Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 18:40, курсовая работа

Описание работы

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы , оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.

Содержание работы

Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда
өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.
1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәні.
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Птарау. Жоғары сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.
2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі.
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Дип.-Оқушылардың-танымдық-белсенділігі.doc

— 1.51 Мб (Скачать файл)

                                

Қорытынды.

Сонымен зерттеу барысында дайындалған теориялық қағидалар мен жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру моделі негізінде және тәжірибе эксперимент жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтер зерттеудің ғылыми болжамын дәлелдей түседі және мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылым, білім салаларындағы өзгерістерге байланысты орта мектептердегі оқушыларға білім беру сапасына қайта қарап, жақсартуды талап етеді.
  2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады.
  3. Танымдық әрекеттегі белсенділік компаненттерін бір арнаға біріктірген тиімді болады: мотивациялық, еріктік, мазмұнды-операциялық, бағалау- нәтижелік .
  4. Тәжірибелік – экперименттік жұмыстарда зерттеліп дәлелденген  жоғары сынып оқушыларының танымдық-белсенділігін қалыптастыру көрсеткіштерімен өлшемдерін , деңгейлерін жалпы білім беретін орта мектептерде оқу үрдісін жетілдіруді ұйымдастыруда қолдану тиімді.
  5. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру жеке тұлғаның өзіндік ақыл-ой дербестігін, шығармашылық әлеуетін көтереді.
  6. Оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеріп, танымдық ой- өрісін арттыруға болатынын  эксперимент жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады.

Дипломдық жұмысымызда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың маңыздылығын зерттей келе мынадый ұсыныстар туындады:

Мектептегі жоғары сынып оқушыларына конференциялар, дебаттар, дөңгелек столдар, іс-шаралар жыл сайын жүргізіліп отырылуы керек.

Өзіндік жұмысқа бейімдеудің дидактикалық жүйесін тиімді жүзеге асыратын оқытудың жаңа технологияларын жасап іске ендіру.

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді мақсатты бағдарлама жасау.

Аттестация, педұжымды моральдық – материалдық жағынан ынталандыру жұмысын жүйелі жолға қою.

Оқушының қабілеті мен білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау.

Оқу үрдісінде ауқымды түрде педтехнологияларды қолдану, компьютер арқылы ақпараттандыру.Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.

Қоғамның әлеуметтік дамуына сай , келешекте білім берудің жаңа технологиясына сай жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-теориялық жақтары жете зерттеуді қажет етеді.Сонымен қатар оны болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда жеке проблема ретінде арнайы зерттеуге болады.

 


Информация о работе Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар