Мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 17:16, реферат

Описание работы

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Содержание работы

Кіріспе
1.1 Тәрбие процесі
1.2 Тірбиелік жүйе компоненті
2.1 Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінін міндеттері
2. 2 Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді
2. 3 Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі Кенжебекова.doc

— 270.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Құрылыс материалдары, стандарттау және сертификаттау кафедрасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

«Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдісі»

пәні бойынша

 

 

Тақырыбы: «Мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             Орындаған: 11-ПОк-4 тобының

                                                                             студенті Кенжебекова А.К

                                                                             Тексерген: Кузембаева М.Б

 

 

 

 

Өскемен, 2013ж

Жоспар

Кіріспе

1.1 Тәрбие процесі

1.2 Тірбиелік жүйе компоненті

2.1 Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінін міндеттері

2. 2 Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді

2. 3  Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде  тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше  бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі  процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін  - өзі  тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу  барысында қойылған мақсаттың нәтижесін  көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие  - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу  процесі қоғамның барлық азаматтарының  міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы.

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.

Тәрбиенің заңдылықтарына:

    1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;
    2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
    3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және  өзара байланыстылығы;
    4. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
    5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
    6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш -  қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам  құқықтық демократиялық мемлекет құрып  жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік  қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.

1.1 Тәрбие процесі

Тәрбие процестің өте  күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы  сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.

Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.

Ғылыми педагогикалық  әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп  қырлы болғандықтан, оған әртүрлі  анықтама берілген.

В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский  т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің  өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.

Оқушыларға тәрбиелік  ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбиешінің  оқушылардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез – құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.

Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің  бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.

А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтер адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:

- адамның сезімінен;

- санасынан;

- сенімінен;

- мінез-құлық, әдет  – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.

Мектеп тәжірибесінде  тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер  психологтердің жоғарыда келтірілген  дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда, адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек.

Сонымен, қазіргі кезде  оқыту – тәрбие беру ісі қайта  құрудағы белгіленген даму идеясы баланың  жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр.

Көрсетілген пікірлерден  тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін  анықтауға болады:

  • тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;
  • тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;
  • тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады;
  • тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.

Тәрбие әдісінің теориясында  тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің  құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.

 

1.2  Тәрбиелік жүйе компоненттері

Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.

Тәрбие жұмысының жүйесі мынадай компоненттерден тұрады:

Мектептің педагогикалық жүйесі:

 

2.1 Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінін міндеттері. 
      Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды. 
      Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары: 
- спартандық тәрбие жүйесі; 
- афиндық тәрбие жүйесі; 
- діни тәрбие жүйесі; 
- джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);- 
- адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі); 
       XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын өндіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б.).¥лттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы (жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жатқызады. 

2.2 Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды: 
- жүйенің қалыптасуы; 
- ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау; 
- жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару 
және жаңалықтарды ендіру; 
        Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы кызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады. 
Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында белгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды. 
       Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін. 
Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Бұған мысал ретінде Алматы қаласындағы № 16 кәсіби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелік жүйені алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асқан. Бұнда төмендегі келтіріліп отырған тәрбиелік жүйенің құрылымдық үлгісі іске асырылған.

 

2.3 Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі: 
1. Лицейді ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру. 
2. Тілдерді меңгеру. 
3. Ұлттық мәдениетті мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру. 
4. Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру. 
5. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер. 
6. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті. 
7. Ұлттьгқ мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысы. 
8. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.). 
9. Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлері. 
Басқа да тәрбие жүйесінің нәтижесі бұдан кем емес. Мысалы, 
Алматы қаласындағы № 132 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамуын бірінші орынға қояды. Әрине, бұл бағытта әртүрлі ізденістер болуы мүмкін, алайда, кез келген жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты бар. 
Мектеп өз түлектерінің мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз – мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы, 
Н. Е. Щуркова келесі тәрбиелік міндеттерді ұсынады: 
а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру; 
ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту; 
б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау. 
Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі. 
Бірінші топ – әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік). 
Екінші топ – диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы). 
Үшінші топ – адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою). 
Төртінші топ – даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы). 
       Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міңдеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер: 
1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 
2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. 
З.Оқушыда адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру. 
4. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту. 
     Е.Н Степанованын ой туыншаа сыныптың тәрбиелік жүйесі-бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруші ұымдастыру тәссілі бұл біртұтас өзара әсерететін компонент, ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді -дейді. Осыған байланысты компоненттер туімі; 
І.Жеке топтық компонент тәрбиелік жүйе құрамы балалармен ересектер тобы. 
2 Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің мақсат міндеті бірлікте, сыныптың болашағы,тәрбие жүйесін құрудың қағидасы). 
3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы турі, форма бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі басқару). 
4.Уақытша-кеңістік компоненті (тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің қалыптасу кезені т.б.). 
5.Диагностикалық-талдау компоненті (тәрбиелік орта,тәрбие жүйесінің тиімді өлшемі, ұжымды танып білудің әдіс тәсілдері, талдаудың формасы мен тәсілдері, алынған нәтижені бағалау). 
Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.

Информация о работе Мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі