Мектепке жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 19:46, курсовая работа

Описание работы

Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты жұмыс – бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық , ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен, дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге келісімен-ақ бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-сипау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау.

Содержание работы

Кіріспе
1. Дене шынықтыру тәрбиесінің бала денесінің дұрыс дамып қалыптасуындағы маңызы;
2. Дене шынықтыру тәрбиесінің бала денесінің дұрыс дамып қалыптасуындағы маңызы;
3. Бір жасар баланың денесінің қалыптасуына қойылатын талаптар.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Мектепке жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі бойынша.doc

— 81.50 Кб (Скачать файл)

Бір жастағы сәбилердің дене жаттығуларымен шұғылдануын өткізудегі әдістемелік ұсыныстар:

-баланы етбетінен жиі жатқызу  керек ("арқаны жоғары қарата, әдеттегі жағдайға қарама- қайшы, қорғаныссыз қалып";

-еңбектеу үшін қауіпсіз және  гигиеналық жағдайларды жасау (жол  немесе еден, табиғи жамылғы, бірақ  өте түкті, қылшықты болмасын);

-баланы қолдан ұстап тік қалыпта  жиі, бірақ аз ғана уақыт ұстау  маңызды (арқа мен мойын еттерін  нығайту үшін).

-көрінетін және жететіндей жерге, өзі қозғалуға жағдай туғызу  үшін, ойыншықтарды ілу және кою. Баланың алдына бір зат қойып, осы нысанаға жетуге оны қолдай, оған бірінші жетуге мүмкіндік  жасаңыз.

Жаттығуды тамақ ішкеннен кейін 40 минут өткесін ғана бастау керек, қолдардың, аяқтардың және кеуде қозғалыс-қимылдары кезектесуі тиіс. Әрбір жаттығуға арқа мен іштің еттерін дамытуға себепші болатын жаттығулар енгізілуі керек. Жаттығу орындау барысында айту, нұсқаулар қатар жүреді.

 

Қорытынды

 

Қортындылай келе бір жасқа дейінгі баланың дене бітімінің жақсы дамуына ересек адамның атқаратын рөлі үлкен. Бұл жастағы балаларды тәрбиелеу кезінде күн тәртібін ұйымдастыруға, дұрыс гигиеналық күтім әдістемесіне көп көңіл аударылуы тиіс.

Бала өмірінің алғашқы жылында гимнастиканың бәсең түрі ретінде массаж жасауға мол орын беріледі, ол бүкіл бұлшық ет топтарын қамтиды.

Орталық жүйке жүйесінің сыртқы ортамен үнемі өзара әрекеттестік кезінде дамуы барлық сезім мүшелерінің дамуына, жағымды эмоциялардың тууына және жетілуіне, негізгі қозғалыстарды меңгеруге, тіл әзірлігі кезеңдерінің дамуына көмектеседі. Бір жасар баланы тәрбиелеу кезінде оның жағымды эмоциялық жағдайда болуын қамтамасыз етудің маңызы өте зор.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Р.М.Қоянбаев. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы 2005 ж.

2. Теория и воспитания физического воспитания и развития ребенка Э.Я.Степаненкова.М.2006;

3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990;

4. Флерова Ж.М. Логопедия. - М., 2001;

5.  К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.

6. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.

7.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.

8. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.

9. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

 

 


Информация о работе Мектепке жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі