Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 15:39, курсовая работа

Описание работы

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................2

I – Бөлім

1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру....................................................17

II – Бөлім

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту....................................................................................................27
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.................................31
2.3. Тәжірибелік жұмыс........................................................................................40

Қорытынды..........................................................................................................42

Пайдаланған әдебиет..........................................................................................44

Файлы: 1 файл

Курстык жумыс.doc

— 302.50 Кб (Скачать файл)

А. балалардың айналадағы табиғатқа  деген сүйіспеншілігін  оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін  нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар  дүниесін қамқорлықка алуға баулу.

Ә. балабақшада табиғат  жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой- өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз:

Бұл топтағы балаларда  ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму денгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байқап- көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалык тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.

Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап  өсуіне байланысты аталатын және дәнінен  май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар /қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі/ олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.

Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері  туралы нақты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір құбылыстар мен ауа райының жағдайы  және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап «күз» ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту /жапырақтарды жинап бір жерге үю) т.б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, диафилъмдер көрсетіледі.

      Балалардың  қысқы ауа-райының сипатты белгілері  ағаштардың, ормандағы құстар мен  аңдардың тіршілігі туралы білімдерін  кенейту және қорытындылау мақсаты  көзделеді. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып тұрған кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін салуды ұсыну, бала қиялын ұштау.  Қыс туралы ұғымын толықтыра отырып, күнделікті байқау, кештің ерте түсуі, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына / қардың жаууы, аяз, боранның болуы/ назар аудару. Қыс қызығын тамашалап, жүздері суықтан бал-бұл жанған балалардың ақ қар, жылтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап ойнап жатқан суреттері бейнеленген картиналар арқылы «Қыс қызығы», «Ортақ шана» атты қимылды ойындарын ойнату. Адамдардың еңбегімен көшені, жолды тазарту, қарды күреу /балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалаумен қатар, қысқы табиғатты қорғай білуіне назар аудару.

Табиғаттың көктемгі құбылыстары, олардың себептері  туралы, көктемдегі адамдардың еңбегі жайында балалардың білімдерін толықтыру  қажет болады. Көктем ұғымын қалыптастыру. Өлі табиғаттағы өзгерістерді /күннің ұзаруын, сеңнің жүруін, өсімдіктер дүниесіндегі ағаштар мен бұталардың бүр жаруын, алғашкы жапырақтың шығуын, көктемгі гүлдердің гүлденуін байқау. Жәндіктердің іс- қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсіктерін толықтыру. Құстардың ұшып келуін, ұя салып, балапандарына жем беруін бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгімелеп беру, құстардың пайдасы, оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнінде әңгімелесу. Мысалы, тоқылдақты ағаштың арасынан құрттарды теріп жейтіндігінен «ағаш дерігері» аталғаны, ал қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып ойнап, күн нұрына шомылып жүр дейміз, ал шын мәнінде үнемі «жұмыс істеп» құрттарды аулап жүретінін, сондай-ақ тоқылдақ, қарлығаштардың суреті салынған көрнекі құралдарды пайдалана отырып әңгімелеу. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты мультфильмді пайдалану. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекке тоқталу, тақпақ жаттату, бейнелеу жұмысы бойынша суретін салғызу.

Егіс даласындағы көктемгі жұмыс, гүлзарлардағы балалар еңбегіне тоқталу. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактикалық ойындар ойнату.

Жаз мезгіліндегі күннің жарығы мен жылудың әсерінен өсімдіктердің  өсіп жетілуі жөніндегі бала ұғымы  кеңейіп, жинақталады, жеуге жарамды  және улы саңырауқұлақтар мен  шөптесін өсімдіктерді айыра білуге үйрету ескеріледі. Адамдардың гүлзарлардағы, егістіктердегі еңбегімен таныстырады, табиғатқа құмарлық, сүйіспеншілік, ұқыпты қарау сезімін тәрбиелейді. Балалар арам шөптерді отап, гүлдердің тұқымын жинауды үйренуі тиіс. Тәрбиеші күнделікті серуен кезінде аспанға назар аударады (бұлтты, бұлтсыз сөздерінің мағынасын түсіндіру). Жаңбырдың жаууы кезінде тәрбиеші балаларға оның бұлттан жауатындығын түсіндіреді.

Тәрбиеші балаларды  әдемі гүлмен, жағымды иісімен  қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен таныстырады. Ойлау қабілетін дамыту үшін өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына және олардың ерекшелігіне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен — жол бойында өседі, шырмауық — басқа шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу. Жаз күнінің ұзактығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау. Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады, өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайда болуы арасындағы байланысты анықтауға үйретіледі. Табиғат мүйісінің эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып отыру. Бұл топта тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сініріледі.

Балабақшадағы экологиялық  тәрбие жұмысының және бір арнасы — адамгершілік тәрбиеге саяды.

 Адамгершілік тәрбиесінің  мәнісі баланың адамдарға, айналадағы  ортаға, туған өлкенін табиғатына  деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын  арттыруды көздейді. Туған өлкеге  сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлттык тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбак, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз- әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән- жырға қосып, онын әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жетікізе білген.

Халқымыздың қандай ән- әуені  болмасын мейірім- шапағатқа, мәнді  мазмұнға, ұлағатты тәлім- тәрбие, терең  философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Оларга арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат әсемдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.

 Эстетикалық тәрбие  нысанасы- баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін /инстинкт/ оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау- тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем даусы, жануарлар дүниесі олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап, табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын, жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын оның әсемдігін жанашырлықпен қорғауға үйретеді.

Эстетикалық тәрбиенің  мәнісі тек баланың әсемдік атаулыны көре білуге үйретуде ғана емес, сонымен  бірге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдік атаулыны жасауға белсенді түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейінін табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне аударып, олардың әсем де епті қимылдарын біріге отырып бақылауы шарт, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемілігін аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделікті еңбек әрекеті мұның бәрі бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды.

Тәрбиеші балаларға  табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзінің педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезімін қалыптастыруда үш нәрсені негізге алады:

1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.

2.Ұстаз- тәрбиешінің  шеберлігі, ар тазалығы, шәкірт  алдындағы адал жауапкершілігі.

3.Тәрбие үрдісінің  алатын орны. Тәрбие жұмысында  барлық уақытта асқақ мұрат,  іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык және  әділетті бағалау қатар жүруі шарт делінген.

Балабақшадағы еңбек  тәрбиесінің басты нысанасы- баланы сәбилік шағынан қарапайым еңбек  дағдыларына баулу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Балабақшадағы  еңбек тәрбиелік- білімдік жұмыс  жүйесін ұйымдастырудың амалы ретінде маңызды орын алады. Бау- бақшада, гүлзарларда және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау өсімдіктер мен жануарларға деген ынта- ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға ұқыпты қарауына көмектеседі, еңбексүйгіштік пен басқа да адамгершілік саналарының қалыптасуына ықпал етеді. Істелген істің мәнін, оның мақсатын жете түсінуі үшін балалардың қандай да болмасын бір тәсілді меңгеріп қана қоймай, оның неліктен керек екендігін де түсінгендері өте маңызды. Сондықтан дәндерді себуді, көшеттерді отырғызуды, аквариумге суды үстеп құюды және басқа да еңбек түрлерін көрсете отырып, түсіндірулер арқылы толықтыру қажет болады. Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдіс түрлеріне үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінін еңбек үлгісімен  танысу, балаларға әртүрлі еңбек түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің кейде бүкіл топтың істеген жұмысына баға беруі жатады.

Еңбек тәрбиесі болашақ  қоғам мүддесі үшін еңбектене  білетін, ойлау қабілеті жан-жақты  дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Адамның адам болып қалыптасуының басты құралы-  еңбек. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Балабақшадағы дұрыс ойластырылған еңбектің орны ерекше, мұндай еңбек тәрбиесі барысында бала дұрыс әрекет жасап айналадағы орта жайында алғашқы мағлұматтар алады, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Балабақшаның ересектер тобында тұрмыстық- шаруашылық еңбек пен табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөністерді өсіру, т.б. еңбек түрлері жатады. Мұндай еңбек түрлері балалардың білім- құмарлык, бақылағыштық, табиғатқа жаңашырлық, ұйымшылдық сиякты адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Табиғат аясындағы еңбек тәрбиесі баланың айнала қоршаған орта туралы талғамын дамытып, әдемілікке әуестендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, ақыл-ойын, қиялын ұштап, ересектер еңбегін бағалауға үйретеді.

Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудағы  тәрбиешінің орынды пайдаланылған  мақал-мәтелдері бала санасында еңбек туралы айшықты із қалдырып, айналадағы ортаға дұрыс қарым-қатынас қалыптастырады.

4. Халықтық тәлім-тәрбие  арнасы халыктың ауыз әдебиетінен,  салттарынан, әдет-ғұрыптарынан, ырымдарынан,  балалар ойындары арқылы жұрнақталған  білім, педагогикалық мағұлматтар мен тәрбие тәжірибесінен тамыр тартады. Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көріп сүйе білуі және оған деген аялы алақаны мен абзал қамқорлығы қанымызға да тұла бойымызға да ананың ақ сүті арқылы дарығанын мақтаныш сезіммен айта аламыз.

Халық даналығындағы  «орман- жер сәулеті, ел дәулеті», «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «гүлді үзбе», «көкті жұлма», «құмырсқаның илеуін бұзба», «көкмайсаны таптама», т.б. аталы  сөздері бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелі өсиеттер, жырлар мен аңыздар қойнауындағы келелі ой-пікірлер экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруда өте құнды арна саналады.

Халқымыздың дархан дарыны, Мағжан Жұмабаев Наурыз туралы өз ойын былай түйіндеген екен: «...қазақтың Наурызы- дін мейрамы емес, ол тұрмыспен, ғылыммен, байланыстырып, қағамға пайдалы игі іс жасайтындай етіп ұйымдастыру керек. Наурыз мерекесі табиғатта болатын ұлы маусымдық өзгеріспен, күн мен түннің көктемгі тең келуімен тікелей сәйкес келеді. Мұның өзі ерте дәуірлердің өзінде-ақ халықтың, табиғаттың саналуан құпия сырларын ұға білгендігін және сол арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасай білгендігін аңғартады. Наурыз ұғымы қазіргі кездегі жаратылыс тану ғылымында көбірек айтылатын табиғи тепе-теңдік /кейде оны экологиялық тепе-теңдік деп те атайды/ деген пікірлермен сабақтасып жатады».

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту