Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 18:40, курсовая работа
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы , оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда
өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.
1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәні.
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Птарау. Жоғары сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.
2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі.
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Тірек болар білімдар мен ептіліктерді іске қосып,пайдалану үшін өзіндік дайындық жұмыстары өткізіледі.Дайындық келесідей формада болуы мүмкін: қандайда деректерді қайталау, салыстыру,әрекет тәсілдерін еске түсіру.Өзіндік оқу жұмыстары қатарына ең алдымен оқушылардың кітап немесе басқа білім көздері бойынша оқу материалдарымен өзбетінше танысуы кіреді.
Ал өзіндік тексеріс жұмыстары ретінде оқушының сыныпта және үйде орындайтын оқу тапсырмаларының бәрі пайдаланылады.
Мұғалім әрдайым өзіндік жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ететін барша жағдайлар мен шарттарды ескерген жөн.Мұндағы мақсат - оқу мазмұны мен әдістемесін анықтап алу.Әр сабақтағы өзіндік жұмыстар өз ерекшелігіне не, осыған орай олардың формалары мен орындалу әдістеріне байланысты өзгереді.Бірақ, бәріне қойылатын талаптар жалпыға бірдей ортақ.Олардың
арасында аса маңыздысы - өзіндік жұмыстарды жеңіл әрі дұрыс орындауға
қажет тіректердің жеткілікті болуы.
Өзіндік жұмыстың орындалу сапасы мен жеделдігі тапсырманы бастапқы
ұсыну тәсіліне тәуелділігіне қарай өрнектелді, оқушыларға түсінікті ме,мұндай қиыншылық негізіндегі тапсырмаларға дайын ба,бұл тапсырмаға ұқсас жұмыстар бұрын орындалды ма және т.б.
Өзіндік жұмыстың бір түрі - жаңа материалмен оқушыларды оқулық
бойынша таныстыру.Таныса отырып оқушы өзбетінше мақсат белгілейді,
белгісіздерін анықтайды, бастыларын бөліп алып, әрекеттер бірізділігін түзіп,
олардың орындалуына бақылау қояды.
Сыныпта және үйде орындалатын өзіндік жұмыстарды жоспарлай отырып,
мұғалім келесі талаптарды ескергені жөн:
Жалпы қорыта айтқанда өзіндік жұмыстың мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.Мұғалім сабақта әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет.Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ окушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді.Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілетті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан- жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Выготский: « Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек»- деген екен.
Негізгі мақсатымыз баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру және ой- өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман : мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.
Шәкірттерге әсер ету жолдары
түрліше. Тәжірибелі мұғалім ізденісті
әр баланың жан- дүниесіне үңілуден
бастайды.Әрбір шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін қолға
түсіру- сезімталдық- көрегендік- сергектік-білімпаздық- ізденімпаздық- шығармашылық
қабілетін байқап, оқытып жүрген шәкірттерінің
өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп,
біліп алған соң,
әдіс- тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады.Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек.Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына , кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"- деп айтқан екен.
Олай болса, қызықты сабақтар-
мұғалімнің ашқан жаңалығы,
өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген
белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты.Ұстаз көкейінде шәкірттерді
өзіне баулып алу үшін «Не істей аламын»,
«Не істеу керек»- деген сұрақ сауалнама
әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына
, ал нәтижелер жобасы - практикаға енгізуге
жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі-
білім сапасы болмақ. Сондықтан да өзіндік
жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі
бір тиімді жолы болып табылады.Дидактикалық
тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік
жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға,
дағды мен іскерлікті қалыптастыруға,
танымдық әрекетке қызығуды туғызуға,
таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге,
танымдық қабілетінің дамуына , адамның
дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру
шығармашылық пен жұмыс істеуге және
ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік
жасайды.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Оқыту үрдісі екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді.Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері – олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының
жоғары түріне олардың өз
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.
Оқудағы дербестілік оқып
үйренетін тақырыпқа, пайда болған
мәселеге, міндетке тұрақты ынталылық
пайда болуымен, назар мен ой-сана
әрекетінің бағыттылығымен
Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек.Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады.Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар,пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушылардың
шығармашылық дербестігі мен
ізденімпаздығын
Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:
Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.
Шығармашылық – оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады.Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп , танымдық белсенділігі арта түседі.Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін.Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.
Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік;
Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық прцестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық, бағыттаушы байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді.Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.
Біздің пайымдауымызша, « шығармашылық дербестік – жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілетін.
Шығармашылық дербестік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Шығармашылық дербестік адам өмірінің жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады.
Жүйелі жүргізген
1.Шығармашылық қабілет
2.Қызығушылық және
3.Оқушы мүмкіншілігіне сай
4.Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5.Оқушының шығармашылық
6.Шығармашылық қабілеттерді
7.Мұғалім өз ісіне
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.Жқғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық – оқыту, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады.
Қызығушылықтың арқасында