Отбасы тәрбие негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 01:41, реферат

Описание работы

«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
бөлім. Отбасы туралы ұгым және оның сипаттамасы
1.1 Отбасы сипаттамасы және оның негізгі белгілері.........................................4
1.2 Отбасының негізгі қызметі...............................................................................5
2- бөлім. Отбасы тәрбиесінің негізі.
2.1 Отбасы тәрбиесіне жалпы анықтама...............................................................8
2.2 Отбасы тәрбиесінің даму тенденциялары.....................................................10
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................14

Файлы: 1 файл

Отбасы тәрбиесінің негізі.doc

— 78.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Жәңгір хан   атындағы Батыс Қазақстан аграрлы - техникалық университеті

 

 

       Кафедрасы

 

 

Реферат

 

  Тақырыбы:  «Отбасы тәрбиесінің негізі»

 

 

 

 

 

 

                                               

 

Орындаған:  ПО - 13 тобының студенті

                                                                                                   Салекенова А.Б.

                                                                   Қабылдаған: Сагиров А.Е.  

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРАЛ - 2013 жыл


МАЗМҰНЫ


 

Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. бөлім. Отбасы туралы ұгым және оның сипаттамасы

1.1 Отбасы сипаттамасы  және оның негізгі белгілері.........................................4

1.2 Отбасының негізгі қызметі...............................................................................5

2- бөлім. Отбасы  тәрбиесінің негізі.

2.1 Отбасы тәрбиесіне  жалпы анықтама...............................................................8

2.2 Отбасы тәрбиесінің  даму тенденциялары.....................................................10

Қорытынды............................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Кіріспе

«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі  де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

Отбасы - тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай-ақ қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жас өспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік -  эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізу. Біздін қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекке, білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен  отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі - ең жоғары тілек, ең биік мақсат болып келген. Оның қуат алатын қайнар бастауы - отбасы. Сондықтан адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата – ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.

Бүгінгі қоғамдық жағдайда отбасы мәселелерін шешуде әр турлі саладағы мамандар өз пікірлерін ұсынуда. Олар нарық талаптарын ескерген демократиялық - құқықтық қоғамда отбасының құрылымдық моделі қандай болуы керек деген сұрақ аясында пікір таластырды. Сонымен, бүгінде ата-аналардың отбасы өмірін дұрыс ұйымдастырып, балада ұнамды қасиеттерді қалыптастыру үшін ең алдымен отбасының негізгі қызметі туралы түсініктері болуы қажет.

 

 

 

 

1- бөлім. Отбасы туралы ұгым және оның сипаттамасы

1.1 Отбасы сипаттамасы және оның негізгі белгілері

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.  Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп отыратын дәстүрлер мен  ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара  түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады. Тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына мынадай анықтамалар берілген. Мәселен, Р. Н. Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде: «Отбасы-әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардьң, аға інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы» десе, Ж. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы» деп анықтама берілген. Ғалым-педагог өзінің зерттеуінде отбасы баланың «Өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді. Айтылған анықтамаларға сүйене отырып, отбасыньң мынадай белгілерін айқындап көрсетуге болады:

1) Отбасы өзара туысқандық  қатысы бар, әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым;

2) Оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналық, балалардың ата-аналарына,  ересектердің кішілерге және  бір-біріне деген қарым-қатынас  жасау міндеттері байланыстырып тұрады;

3) Ата-аналар мен балалар  бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;

4) Отбасы өмірі әртүрлі  материалдық (биологиялық, шаруашылық) және рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық) үрдістермен  сипатталады. 

Ал отбасының әлеуметтік рөлі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен анықталады. Ұлы ғұлама әл-Фараби мемлекеттi басқару үшiн ең алдымен кiшi мемлекет болып табылатын отбасын басқару шеберлiгiн меңгеру маңызды деп ой түйiндейдi. Отбасын басқару және ондағы адамдардың міндеттері туралы  ғалым үйдің белгілі бір бөлшектерден құралатынын, оларды ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі деп көрсетіп, отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп көрсетеді. Бірақ ұлы ғұлама сол отбасының немесе үйдің әкімі ер азамат па немесе әйел баласы болады ма, оны атап көрсетпейді. Себебі оны басқару кімде-кім сол төрт бөлікті біріктіріп, ынтымағын жарастырып отырса, сол әкім болады дегенді меңзейді. Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, оның құрылымы мен мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай.

 

 

1.2. Отбасының негізгі  қызметі.

Бала тәрбиесі - отбасының  жүйелі түрде жүргізген жұмысының  нәтижесі. Өйткені баланың уақытын  дұрыс ұйымдастыра білу, оның мектепте алған тәлім - тәрбиесінің қалыптасып, отбасында жалғасын табуы бәрі де ата-ананың басшылығы арқылы жүзеге асырылады.

Ата - ананың бала тәрбиесіне ықпал ете білу шартының бірі - олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осылай өзара қарым-қатынас баланы еріксіз ата - анаға жақындатып, олардың айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Балаларды ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. қасиеттерге тәрбиелеуде отбасының мүмкіндіктері ерекше.  
 Отбасында баланың жан-жақты өсіп дамуы үшін қажетті жағдай - еңбек. Бала еңбегінің негізгі түрі - оқу. Баланың жақсы оқып, табиғат пен қоғам өміріндегі заңды құбылыстарды жан-жақты түснуі - оның болашағына жол ашады. Көп балалы отбасыларында баланы тәрбиелеу үрдісі анағұрлым жеңіл әрі нәтижелі болмақ. Себебі онда балаларды болашақ өмірдің қиындықтарына дайындау қызметі жақсы атқарылады. Балалар бақшасында, мектепте көп баланың ішінен мұндай отбасынан шыққан сәбиді не жасөспірімді ешбір қиындықсыз оңай ажыратуға болады. Бұл балалар биязы, пысық, іске икемді, өз бетімен жұмыс істей алатын, көбінесе оларда жүрек жылылығы, басқаға деген қамқорлық басым, менмендік, өзімшілдік аз. Олардың сабақ үлгерімі де отбасындағы жалғыз балалар үлгерімінен аз да болса ерекшеленіп тұрады.

Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылай келе, көп балалы қазақ отбасыларында тәрбиелеудің жеңілдігі мынадай төрт бағытта жүзеге асырылады деп тұжырым жасауға болады:

1. Балаларды отбасында ерте кезден үлкенді сыйлауға үйретеді. Олар әртүрлі жолмен жүзеге асырылады. Ең бірінші жолы - ата-аналардың өз өнегелері. Содан соң отбасылық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, әр түрлі нанымдар мен тыйымдар және т.б;

2. Отбасындағы балаларға  жүйелі түрде өз бауырларына  қамқоршы да көмекші болу керектігін, олардың болашағына жауапкершілікпен қарауды түсіндіріп, сендіріп отырады;

3. Балаларды өз бетінше  еңбектенуге, қоршаған ортаға, адамдарға  үнемі көмектесуғе дайын болуға  тәрбиелеп, адамдық қасиеттер негізін қалайды;

4. Жастайынан өнерге  баулып, шығармашылық қабілеттілігін (сөз шешендігі, қарым-қатынас мәдениеті, күй, ән т.б.) қалыптастырады.

Кейбір отбасыларында  тәрбиелік маңызы бар өзінше қалыптасқан  дәстүрді байқауға болады. Осы дәстүр отбасындағы күнделікті еңбек әрекетін жолға салып, тәлім-тәрбие жұмысын жоғарылатып, жақсы сапаға жеткізеді. Баланы жан-жақты дамытып, ынталы, жігерлі болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда, әсіресе, отбасының рөлі зор.  
Сонымен, қазақ отбасындағы тәрбиелік ықпалды біріне-бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол ата-әже, әке-шеше, ұл мен қыз - осы үш ұрпақтың арасындағы міндеттері мен парыздары. Әрбір ата-ана ұл-қыздарын бағып, тәрбиелеп, оларды жақсы азамат, бауырмал, еңбекқор етіп тәрбиелеумен қатар, өздерін кезінде тәрбиелеп өсірген ата-аналарын күту мен оларға қызмет көрсету парызын өтеуге борышты. Өз кезінде олардың да балалары өз парыздарын осылайша өтейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-бөлім. Отбасы тәрбиесінің негізі.

2.1 Отбасы тәрбиесіне  жалпы анықтама

«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екіжақты әсер етеді:

- Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық жэне рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы.

- Екіншіден, әлеуметтік  және белгілі бір мақсатқа  бағытталған әсер арқылы.  
 Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына ,идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.      Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі: «Отбасы тәрбиесі - туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш». Отбасы тәрбиесінің мәнін ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтендіру» ұғымдарын байланыстырып қарастыру қажет. Бүгінге дейін педагогикалық әдебиеттер мен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат-тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріліп келді. 1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалынтастыру» - деп анықтама берілсе, ал қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» делінген. Демек тәрбие - бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады екен. Тәрбие жан-жақты дамыған, кең ауқымдағы көп мәдениеттілікті бойына сіңірген адамды қалыптастыруды көздейді. Бұл үрдіске әсерін тигізетін факторлар көп. Оқушыларды әлеуметтендіруге ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып, тәрбиенің мақсат-мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.

Кейде «тәрбиелеу» ұғымы  «әлеуметтендіру» ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі.

Әлеуметтендіру - латынның «социалус» деген сөзінен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, қоғамдандыру немесе қоғамда  өмір сүруге икемдеу деген сөз.

Дүниені және өзін әлемнің  шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әртүрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола отырып, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, яғни жеке адамның қалыптасу процесін әлеуметтендіру деп атайды» деген.

Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі  бір мақсатта әрекетке түсіру кезінде  жүзеге асырылады. Оған бірнеше факторлар ықпал етеді. Олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік мекемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр.

 

 

 

 

 

2.2. Отбасы тәрбиесінің  даму тенденциялары

Өмір тәжірибелері мен  ғалымдар зерттеулері (А. А. Вербицкий, Э. Д. Днепров т.б.) отбасы тәрбиесінің  мынадай даму тенденцияларын бөліп  көрсетуге мүмкіндік береді.

1-тенденция. Отбасы  тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы  
 Нарықтық қатынас жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуында отбасының жаңа тұрғыдағы рөлі айқындалып келеді. Ол - отбасының әлеуметтік рөлі. Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойындап, қоғам ағынымен өмір сүруге бейімделе бастады. Нарықтық қатынас кезеңінде отбасына қатысты жана экономикалық ұғымдар пайда болып қолданылуда.  
 Бүгінгі әрбір отбасының материалдық, экономикалық жағдайы ең алдымен табыс табу мәселесінің шешілуімен байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларындағы балалар жоғары сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және басқа тәрбие институттарында тәрбие алуға мүмкіндік алды. Отбасы тәрбиесі мен балалар болашағын жоспарлау, ең алдымен әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асады.  
 2-тенденция. Тәрбиенің индустриялылығы тенденциясы, яғни бүгінгі қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақты дамып, отбасы өміріне ықпал жасауы. Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз ғұмыр кешіп отырған қоғамның балаларына қарасақ тіптен өзгеше, оларды тәрбиелеу күрделі. Өйткені қазіргі компьютерлендіру заманында олардың алатын ақпарат көлемі бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі барған сайын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, әрбір отбасы қоғамда пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоаппараттар мен бейнекамералар, интернет желісін пайдалану және т.б. құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. Бұл үрдіс «қоғам- мектеп-отбасы» бағытымен жүзеге асуда.

Информация о работе Отбасы тәрбие негізі