Оқушыларға кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 20:28, курсовая работа

Описание работы

Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам. Адамдар мамандықты жақындарының пікірлерін есептей отырып сыртқы жағдайлардың әсеріне, престижіне және оның экономикалық тиімділігне байланысты жиі таңдайды. Бірақ бұл жағдайлар адамның жеке ерекшеліктерімен байланысты емес.

11 сыныпты бітіргеннен кейін жастар ерте ма кеш па мамандықтарын таңдап қояды. Бұл шешім олардың барлық өміріне әсер етеді. Жас өспірімдер кейде ғана дұрыс шешім қабылдайды. Бұған дәлел кейбір адамдардың қате шешім қабылдағаннан кейінгі екінші білім алулары. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.

Содержание работы

Кіріспе
3

1
Кәсіби бағдар беру жүйесі
5

1.1
Кәсіби бағдар берудің қысқаша тарихы. Оның жүйесінің негізгі түсініктері
5

1.2
Кәсіби бағдар берудің мақсаты және мазмұны
9

2
Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру
9

2.1
Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру формалары және проблемалары
16

2.2
Кәсіптік оқыту мамандығындағы радиотехника, электроника және телекоммуникация траекториясына кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру
18

Қорытынды
25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
26

Қосымша А

Файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 75.23 Кб (Скачать файл)

     Кәсіби іс-тәжірибенің түрі, мерзімі,  мазмұны жоғары оқу орнының  іс-тәжірибе бойынша бағдарламасы  және мамандықтың оқу-жұмыс жоспарымен  анықталады. Кәсіби іс-тәжірибе түрлері  мамандыққа сәйкес (даярлық бағыты) өткізіледі.

     Білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесі  жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінде  алған білімдерін бекітуге, іс-тәжірибелік  дағдыларын игеруге және нәтижелі  тәжірибе меңгеруге бағытталған.  Білім алушылар кәсіби іс-тәжірибе  барысында кәсіби және ұйымдастырушылық  жұмыстан тәжірибе жинақтауы  қажет. Төменгі курстарда келесі  оқу іс-тәжірибесі ұйымдастырылады:  далалық, топографиялық, археологиялық,  фольклорлық және басқалар.

     Мамандықтар реті бойынша дипломалды  іс-тәжірибесі ұйымдастырылады,  оның мазмұны бітіру жұмысының  тақырыбымен анықталады. Дипломалды  іс-тәжірибе кезінде білім алушылар  кәсіпорынның, мекеменің, ұжымдар  мен мектептердің өндірістік  қызметі туралы нақты деректер  жинақтап, оны бітіру жұмысын  әзірлеу барысында қолданады.

     Жоғары оқу орнында таңдалып  алынған мамандықтың бағдарына  қарай, студенттер іс-тәжірибе  өту барысында нақты жағдайда  кәсіпорындарда немесе мектептерде  төменде аталған жұмыс түрлерін  үйренеді:

     – өндірістің технологиясын;

     – экономиканы, өндірісті басқару  және ұйымдастыру, өнімнің сапасын  бақылау мен стандарттау, еңбек  өнімділігі мен тиімділігі резервтерін  анықтау бойынша шараларды;

     – жабдықтар, аспаптар, есептегіш  техникалар, бақылау - өлшегіш құралдар, саймандар, сонымен бірге өндірістік  үрдістерді механикаландыру және  автоматтандыруды;

     – мектептердің, клиниканың, соттардың,  прокуратураның, банктік - есептеу  жүйелерінің, мәдени мекемелердің  және т.б. жұмысын;

     – экологияны, физиология, психология, еңбекті қорғаужәне гигиена саласында  жүргізілген зерттеу нәтижелерін;

     – ғылыми - зерттеу, жобалау - конструкторлық, жаңашыл - өнертапқыштық жұмыстарды  ұйымдастыруды;

     – қауіпсіздік және пайдалы еңбек жағдайын қамтамасыз етуді және жасауды.

     Іс-тәжірибе бағдарламасы төмендегілерді  назарда ұстауы қажет:

     – студенттердің жекелей тапсырмаларын  орындау мерзімі мен мазмұнын;

     – студенттердің ұжымдар, мекемелер,  кәсіпорындардың  жаңашыл және  өнертапқыштық жұмысына қатысуын;

     – экскурсия жүргізудің мерзімі  мен болжалды мазмұны;

     – студенттердің іс-тәжірибе  бойынша есеп беруге дайындалу  тәртібі және қорғау мерзімі;

     – тәжірибеден өтетін студенттерге  дәріс оқу және кеңес беру;

     Кафедрада іс-тәжірибе бағдарламаларын,  мамандық бағдарын, кәсіпорын сипатын,  іс-тәжірибе обьектісі болып табылатын  ұйымды ескере отырып жасайды  және білім беру мекемесінің  жетекшісімен бекітіледі.

     Жоғары оқу орны студенттері  кәсіби іс-тәжірибені өткізу үшін  келісімді негізде ұжымды, кәсіпорынды,  мектептерді іс-тәжірибенің базасы  ретінде анықтап, олармен іс-тәжірибені  өткізудің күнтізбелік кестесімен  және бағдарламасымен келіседі.  Келісімде жоғары оқу орнының,  іс-тәжірибенің базасы мен білім  алушылардың міндеттері белгіленеді.  Келісім жасасқан шартқа сәйкес  іс-тәжірибені өткізу мен ұйымдастыруды  жоғары оқу орны мен іс-тәжірибе  базасының жетекшілері жауапкершілігіне  алады [13].

     Іс-тәжірибеге оқу - әдістемелік  басшылық жасауды, оқу жоспарының  орындалуын, іс-тәжірибе бағдарламасы  мен оның өткізілу сапасын  жоғары оқу орнының тиісті  кафедралары жетілдіреді. 

     Кәсіби білім берудің негізгі  мақсаты сәйкес деңгейдегі мамандандырылған  қызметкерлер дайындау, нарық майданында  бәсекеге қабілетті, білікті,  жауапкершілігі бар, өз мамандығын  еркін меңгеретін, мамандығы бойынша  дүниежүзілік стандарт деңгейіндегі  тиімді жұмысқа қабілетті, ұдайы  кәсіптік өсуге дайын мамандар  даярлау. 

     Өндірістіктік іс-тәжірибені ұйымдастыру  қағидаларының ұстанымдық негізі  кафедра және кәсіпорын мүдделерінің  балансы болып табылады: өндірістік  іс-тәжірибенің пайдалы жағы кафедра  үшін қандай болса, кәсіпорын  үшін де дәл сондай екендігін анықтау қажет [4].

     Әрине, кафедралар кәсіби іс - тәжірибе арқылы түлектің өзіндік  жұмыс істеуге дайындық сапасының  мәселелерін шешеді, сонымен бірге  оның келешекте жұмысқа орналасу  мәселесіне де септігін тигізеді. Ал, кәсіпорын анағұрлым дайындалған  және келешегі бар мамандарды  алдын-ала таңдау мүмкіндігіне ие бола алады [3].

     Қазіргі уақытта біз, экономика  жағдайына байланысты, кадрларды  даярлаудың қалыптасқан жүйесі  мен оларға қойылатын талаптардың  арасында қарама-қайшылықтың өсіп отырғанын байқаймыз [4].

     Индустриалдыдан ақпаратты-индустриалдыға, өзіне сәйкес инновациялық экономикамен, дүниежүзілік қауымдастық қозғалысы  беталысымен салыстырғанда біздің  мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық  және саяси даму болашағын  қарастыру жағдайында бұл фактор  ерекше өзекті боп табылады. Біздің  мемлекетіміздің ғылыми-техникалық  әлеуетінің озық дамуын және  қалыптастыруын қамтамасыз ететін , келешекте мемлекетіміздің оңды  дамуы үшін, қабілетті мамандар  даярлау арқылы техникалық және  экономикалық негіз туғызу, бұл  жағдайдағы инновациялық экономиканы  қалыптастыруда басшылық рөлі  жоғары мектепке тиісті екендігі даусыз [2].

     Студенттердің іс тәжірибелік  дайындығы талаптарының орындалуын  жоғары оқу орнының барлық  оқу және ғылыми бөлімшелері  жүзеге асырады, мұндағы басты  рөл түлек бітіртіп шығаратын  кафедраға тиесілі. Бұл жағдайда  студенттер семинар, іс-тәжірибелік  және зертханалық сабақтарда, оқытудың  белсенді әдістері (интерактивтік  әдістер, іскер ойындар және  т.б.), оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізу барысында  және т.б. дағдылануды игереді.  Қоғамдық жұмыстарды орындау,  оқу және кәсіптік іс-тәжірибенің  барлық түрлерінен өту кезеңінде  дағды қалыптасады. 

     Проблемалық-бағдарлық және жобалық  ұйымдастырушылық технологияларды  қолдану арқылы инновациялық  білім беру студенттердің өндірістік  және оқу іс-тәжірибесін жүргізу  мен ұйымдастыруда ерекше назар  аударуды талап етеді. Іс-тәжірибе  жүргізу студенттердің анықталған  дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруды  қамтамасыз ету керек, егер  теориялық білім- ғылым арқылы  білім беру үрдісі болса, онда  іс-тәжірибелік жұмыс нәтижесі- өндіріс арқылы білім беру үрдісі [3].

     Студенттердің оқу және кәсіптік  іс-тәжірибесі мамандарды даярлау  үрдісінің құрамдас бөлігі болып  табылады. Іс-тәжірибенің негізгі  міндеті студенттердің іс-тәжірибені  өтетін ұжымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың жұмысын терең  оқып үйрену, сонымен бірге өндірістік  дағды және әдістерін меңгеру,  жоғары оқу орнында білім беру  үрдісі негізінде алған  білімдерін  бекіту болып табылады.

   Қазіргі  жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесін  мамандықталған өзін-өзі анықтаусыз толық деп айту қиын. Өзін-өзі  анықтау мәселесіндегі барлық сұрақтарішінде психологияда мамандықталған өзін-өзі  анқтауда толық жауаптар берілген С.П.Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі  анықтау екі түрге бөлінеді деп  көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе мамандырылған мектеп таңдау [4].

   С.Л.Рубинштейн бойынша өзіндік анықталу сыртқы себептің ішкі әсерге байланысты болып  табылады. Сыртқы себептелу “сыртқы  детерминация” әлеуметтік шарт, жеке тұлғаның әлеуметтік детерминациясын  анықтайды. Бұл жағдайда жеке анықтама жеке  детерминация болып табылады.

   Сондай-ақ, Л.И.Божович жұмыстары да өзін-өзі  анықтауға психологиялық анықтама береді. Біріншіден, өзін-өзі анықтау  қажеттілігі онтогенез өзегінде яғни жасөспірім кезеңі мен жастық шақ кезеңінде пайда болады. Екіншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі тұлғаның өзі және айналасы туралы түсінігін жүйелеу ретінде қарастырылады. Үшіншіден, өзін-өзі анықтау болашақта мамандық таңдауға байланысты. Осылайша, Л.И.Божович өзін-өзі анықтауда екі жақтылықты көрсетеді, бір жағынан ол мамандық таңдауда, болашағын жоспарлауда қажет болса, екінші жағынан өзінің өмір сүру мағынасын іздеу болып табылады [4].

   Кәсіби  бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар сипаты жатады. Соның бірі-мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл идея 30-шы жылдардыңортасынадейінтаралып, “диагностикалықконцепсия” депаталды. Мұнда тест кеңінненқолданылды. Осы тесттердіңдұрысқолданылмауы, дұрысқұрылмауытағы да басқасебептердиагностикалықзерттеуидеясының “тәрбиелікконцепсиясы” болыпөзгеруінеәкелді. Алайдасолкездіңөзінде-ақдиагностикада, тәрбиедеоқушылардыкәсібибағдарлаудаөзарабайланыстыжәненегізгібағыттарекендігітүсініктіболды. Қазіргікездедиагностиканыңмаңызымектепреформасыныңқабылдауынанкейінөсетүсті, ондакәсібибағдарорталықтарыныңашылуықарастырылғанеді. Бұлорталықтардыңнегізгіфункцияларыныңбірі-оқушылардыңқабілеттілігі мен қызығушылығыдиагностикасынұйымдастыру жұмысы [4].

     Дегенмен, адамның болашағы мамандықпен  тығыз байланысты болғандықтан, кәсіби бағдар беру- адам болашағына  көптен-көп пайдасын тигізеді  деп ойлаймын.  Кәсіби бағдар  беру арқылы  сол кәсіптің қыр-сырын,  мақсатын, мәнін түсіндіріп, көрсетуге  болады. Ол үшін мамандық таңдайтын  жастардан қандай мамандыққа  икемділігі мен қабілеті бар  екендігін әр түрлі психологтардың  әдістемелері мен тесттері арқылы  анықтап,білуге болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.Кәсіби  бағдар беруді  жүзеге асыру 
 

   2.1 Кәсіби бағдар  беруді жүзеге  асыру формалары  және проблемалары. 

   Оқушыларға  жалпы білім беру барысында кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру бағдарламасының  мазмұны болып оқушылардың мамандық таңдауға дұрыс және жауапкершілікпен  қарауын қамтамасыз ететін оқушылар жұмысының дамуы болып табылады.  

   Кәсіптік  бағдар беру сабағының ерекше мәні бар, себебі сабақ мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі формасы болып табылады. Кәсіптік бағдар беру сабақтарында болашақ мамандықты таңдаудағы теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылады. Сабақта көптеген әдістер қолданылады: әңгіме, диспут, түсіндіру, профессиограмманы өзіндік құрау, кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шаралар туралы есеп беру.

     Бағдарлама үш деңгейде жүзеге  асады, олар кейде бір-бірімен  байланысып, қатал бір тізбекте  орындалмайды.

   1-деңгей  – дұрыс, яғни тиімді кәсіптік  бағдар беру үшін әмбебап құзыреттілікке  ие болу.

   2-деңгей  – әр түрлі кәсіптік бағдар  беру формаларын қолданып көру.

   3-деңгей  – таңдалғанкәсіп бағытына сәйкес жеке білім бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру [8].

   Кәсіптік  бағдар беру бағдарламасын құрудағы талаптар

   Кадрлық шарттар. Бюағдарламаны жүзеге асыру  үшін әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету ұжымы болу керек, оларға мына мамандар қажет: психологтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша білім беретін  педагогтар. Қызмет көрсету ұжымының сандық құрамы кәсіптік бағдар берудің  нақты бағытына байланысты болады.

   Бағдарламалық-әдістемелік  шарттар. Оқушылардың кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру  кәсіптік бағдар беруге арналған мектеп ортасын жобалау, ол үшін мыналарды  құру қажет:

  • кәсіптік бағдар беретін орындардың жұмыс істеу жоспары;
  • пән оқытушылары жүргізетін кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспары.

   Мектептің психологтық-педагогтық қызмет көрсету  ұжымының кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы жоспары:

   Ақпарттық шарттар. Кәсіптік бағдар беру бағдарламасын  жүзеге асыру үшін қажет:

  • жақсы жабдықталған кітапханалар, онда кәсіптік бағдар беру және арнайы білімі саласындағы әдебиеттер болуы тиіс;
  • интернет ресурстарын қолдану мүмкіншіліктері.

Информация о работе Оқушыларға кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру