Педагогика және қоғамдық сана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 12:49, реферат

Описание работы

Тұлғаның қалыптасып дүниеге келуі мүмкін емес. Шын мәнінде тұлғаның біртіндеп пайда болуы (қалыптасуы ) ғана мүмкін. Тұлға тек өзінің ақыл-ой өрісін, дене күшін жетілдіре , яғни өзін-өзі дамыта алады. Мәдениетті игере отырып, тұлғаның иеленген тәжірибесінің барлығы оның қайталанбас ерекшеліктерінің сүзгісінен өтеді және бұл мәдениетті игеру жұмыстарының барлығы тек тұлғаның өзі арқылы шындыққа айналады. Тәрбие бұл тұлғаның өздігінен жаралуында оны тездету (жоғарылату) күшіне ие, ол қалыптасып келе жатқан тұлға мен мәдениет әлемі арасындағы тиімді байланысты жоғарылатады немесе керісінше төмендете алады.

Файлы: 1 файл

Сенім.docx

— 27.39 Кб (Скачать файл)

                                     Педагогика және қоғамдық сана

                                                           Сенім

Тұлғаның  қалыптасып  дүниеге келуі мүмкін емес. Шын мәнінде  тұлғаның біртіндеп пайда болуы (қалыптасуы ) ғана мүмкін.

Тұлға тек өзінің  ақыл-ой өрісін, дене  күшін жетілдіре , яғни өзін-өзі дамыта алады. Мәдениетті игере отырып, тұлғаның иеленген тәжірибесінің  барлығы оның қайталанбас ерекшеліктерінің сүзгісінен өтеді және бұл мәдениетті игеру жұмыстарының барлығы тек тұлғаның өзі арқылы шындыққа айналады. Тәрбие бұл тұлғаның өздігінен жаралуында оны тездету (жоғарылату) күшіне ие, ол қалыптасып келе жатқан тұлға мен мәдениет әлемі арасындағы тиімді байланысты жоғарылатады  немесе керісінше төмендете алады.

         Тәрбие адамгершілік қасиетті арттыру, бір сөзбен айтқанда  игілендіру мақсатында қызмет жасайды, өзімшіл табиғи әуестіктерді қирата отырып, адам санатына қосуға күш жұмсайды,әйтпесе, адамдардың бірлесіп өмір сүруі мүмкін болмас еді. Осы үшін тәрбие адамды мәдениеттен шеттету қиындығын жеңіп шығуға қабілетті.

Тәрбиеші баланың өзіндік «менін», оның әлеуметтік «мен тұжырымдамасын» жоғарылата отырып, баланың  жүрегінде төрешілік орынды орнату күшіне ие.

Бұл жерде өзінің идеалдары және басқа мәдениеттердің  жетістіктерін төмендетуге, оз мәдениетіне деген сүйіспеншілікті артып кетпеуіне жол бермеу маңызды. Сондай -ақ тұлғаның лауазымды мырзалармен – билік басындағылардың  және күштілердің, аяусыздардың және қулардың сол тұлғаның идеалына сәйкес болып кетуіне де жол бермеу өте маңызды. Тәрбие тағы бір қадам жасауға  қабілетті- өнердің, мәдениеттің нәзік ләззатына, рақатына үйрету қабілеті. Сайып келгенде, сол немесе өзге тұлғаның  діни сәйкестендірілуі, ең маңызды көзқарас тұрғысынан қарастырғанда, тек қана тәрбиеге тұлғаның  өмірдегі, қоғамдағы орнын белгілеуіне  шешуші роль берілген.

Ең маңызды, адамға қажетті нәрсе, оған ерік еркіндігін міндеттелуі, оның жауапкершілік жүгін өзі арқалауы- бұл ерлік.

Біздің дәуіріміздің тағдыры - рационализация, яғни өндірісті  оңтайландыру, интеллектуалдық немесе зерделілік  және  әлемнің жадын қайтару. Егер біз  ескерткіштер өнерін қинап  дамытатын болсақ және «жасап шығарсақ»,  онда соншалықты мәнсіз және мағынасыз түрде пайда болар еді, оны біз соңғы кездері жасалып жүрген  көптеген ескерткіштерден көріп жүрміз.

Кім де кім ерлікпен мына дәуіріндің тағдырын кеше алмаса оған айту қажет: ол үнсіз, жарнамасыз, негізінен опасыздар құрып жүрген әлемнен тыныш әрі жай  ежелгі шіркеулердің кең әрі сүйіспеншілікке толы құшағына қайта оралсын. Оны жасау қиын емес.

Ол бұл үшін өзінің интеллектісін, зердесін «құрбанға айналдыруы» қажет. Егер ол шындығында мұндай  құрбандыққа бара алатын жағдайда болса, біз оны  көзіне шұқып бетіне баспаймыз.

Сенім тұрғысындағы сұрақтарға салғырт  қарау сананың  қашып құтыла алмайтын сұрақтарына жалған жауап беруден қорқыныштылығы кем емес, себебі, надандықтың  мәдениетсіздіктің қараңғылығын және тән мен сананың  бос екендігіне куә болады. Діни  дүниетанымның қалыптасуы мен дамуы   тәрбие міндеттеріне жатады, алайда ол ғылыми дүнетанымды алмастырмайды, толықтырады.  Тәрбие үшін әлемдік көзқарас сұрақтарына деген дұрыс емес жауаптарды  елемеу маңызды,  бірақ бар мән мұнда емес, ол осы сұрақтарға деген  дұрыс әрі нақты жауаптарды тауып іздеуге көмек беру. Көрнекі жауаптар тек бір ғана сферада жатыр, ол-адамгершілік.

Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс әрекет жасайды. Адамның адалдығына сеніп, оны құрметтей білу-әдептілік. Сол сияқты бүкіл әлемге жақсылық ойлау адамның тұлғалық бейнесі. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғарғы   нәтижелерге жете алады. Сенім-адамның ақыл, ойын, күшін,еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Ол-адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, дінге сену т.б.). Сенім үміттен басталады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сеніменен туады. Бұл адамның нақты іс әрекеті мен тәжірибесіне байланысты.

Сенім,ғылым,тәжірибе. Олар бірімен бірі қалайша байланысып жатыр?

Ғылым мен сенім бірін бірі ажыратады, алшақтатады. Ғылым өзіне белгілі алғашқы себептерді білген жағдайда, оны қолданады, елемей тастамайды, ал сенім ғылым ашқан жаңалықты дәлме дәл ғылым түсіндіргендей түсіндіруге тырыспайды. Сенім, тәжірибе және сана бірін бірі толықтырады және әр бөлек, өзіндік  тәрбиелеуді қажет етеді, осы жағдайда олар біріне бірі әлемді рухани тұрғыдан игеруге көмек береді.

Сенім сыртқы беделге қарап емес, ішкі рухани өмірден бастау алып жатуы қажет. Адам үшін және адамзат үшін кез келген соқыр сенім шексіз қауіпті.

Әлемдік көзқарас, ғылыми, сондай ақ діни көзқарастар сияқты жасампаз және талқандалғыш. Сенім, тәжірибе,сана адамгершілікке бастау бола алады. Адам өміріндегі ең қиыны – өлім, ауру, жоғалтып алу, әлсіздік, құштарлық, әуестік  - дін тұрғысында қарастырылып шешіледі.

Ғылымның сенімнен айырмашылығы  мынада жатыр: ғылым діндегідей «ғажайыптар» және «ашылуларға» сенбейді. Ал сенуші адам  бұл ғажайыртыда, ашылуларғада сенеді. Осы жағдайда ғылым тек бір ғана нәрсені талап етеді: егер бір жағдайдың жүруі  діни немесе басқа тұрғыда дұрыс түсіндірілмесе, ал бұл ғылыми дәлелденген жағдай болса, оны ғылым сиякты дұрыс түсіндіріп, мойындауы қажет. Бірақ дін оны өзінің сеніміне нұқсан келтірмей мойындауына болады.

Адамгершілік діннің негізі болып саналады. Құдай зұлымдыққа шектеу қойған , себебі ол адам табиғатына  жиіркенішті. Құдайдың заңы  табиғат заңымен ұштасып жатыр.

Барлық адамдарды түбінде теңестіретін өлім («бәріне және барлығына – бір ғана нәрсе: жақсыға да жаманға да, мейірімдіге де зұлымға да, құрбан шалғанға және құрбан шалмағанға да ») әлеуметтік зұлымдықтың негізгі әлемдік көзқарастық факторы . Зұлымдықты жеңуге болады, тек қана адамгершілік арқылы.

Объективті және субъективті әлемнің  байланысы философия ғылымдарындағы мақсат және мақсатты қызметтер де қарастырылады.

Адамның әлеммен қатынасы кезінде сана да, сенім де теңдей өте қажетті және бірдей маңызды функцияларды  атқарады. Діни дүниетаным, тәрбиенің міндетіне оның қалыптасуы мен дамуы кіре отырып ғылыми дүниетанымды  толықтырады, алайда алмастырмайды.

Тәрбиешіге осы жағдайда бір нәрсені жадында сақтау міндетті, бұл екі дүниетаным да өзінше этикалық және педагогикалық тұрғыда шынайы.  Ғылыми дүниетаным құрылымды және құрылымсыз, діни дүниетанымды сол сияқты  сенім жоғары тұрғыда қажетті, бірақ оған лайықты адамды тәрбиелеп шығу үшін ол жеткіліксіз: бәрін мінез бен осы сенімнің мазмұны шешеді.

Сенім, сана сияқты адамдық тұрғыда болу керек. Дін, философия  және ғылыми білім үшеуі  бірін бірі толықтырушы компоненттер. Ал басқа жағдайда олар бірін біріне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан тәрбие тұлғаға осы үш маңызды білімнің шегі мен қызметін табуына көмектеседі.

Мәдениет бақылаушының көзқарасымен белгілі болғандай  екі жақты. Ол біріншіден  адамдардың білімі мен білігінің қазынасы, бұл білім мен білік адамға табиғат күштерін басқаруға және одан адамға қажетті қанағаттарды алуға көмектесе, екіншіден  барлық институттар, оның  ішінде  адамдардың бірін бірі түсінушілігіне апаратын бірден бір жол.

Бұл мәдениеттің екі бағыты да бір бірімен байланыста. Адамдар арасындағы түсінушілікке олардың қажеттіліктерінің жеткілікті дәрежеде қанағаттандырылуы әсер етеді. Сондықтан, әрбір жеке индивид мәдениетке теріс әсер етуі мүмкін. Мәденеиет, оның институттары адамдардың табиғатты бағындыру мақсатына шек қоюға міндетті. Қоғамға қарсы және мәдениетке қарсы тенденциядағы адамдардың бар екендігін растайтын фактілерді естен шығармаған абзал. Бұл психологиялық факт қоғам мәдениетінің дұрыс бағалануын дұрыс көреді. Егер ойлап қарайтын болсақ, алғашында бұл табиғатты бағындыру- өмірлік қажеттіліктерді игеру үшін жұмсалған күш болса (яғни материалдық),  ал қазіргі таңда рухани қажеттіліктің негізі болып табылады.  Ең маңыздысы - адамдарға жіктелген міндеттің  ауырлығын азайту үшін  осы адамдардың  өздерінің қызығушылықтарын құрбан етіп, одан құтылуға мүмкіндік туады ма? Алайда олар осы қызығушылықтан бас тартуды ұнатпайды.

Махаббатпен тәрбиеленген және пікірлер мен ойларды жоғары дәрежеде бағалайтын, мәдениет байлықтарымен қоғамдасқан,  өз еркімен құрбан болуға дайын, еңбек етіп және өздерінің қызығушылықтарынан оңай бас тартатын  жас ұрпақ жаңа ұрпақ  оны қолдауға дайын.  Олар бұл қиыншылықты  өз еріктерімен айналып өте алады. Ал егер  бірде бір мәдениет  мұндай дәрежедегі сапаға осы уақытқа дейін жетпесе, мұның себебі мынада – ешқандай мәдениетке адамдар бала кезінен дұрыс бағытта тәрбиеленуіне жол ашатын  реттілікті құру мүмкіндігі берілмеген.

Болашақ қоғамның мәдениеті үшін белгілі жоспарды орындаудың маңызы зор. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуші, жеткілікті дәрежедегі сенімді әрі парасатты лидерлерді қайдан табуға болады деген сұрақ мазалайды.

Ерте заманнің ойлары  өзі жайлы бір психологиялық факторды растайды. Ол өзінің маңызын әлі күнге жоймаған. Адам психикасы ерте заманнан бері  дамымаған, ғылым мен техника прогрессінен бөліп қарағанда қазір де тарихтың басында қандай болса,  солай қалған деген түсінік дұрыс емес. Біз бұл психикалық прогресске мысал келтіре аламыз. Сыртқы қажеттіліктерімізден гөрі ішкі қажеттіліктерімізге қарай кетіп бара жатқан біздің санамыз, біздің дамуымыз дұрыс бағытта келе жатыр. Психикалық инстинкт, адамның «өзіндік мені»  өзінің мақсаттарына  ішкі қажеттіліктерді қосады. Бұл адамның  «өзіндік мені»  мәдениет жасап шығарған жоғары дәрежедегі, бағалы психологиялық құндылығы.

 

Сана

Сана түсінігі негізінен адам болмысы тұрғысынан , яғни қоғамдық үдерістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамасыз етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке өлщем бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.

Ақыл – білімнің формасы немесе құрлымы емес, синтезі. Ақылдың дамуы мен өзгеруі тек  сананың құрылымдық компоненттерінің бірігіп байланысу нәтижесінде ғана болады.

Сезім, қалау, ерік  біз байқағанымыздай  бейне  түрінде ғана көрінеді. Бір нәрсе туралы ойларды түйсінуден бұрын ес бірінші қабылдайды.

 Келесі: біз өз өмірімізде алдымызға мақсат қоямыз. Сол мақсатты қоя отыра біз оған ненің көмегімен жайлы ойланбаймыз. Себебі бұл көп жағдайда ойларымыз моральдық сұрақтарға келіп тіреледі.

Сананы білім білік дағдыларға (инстинкт, ойлар, мән мағына т.б.) жеткізу үшін тәрбие , даму, білім қажет.

Сана-бейнеге сүйене қоғаммен қарым қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез құлық бағытында әдіс тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамне тікелей байланыс тәсілі деп түсіндірі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрініс ретіндегі, психикалық қабілеттілік жиынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс әрекеттерінде өз өзіне бағыт, бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Адам санасы оның қоршаған ортамен байланыс еркешелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс әрекетінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттаремен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттіліктер әртүрлі үйлесімділікте –анық және жасырын –байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін ескертеді.

Әр түрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін өзіт анықтайды. Бұл-оның қалыпты жұмыс жағдайы. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Сананың қабілеттері бала дүниеге келгеннен бастап онымен бірге туады, алайда, ақылдың,оқытудың, білімнің тәрбиленуі ғана оны ары қарай дамытады. Білім адам бойында өзіне және қоғамға қажетті ой қабілеттерін дамытуға мүдделі.

Ғылыми білімге қызмет ететін және жоғары нәтижеге жетуге жол бастайтын білімділіктің негізгі критерийлері мыналар:               

 

    • Адамға түсініктердің анық және айқын болуы;
    • Ойдың белгілілігі және нақтылығы; шешілмеген мәселелерді табу мүмкіндігі, сұрақтар қою мен болжам жасай алуы;
    • Заттардың арасындағы қатынастарды байқауы;
    • Процестердің дамуындағы тенденцияларды байқауы;

Ойдың логикалық қабылдауы сонымен қатар барлық ғылымның ортақ әдісіне жатады. Белгілі бір ғылыми объектіні зерттеу барысында оған анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактілі ойлау, аналогтілік және т.б.қолданылады. Тәжірибелі өмірге жол ашатын қақпа тәрізді, логика да ғылымға апарар жол болып табылады.

Адам есінің құрылымының фундаменті ойлау болғанымен, ол ең алдымен ой және сезім формасында көрініс табады.

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Қазіріг кезге дейін сана және оның табиғатиы мен қызметі аз зерттелмеген. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері –түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу; эмоциялық, процестер адамның көңіл күйлер сезімі; ерік процестері-адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және оған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы сана құрылымы болып табылады.

Ең негізгісі – бұл әлемді сүйе білу. Олай болмаған жағдайда, оны және өзіңді бұзбай өмір сүру мүмкін емес.

 

Ғылым

Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Оның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады . онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни антропоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді. Ғылымды қалыптастыру – мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті. Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қоғамдық қатынас пен өндіріс дамуының жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай ақ әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін  бай және жан жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет етеді. Пәлсапа қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылығы. Ол дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы.

Информация о работе Педагогика және қоғамдық сана