Отбасы тәрбие негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 01:41, реферат

Описание работы

«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
бөлім. Отбасы туралы ұгым және оның сипаттамасы
1.1 Отбасы сипаттамасы және оның негізгі белгілері.........................................4
1.2 Отбасының негізгі қызметі...............................................................................5
2- бөлім. Отбасы тәрбиесінің негізі.
2.1 Отбасы тәрбиесіне жалпы анықтама...............................................................8
2.2 Отбасы тәрбиесінің даму тенденциялары.....................................................10
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................14

Файлы: 1 файл

Отбасы тәрбиесінің негізі.doc

— 78.50 Кб (Скачать файл)

Отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар өзгешелігі – олар дарынды да алғыр. Тіпті жаңа туған балалардың өзінен ерекшелік байқауға болады. Бұрын балаларда туыла сала көз тоқтату ерекшелігі байқалмайтын. Қазіргі балалардың көпшілігі, туыла салысымен көз тоқтатып қарайды, тіпті дыбысты естиді. Бұрын балалар үш айлығында күлетін болса, қазір екі айлығында күледі. Осындай құбылыстарды байқасақ та байыпты, сабақтасты мән бере бермейміз.

Бүгінгі күні ғалымдарды қызықтырып жүрген мәселе «Индиго балалар» ұғымының мәні. Бұл туралы ғалымдар: Индиго балалар - жаңа заманның символы іспеттес. «Индиго» - қанық көк түс деген ұғымды береді. Жаңа санадағы осы балалардың денесінен бөлінген күш пен шашылған сәуле (аура) осындай көк түсті. Сондықтан «индиго балалар» деп аталады. Бұл балалар көпшілігі ақыл-ой, дарын мен талант иелері. Көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, қазір 12-14 жасқа дейінгі балалардың 90%-ы Индиго тобына жататын балалар. Қазіргі психология үшін әдеттен тыс құбылыс саналып келген бұл балалар бір атаумен аталғанымен, іс-әрекеттері мен мінез-құлқының сипаттамалары алуан түрлі. Олар мынадай:

- өзінің басқалардан ерекше екендігіне күмәнданбайды;

- таңдауын айтуға ұялмайды және өз әрекетін түсіндіріп жатпайды;

- әдеттегі көпке ортақ талаптарды орындағысы келмейді, шыдамы жетпейді (кезекте тұру т.б.);

- оның шығармашылығына  қатты қысым жасай бастасаңыз  әрекетінен жаңылыса бастайды;

- өзінің басқаша мүмкіндігінің бар екендігін біледі және соған сенеді;

- 3-4 жастағы балаға  компьютермен жұмыс істеу сәті түссе, оны меңгеріп кетеді;

- үлкендер тарапынан  жиі көңіл бөлінбесе тұйықталып қалады;

-тәртіп бұзғандығы үшін айыптаулар мен ескертпелерге көңіл аудармайды.

3-тенденция. Отбасы  тәрбиесіндегі баланың субъектілік  рөлі. Бүгінде қазақ балаларының  психологиясы мен мінез-құлқында, жүріс-тұрысында өзгерістер пайда  бола бастады. Ұлттық болмысымызға  тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспеу, тіл алғыштық және т.б. қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым - қатынаста қажетті көпшілдік, белсенділік, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге талпынушылық, алға ұмтылушылық және т.б. ұнамды қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам талаптарына айналып отыр. Әрбір отбасы баланың жан-жақты дамып жетілуі үшін тәрбие институттарының бар мүмкіндіктерін қолдануда.

4-тенденция. Мектеп  пен отбасының ынтымақтастығы  тенденциясы  
Бүгінде отбасы мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отыр. Ата-аналар балалары жоғары сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін ең таңдаулы мектептерге, тіпті жоғары ақылы мектептерге оқытуға беруде. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалануы үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Я. А. Коменский отбасын тәрбиенің белгілі бір мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған сатысы деп санады. Мұндағы жұмыстың мазмұны ананың белгілі бір деңгейдегі білімділігін талап етумен қатар тәрбиелеу мен оқытудың қарапайым әдіс-тәсілдерінен хабардар болуына байланысты. Сондықтан отбасы тәрбиесі «Ана мектебі» жүйесіне енді. Осыған сәйкес отбасында баланы тәрбиелеуді педагогикалық жағынан қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Әрбiр адамның жетiлiп  дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан қоғамның қай кезеңiнде болмасын отбасы тәрбиесiн ұйымдастыру мәселелерi ең өзекті мәселе ретiнде көптеген ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген. Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады.

Отбасы тек балалар  үшін ғана емес, сонымен қатар ересек адамдар үшін де әлеуметтендірудің ең маңызды факторы болып табылады. Оған көп жағдайда адамның бүкіл өмірі барысындағы дене, эмоционалды және әлеуметтік дамуы байланысты болады. Адамның дене жағынан дамуы отбасындағы тұрмыстық жұмыстардың қалай жолға қойылғандығы мен ұйымдастырылғандығы байланысты болады. Ал отбасының эмоционалды дамуына отбасындағы психологиялық жағдай мен қарым - қатынас жатады. Бұл өз кезегінде отбасы мүшелерінің әлеуметтік дамуына өзіндік ықпал етеді. Отбасындағы адамдардың бір-біріне қарым-қатынасында қолдау көрсетуі мен бір-біріне бауыр басып қалуы адамның қоғамдық ортаға тез бейімделуіне ықпал етсе, отбасындағы бейтараптық немесе жиі кінәтағушылық адамның қоғамда өзін бөлектенуге, сенімсіздіктің қалыптасуына немесе қиын кезеңдерде тығырықтан шығудың жолдарын іздестіріп табуға қабілетсіздікке алып келеді.

Отбасы өзiнiң құрамына қарай толық отбасы, толық емес отбасы және үлкен (күрделi) отбасы болып  бөлiнедi. Толық отбасыларында ерi, әйелi, балалары болады. Толық емес отбасыларда тек ерлi-зайыптылардың бiреуi балаларымен болады. Үлкен (күрделi) отбасыларында бiрнеше ұрпақ өкiлдерi бiр шаңырақ астында өмiр сүредi. Мысалы, ата-әжесi, ата-анасы, балалары мен немерелерi және т.б.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиттер

1. Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с.

2. Торохтий В. С. Психология социальной работы с семьей. – М.:ЦСП РАО, 1996. -218 с.

3. Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. – М.: Академический Проект, Екатеринбург: Деловая книга, 2003.-528с.

 


Информация о работе Отбасы тәрбие негізі