  педагогикалық  ұстанымдар мен  моральдан туындайтын адамгершілік  талаптар үйлесімін анықтайды және оның  педагогикалық қызмет үдерісіндегі  ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді.  Педагогтың кәсіби тәртіп  кодексінің басты  мақсаты  мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар  мен  мұғалімдер ұжымына деген  ара-қатынасын анықтайтын  негізгі  талаптарды белгілеу   болып табылады.    

     Педагог тәртібі оның  педагогикалық әрекеттеріне  адамгершілік тұрғыдан реттейді.   барынша толыққанды  кәсіби- этикалық сипаты мен  мақсатқа сәйкестігі  педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта)   ұсынылған: 

-  талапшылдық , жеке бастың қасиетін  қорламау,  түртпектей бермеуінде;

- қарым-қатынас барысында  табиғилық, қарапайымдылық танытып,  мәймөңкелік пен  өрескелдікке жол бермеуінде; 

Информация о работе Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті