Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 19:35, реферат

Описание работы

Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – бала дамуының көрсеткіші;
2) интеграция – жүйенің сараланған жеке бөліктері мен функцияларын тұтас жүйеге байланысқан жай-күйі, сондай-ақ осы жай-күйге келтіретін процесс;
3) құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі;

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.docx

— 38.18 Кб (Скачать файл)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер

 

      1. Осы мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарты (бұдан  әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді. 
      Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді: 
      1) индикатор – бала дамуының көрсеткіші; 
      2) интеграция – жүйенің сараланған жеке бөліктері мен функцияларын тұтас жүйеге байланысқан жай-күйі, сондай-ақ осы жай-күйге келтіретін процесс; 
      3) құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі; 
      4) негізгі құзыреттіліктер – күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы; 
      5) құзыреттілік тәсіл – стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен ұйымдастыру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау; 
      6) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы; 
      7) білім беру саласы – мектепке дейінгі балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білімді, практикалық дағды мен шеберлік жиынтығын қамтитын білім беру стандартының бір бөлігі; 
      8) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірге белгілі мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі; 
      9) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, шеберлік, дағдыларды меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі; 
      10) үлгілік оқу жоспары – оқу мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының) белгілі бір типтері үшін стандарттың бір бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативтік құжат. 
      2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін: 
      1) осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 
      2) үлгілік оқу жоспарларына; 
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен әзірленген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: 
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын, мектепке дейінгі ұйымдардағы пәндік-дамытушы ортаның мазмұнын анықтайды; 
      2) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагогтеріне, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды. 
      4. Стандарт талаптары: 
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті, олар мыналарға бөлінеді: 
      негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі (базалық, вариативті); 
      баланың қызығушылығы мен бейімділігін іске асыруға бағытталған қосымша; 
      2) ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру кезінде міндетті; 
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде міндетті; 
      4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және педагогтердің қызметін мемлекеттік аттестаттау кезінде міндетті.

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

 

      5. Мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытудың жалпы білім беретін  оқу бағдарламалары балалардың  өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. 
      6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: 
      1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруды; 
      2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді; 
      3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды; 
      4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды; 
      5) өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді; 
      6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды; 
      7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды; 
      8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. 
      7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта». 
      8. Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске асырылады. 
      9. «Денсаулық» білім беру саласы 
      Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуді тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық сапаларын қалыптастыру. 
      «Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі: 
      1) дене шынықтыру; 
      2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология. 
      10. «Коммуникация» білім беру саласы 
      Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу. 
      «Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: 
      1) тіл дамыту; 
      2) көркем әдебиет; 
      3) сауат ашу және жазу негіздері; 
      4) мемлекеттік, орыс және басқа тілдер. 
      11. «Таным» білім беру саласы 
      Мақсаты: танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды проблемаларды шешуде қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру. 
      «Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: 
      1) сенсорика; 
      2) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру; 
      3) құрастыру; 
      4) экология негіздері; 
      5) қоршаған ортамен таныстыру. 
      12. «Шығармашылық» білім беру саласы 
      Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық саласы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту. 
      «Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: 
      1) сурет салу; 
      2) мүсіндеу; 
      3) жапсыру; 
      4) музыка. 
      13. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы 
      Мақсаты: әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. 
      «Әлеуметтік орта» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: 
      1) өзін-өзі тану; 
      2) қоршаған ортамен таныстыру; 
      3) экология; 
      4) көркем әдебиет. 
      Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен топтарында «Қазақ тілі» пәні ұйымның қалауымен басқа пәндерге ауыстырылады.

3. Тәрбиеленушілердің  және білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

 

      14. Тәрбиеленушілер мен  білім алушылардың апталық оқу  жүктемесінің жол берілетін ең  жоғары көлемі мен ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі. 
      15. Мектепке дейінгі білім берудің барлық жас сатысындағы оқу жүктемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеуге қойылатын техникалық талаптарда белгіленген санитариялық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес болады. 
      Үлгілік оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шегі белгіленген. 
      16. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде аптадағы нормативтік оқу жүктемесі білім беру ұйымдарындағы мектепалды сыныптары педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу үшін 24 сағатты құрайды, оған: 
      1) базистік оқу жоспарын іске асыру бойынша білім беру қызметіне бөлінген 20 сағат; 
      2) күн тәртібінде жүзеге асырылатын білім беру іс-әрекетіне және балалардың түрлі іс-әрекеттеріне (ойын, еңбек, шығармашылық), ойын-сауық іс-шараларын өткізуге, сабақтарға дайындалуға бөлінген 4 сағат кіреді.

4. Тәрбиеленушілердің  және білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

      17. Әрбір жас кезеңіндегі құзыреттіліктерді меңгеру деңгейі 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде берілген.

1-кесте

Денсаулық сақтау құзыреттілігі

Құзыреттілік көрсеткіштері

1 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1

2

3

4

5

1

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді

Гигиеналық рәсімдерді орындау ретін біледі

Гигиеналық рәсімдерді өздігінен орындауға ынта білдіреді

2

Дене шынықтыру

Жүгіру, өрмелеу және секіруде алғашқы дағдыларды меңгереді

Өмірлік маңызды қимылдарды өздігінен орындайды

Негізгі қимылдарды орындау кезінде шығармашылық танытады

3

Дербес қимыл белсенділігі

Кейбір қимылдарды ересектердің көрсетуімен орындайды

Саптық және спорттық жаттығуларды меңгереді

Топтағы балалармен бірге қимыл-қозғалыс ойын іс-әрекеттерін ұйымдастырады

4

Салауатты өмір салты

Қауіпті жағдайда сақ, шынықтыру рәсімдерін өткізу кезінде жағымды көңіл-күйде болады

Салауатты өмір салты ережелерін біледі, ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды

Қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды, шынықтыру рәсімдерінің маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді


 

2-кесте

Коммуникативті-тілдік құзыреттілік

Құзыреттілік көрсеткіштері

1 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1

2

3

4

5

1

Қатынас мәдениеті

Құрдастарымен байланысқа түседі

Ересектердің сұрақтары мен өтініштеріне жауап береді, қарым-қатынас жасайды

Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін сақтайды

2

Тілдің-грамматикалық құрылымы

Түсінікті болу үшін ойын дұрыс айтуға тырысады

Сөздерді өзгертеді, басқа сөздермен сәйкестендіреді, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданады

Грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады, тілге сыни қатынасын білдіреді

3

Тілдің дыбыстық мәдениеті

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады

Ана тілінің барлық  дыбыстарын дұрыс айтады

Сөздерді орынды қолданады, дыбыстарды ажыратады, мәнерлеп оқудың түрлі тәсілдерін қолданады

4

Сөздік

Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап береді

Бейнелі ұсынылған жағдайларға сүйенбей, сөздерді қолданады, сөйлеу барысында етістіктерді жиі қолданады

Антоним, синоним және көп мағыналы сөздерді түсініп, сөйлеу барысында қолданады

5

Байланыстырып сөйлеу

Тілегін, сезімін және ойын білдіру үшін сөздерді қолданады

Қарым-қатынастың негізгі түрі - диалогты меңгеріп, 2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізеді

Түрлі сөз таптарын, эпитеттер мен теңеулерді қолданып, монолог қалыптасады

6

Шығармашылық тілдік қызмет

Саусақ ойындарын, тақпақтарды жатқа айтады

Таныс ертегілерді айтады, ойыншықтар жөнінде шағын әңгіме құрастырады

Оқиғаларды құрастырады, ауыспалы және астарлы мағыналы ойларды түсініп, оларды қолдана біледі

7

Шығармаларды қабылдау

Халық ауыз әдебиеті шығармаларына эмоционалды түрде өз ойын білдіреді

Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атайды, ойында әдеби бейнелерді қолданады

Кітапқа деген қызығушылық білдіреді, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айта алады


 

3-кесте

Танымдық құзыреттілік

Құзыреттілік көрсеткіштері

1 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1

2

3

4

5

1

Заттардың қасиеттерін бағдарлау

Заттардың түрін, негізгі түсін, пішінін, фактурасын ажырата алады

Заттарға тән белгілер мен айырмашылықтарды сипап сезу, есту, иісін сезіп қабылдау негізінде атайды

Заттардың қасиеттері мен белгілерін танымдық қызмет дәрежесінде қарастырады

2

Қоршаған ортаны тану

Адамдар мен олардың іс-әрекеттеріне қызығушылық пен құштарлық білдіреді

Тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдің себеп-салдарлық қарапайым байланысын түсінеді, ол туралы 2-3 сөйлеммен айта алады

Көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі тұрғыда танымдық міндеттерді шеше алады, ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға, түрлі негіздемелер бойынша топтастыруға және жүйелеуге қабілетті

3

Құрастыру дағдылары

Ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды жасай алады

Құрылыс материалын таңдау кезінде дербестік білдіреді, құрылысты әдемі жасауға тырысады

Құрастырудың бірнеше қарапайым жалпылама тәсілдерін меңгереді және түрлі нәтижеге жету үшін бір тәсілді қайталай береді

4

Экологиялық мәдениет негіздері

Жануарлар әлеміне тілектестік және қамқорлық қарым-қатынасын білдіреді

Табиғатта өзін-өзі ұстай білу нормаларын меңгереді, ересектермен бірге өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды

Қоршаған ортаның көптүрлілігін, өсімдіктер мен жануарлардың белгілері мен қасиеттерін, тіршілік ортасымен өзара байланысын түсінеді

5

Қарапайым математикалық ұғымдар

Кеңістікте бағдарланудың алғашқы дағдыларын көрсетеді

Уақыт, кеңістік, себеп-салдар, сан туралы қарапайым түсініктерін көрсетеді

Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамасын, тура және кері сандық қатынас ретін біледі

6

Іздеу және эксперименталды іс-әрекет

Түрлі заттармен эксперимент жасайды (ажыратады, біріктіреді, құрастырады)

Жаңа материалдармен экспериментті мақсатты түрде жүргізеді, заттар арасындағы жалпы қатынастарды бейнелейді, қоршаған ортаның үлгісін жасайды

Эксперименталды іс-әрекетте мақсат қойып, нәтижеге жетеді

7

Ақпаратпен жұмыс

Түрлі ақпарат көздеріне қызығушылық танытады

Жаңа ақпарат алудың қажеттілігін түсінеді

Жаңа ақпаратты қалай ұсыну керектігін, оның кімге қызық екендігін түсінеді

Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты