Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 10:29, курсовая работа
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды — бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз да жұмыс істей алады. Компьютердің барлық құрылғылары оның артқы тақтасындағы арнайы ажыратып-қосқыштар арқылы байланыстырғыш баулармен (шнур) өзара жалғастырылады. Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасы 1.2-суретте көрсетілген. Блок-схемадан көріп отырғандай, дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем т.б.
КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
І тарау. 1. Есептеуiш техниканың қысқаша даму тарихы………………………..
1.1. Компьютер жұмысының принципi..................................................................
1.2. Дербес компьютер архитектурасы…………………………………………...
1.3. Жүйелiк блок…………………………………………………………………..
ІІ тарау. 2. Компьютерлiк жүйелердiң құрылымдық ұйымдастырылуы………..
2.1. Процессор………………………………………………………………………
2.2. Микропроцессорлар…………………………………………………………...
2.3. Командалар жүйесiнiң архитектурасы……………………………………….
2.4. CISC және RISC процессорларының классификациясы……………………
2.5. Дербес компьютер шиналары…………………………………………………
2.6. Аналық тақшалардың негiзгi шиналық интерфейстерi……………………..
2.7. Жады……………………………………………………………………………
2.8. Қатты диск геометриясы………………………………………………………
2.9.Сыртқы қатты диск……………………………………………………………
2.10.Оптикалық дискілерді жинақтауыш…………………………………………
ІIІ тарау. 3. Енгiзу және шығару құрылымдары …………………………………
3.1. Монитор………………………………………………………………………..
3.2. Бейнеадаптер………………………………………………………………….
3.3. Пернетақта…………………………………………………………………….
3.4. Тінтуір..........…………………………………………………………………..
3.5. Принтер………………………………………………………………………..
3.6. Сканер………………………………………………………………………….
3.7. Модем …………………………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2.10. Оптикалық дискілерді жинақтауыш
Соңғы уақыттағы компьютерлердің негізгі конфигурациясына CD-ROM дискжетек енгізген болатын. CD-ROM-ның (Compact Disk Read Only Memory) аббревиатурасы компакт-дискілер негізіндегі тұрақты есте сақтаушы құрылғы деп аударылады. Осы құрылғының әрекетінің принципі диск бетінде орналасқан лазерлік сәулелер арқылы цифрлік мәліметтерді оқу болып табылады. Ақпараттарды тасымалдаушы ретінде қарапайым компакт-дискіні қарастыруға болады. Компакт-дискідегі цифрлік жазу өте жоғарғы тығыздығы бар магниттік дискілерден ерекшелінеді, сол себептен стандартты CD 650-700 Мбайтты сыйдыра алады. CD-нің диаметрі 120 мм және қалыңдығы 1.2 мм болатын мөлдір пластиктен жасалады.
Пластикалық бетке алюминий немесе алтын қабаты жағылады. Дискіге ақпаратты жазу жолдардың бетіне басып жазу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ақпаратты екі рет жазуға мүмкіндік туғызады. Тереңдету пит (pit), ал оның беті лэнд (land) деп аталады. Логикалық нөл пит ретінде немесе лэнд ретінде болуы мүмкін. Логикалық бірлік питтен лэндқа өту кезінде кодталады. Компакт-дискінің ортасынан шетіне дейін спираль түріндегі жолдар болады. Диск беті 3 облысқа бөлінеді. Бастапқы (Lead-in) дискінің ортасында орналасады және бірінші оқылады. Онда диск мазмұны жазылады, барлық жазулардың адрестерінің кестесі, диск белгісі және т.б. көмекші ақпарат. Ортаңғы облыс дискідегі ең үлкен орын алатын негізгі ақпараттары бар облыс. Соңғы облыс (Lead-Out) дискінің соңғы белгісі болады. CD-ROM жинақтауышы дискіні айналдыратын электродвигателі болады; лазерлік сәулешашушы, оптикалық линза диск бетінен оқуға арналған датчиктер мен линзалардан құралған оптикалық жүйесі; әкелу механикасын басқаратын микропроцессорлардан құралады. CD-ROM-ның негізгі сипаттамалары: мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы – 150 Кбайт/сек; компьютердің жедел жадысына мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының сипаттамалары: 2 жылдамдықты CD-ROM , 50жылдамдықты CD-ROM; қолдану уақыты, яғни дискідегі ақпаратты іздестіру үшін миллисекундамен есептейді. Бір ретті жазу CD-R және CD-RW құрылғылары болады.
2.9.- сурет CD-R (CD-Recordable) жинақтауышы
CD-R (CD-Recordable) жинақтауышы
Сырт жағынан ол CD-ROM-ға ұқсас және дискілер көлемі мен жазу форматы жағынан бір-біріне тіркесуші болып келеді. Ол бір реттік жазуды орындауға мүмкіндік береді және оны бірнеше рет оқуға болады. Мәліметтерді жазу арнайы программалық жабдықтау көмегімен жүзеге асырылады. CD-R жинақтауышындағы жазу жылдамдығы 4х-52х-ті құрап отыр.
CD-RW (CD-ReWritable) жинақтауышы
Бұл көпмәтіндік мәліметтерді жазуға мүмкіндік береді және бұл жерде ақпараттарды бос кеңістікке жазып, сонымен қатар жаңа ақпараттарды толықтай қайта жазуға мүмкіндік бар (алдыңғы мәліметтер өшіріліп қалады). CD-RW жылдамдығы 4х-52х, ал қайта жазу жылдамдығы – 24х.
DVD (Digital Video Disk) жинақтауышы
Бұл цифрлік жазуларды оқу құрылғысы. Сырт жағынан DVD-диск кәдімгі CD-ROM-ға (диаметрі – 120 мм, ал қалыңдығы – 1.2 мм) ұқсайды. Бірақ оның ерекшелігі DVD-дискінің бір жағына 4.7 Гбайтқа дейін жететін мәліметтерді жазуға болады. Егер 2 қабатты жазу үрдісін қолдансаңыз, онда дискінің бір жағына 8.4 Гбайт ақпаратты жазуға болады. DVD-дискілері ақпараттарды қайта жазу мүмкіндігіне ие.
2.10.- сурет DVD (Digital Video Disk) жинақтауышы
Жазу әдістері: Track-at-Once, Disk-at-Once және Packet Writing
Track-at-Once тәртібінде әр жолдар жазылғаннан кейін жазушы лазер қосылады. Осы тәртіпте жазылған жолдар аралықтармен бөлінеді (gaps). Егер музыкалда жолдардан кейін мәліметтері бар жолдары келетін болса, онда аралық 2 немесе 3 секундтты құрайды. Ал музыкалық жолдар арасындағы аралық әдетте 2 секунд. Disk-at-Once тәртібінде жазуда бір немесе одан да көп жолдар лазердің өшпеуінсіз жүзеге асырылады және бұл жерде диск жабылады. Disk-at-Once-та жазу үшін жаңа диск қажет және ол multisession дисктер үшін мүмкін емес.
Packet Writing CD-ға жазудың жаңа әдісі. Бұл жерде мәліметтер кіші позициялармен жазылады және бұл көптеген шектеулерді шешеді. Adaptec Direct CD программасы стандартты UDF спецификасына сәйкес тәртібінде жасалады. Бірақ барлық CD-рекодерлерде Packet Writing мүмкіндігі бола бермейді.
ІII тарау. Енгізу-шығару құрылғылары
3.1. Монитор
3.1.-сурет Монитор
Монитор - текстік және графикалық мәліметтер, визуалды көрсетуге арналған стандартты шығару құрылымы. Қызмет принципіне байланысты монитор – электронды-сәулелік трубкалы мониторға және сұйық криссталды дисплейға бөлінеді.
Электронды-сәулелік трубкалы монитор
3.2.-сурет Электронды-сәулелік трубкалы монитор
Электрондардың әсерінен,
люминофор жарық шығарып, қолданушыға
көрінеді,. Люминофор электрондық
ағымнан кейінгі жарықтану
Сұйық кристалды дисплейлер (LCD)
3.3.- сурет Сұйық кристалды дисплейлер (LCD)
Сұйық кристал негізіндегі дисплей бликсіз, тегіс экран және электр энергиясын тұтыну қуаттылығы төмен. Сұйық кристал негізіндегі дисплейлердің үш түрі болады:
Монохромды пассивті матрицамен;
Түрлі түсті пассивті матрицамен;
Түрлі түсті активті матрицамен.
Сұйық кристалл негізіндегі дисплейлерде поляризациялы фильтр, ол екі түрлі жарық толқындарын құрады. Жарық толқыны сұйық кристалды ұяшықтан өтеді. Әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар молекулаларға ұқсас сұйық тәрізді ағып қозғала алады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электр заряды әсірінен молекулалар өз бағытын өзгертеді. Пассивті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде ұяшықты электр заряды басқарады, ол экран матрицасындағы қатар мен бағандар ұяшықтарының орналасу негізінде транзистірлі үрді қуатының импульсіне сезімтал. Активті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде әр ұяшықтың жеке транзистірлі кілті болады. Бұл бейненің жарық болуын қамтамасыз етеді. Сәйкесінше, активті матрица электр энергиясын көп қолданады. Бұдан басқа, жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті күрделендіреді, ол өз алдына олардың бағасын көтереді.
Монитордың негізгі параметрлері
3.4.- сурет Монитордың негізгі
параметрлері
Қолданушының көзқарасы бойынша монитордың негізгі мінездемесіне оның диагональ бойынша өлшемі, шешуші қабілеттіліктер, регенерация жиілігі және қорғау класы жатады. Монитор размері. Монитордың экраны диагональ бойынша дюймда өлшенеді. Ең кең тараған өлшемдер 14, 15, 17, 19 және 21 дюйм. Шешуші қабілеттілік. Графикалық режимде бейненің жұмысы монитор экранында нүктелерден құралады. Горизонталды және вертикалды орналасқан нүктелер саны шешуші қабілеттілік деп аталады. Шешуші қабілеттіліктің стандартты режиміне: 800×600, 1024×768, 1152×864 және одан жоғары болады. Монитордың бұл қызметі экран нүктесінің размерімен анықталады. Регенерацияның жиілілігі. Бұл параметр басқаша кадрлы развертканың жиілілігі деп аталады. Ол монитордың секундына экранды неше рет жаңартатынын көрсетеді. Регенерацияның жиілілігі герцпен өлшенеді. Жиілілігі көп болған сайын көз аз шаршайды және ұзақ уақыт жұмыс істеуге болады. Бұл параметр бейнеадаптердің міндетіне байланысты. Мониторды қорғау класы стандартпен анықталады және қауіпсіздік техникасын талап ету көзқарас бойыншамонитор жауап береді. Қазіргі жалпы қолданылатын ТСО-92, ТСО-95, ТСО-99 халықаралық стандарты болып табылады және адамның денсаулығына зиянсыз болатын электромагнитті сәуле деңгейін эргометрикалық және экологиялық нормаларды шектейді.
3.2. Бейнеадаптер
3.5.- сурет Бейнеадаптер
Монитордың көмегімен арнайы тақша басқарады, оны бейнеадаптер деп атайды. Монитормен бірге бейнекарта дербес комьютердің бейне бағыныңқы жүйесін құрайды.
Бейнеадаптерда жеке тақшаның кеңейтілуі бар, оны аналық тақшаның арнайы слотына орналастырады. Бейнеадаптер бейнеконтроллер, бейнепроцессор және бейнежады функцияларын атқарады.
ДК пайда болғаннан
бері бейнеадаптердің бірнеше
MDA (Monochrom Display Adapter) – монохромды;
CGA (Color Graphics Adapter) – 4 түс;
EGA (Enchanced Graphics Adapter) – 16 түс;
VGA (Video Graphics Array) – 256 түс;
SVGA (Super VGA) – 16.7 млн. түске дейін.
Құрастырылған графикалық бейнелер бейнеадаптердің ішкі жадысында сақталады. Ол бейнежады деп аталады. Бейнежадының сыйымдылығы берілген шешуші қабілеттілікке және түстер палитрасына тәуелді, сондықтан жоғары шешуші қабілеттілікпен толық түсті гамма режимінде жұмыс істеу үшін көбірек бейнежады қажет. Қазіргі кездегі көптеген бейнекарталар бейнежадының көлемін 512 Мбайтқа және бейнеакселерация қасиеттерін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Бұл қасиеттің мәні операцияның бір бөлігі бейнелі құруда математикалық шығарылымсыз да жүре алады.
Бейнеакселераторлар бейнеадаптердің
құрамына кіре алады және бейнекартаға
жалғастырылып, және аналық тақшада
орналастырылып, жеке тақша кеңейтілуінде
беріледі.
3.3. Пернетақта
3.5.сурет Пернетақта
Пернетақта – компьютерге берілгендер мен командаларды енгізу құрылғысы. Пернелер функционалдық, алфавитті-цифрлы және басқару пернелері болып үш түрге бөлінеді. Мұндағы F1-F12 пернелерінің әрқайсысы түрлі режимдерде әр түрлі командаларды орындайтын функционалдық пернелер. Әріптер, цифрлар, түрлі басқа символдар жазулы пернелер – алфавитті-цифрлық. Олар кәдімгі жазу машинкасының пернелері сияқты. Әріптерді теру пернелерінің төменгі жағында латын алфавиттері, жоғарғы жағында орыс алфавитінің әріптері орналасқан. Бас әріптерді пернетақтадан теру үшін алдын ала Caps Lock пернесін басып қою керек. Осы режимнен кіші әріптерді теру режиміне қайта өту үшін сол пернені екінші рет басып қойса болғаны.
Басқару пернелері автоматты түрде арнайы командаларды орындауға арналған:
Enter – бір жолда
пернетақтадан терілген
Shift – регистрді ауыстыру, жоғарғы регистрлерге өту. Пернелердің жоғарғы жағында жазулы символдарды теру үшін осы пернені басып тұру керек;
Backspace – курсордыңсол жағындағы символды өшіретін, курсорды сол орынға кері қайтару;
Delete – курсор тұрған орындағы символды өшіру;
Insert – жолды ығыстырып кірістіру. Мысалы, «жұмыс» сөзін пернетақтадан теру кезінде «м» әрпі терілмей қалып кетсе, «ы» әрпінің алдына курсорды апарып, INS пернесін басу керек. Осыдан соң «м» әрпін пернетақтадан теріп алса болғаны (компьютер INS режимінде іске қосылуы да мүмкін, бұл кезде INS пернесін басудың қажеті жоқ);
TAB – курсорды тұрған
орнынан сегіз орындық
Esc – берілген команданы өзгертіп, алғашқы режимге өту, т.б;
PrtScr – экрандағы көріністі принтерде басып шығару;
Pause Break – іске қосылған компьютер жұмысын уақытша тоқтату;
PgUp, PgDn – экран бетін кері, алға аудару;
Home, End – курсорды жол басына, соңына бірден жылжыту
Бос орын (Space) – курсорды басқаруға арналған перне. Әдетте ол мәтін ішінде бос аралықтар қалдыру үшін пайдаланылады;
Ctrl, Alt – жеке басылған
кезде ешқандай команданы
Пернетақтаның оң жағында қосымша кіші пернетақта бар. Num Lock пернесін басып қойған кезде ондағы пернелер арифметикалық калькулятордың пернелері сияқты жұмыс істейді, онсыз олар басқару пернелерінің рөлін атқарады. Num Lock пернесінің қосылғанын оның жоғарғы жағында орналасқан көрсеткіштің жарықтануынан байқауға болады.
Ескерту:
Пернетақтамен жұмыс істеу кезінде оның пернелерін қатты басу олардың тез істен шығуына әсерін тигізеді;
Кейбір дербес жағдайлардан басқа кезде пернені көп уақыт басып тұру да дұрыс емес;
Пернелерді қатар басу кезінде алдымен біріншісін, содан соң екіншісін басу керек;
Кейбір пернелер түрлі режимдерде әр түрлі әрекеттерді орындау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Соңғысы – бейне құраушы символдарды, график және түрлі түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интегралдық микросхема; монитор – кәдімгі телевизор экраны сияқты электрондық құрылғы. Әдетте информация не команда пернетақтадан теріледі де, терілу кезінде ол монитор экранында көрінеді. Сондықтан пернетақта мен монитор – стандартты ендіру және шығару құрылғылары. Бейнеадаптер – монитор экранына шығарылатын бейнелердің кодтарын сақтайтын өз жады (бейнежады) бар. Бейнеадаптердің бейнелерді тудыру мүмкіндігіне қарай монитор жұмысының режимі мәтіндік және графикалық болып екіге бөлінеді.
Информация о работе Педагогикалық озат тәжірибедегі зерттеу және пайдалану жолдары